Статистика саласындағы кадрлар, сондай-ақ барлық деңгейдегі оқу орындарының оқытушылары даярлануы мен қайта даярлануы қамтамасыз етілуге тиіс. Статистикалық деректерді пайдаланушылар үшін оқу курстарын ұйымдастырудың маңызы аз емес.
2.6. Статистика саласында халықаралық ынтымақтастық
Істің хал-жайы. Еуростат, БҰҰ-ның статбөлімдері және УЭК-і, ХВҚ сияқты ұлттық статистикалық қызметтермен, Дүниежүзілік банкпен, ОЭСР-мен, ЮНЕСКОмен, Германияның, Нидерландтардың, Түркияның, Францияның статқызметтерімен, АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы мемлекеттік департаментімен және басқа халықаралық ұйымдармен, ұлттық статистикалық қызметтермен тұрақты әрі жан-жақты ынтымақтастық орнату республиканың статистикасын реформалауда статистикалық көрсеткіштердің жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру зор маңызға ие болады. Ынтымақтастықтың басты мақсаты - Қазақстанның статистика қызметкерлерінің халықаралық стандарттарға көшуіне жәрдемдесу.
Халықаралық ынтымақтасу шеңберінде Еуростат статистика саласында іске асырып жатқан ТАСИС бағдарламасының рөлі ерекше. ТАСИС бағдарламасы бойынша көмек көрсету 1992 жылы басталды, бұл жұмыстың барысында жүйенің мамандарын оқытуда елеулі көмек көрсетілді, компьютер жабдықтары орнатылды, семинарлар өткізіліп, тәжірибе алмасылды, басқа да консультациялық көмек көрсетілді, сондай-ақ едәуір көлемде методологиялық материалдар берілді. 1994 жылдан бастап кәсіпорындар статистикасы проблемалары, кәсіпорындар регистрі және сыртқы сауда статистикасы бойынша жобалар жүргізу ынтымақтастықтың негізгі бағытына айналды, бұлармен алдағы уақытта да жұмыс жүргізіле береді.
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға мүше болуы олардың сұрақнамалары мен сұраныстарына жауаптар түрінде олардың атына статистикалық ақпараттар беру міндетін жүктейді. Бірнеше жылдар бойы біз халықаралық ұйымдардың атына республиканың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық жағдайының түрлі көрсеткіштері бойынша сұрақтарына жауап беріп келеміз. БҰҰ-ның және БҰҰ ЕЭК-тің статбөлімдерінің ХВҚ, Дүниежүзілік банк, ОЭСР, ЮНЕСКО, ФАО, Дамудың Азия банкі мен басқаларының атына жыл сайын 40-тан астам сұрақнама табыс етіледі. Қазақстан Республикасының статистикалық деректерінің халықаралық жарияланымдарға енуі - осы жұмыстың нәтижесі.
Мақсаты. Халықаралық ұйымдар мен басқа да елдердің ұлттық статистикалық қызметтерінің бізге техникалық көмек беруін қамтамасыз ету.
Негізгі шаралар. Мемлекеттік статистика жүйесін серпінді реформалау қажеттілігін ескере отырып, басқа елдердің ұлттық статистикалық қызметтерімен статистиканың методологиясы және практикасы саласында пәрменді тәжірибе алмасу жүзеге асырылмақ.
Алдағы кезеңде халықаралық ұйымдардың тарапынан статистиканы жетілдірудің жекелеген жобаларын жүзеге асыру, атап айтқанда, халықаралық статистикалық нормалар мен стандарттарды енгізу жөнінде техникалық көмек алудың маңызы зор.
ТАСИС бағдарламасы бойынша бұрын әзірленіп, бекітілген және "Қазақстанның ресми статистикасын реформалау. 1-бөлім" жобасы шегінде 1997 жылы ТАСИС-тің ұлттық бюджетінен қаржыланатын мынадай шағын жобалар жөнінде Cтатагенттік пен Еуростаттың ынтымақтастығы 1999 жылы және одан кейінгі жылдарда да жалғаса береді:
қызмет көрсету статистикасы;
инвестициялар статистикасы;
халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық саласындағы статистикалық жүйені енгізу;
статистикалық ақпаратты жариялау қызметі және оны тарату.
