Көрсетілген талаптар бір уақытта бірден орындалмайды (есеп беру мен анкеттеудің бірыңғай нысандары бойынша) есеп беру және анкет нысандары бірін-бірі толықтыратын балансталған және жақсы хабардар өзгермелі жүйені құру қажеттілігі болғандықтан оның негізгі сипаттарын төмендегі түрде ұсынуға болады.
Сауда нүктелерініҢ, қонақүйлерінің, қоғамдық тамақтану орындары мен қызмет көрсету кәсіпорындарының санағы жаппай есеп орындары бола тұра, айналым, жұмыспен қамту және кәсіпорынның қуаты бойынша деректер сияқты аздаған маңызды көрсеткіштердің есебіне көңіл бөлуге тура келеді. Олардың нәтижесін аймақтық белгісі мен мамандандырылған белгісі бойынша бөлімшелердің толық табыс етуі мүмкін және сайып келгенде, аймақтық статистика деректеріне деген қажеттілікті қанағаттандырады. Санақтар айлық (тоқсандық) статистика, жылдық және қосымша тексерулер үшін сұрыптауды және есептеуді негізгі мерзіміне сәйкес ұсына отырып, кәсіпорындардың статистикалық регистрінің қажеттілігі сияқты маңызды міндетті орындайды.
Экономиканың кейбір секторларының экономикалық даму процесінде болып жатқан өзгерістердің жылма-жыл жан-жақты қамтылған бейнесін беретін жылдық репрезентивтік зерттеулер сауданың, қонақүй шаруашылықтарының, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету саласының есеп беруінде жаңа жүйенің негізін құрайды.
Жылына бір рет өткізілетін қосымша зерттеу тауарлар ассортиментінің әртүрлі жүйелердегі қолда барын және тауарлар құрылымы мен тауарлардың түсу және сатылу жолдарын зерттеуге қызмет етуге тиісті. Қосымша тексерудің қорытындылары республика экономикасындағы рыноктық өзгерістерге талдау жасайтын шын мәніндегі негіз болып саналады. Тауарлар ассортименті мен қызмет көрсетуді талдау ең алдымен ассортименттің кеңдігі мен тереңдігі, сондай-ақ сатып алу рыногы мен сату рыногындағы болып жатқан эволюциялық нәтижелерден, қызмет көрсетудің кейбір түрлеріне сұраныстың өзгерістері туралы мағлұмат береді.
Көтерме және бөлшек сауданы, қонақ үй шаруашылығын, қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету саласындағы ай сайынғы тексеру ең алдымен конъюнктуралық талдау мақсатына қызмет етеді. Сондықтан олар тек жалпы айналым мен жұмыспен қамту жөніндегі деректер күн тәртібіне сай ақпараттар беріп тұруға тиіс.
Есеп берудің жаңа жүйесімен елдің хабардарлығы айтарлықтай өрістейді, өйткені басқа тексерулерден алынған көрсеткіштер мен деректерді байланыстыру саладағы болып жатқан жағдайлардан дифференциалды кестелер жасауға мүмкіндік береді. Бұл жүйе ақпарат жинаудың салалық түрінен кәсіпорын статистикасына біртіндеп көшуге жағдай жасайды.
2.2.1.5. Құрылыс және инвестициялар статистикасы
Істің хал-жайы. Құрылыс және инвестициялар статистикасын реформалау шегінде еліміздегі пайдаланушылардың ақпаратқа деген қажетін белгілі бір шамада қанағаттандыратын шаралар кешені жүзеге асырылды. Мұның өзінде статистиканың осы тауарларын құрудың жалпы методологиялық әдістері, статистикалық көрсеткіштер жүйелері, ағындар схемалары, ақпаратты жинау мен өңдеу технологиясын рыноктық экономика елдерінің зерттеген тәжірибесі есепке алынып, қайта қаралды.
