2.1.2. Регистрлерді статистикалық қызметті ұйымдастырудың негізгі құралы ретінде дамыту
Істің хал-жайы. Халықаралық стандарттар бүгінгі статистиканың міндетті маңызды белгісі ретінде регистрлерді анықтайды. Регистрлерді жасаудың басты мақсаты - экономикалық процеске қатысатын барлық өлшем бірліктерінің толық және актуальды тізбесін жасау және олардың қызметі мен дамуына сапалы байқауды қамтамасыз ету.
Қазақстанның мемлекеттік статистика жүйесінде күні бүгінге дейін статистика мақсатына қолданылатын сапалы регистрлері болған жоқ. Статистика тек жекелеген салалық каталогтерге негізделіп келді. Шаруашылық жүргізетін және басқа да субъектілердің мемлекеттік регистрде қолданып жүрген ақпараттары (ШСМР, бұдан былай әкімшілік регистр) қазіргі күн талабына жеткіліксіз болды, бұл регистрдің басқа ведомстволардағы регистрлермен өзара іс-қимыл механизмі іске қосылмады. Регистрлерде "демографиялық" процесс бірлігі туралы (бөліну, бірігу, қазіргі құрамнан жаңа бірліктердің бөлінуі т.с.с.) толық ақпараттар болмады.
Қазіргі уақытта статистика регистрінің жүйесі заңды тұлғалардың барлық түрлерін, олардың филиалдары мен өкілдерінің есебін алу үшін әкімшілік регистрін, фермерлерден басқа жеке кәсіпкерлердің есебі үшін - жеке кәсіпкерлік регистрін, фермерлерді қосқанда ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің есебі үшін ауыл шаруашылық регистрін біріктіреді.
Қолданылып жүрген әкімшілік регистрі 1998 жылы елеулі өзгертілді, оның негізінде жасалған статистикалық регистр іске асырыла бастады. Мұның өзі 1999 жылдың басынан бастап барлық статистикалық байқауды осы регистрлердің негізінде жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ есеп беретін кәсіпорындардың каталогін қалыптастыру тәртібін ғана емес, сонымен бірге статистикалық байқау нәтижелерін бағалауды қосқанда, басқа да жұмыстарды өзгертуге мүмкіндік береді.
Мақсаты. Статистикалық байқаудың бүгінгі әдістеріне көшуді қамтамасыз ететін статистикалық регистрлер жүйесін жасау.
Негізгі шаралар. 1999-2000 жылдары кәсіпорындар тобының, кәсіпорындардың, жергілікті мекемелердің, әкімшілік регистрдегі және жеке меншік кәсіпкерлерінің реестріндегі заңды тұлғалардың статистикалық регистрінде ұсынылатын статистикалық бірлік негізінде регистрлер базасын өзгерту қажет.
Регистрлерді жүргізу тәртібі жетілдірілетін болады, олардың әдістемелік базасы мен негізгі белгілері жетілдіріледі, ал статистикалық регистр Еуропалық қоғамдастық қабылдаған "Регистрлерді жүргізу жөніндегі басшылыққа" сәйкестендіріледі.
Экономиканың барлық салаларының кәсіпорындары үшін қызметтердің негізгі түрлерін анықтау әдістемесін әзірлеу және енгізу жоспарлануда.
2001 жылы кәсіпорындарға "демографияларды" енгізуді бастау көзделуге, ал одан кейін 2005 жылға дейін регистрлерді ұйымдастыру және пайдалану әдістемесін кезең-кезеңмен одан әрі жетілдіру көзделуде. Қазір регистрлер 15 аумақтың бөлікшелерінде жүргізілуде және бір республикалық базасы бар, бірақ 2005 жылдың аяғында регистрлерді базаларға бөлінген деректер тәртібімен жүргізуге көшу жоспарлануда.
Жыл сайын арнаулы анкетаның жылдық статистикалық есеп беру қорытындыларының, сондай-ақ әкімшілік деректерінің (басқа ведомстволар мен олардың регистрлері) негізінде регистрлер күн талабына сәйкестене түседі. ең соңында, ғылыми негізделген статистикалық көрсеткіштерді есептегенде кеңінен пайдаланылады.