1998-1999 жылдары ТАСИС-тің ұлттық бюджетінен қаржыланатын осы жобаның 2-бөлімі бойынша мынадай шағын жобалар көзделген:
деректердің бөлінген базасын Қазақстан Республикасының статистика жүйесіне енгізу;
деректерді статистикалық талдаудың әдістерін үйрету;
географиялық ақпараттық жүйелерді енгізу.
1999 жылы Германияның техникалық көмек көрсетуі шегінде оның Федералдық статистика басқармасымен мына бағыттар бойынша ынтымақтасу жалғасын таба береді:
бағалар статистикасы (құрылыстың бағалар статистикасы саласында);
еңбек рыногы статистикасы (жалақы статистикасы);
ұйымдастыруды дамыту.
Қазақстан Республикасының Cтатагенттігі статистикалық ақпаратты халықаралық ұйымдарға заң бойынша өзіне жүктелген міндеттемелер мен Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес беріп отырады.
3. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету және оны іске асыру тетігі
3.1. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету
Бағдарламаның шараларын қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржысы, халықаралық ұйымдар тарапынан статистиканы жетілдіру жөніндегі жекелеген жобаларды жүзеге асыруға техникалық көмек қаржысы, сондай-ақ өзге де қаржыландыру көздіктері есебінен жүргізіледі.
Бағдарламаны орындау үшін 1999-2005 жылдары шамамен сомасы 40-50 миллион АҚШ долларындай болатын қаржыны игеру талап етіледі. Шығындардың шамамен 40%-і ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізуге, консультациялық қызмет көрсету мен мамандарды оқытуға, 45%-і- техникалық және телекоммуникациялық, бағдарламалық-технологиялық қамтамасыз ету және ақпараттық ресурстарды қорғау құрал-саймандарын дамытуға байланысты болады, ал 15%-ін өзге де ағымдағы шығыстар мен халықаралық ынтымақтастықтың шығындары құрайды. Талап етілетін қаржы республикалық бюджеттің табыс бөлігіне байланысты әр жылға жеке қаралады.
Республикалық бюджеттің есебінен қаржыландыруды тиісті министрліктер мен ведомстволар олардың негізгі қызметін дамытуға республикалық бюджетте қаралатын қаржылар шегінде жүзеге асырады. Келесі жылғы республикалық бюджетті жыл сайын қалыптастырған кезде Cтатагенттік, сондай-ақ статистикалық қызметпен шұғылданатын өзге де орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне келесі жылға арналған Бағдарлама жұмыстарын қаржыландыруға қажетті мөлшердің негіздемесін белгілеген тәртіп бойынша табыс етеді.
3.2. Бағдарламаны іске асыру тетігі
Бас тапсырыс беруші - Қазақстан Республикасының Үкіметі, Бас мердігер - Қазақстан Республикасының Cтатистика агенттігі. Оған елімізде мемлекеттік статистиканы реформалау жұмысын үйлестіру Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңына сәйкес жүктелген.
Сондай-ақ Cтатагенттіктен басқа Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау агенттігі, Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Инвестициялар жөніндегі агенттік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Бағдарламаны іске асыруға негізгі атқарушылар ретінде қатысады.
Бағдарламаны жүзеге асыру тетігіне мыналар енеді:
Бағдарламада көзделген жұмыстардың жоспарлануын, жүзеге асуын және орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру шаралары;
Қазақстанның мемлекеттік статистикасын халықаралық практикада қабылданған есепке алу мен статистика жүйесіне көшуге мүмкіндік беретін методологиялық шаралар;
мемлекеттік статистика органдарының техникалық және бағдарламалық-технологиялық базасын модернизациялауды, ақпаратты қорғаудың талаптарын сақтай отырып, республикалық және аймақтық деңгейде ақпараттық жүйе жасауды қамтамасыз ететін техникалық шаралар.
Бас мердігер жыл сайын бірінші тоқсанда осының алдындағы кезеңде мемлекеттік статистиканы жетілдіруде жеткен нәтижелерді қарап, ағымдағы жылға жоспарланған шараларды есепке алып, қаржыландыру көздіктерін көрсетіп, кезекті жылға арналған Бағдарламаны жүзеге асыру шаралары Жоспарының жобасын басқа да орындаушыларды қатыстырып қарайды, бұл жобаны ол Бас тапсырыс берушіге табыс етеді.