Қазақстанның табиғи ресурстарын игеру шаралары бойынша жер астының байлықтарын пайдаланушыларға берілетін лицензиялар мен байланыстардың есебін жүргізуде, үлкен маңызы бар сенімді де анық деректер алатын лицензиялық міндеттерінің орындалуына тиімді бақылауды іске асырудың мүмкіндігі бар. Осы мақсатта Республикада N 1-4 ЛКУ жаңартылған нысан бойынша жерді пайдаланушылардың лицензиялық және келісім шарт талаптарын орындауларына мониторинг жүргізілуде. Жер астын пайдаланудағы нақты инвестициялардың толық есебін жүргізу үшін қаржылық міндеттемелердің құрылымын талдайтын статистикалық есеп беру нысандарының деректерін одан әрі жетілдіру қажет.
Қазақстан Республикасының "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңы қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларына тікелей салынған отандық және шет елдік инвестициялардың есебін жүргізу қажеттігі туды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінде Қазақстан экономикасының басым секторларындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша N 1-ИП нысаны жөнінде инвесторлардың әр тоқсан сайын есебін жинау және қорыту жұмыстары басталды.
Құрылыс кешенін реформалау меншік мөлшері, нысандары әр түрлі құрылыс ұйымдарының көбеюіне әкеп соқты, ал мұның өзі есептік деректерді жинауды қиындатты. Сондықтан байқаудың жаппай әдісінен іріктеу әдісіне іріктеу әдісіне көшу керек болды. Бұл үшін соңғы екі жылда құрылыс ұйымдарына қатысты статистикалық регистрді жасап, іске қосу жұмысы жүргізілді.
Құрылысты жаппай салу есептері мен нақты көлем индексінің есебін жүргізудің методологиялық құрал-сайманы, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі ҰШЖ-ның талаптарына сәйкес әзірленіп, өндіріске енгізілді.
Мақсаты. Кәсіпорындар статистикасының халықаралық деңгейде салыстырылатын шегінде құрылыс және инвестиция қызметінің статистикалық көрсеткіштерінің жүйесін одан әрі жетілдіруді, негізделген есептер жүйесімен толыққан жаппай және іріктеп байқау негізінде статистикалық байқаудың осы заманғы әдістерін қолдануды; статистикалық ақпаратты талдау мен жариялауды жетілдіруді және инвестициялар бойынша деректер базаларын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Негізгі шаралар. Инвестициялар статистикасының көрсеткіштерін қадағалау жөнінде халықаралық деңгейде салыстыруға болатын методологияны енгізу мақсатында "Инвестициялар статистикасының" техникалық көмегін алу жөніндегі жоба TACIS бағдарламасының шегінде Еуростатпен бірлесіп әзірленді. Бұл жобаның шегінде мынадай проблемаларды шешу ұйғарылды: инвестициялар статистикасы көрсеткіштерінің СНС-тың мүдделеріне сай келетін жүйесін анықтау; байқаудың статистикалық бірліктерін анықтау және оларды есепке алуды ұйымдастыру; байқау бірліктерін қамтудың толықтығын іріктеу шекараларына сәйкес қамтамасыз ету; көрсеткіштерді байқау бірліктерінің толық санына дейін есептеу методологиясын әзірлеу.
Инвестициялар статистикасының басты міндеті - шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық қызметін сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесін ұлттық шоттар жүйесіне сәйкес қайта қарау.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық қызметін статистикалық бақылау әдістері негізделген есептер жүйесімен толыққан жаппай және іріктеу әдістерін ұштастыру негізінде жетілдірілетін болады, сондай-ақ деректерді жинау мен өңдеудің жаңа технологиялары енгізілмекші.
Құрылыс өндірісінің статистикасында көрсеткіштер жүйесі жетілдіріліп, құрылыс ұйымдарының қызметін статистикалық бақылаудың осы заманғы әдістері енгізілетін болады. Мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландыру іске асырылатын құрылыс объектілеріне жүргізілген мердігерлік тендерлерді, сондай-ақ мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ететін кредиттерді сипаттайтын статистикалық көрсеткіштер жүйесі ендірілетін болады. Халықаралық сарапшылардың ұсыныстары мен басқа елдердің тәжірибесін зерттеуді есепке алып, жалпы құрылыс өнімін есептеу әдістерін жетілдіруді жүзеге асыру қолға алынбақшы.