Регистрлерді жария етудің негізгі көзі 5-10 жылда бір рет жүргізілетін салалық санақтар болуға тиіс, олардың нәтижелері, сондай-ақ санақ аралығындағы кезеңде статистикалық көрсеткіштердің негізделген есептеулерін жүргізу үшін база ретінде пайдаланылатын болады. Регистрлер негізінде уақытқа бөлінген іріктеу байқаулары мен зерттеулерін жүргізуге пайдаланылатын көп мақсаттық, көп кезеңдік дайындау көзделуде.
2.1.3. Статистикалық байқаудың әдістерін жетілдіру және кәсіпорындардың статистикасына көшу
Істің хал-жайы. Өтпелі кезеңдегі міндеттердің күрделі де көп жақтылығы, статистикалық көрсеткіштер жүйесін құрудың методологиялық принциптері мен әдістемелік тәсілдерін жасауда да, сондай-ақ статистикалық байқауларды ұйымдастыру мен алынған ақпараттарды өңдеуде де көп шаралылықты (көп қырлылықты) талап етеді.
Мемлекеттік статистикалық байқаудың жаппай есепке алуға және есеп беруге негізделген қазіргі жүйесі қолданылып жүрген статистикалық дәстүрлі әдістердің көмегімен экономиканың әр түрлі секторлардағы экономикалық қайта құруды объективті сипаттайтын ақпараттарды толық және сапалы жинауды (әсіресе қызметкерлері аз шаруашылық жүргізуші субъектілерден) қамтамасыз ете алмайды.
Мұндай жағдай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне статистикалық байқау әдісін жетілдіруді қажет етеді.
Байқаудың жаңа әдісін енгізуге жүйелі қарауды, соның ішінде іріктеп тексерулерді кеңінен негізінде кәсіпорындар статистикасын қамтамасыз етеді, ол рыноктық экономика дамыған барлық елдерде пайдаланылып жүр. Статагенттік бірінші рет ішінара байқауды - ауыл шаруашылығында, экспериментті іріктеп байқауды өнеркәсіпте жүргізуді және кәсіпорындар статистикасын тұтастай ендіруді 1999 жылға жоспарлап отыр.
Мақсаты. Кәсіпорындар статистикасы шегінде статистикалық регистрлер базасында статистикалық байқау объектілерін жаппай және іріктеп байқау әдістерін оңтайлы ұштастыру жүйесіне көшіру.
Негізгі шаралар. Ірі және орташа кәсіпорындар көрсеткіштердің оңтайлы құрылымы жаппай есеппен және оларды жинау мен қорытудың жиі кезеңділігімен, ал қызметкерлері аз шаруашылық жүргізуші субъектілер - олардың экономикалық қызметі бойынша негізгі көрсеткіштерінің азғантай санының ішінара есебімен қамтылатын болады.
Алдағы кезеңде халық санағын ауыл шаруашылығындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің бітпеген құрылысты, тауарлар және жұмысшы күші рыногын , т.с.с. қосқанда біржолғы санақ пен есеп жүргізетін статистикалық тәжірибені және халықаралық деңгейде мойындалған методологиялық тәсілді пайдаланумен үнемі жүргізілетін (5-10 жылда бір рет) статистикалық есеп жүргізу мен есеп берудің негізі болады.
Бұл республиканың экономикасы мен әлеуметтік салада болып жатқан әр түрлі жағдайларды неғұрлым толық және объективті зерттеуге мүмкіндік береді. Салалық статистикадан кәсіпорындар статистикасына көшуді қамтамасыз ету үшін әр түрлі әдістемелік материалдарды әзірлеп, енгізу іске асырылады.
Кәсіпорындар статистикасын енгізу:
статистикалық есептерді жинақтаудың жаңа схемасына әзірлеуді;
статистикалық есеп берудің жаңа нысандарын;
барлық есеп берулерді әзірлегенде регистрлерді пайдалануды;
зерттеудің іріктеп байқау әдістерін кеңінен қолдануды;
статистикалық есеп жүргізуді ұйымдастыру үшін бірліктердің жаңа түрлерін енгізуді көздейді.