Әр жылдың екінші тоқсанында Бағдарламаның Бас тапсырыс берушісі республикалық бюджет қаржысы есебінен орындалатын шаралар Жоспарындағы бағдарламалық жұмыстар тізбесін нақтылап, олар бойынша шығындардың жоғары шегін белгілейді. Қажетті ретте Бас Тапсырыс беруші жекелеген бағдарламалық шараларды жүзеге асыру мерзімдерін өзгерту немесе ұзарту туралы ұсыныс енгізеді.
Жыл сайын үшінші тоқсанда Бас мердігер мен орындаушылар Бас тапсырыс беруші белгілеген бағдарламалық жұмыстар тізбесі бойынша республикалық бюджет қаржылары есебінен кезекті жылға арналған Бағдарламаны қаржыландырудың талап етілетін мөлшерін негіздеуді Қаржы министрлігіне табыс етеді.
Бас мердігер мен Бағдарламаны Үйлестіруші - Қазақстан Республикасының Cтатагенттігі Бағдарламаның ағымдағы ісін басқарады. Орындаушылар өздерінің бағдарламалық шараларды орындауы туралы Жұмыстардың үйлестірушісі алдында есеп береді. Үйлестіруші Бағдарламаның іске асу барысы туралы Бас тапсырыс берушіні жыл сайын хабардар етіп отырады.
Ескерту. 2-абзац өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 974 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік статистиканы
жетілдірудің 1999-2005 жылдарға
арналған бағдарламасына
Қосымша
1999-2005 жылдары Қазақстан Республикасындағы
Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі
Негізгі шаралар
Ескерту. Қосымша өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.29. N 974 қаулысымен.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.27. N 1108 қаулысымен.
Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.12.20. N 1666
қаулысымен.
__________________________________________________________________________
| Шаралар | Аяқтау | Жауапты | Орындалу
| | нысаны | орындаушы | мерзімі
|_______________________________________|___________|___________|__________
| 1 | 2 | 3 | 4
|_______________________________________|___________|___________|__________
|1. Дүниежүзілік статистика стандарттарын | |
|енгізу | | |
|_____________________________________ |___________|___________|_________
|1.1. Халықаралық деңгейде қабылданған | | |
|жіктемелерді ұлттық статистика жүйесіне| | |
|енгізу | | |
|_______________________________________|___________|___________|__________
|1. Мемлекеттік статистика саласындағы |Әдістемелік| |1999
|(NACE, CPA, PRODCOM) негізгі халықара. |ұсыныстар, |Статагент. |
|лық статистикалық жіктемелерді енгізу |статесеп |тік |
| |берулердің | |
| |нысандары | |
|_______________________________________|___________|___________|__________
|2. Экономикалық қызметтің және өнімдер |жіктемелеу.| |1999-2003
|мен қызмет көрсету түрлері жіктемелеуші|шілер |Статагент. |
|лердің ұлттық болжамдарын әзірлеу және | |тік |
|енгізу | | |
|_______________________________________|___________|___________|__________
|3. Меншік, ұйымдастыру-құқықтық нысан. |жіктемелеу.| |үнемі
|дарын, аумақтық, кәсіпорынның шағындылы|шілер |Cтатагент. |
|ғы, өндіріс көлемі және басқа нысандары| |тік |
|ның жіктемелеушілерін жетілдіру | | |
|_______________________________________|___________|___________|__________
|4. Халықаралық басқа да жіктемелерді |Әдістемелік| |1999-2005
|(денсаулық сақтау, білім, еңбек, эколо.|ұсыныстар |Cтатагент. |
|гия және басқа) енгізу | |тік |
|_______________________________________|___________|___________|__________
|1.2. Регистрлерді статистикалық қызмет.| | |
|ті ұйымдастырудағы негізгі құралдар ре.| | |
|тінде дамыту | | |
|_______________________________________|___________|___________|__________
|1. Әкімшілік регистрлерді, статистикалық |Регистрлер.|Cтатагент |1999
|регистрлерді, жеке меншік кәсіпкерлер |ді жүргізу |тік |
|реестрлерін және ауыл шаруашылығы регис. |процедурасы| |
|трлерін жүргізу процедурасын жетілдіру |жөніндегі | |
| |нұсқамалар | |
|_________________________________________|___________|___________|________
|2. Кәсіпорынның экономикалық қызметінің |Әдістеме | |1999
|негізгі түрлерін анықтаудың әдістемесін | |Cтатагент. |