2.2.1.6. Бағалар статистикасы
Істің хал-жайы. Республикамызда 1991 жылдан бастап статистиканың жаңа саласы - бағалар статистикасы пайда болды. Экономиканың барлық негізгі секторларындағы бағалар индекстерінің есептерін реттейтін методологиялық және нұсқамалық материалдар пакеті қысқа мерзім ішінде әзірленді. Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің және тұтыну бағаларының индекстерін құру тәртібі МВФ-ның сараптауынан өтіп, халықаралық ұсыныстарға сай деп танылды.
1996-1998 жылдары бағалар статистикасында есеп айырысуларды ұлғайту жұмысы жүргізілді. Өнеркәсіп кәсіпорындары технологиялық процесс үшін сатып алатын өндірістік ресурстарға арналған бағаның өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштер, сондай-ақ халықтың жекелеген топтарына арналған тұтыну бағаларының индекстері әзірленді. Облыстар бойынша ауыл шаруашылығы өнімі бағаларының айлық индекстер сериясы, кезеңдік статистикалық деректері негізінде экспорт және импорт өнімдерінің бағалар индекстері алынды.
Мақсаты. Бағалар статистикасының көрсеткіштерін дүние жүзілік практикада қабылданған методологиялық әдістерге толық сәйкес құруды одан әрі жетілдіру.
Негізгі шаралар. Экономиканың секторларында бағалар өзгерісін бағалаудың дәлдігін арттыру жөніндегі шаралар кешенін, оларды байқау әдістерін жетілдіру және жүзеге асатын есептер арқылы жүзеге асыру жоспарланады.
Бағалар индекстерін халықаралық аналогтер мен классификаторға бейімдеу мақсатында олардың кейбіреулері қайта қаралып, ұлғайтылады. Маусымдық тұтыну бағалары индексінің ықпалына түспейтін олардың есебі қарастырылмақшы.
Өндірістік сипаттағы қызметтер өндірушілердің бағалар индексін толықтырады. Құрылыс өндірісінде "компоненттерді құрау" әдісімен бағалар индексінің есебіне көшу ұйғарылды. Орман шаруашылығы мен ағаш дайындау өнімдерінің бағалар индекстері, экспорт және импорт өнімінің барлық өту жолдарын есепке алып, оның бағалар индекстері жасалатын болады. Бұдан басқа, экономиканың базалық салаларындағы шығындардың құрылымын және оның экономиканың өндірістік және тұтыну секторларындағы бағалардың деңгейі мен динамикасына ықпалын зерттеу мақсатында бір мезгілде зерттеу жүргізу жоспарланып отыр.
2.2.1.7. Еңбек және еңбекпен қамту статистикасы
Істің хал-жайы. 1993-1995 жылдары еңбек және еңбекпен қамту статистикасында реформалаудың бастапқы кезеңі жүзеге асты, ол көрсеткіштер жүйесінде елеулі өзгерістер мен тиісті халықаралық ұсыныстар мен стандарттарға сүйенетін методологиялық әдістерге қол жеткізді. Сондай-ақ экономикалық қайта құруды объективті түрде сипаттайтын ақпаратты жинау қамтамасыз етілді.
1996-1998 жылдары басты назар ақпарат жинаудың қолданылып жүрген салалық принципінен кәсіпорындар статистикасына бірте-бірте көшуге аударылды. Статистикалық деректердің халықаралық салыстырмалылығын қамтамасыз ету мақсатында экономикалық қызмет түрлерінің жаңа салалық классификациясына (ОКЭД) көшу жүзеге асты.
Мақсаты. Еңбек рыногы мен жалақы мәселелері жөнінде кезеңдік іріктеп зерттеуге көшуді жүзеге асыру.
Негізгі шаралар. Еңбек және еңбекпен қамту статистикасында көрсеткіштер жүйесін статистикалық есеп беру нысандарын, статистикалық бақылау әдістерін жетілдіру ісі одан әрі жүргізіле береді.
Бағдарламаның шегінде статистикалық байқау практикасына жұмыспен қамту және жұмыссыздық проблемалары жөнінде халықты (үй шаруашылықтарын) іріктеп зерттеу енгізілмекші.