Кәсіпорындар статистиканың бірінші кезеңінде байқау бірліктерінің статистикасында түрді сақтағанда қолданылатын есеп берулерді жинаудың жеңілдетілген схемасы мен нысандардың шектелген жиынтығы негізінде жүргізілетін болады. Келесі кезеңде бұл бағдарлама күрделенеді, көрсеткіштер мен нысандар жүйесі жыл сайын жетілдірілетін болады.
Экономиканың барлық секторлары бойынша объективті экономикалық- статистикалық ақпарат алу мақсатында экономикалық-математикалық әдістерді кеңінен пайдалану, әсіресе іріктеп зерттеу қорытындылары бойынша статистикалық көрсеткіштерді әртүрлі есептеу мен есептеуге дейінгілерін жүргізу көзделуде.
2.2. Макроэкономикалық және салалық статистиканың көрсеткіштер жүйесі мен методологиясын жетілдіру
2.2.1. Нақты сектор статистикасы
2.2.1.1. Ұлттық есепшілік жүйесі
Істің хал-жайы. Қазақстан 1993-1997 жылдары экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) техникалық көмегімен рыноктық экономика елдеріне БҰҰ-ның ұсынысына сәйкес халық шаруашылығы балансынан (ХШБ) Ұлттық Шоттар Жүйесіне (ҰШЖ) көшуді негізінен іске асырады. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) мен Дүние жүзілік банк миссиясының берген бағасы бойынша Қазақстан кәзіргі кезде 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесінің (ҰШЖ) методологиясын енгізудің 4-5 кезеңінде (ұлттық шоттар бойынша секретариатаралық топтың ҰШЖ-ны енгізу жөніндегі БҰҰ-ның статистика комиссиясының тапсыруы бойынша дайындалған ұсыныстарында 6 кезең қаралған) тұр. Қазіргі уақытта барлық ағымдағы шоттар және капиталмен операция жасайтын шоттар тобының біріншісі қордалану шоты құрылды. Қаржы шотын құру жөніндегі жұмыстар басталды. Методология игеруді және "өзге дүниелер" шоты бойынша есептесу іске асырылды. 1993 жылдан бастап өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) есебі тоқсан сайын, ал 1995 жылдан бастап соңғы пайдалану әдісі бойынша жүргізіліп келеді. 1994 жылдан бастап Ұлттық Шоттар Жүйесінің қысқа схемасы бойынша салааралық баланс таблицасын (шығару - шығындар таблицасы) құру іске асырылуда. Тауарлар ағыны әдісін ("ресурстар - пайдалану" таблицасын) игеру жөніндегі жұмыстар басталды. Жалпы ішкі өнімнің (маусымдық құбылу есебі) тоқсандық есептерін үйлестіру жөніндегі жұмыстар анықталды. 1990 жыл мен 1996 жыл аралығындағы кезеңде халықаралық сарапшылардың ескертпелерін ескере отырып, бірыңғай методология бойынша Ұлттық Шоттар Жүйесі көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижелерінен тұратын "Қазақстан Ұлттық Шоттары" деген арнаулы статистикалық жинақ басылып шықты.
Мақсаты. Ұлттық шоттар жүйесінің ағымдағы шоттары бойынша есептеуді онан әрі жетілдіруді қамтамасыз ету, қордаланудың өзге шоттары мен ұлттық шоттар жүйесінің балансы таблицаларын құру методологиясын игеру, экономика секторлары бойынша шоттардың өз ара байланысты жүйесін қалыптастыру.
Негізгі шаралар. Қордаланудың өзге шоттарының (қаржы шотының, қайта бағалау шотының және активтегі басқа да өзгерістер шотының) және Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі баланс таблицасын құру мен методологиясын игеру жөніндегі шаралар қаралуда, мұның өзі еліміздің статистикалық практикасына 1993 жылғы Ұлттық Шоттар Жүйесі методологиясын енгізуді аяқтауға мүмкіндік береді. Игерілген шоттарын есептеуді онан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ "ресурстар - пайдалану" (тауарлар ағымының әдісі) таблицасын практикаға енгізу жоспарлануда.