|дайындау | |тік |
|_________________________________________|___________|___________|________
|3. Статистикадағы регистрлердің өзара |Регистрлер.| |1999-2000
|әрекеттестігін қамтамасыз ету үшін ере. |ді жүргізу |Cтатагент.|
|желер мен бағдарлама құралдарын дайындау |жөніндегі |тік |
| |құжаттама | |
|_________________________________________|___________|__________|________
|4. Ішінара байқау жүргізгенде регистрлер.|Әдістемелік| |1999-2000
|ді пайдаланудың тәртібін дайындау және |ұсыныстар |Cтатагент.|
|енгізу | |тік |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|5. Статистикалық регистрді Еуростаттың |Жергілікті | |1999-2002
|"Регистрлерді жүргізу жөніндегі басшылық.|бірліктерді|Cтатагент.|
|қа" сәйкес келтіру |статистика.|тік |
| |лық регис. | |
| |трге қосу | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|6. Құрылымдық ілгері басушылықты көрсету |Регистрлер.| |1999-2002
|үшін кәсіпорын "демографиясын" жүргізу |ді жүргізу |Cтатагент.|
| |жөніндегі |тік |
| |нұсқамалар | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|7. Статистикадағы регистрлердің күн тала.|Басқа ведо.| |1999-2005
|бына сай келуі және жүргізу үшін ведомст.|мстволармен|Cтатагент.|
|волық әкімшілік регистрлерін пайдалану |ақпараттық |тік пен |
| |әрекеттес. |басқа ведо|
| |тік туралы |мстволар |
| |келісім | |
| |шарттар | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|8. Деректердің бөлінген базалары режимін |Регистрлер.| |1999-2005
|де регистрлерді жүргізуге көшу, сондай-ақ|ді жүргізу |Cтатагент.|
|регистрлер негізінде ақылы қызмет көрсе. |жөніндегі |тік |
|туді жаңа деңгейге шығару |құжаттар | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|1.3. Статистикалық байқаудың әдістемесін | | |
|жетілдіру және кәсіпорындар статистикасы.| | |
|на көшу | | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|1. Регистрлер негізінде статистиканың |Ішінара | |1999
|барлық салаларын ішінара тексеру жүргізу.|зерттеу |Cтатагент. |
|дің әдістемесін енгізу | |тік |
|_________________________________________|___________|___________|________
|2. Ішінара тексеру мен жаппай есептеуді |Статтық | |1999-2005
|байланыстыру негізінде статистикалық есеп|есеп беру |Cтатагент|
|берудегі статистикалық нысандар мен схе. |нысандары, |тік |
|маларды табыс етуді жетілдіру |схемалары | |
|_________________________________________|___________|_________|__________
|3. Республикалық деңгейде бастапқы есеп |Республика.| |1999
|беру деректерінің базасын қалыптастыруға |лық деңгей.|Cтатагент. |
|және өңдеуге көшу |дегі бас. |тік |
| |тапқы есеп | |
| |беру база. | |
| |лары | |
|_________________________________________|___________|___________|________
|4. Статистиканың барлық салалары бойынша |Әдістемелік| |1999-2000
|әдістемелігі мен аспаптарының халықаралық|аспаптары |Cтатагент|
|стандарттар мен практикаға сәйкестілігін | |тік |
|жетілдіру | | |
|_________________________________________|___________|_________|__________
|2. Макроэкономикалық және салалық статис.| | |
|тиканың көрсеткіштері жүйесі мен методо. | | |
|логиясын жетілдіру | | |
|_________________________________________|___________|___________|________
|2.1. Нақты сектордың статистикасы | | |
|_________________________________________|___________|___________|________
|2.1.1. Ұлттық есеп жүргізушілік жүйесі | | |
|_________________________________________|___________|___________|________
|1. Методологияны меңгеру, эксперименталь.|Жарияланым | |
|ды есептеуді жүргізу, қордалану шотын | |Cтатагент.|
|практикаға енгізу: | |тік |
|қаржы шоты | | |1999-2000
|қайта бағалау шоты | | |2000-2002
|активтегі басқа өзгерістер шоты | | |2001-2003
|_________________________________________|___________|__________|_________
|2. Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясы |Жарияланым | |2002-2004
|мен баланстық кестесін құруды игеру | |Cтатагент.|
| | |тік |