Сондай-ақ мынадай зерттеулер жүргізу жоспарланды:
экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріндегі негізгі мамандықтар мен лауазымдар бойынша қызметкерлердің саны және жалақысы туралы;
экономикалық қызметтің кейбір негізгі түрлері бойынша жұмысшы күшіне кететін шығындардың құны туралы.
Еңбек ресурстарының баланс есебінің әдістемесін одан әрі жетілдіру жұмысы бұдан былай да жалғасады.
2.2.1.8. Кәсіпорындардың қаржы статистикасы
Істің хал-жайы. Мемлекеттік статистиканы жетілдірудің осыдан бұрынғы бағдарламасын жүзеге асыру барысында бухгалтерлік есепке алудың жаңа жүйесін енгізу нәтижесінде статистикалық есеп берудің бұрынғы нысандары қайта қаралды (мемлекеттік статистикалық есеп берудің 4 нысаны негізінде - жүйеленген N 1- ПФ нысаны, өнім өндіру мен өткізу шығындары жөніндегі есеп берудің 2-нысаны негізінде - бір N 5 нысаны әзірленді, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің саны мен қозғалысы туралы есеп беру нысаны жетілдірілді), сондай-ақ құнды қағаздар рыногының өскелең роліне және мемлекеттік басқару органдары мен кәсіпорындардың құнды қағаздармен жасаған операциялардың кірістерін есепке алу қажеттігіне байланысты 1997 жылғы 1-тоқсанның есебінен бастап құнды қағаздар операциялары жөнінде жаңа статистикалық есеп беру енгізілді.
Мақсаты. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жайы, олардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған шығындары туралы нақты мәлімет алу. Негізгі қорлар бойынша баланстық таблицаларды талдау мен жариялау оларды құру әдістерін жетілдіру.
Негізгі шаралар. Жаңа Бағдарлама шегінде кәсіпорындардың қаржы статистикасының, сондай-ақ негізгі қорлар статистикасының қаржылық көрсеткіштерін халықаралық қаржы стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру көзделуде. Республика облыстарының кәсіпорындары мен ұйымдары арасындағы өзара есеп айырысу жайы туралы ақпарат алу үшін "Республика кәсіпорындарының өз ара есеп айырысу жайы туралы" бөлім жүргізілетін болады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қызметін жаппай және іріктеу әдістерін ұштастыру негізінде статистикалық бақылаудың әдістерін одан әрі жетілдіре беру көзделген. Мәселен, сеніп басқаруға берілген кәсіпорындар жөніндегі деректерді жинап, өңдеу белгіленді. Меншік нысандарының, қызметтің шағындылығы мен түрлерінің халықаралық жіктемелеріне бұдан былай көшпекші. Жеткілікті мөлшерде толық ақпарат алу үшін кәсіпорындардың қаржы статистикасы жөнінде деректер базаларын қалыптастыру қажеттігі туындайды. Негізгі қорлардың ақпараттық базасын, саны мен қозғалысы туралы ақпаратты жинау мен өңдеу әдістерін одан әрі жетілдіру көзделуде.
2.2.2. Сыртқы сектор статистикасы
2.2.2.1. Сыртқы сауда статистикасы
Істің хал-жайы. 1994 жылға дейін республикамыздағы сыртқы сауда жөніндегі деректер шашыранды сипатта болды. Алайда 1994 жылдан бастап сыртқы сауда жөніндегі ақпаратты жинаумен қатар статистикалық мақсат үшін жүк кеден декларацияларын (ЖКД) статистикалық есеп беру негізінде өңдеу басталды, сөйтіп сыртқы сауда статистикасы бойынша бірыңғай ақпараттық база қалыптаса бастады.
1995 жылдан бастап кәсіпорындардың есеп беруі тоқтатылып, барлық ақпарат кедендік статистиканың деректеріне сүйенетін болды. "ТМД-ге қатысушы мемлекеттердің сыртқы саудасы кедендік статистиканың бірыңғай методологиясы" қабылданып, іске қосылды, ТМД елдері үшін халықаралық деңгейде қабылданған тауарлар мен қызметтердің үйлесімді жүйесімен (ҮЖ) 6 белгі деңгейінде салыстырылатын Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы (СЭҚТН) және АҚШ доллармен бірыңғай құндық баға пайдаланыла басталды. 1998 жылдың қаңтарынан бері Қазақстанда ТДМ-інің СЭҚТН-і қолданылып жүр.
