Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2200 Заңы
(2002 ж. 14 қарашаға берілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 2002 ж. 14 қарашадағы N 352-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 08.10.99 ж. N 471-1 Заңымен бас тақырыбы жаңа редакцияда
I тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар)
II тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға (9 - 11-1 баптар)
жататын қызмет түрлерi
III тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты (12 - 14 баптар)
IV тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi (15 - 22 баптар)
V тарау. Лицензиялау туралы заңдарды (23 - 26 баптар)
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
ҚР 08.10.99 ж. N 471-1 Заңымен кіріспе алып тасталды
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi.
2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған лицензиялық шарт аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi.
2-бап. Лицензия ұғымы
Азаматқа немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттiк орган беретiн рұқсат лицензия деп ұғылады.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. N 2720 Жарлығымен 3-бап өзгертілді ҚР 02.07.97 ж. N 144-1; 10.07.98 ж. N 283-1; 08.10.99 ж. N 471-1 Заңдарымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi
1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актiлерiмен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi.
2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы.
3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады.
Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс.
4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.
5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет түрлерiн ғана атқару үшiн қажет.
6. Қызмет түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу немесе оны жою осы Заңмен белгiленедi және мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк монополияны iске асыру, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан орын алуы мүмкiн.
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. N 2447 Жарлығымен 4-бап толықтырылды ҚР 10.07.98 ж. N 283-1; 08.10.99 ж. N 471-1; 05.07.00 ж. N 79-II Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Лицензиялардың түрлерi
Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады:
1. Субъектiлер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берiлетiндер;
2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер.
2. Қызмет көлемi бойынша:
1) бас - қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі;
2) бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрiнде) шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге берiлетiндер.
3) операциялық - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берiлетiндер.
3. алынып тасталды
4. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша:
1) қолданылуы Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн;
2) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар.
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. N 2447 Жарлығымен 5-бап толықтырылды ҚР 08.12.97 ж. N 200-1; 01.07.98 ж. N 259-1; 10.07.98 ж. N 283-1 Заңдарымен 5-бап өзгертілді және толықтырылды
5-бап. Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
1. Лицензия алушыға (лицензиатқа) лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiлерi мен Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк органдар (лицензиарлар) жүргiзедi.
2. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi.
3. Мемлекеттiк органдарға (лицензиарларға) лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiктерiн тиiстi аумақтық бөлiмшелерге беруге рұқсат етiледi. Мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруды мемлекеттiк емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге бергенi үшiн мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары заңдарда белгiленгендей жауапты болады.
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. N 2447 Жарлығымен 6-бап толықтырылды ҚР 08.12.97 ж. N 200-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 05.07.00 N 79-II Заңдарымен 6-бап өзгертілді және толықтырылды
6-бап. Лицензиялардың нысандары
Лицензиялардың берiлетiндерiнiң нысандарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Банк операцияларын және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға арналған лицензиялар нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Сақтандыру рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар нысандарын сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
ҚР 08.10.99 ж. N 471-1 Заңымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Лицензия және басқа да құқық белгiлеушi
құжаттар
1. Қандай да бiр қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыру үшiн лицензиядан басқа өзге де рұқсат алу талап етiлетiн болса (жер учаскесiн бөлiп беру және басқалар), мұндай рұқсаттар лицензия алғаннан кейiн берiледi.
Лицензия болмаған жағдайда рұқсат жарамсыз деп есептеледi.
2. Лицензиялау талап етiлетiн қызметтi жүзеге асыруға лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
3. Лицензия болмаған жағдайда жасалған мәмiлелер жарамсыз деп есептеледi.
Егер лицензия алу талабы мәмiле жасалғаннан кейiн қойылса, заңда басқадай көзделмегендiктен бұл мәмiленiң күшi сақталады.
Лицензияның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату немесе қайсыбiр өнiмдi белгiлi бiр мемлекеттерге шығаруға эмбарго (тыйым) салу, егер заңдарда басқадай көзделмесе, осыған дейiн жасалған мәмiлелерге қолданылмайды.