|_________________________________________|___________|__________|________
|3."Ресурстар - пайдалану" кестесін прак. |Жарияланым | |1999-2001
|тикаға енгізу | |Cтатагент.|
| | |тік |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|4. | | |
|5. | | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|2.1.2. Экономиканың аграрлық секторының | | |
|статистикасы | | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|1. Ауыл шаруашылығы, орман және балық |Номенклату.| |1999
|шаруашылығы салалары бойынша халықаралық |ра |Статагент.|
|стандартпен үйлесімді өнімдер мен қызмет.| |тік |
|тердің салалық номенклатурасын дайындау | | |
|және енгізу | | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші. |Статистика.| |1999
|лердің статистикалық регистрлерін құру |лық |Статагент. |
|жөніндегі жұмыстарды аяқтау, ал бұдан |регистрлер |тік, Жер |
|былай оларды үнемі жаңалау | |ресурстарын|
| | |басқару жө.|
| | |ніндегі |
| | |агенттігі, |
| | |Салық |
| | |комитеті |
|_________________________________________|___________|___________|________
|3. Ауыл шаруашылығы статистикасына ірік. |Методология| |1999-2005
|теп байқау әдістерін енгізу |және |Статагент.|
| |нәтижелер |тік |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|4. Экономиканың аграрлық секторының ста. |Штаттық |Стат. |1999-2005
|тистикасында іріктеп зерттеу үшін есеп |кесте |агенттік |
|жүргізушілік (интервьюерлер) жүйесін | | |
|жасау және үнемі жетілдіру | | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|5. 2001 жылы ауыл шаруашылығы санағын |Үкімет пен |Стат. |1999-2000
|(Дүние жүзілік ауыл шаруашылық санағы | |агенттік, |
|бағдарламасы бойынша) жүргізуді ұйымдас. |Cтатагент. |Ауыл шаруа|
|тыру үшін нормативті-құқықтық актілерді |тіктің қау.|шылығы |
|және аспаптарды дайындау |лысы |министрлігі|
|_________________________________________|___________|___________|________
|6. Ауыл шаруашылығы санағын ұйымдастыру |Санақ | |2004-2005
|және өткізу |өткізудің |Статагент.|
| |ұйымдастыру|тік |
| |жоспары, | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|2.1.3. Экономиканың индустрия секторының | | |
|статистикасы | | |
|_________________________________________|___________|__________|________
|1. Өнеркәсіп өнімдерінің ұлттық салалық |Ұлттық | |1999-2000
|номенклатурасын дайындау және өнеркәсіп |салалық |Статагент.|
|тауарларының альфавиттік жіктемесін |номенклату.|тік |
|жасау |ралар |Энергоинд.|
| | |устсаудами|
| | |ні |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|2. Өнеркәсіп өндірісімен, шұғылданатын |Стат | |1999-2000
|статистикалық байқау бірліктерін жүйе. |регистрді, |Статагент.|
|леуді, статистикалық есеп беру көрсеткіш.|есеп беру |тік |
|тері және нысандар жүйесін жетілдіру, |нысандарын,| |
|кәсіпорындар статистикасына көшуді іске |нұсқаулар | |
|асыру (Энергетика индустриясы және сауда |мен | |
|министрлігінің келісуі бойынша) |әдістемені | |
| |жаңғырту | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|3. Өнеркәсіп кәсіпорындары қызметтерін. |Деректер. | |1998-2000
|дегі негізгі экономикалық көрсеткіштері. |дің |Статагент.|
|нің бірыңғай ақпараттық базасын құру және|ақпараттық |тік |
|жүргізуді бастау (Энергетика индустриясы |базасы | |
|және сауда министрлігінің келісуі бойын. | | |
|ша) | | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|4. Жеке және ұйымдастырылмаған қызметті |Әдістеме | |1999-2000
|қосқанда, өнеркәсіп өнімін жалпы шығару | |Статагент.|
|есебінің және есептегенге дейінгі нақты | |тік |
|көлем есептеудің әдістерін жетілдіру | | |
|индекстерін | | |
|_________________________________________|___________|__________|_________
|5. Энергетика статистикасы саласындағы |Әдістемелер| |1999-2000
|халықаралық практиканы зерттеу, энергети.|энергетика |Статагент.|
|ка баланстарының құрылымы мен жіктемесін |баланстары |тігі, |
|әзірлеу және оларды жасауға кірісу | |Энергоин. |
| | |индустсау.|
| | |дамині |