Қазіргі кезеңде сыртқы сауда статистикасы бойынша басты проблема - ақпараттың анықтығы мен оны қамтудың толықтығын қамтамасыз ету. Біріншіден, кедендік статистика жөніндегі деректер шоғырланбалы негізде қалыптасады және оларда бір айда рәсімделген, ал басқа кезеңнің жинағына енгізілген декларациялардың ауыспалы қалдықтары болады. Екіншіден, кедендік статистиканың көлеміне ұйымдаспаған сауда шегінде ауысып жүрген тауарлар кірмейді.
Бұдан басқа, ауысып жүрген тауарлар құндық бағалары бойынша да зор қиындықтар бар, экспорт пен импорттық орта бағаларының деңгейін бақылауды ұйымдастыру қажеттігі пайда болды.
Мақсаты. Сыртқы сауда статистикасын одан әрі жетілдіру, сыртқы сауда жөніндегі деректердің анықтылығы мен толықтығын жақсарту. Кедендік одақтың шегінде сыртқы сауда жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, статистикалық деректердің динамикалық қатарларын құру.
Негізгі шаралар. Сыртқы сауда статистикасында статистикалық деректерді жинау, өңдеу мен сақтау процесін одан әрі жетілдіру, келіп түсетін ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын бақылауды күшейту жоспарланған.
Кеден органдары кеден қызметінің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізгеннен кейін ЖКД-ні жинау мен өңдеудің жаңа технологиясына көшу жоспарланып отыр, ол сыртқы сауда жөніндегі шығатын ақпаратты "таза" айлар негізінде табыс етуге мүмкіндік береді.
Барлық сыртқы сауда операцияларын толық қамтуды қамтамасыз ету үшін Кеден комитетінің мамандары жеке тұлғалар таситын тауарлар мен көлік құралдары жөніндегі ақпаратты қажетті статистикалық деректерді дайындап алып, есептеу мен өңдеудің автоматтандырылған жүйесін енгізуді белгіледі.
Сыртқы сауда статистикасы жөнінде алынатын деректердің сапасын арттыру мақсатында "айналық" статистика негізінде екі жақты салыстырулар жүргізу жұмыстарын жалғастыру жоспарланған. Алғашқы кезеңде бұл жұмысқа Орта Азия мемлекеттерінің статистикалық қызметі қатыстырылады, одан кейін қатысушы елдердің ауқымы ұлғаяды.
Сонымен қатар кеден комитетінің құрылымында арнаулы бөлімше құру жоспарланды, оның міндеті - кеден шекарасы арқылы өту үшін ресімделуге берілетін бақылау бағалық база қалыптастыру.
1995 жылдан бастап барлық тауарлар мен елдердің сыртқы саудасы жөніндегі ақпарат бар. Осыған байланысты тауарлардың экспорты (импорты) жөніндегі қолда бар деректерді тәртіптеп, пайдалануға қолайлы динамикалық хабарлар түрінде табыс ету жоспарланды. Олар кейіннен үнемі өзгеріп, жаңаратын болды.
2.2.2.2. Төлем балансы статистикасы
Істің хал-жайы. 1992 жылғы шілде айынан бастап республикамызда ХВҚ-ның Статистика басқармасы мамандарының техникалық жәрдемімен төлем балансын жасау жүйесін енгізу жұмысы басталды. 1993 жылы ХВҚ миссиясы ұсынған деректерді жинауға арналған сауалнамалардың макеттері негізінде республикамыздың Статмемкомы төлем балансы жөнінде статистикалық есеп беру нысандарын енгізді. Осы уақыттан бастап Статмемком төлем балансын тоқсан сайын жасауды қолға алды. 1994 жылдан бері төлем балансын жасау ХВҚ-ның "Төлем балансы жөнінде басшылық" жинағының 5-басылымына сәйкес іске асуда.