Ескерту. 3-абзацтан сөйлем алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 974 қаулысымен.
2.2.1.2. Экономиканың аграрлық секторы статистикасы
Істің хал-жайы. Республикадағы ауыл шаруашылығын реформалау, экономиканың аграрлық секторы статистикасына сәйкесті реформалаумен жалғасты: ауыл шаруашылық тауарын өндірушілердің статистикалық регистрлерін жасаумен, салаларды байқаудың жаңа әдістерін практикалық қызметте бақылап, зерттеуді ендірумен, жаңа ұйымдастырылған ауыл шаруашылық құрылымдар қызметін бағалау үшін жаңа методологияларды және құрал-саймандарды дайындап енгізумен жалғасты.
Қазіргі кезде тауар өндірушілердің көптеген санының жұмыс істеу жағдайында және сапасы төмен (дұрыстығы) есеп беру ақпараттарын уақтылы бермеуінен ауыл шаруашылық құрылымдардың қызметіне ішінара байқау әдісін онан әрі кеңейту қажет. Статистикалық деректер мен методологиялардың халықаралық стандартпен салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін статистикалық көрсеткіштерді, есеп беру нысандарын (байқау анкеттерін), регистрлерді және жіктемені жетілдіруді қажет етеді. Статистикалық ақпаратты жинау, дайындау және жариялау мерзімдерін қысқарту үшін жаңа ақпараттық технологияны енгізу қажет.
Мақсаты. Еліміздің статоргандарының практикалық қызметіне ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы салалары статистикасында өнімдер мен қызмет көрсетудің халықаралық жіктемелермен үйлесімдік номенклатурасын дайындау және енгізу, ішінара байқау әдісінің негізі есебінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің статистикалық регистрлерін жасауды аяқтау, дүниежүзілік ауыл шаруашылық санақ шеңберінде ауыл шаруашылық санағын өткізу.
Негізгі шаралар. Ауыл шаруашылығы статистикасында 1999 жылдан бастап статистикалық жұмыстың көптеген түрі бойынша ішінара байқау әдісін енгізу көзделуде. Ішінара байқау әдісін ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық (қалалық) статистика бөлімдерінде есепшілер (интервьюші) жүйесін құру белгіленіп отыр, ал келесі жылдары оны үнемі жетілдіру мен орнықтыру қамтамасыз етіледі.
1999 жылы дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағының бағдарламасына сәйкес елімізде 2005 ауыл шаруашылық санағын ұйымдастыру және өткізу жөнінде нормативтік-құқықтық және басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына дайындап, ұсыну көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін оны ұйымдастыру жоспары мен құрал-саймандық, әдістемелік оқу құралдары және басқа да материалдар дайындалатын болады. 2004-2005 жылдары елімізде ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру және өткізу жөнінде, жұмыстары жүргізілетін болады.
2001-2005 жылдары саланың статистикалық қызметін жетілдіру, статистикалық ақпаратты талдау және жариялау, ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығының салалық статистикасында, статистикалық жұмыстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысатын қызметкерлердің кәсіптік деңгейін үнемі көтеруді онан әрі жалғастыру көзделді.
Ескерту. 5-абзац өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 974 қаулысымен.
Ескерту. 5-абзац өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.20. N 1666 қаулысымен.
2.2.1.3. Экономиканың индустрия секторы статистикасы
Істің хал-жайы. Өнеркәсіптің статистикасын реформалау шеңберінде, мұнан әрі ішінара байқау әдісіне көшуге, кәсіпорындар статистикасына көшу үшін негіз қалайтын, сондай-ақ Қазақстан бойынша деректерді халықаралық ұйымдары басып шығарған басқа елдер деректерімен салыстыруды қамтамасыз ететін шаралар кешені іске асырылды.