|_________________________________________|___________|__________|________
|2.1.4. Экономиканың қызмет көрсету сек. | | |
|торы саласының статистикасы | | |
|_________________________________________|___________|___________|________
|1. Сауда, қызмет көрсету, көлік және |Көрсеткіш. | |1999
|байланыс салаларындағы ақпараттарды |тер және |Статагент. |
|жинаудың салалық принципінен кәсіпорын. |есеп беру |тік |
|дар статистикасына көшу |нысандары | |
|_________________________________________|___________|___________|________
|2. Саудада: қонақүй шаруашылығында жеке |Әдістемелер| |1999
|қоғамдық тамақтануда статистикалық есеп |және |Статагент. |
|берудің жаңа жүйесін енгізу: |аспаптар |тік |
|а) сауда мен қоғамдық тамақтану нүктеле. | | |
|рінің қонақүйлердің санақтарын; | | |2000
|б) ай сайын іріктеп тексеру; | | |2001
|в) жылдық іріктеп тексеру; | | |2001
|г) қосымша тексерулер | | |2003
|_________________________________________|___________|___________|________
|3. Қызмет көрсету саласы кәсіпорындарына |Әдістемелер| |2000
|статистикалық есеп берудің жаңа жүйесін |және |Статагент. |
|енгізу: |аспаптар |тік |
|а) қызмет көрсету саласы кәсіпорындары. | | |
|ның санағы; | | |2001
|б)ай сайын іріктеп тексеру; | | |2002
|в) жылдық іріктеп тексеру; | | |2002
|г) қосымша тексерулер; | | |2004
|_________________________________________|___________|___________|________
|2.1.5. Құрылыс және инвестициялар | | |
|құрылыс статистикасы | | |
|_________________________________________|___________|___________|________
|1. Кәсіпорындар статистикасы шеңберінде |Есеп беру | |1999-2000
|шаруашылық жүргізуші субъектілердің |нысаны |Статагент.|
|инвестициялы қызметін сипаттайтын | |тік |
|статистикалық көрсеткіштерінің жүйесін | | |
|енгізу | | |
|_________________________________________|___________|__________|________
|2.Жаппай және іріктеу әдістерін ұштастыру|Методоло. | |1999-2000
|негізінде шаруашылық жүргізуші субъекті. |гиялық |Статагент.|
|лердің инвестициялық қызметін статистика.|аспаптар |тік |
|лық бақылау әдістерін жетілдіру, оларды | | |
|негізделген есептеу жүйесімен толықтыру | | |
|_________________________________________|___________|__________|________
|3. Шаруашылық жүргізушінің инвестициялық |Бағдарлама.| |1999-2000
|қызметі туралы деректерді жинау мен |лық қамту |Статагент.|
|өңдеудің жаңа технологиясын енгізу |және нұс. |тік |
| |қаулықтар | |
|_________________________________________|___________|__________|________
|4.Кәсіпорын статистикасы шеңберінде құры.|Есеп беру |Статагент.|1999-2000
|лыс қызметін көрсететін статистикалық |нысаны |тік |
|көрсеткіштер жүйесін жетілдіру | | |
|_________________________________________|___________|__________|________
|5. Қазақстан Республикасы экономикалық |Есеп беру |Инвестиция |1999-2000
|басым секторларындағы инвестициялық жоба.|нысандары |лар жөн-гі |
|ларды іске асыру жөніндегі статистикалық | |агенттігі, |
|көрсеткіштер жүйесін жетілдіру | | |
| | |Статагент. |
| | |тік |
|_________________________________________|__________|___________|________
|6. Жер байлығын пайдаланушылардың лицен. |Есеп беру |Табиғат |1999-2000
|зиялық және келісім шарттарын орындау |нысандары |қорғаумині,|
|жөніндегі статистикалық көрсеткіштер | | |
|жүйесін жетілдіру | | |
| | | |
| | |Мемлекеттік|
| | |инвест. |
| | |комитет, |
| | | |
| | |Статагент. |
| | |тік |
|_________________________________________|__________|___________|________
|7. Құрылыс ұйымдары қызметін статистика. |Методоло. | |1999-2000
|лық байқаудың бүгінгі әдістерін ендіру |гиялық |Статагент. |
| |аспаптар |тік |
|_________________________________________|__________|___________|________
|8.Дүние жүзілік сарапшылардың ұсыныстарын|Әдістеме |Статагент. |1999-2000
|және басқа елдердің тәжірибесін зерттеу. | |тік |
|ді ескере отырып, құрылыстың жалпы өнім. | | |
|дерін есептеу әдістерін жетілдіру | | |
|_________________________________________|__________|___________|________