1997 жылғы екінші тоқсаннан бері Үкіметтің 1997 жылғы 25-сәуірдегі N 659 қаулысымен жиынтық төлем балансын қалыптастыру Қазақстанның Ұлттық банкіне берілді. Cтатагенттік сол кезден бастап үкіметтің осы қаулысына сәйкес жинау, өңдеу және жинақтау статистикалық органдарға жүктелген статьялар бойынша Ұлттық банкке деректер беріп келеді.
Мақсаты. Сыртқы экономикалық операцияларды іске асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерді барынша мол қамту, ақпараттың сапасын арттыру үшін арнаулы бір мезгілдік зерттеулер жасау.
Негізгі шаралар. Төлем балансы статистикасының саласындағы басым міндеті - төлем балансы жөніндегі деректерді жинау, өңдеу және тарату методологиясы мен процедурасын жетілдіру.
Өз қызметінің құрамында сыртқы экономикалық операциялары бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің барынша толық қамтылуын бірінші кезекте қамтамасыз ету. Осындай шаруашылық жүргізуші субъектілердің реестрін жүйелі түрде жариялау жоспарда бар.
Төлем балансындағы ақпараттың сапасын арттыру үшін мыналарды бір мезгілде зерттеу жоспарланған:
- мигранттарды - әкелетін немесе әкететін капиталдың мөлшерін анықтау үшін;
- тынымсыз тасымалдаушыларды - кедендік статистикаға ілінбеген экспорттың (импорттың), олардың тауарлық және елдік құрылымын анықтау үшін;
- халықаралық туризм қызметінің саласын.
Зерттеу бағдарламасы елдер бойынша қосымша мәліметтер есебінен жыл сайын ұлғаятын болады.
Сыртқы сауда статистикасында қызметтер мен елдерді жіктемелеуде неғұрлым тәптіштеп бөлуді қамтамасыз ету, сондай-ақ негізгі әріптес елдер бойынша төлем балансының баптарын қалыптастыруға кірісу жоспарланады.
Халықаралық инвестициялар статистикасында қаржы құралдары бойынша халықаралық операциялар бөлігіндегі бағалы қағаз рыногына, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық инвестициялық бағыты туралы есебі бойынша құрал-саймандар мен ақпараттық базаға дайындығына кәсіптік қатысушылар мен қаржы институттарының статистикалық бақылауы көзделуде.
Ескерту. 4-абзац өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 974 қаулысымен.
2.2.2.3. Сыртқы борыш статистикасы
Істің хал-жайы. 1994 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ұлттық банкпен және Cтатистика агенттігімен бірлесіп мемлекеттің кепілдігіндегі сыртқы борыштың есебін (16 - ИК нысаны бойынша шет ел кредиттерін пайдалану және өтеу жөніндегі тоқсандық есеп), сондай-ақ мемлекеттік сыртқы борыш және онымен айналысуды (14 - ПБ нысаны бойынша шет елдік ресми қарыздар жөніндегі тоқсандық есеп) ұйымдастырып, қамтамасыз етіп келеді. Осы нысандардың негізінде мемлекеттік және мемлекет кепілдігіндегі сыртқы борыштың жайы мен айналысуын талдау, сондай-ақ еліміздің жалпы сыртқы қарызын бағалау қамтамасыз етіледі. 1998 жылдан бері 16 - ИК нысаны бойынша есеп беру ведомстволық категорияға (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі) көшірілді.
Мемлекеттің кепілдігі жоқ сыртқы борышты бағалау үшін кәсіпорындардың (ұйымдардың) өз ара есеп айырысуларының жайы туралы статистикалық есеп беру (Қазақстан кәсіпорындарының резидент еместерге кредиттік берешегі) пайдаланылады.
Мақсаты. Сыртқы қарызды қамтудың толықтығын, бағалаудың дәлдігін және талдаудың тереңдігін қамтамасыз ету мақсатында қарыз алушылардың барлық категориялары үшін, кәсіпорындардың кредиттік берешегі жөніндегі есебін қоса, статистикалық есебінің нысандарын одан әрі жетілдіру; сыртқы қарыздар жөніндегі деректер базасын жүргізу және сыртқы борыштар жөніндегі статистикалық ақпаратты ұдайы жариялап отыру.