Соңғы екі жылда әкімшілік регистрінде жазылған өнеркәсіп кәсіпорындары жөніндегі ақпараттарды күн талабына сай келтіру жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ай сайынғы негізде өндіріс көлемі жөнінде көрсеткіштерді (құндық және заттай), сонымен бірге, қаржы және еңбек жөнінде негізгі көрсеткіштерді біріктіретін, республикалық деңгейде бірыңғай ақпаратты базаны қалыптастыратын, республикалық ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының мониторингі іске асырылады.
1994 жылдан бастап Ұлттық шоттар жүйесі талабына сәйкес үй шаруашылығы секторларының өндіретін, өнеркәсіптің бес саласы бойынша өнімдер құны өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміне қосылады және есептеулер жүргізіледі. Жалпы ішкі өнімдер есебі үшін ай сайын өнеркәсіптің негізгі салалары (заводтың ішкі айналымы, аяқталмаған өндіріс, тапсырыс берушінің шикізаты, үй шаруашылығы секторының көлемі) шамасында жалпы өнім шығаруға дейінгі тауар өнімін қайта есептеу жүргізіледі.
Экономикалық қызмет түрлерінің жіктемелері (ЭҚЖК) және өнімдер мен қызмет көрсетумен (ЕҚӨК) үйлесімді халықаралық стандартқа көшу шеңберінде ай сайынғы есеп беру үшін номенклатура әзірлемеуді, өнеркәсіп өндірісінің жылдық қорытындысын қалыптау үшін номенклатура дайындалуда.
Мақсаты. Өнеркәсіп өнімдері көлемін және нақты индекстерді есептеу көлеміндегі өлшеу бөлігінің методологиясын жетілдіруді қамтамасыз ету, өнеркәсіп өнімдерінің салалық номенклатурасын дайындау, халықаралық стандарттар талабына сәйкес энергетиканың, құрылымның және энергетикалық баланстарды жіктемелеудің статистикалық көрсеткіштер жүйесін дайындау.
Негізгі шаралар. Таяу уақытта өнеркәсіп өнімдеріне ұлттық салалық номенклатура дайындалды және тауарлардың алфавиттік тізімі жасалады. Кәсіпорындар статистикасына көшу және статистикалық есеп беру нысандары мен көрсеткіштер жүйелерін жетілдіру, өнеркәсіп өндірісімен шұғылданатын статистикалық байқау бірлігін жүйелеуді іске асыру жоспарлануда. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметіндегі негізгі экономикалық көрсеткіштердің бірыңғай ақпараттық базасын құру және оны жүргізу жөніндегі жұмыстар онан әрі жалғастырылатын болады.
Ұлттық шоттар жүйесінің талабына сәйкес және өнеркәсіп өндірісі бойынша құндық деректердің толық халықаралық салыстырмалығын қамтамасыз ету мақсатында, жеке және ұйымдастырылмаған қызметі қоса алғанда, есептегенге дейінгіні қамтамасыз еткендегі есептеулер индекстерінің нақты көлемін және өнеркәсіп өнімдерінің жалпы өнім шығару әдістемесін жетілдіру көзделіп отыр.
Энергияның коммерциялық емес көздерін пайдалануды кеңейтуге байланысты (үй шаруашылығы мен ұйымды өзі қамтамасыз ететін тіркелмеген энергия көздері), есептеу мен есеп беру жүйесін жетілдіру бөлігіндегі статистикалық түйінді мәселелерді, сондай-ақ энергетика статистикасын қамтуды шешу қажет. Осы мақсатта 1999-2002 жылдары халықаралық энергетика саласының практикасын зерттеу көзделіп отыр, соның негізінде энергетикалық баланстың құрылымы мен жіктемесін дайындап, оларды жасауға кірісу.
2.2.1.4. Экономиканың қызмет көрсету салалары статистикасы
Істің хал-жайы. Республиканың мемлекеттік статистикасын жетілдірудің бұдан бұрынғы бағдарламасы шеңберінде ішкі сауда, қызмет көрсету, көлік және байланыс салаларында халықаралық практика мойындаған әдістер мен методологияларды, сондай-ақ деректерді өңдеу мен таратудың қазіргі ақпараттық технологиялық құралдарын енгізу жолымен экономиканың осы секторлары статистикасын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Ұсақ кәсіпорындарды ішінара тексеру есебінен толықтырылатын кәсіпорындардың кейбір түрлерін жаппай статистикалық есептеу жолымен ақпарат алуға негізделген, сондай-ақ тауар айналымы көлемін есептегенге дейін сараптау, өз қызметін заңды тұлға құрамай-ақ іске асыратын шаруашылық жүргізушінің қызметін көрсететін статистикалық байқаудың құрастырылған әдістерін дайындау және іске асыру ерекше күрделі міндет болып табылады. Статистикалық байқаудың мұндай нысаны соңғы екі жыл ішінде барлық жердегі бөлшек сауда, қызмет көрсету, көлік кәсіпорындарында іске асырылуда, ол кеңейтілген және сенімді ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Сауда, қызмет көрсету және көлік салаларында шаруашылық жүргізуші субъектілердің статистикасын (кәсіпорындар статистикасы) құру жөнінде қалыптасып келе жатқан рынок жүйесіндегі әртүрлі үлгідегі кәсіпорындардың қызметін статистикалық жан-жақты бейнелеуді қамтамасыз ететін көрсеткіштер мен статистикалық байқаудың біріктірілген түрлеріне көшуді іске асыру жұмыстары басталды.
Сауда және қызмет көрсету статистикасы бойынша N10-сауда нысаны және N 1-қызмет көрсету нысаны жаңа статистикалық нысандар экономикалық қызметтің барлық түрлерінің (ЭҚЖК) жіктемелерін (жіктеменің Еуропалық варианты) енгізуді ескеріп құрылған.
Көрсетілген нысандарды статистикалық есеп беруге енгізу, кәсіпорындардың негізгі және қосымша түрлері қызметін орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет көлемдерін байқап отыруға мүмкіндік береді. Бұл есеп берулер саланы сипаттайтын салалық таза көрсеткіштермен бірге басқа сала кәсіпорындарының (жұмыс істейтіндердің құрамы мен саны, еңбекақының көлемі, жалпы кіріс, шығыстар, инвестициялар т.б.) көрсеткіштерімен салыстырғанда кәсіпорын қызметінің экономикалық нәтижесін көрсететін көрсеткіштерді алуға мүмкіндік береді.
Мұндай есеп берулерді енгізуге байланысты республикадағы қазір жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілер туралы толық және кең салыстырмалы ақпараттар алудан басқа есеп беретін кәсіпорынның ақпараттық жүгі тәртіпке келтіріледі және азаятын болады.
1998 жылдан бастап көліктер бойынша есеп беру жолдары жүйеге келтірілді: көліктің әрбір түрі бойынша статистикалық есеп берудің түрлі нысандарының орнына көліктердің барлық түрлері үшін көрсеткіштері анықталған жүйеге келтірілген айлық есеп беретін N 1-көлік нысаны енгізілді. Көліктердің әрбір түріне сәйкесті көрсеткіштер есеп беру үлгісіне қосымша ретінде тоқсанына бір рет жинақталатын болады.
Мақсаты: Дүниежүзілік статистика практикасында қабылданған методологияларға толық сәйкес тәртіптелген кезеңділікпен, әдістермен деректерді жинау, статистикалық есеп беру нысандары көрсеткіштерінің жүйесін онан әрі жетілдіру.
Негізгі шаралар. Қызмет көрсету секторы салаларының статистика шеңберінде (ішкі сауда, көлік, байланыс, басқа да рыноктық қызмет көрсетулер) кәсіпорынды және қызмет түрі бойынша мамандандыру талаптарын ескерген оның саласын, жалпы экономикалық нәтижелерді, осы кезең ішіндегі конъюнктура талаптарын және аумақтық талаптарды сипаттайтын ақпараттарды алу проблемасын шешуге бағытталған шаралар кешенін жүргізу жоспарлануда.