8-бап. Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғаларға берiлетiн
лицензиялар
Шетелдiк заңды немесе жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар лицензияны, егер заң актiлерiнде басқадай көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына қойылатын шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады.
II тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға
жататын қызмет түрлерi
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. N 2720; 20.07.95 ж. N 2375; 20.07.95 ж. N 2370 Жарлықтарымен 9-бап өзгертілді; ҚР 10.06.96 ж. N 5-1; 21.01.97 ж. N 68-1; 07.04.97 ж. N 89-1; 13.06.97 ж. N 121-1; 11.07.97 ж. N 154-1; ҚР 09.07.98 ж. N 277-1; 09.07.98 ж. N 280-1; 10.07.98 ж. N 283-1; 09.12.98 ж. N 307-1; 30.12.98 ж. N 343-1; 16.07.99 ж. N 430-1; 08.10.99 ж. N 471-1; 29.11.99 ж. N 488-1; 05.07.00 ж. N 79-1; 15.01.01 ж. N 141-1; 13.06.01 ж. N 212-1; 15.12.01 ж. N 272-1; 17.01.02 ж. N 285-II; 10.07.02 ж. N 342-II Заңдарымен 9-бап өзгертілді және толықтырылды
9-бап. Аса қауiптi объектiлерге байланысты және
(немесе) ерекше маңызды мемлекеттiк мәнi
бар қызметтi лицензиялау
1. Кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерi үшiн лицензияның болуы талап етiледi:
1) егер олар басқа салаларда пайдаланылмайтын болса, қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн, ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын, арнайы жедел-iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды, әскери техниканы, босалқы бөлшектердi, оларды құрастыратын элементтер мен приборларды, сондай-ақ монтажды, ретке келтіруді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және сату;
3)
4) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi барлық қызмет түрлерi, оның iшiнде ракета-ғарыш техникасын жасау, өндiру, пайдалану, жөндеу мен жетiлдiру, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн жер үстi инфрақұрылымдары (полигон, командалық-өлшеу кешенi, стендiлiк база және басқалар) пайдалану;
5) почта байланысы мен телекоммуникациялар саласындағы өндіріс пен қызмет көрсету, телевизиялық және дыбыстар (радио хабарлар тарату) бағдарламаларды тарату жөнінде қызмет көрсету, байланыстың жалпы республикалық магистральдық халықаралық желілерін жобалау, салу, пайдалану және радиожиілік спектрін пайдалану;
6) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерi, соның iшiнде:
а) атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға беру, пайдалану, қайта құру, консервациялау және пайдаланудан шығару;
б) радиоактивтiк қалдықтарымен жұмыс iстеу;
в) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау;
г) ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау жөнiндегi қызметтер;
д) радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық сауықтыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
е) ядролық жарылыстар өткiзiлетiн орындардағы қызметтiң барлық түрлерi;
ж) ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау (транзиттiк тасымалдауды қоса);
з) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арнап қызметкерлер, мамандар даярлау және оларды аттестаттау;
7) құрамында оларды арнайы қорғану құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға жол берiлетiн нормадан артық мөлшерде радиоактивтiк заттар болатын өнiмдi дайындау және сату;
8) электр және жылу қуаттарын өндiру, беру және бөлу;
9)
10) босаған әскери-техникалық құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және ұқсату;
11) жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өнеркәсiбi өндiрiстерiн, электр станцияларын электр желілері мен көмекші станцияларын, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтар, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау, салу және пайдалану;
12) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, геологиялық барлау, кен-шахта металлургиялық, энергетикалық жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, бақылау, аварияға қарсы қорғау және белгi беру аппаратуралары мен жүйелерiн, көтергiш құрылғыларды, сондай-ақ қысым күшiмен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды және мұнай мен газ бұрғылау жұмыстарын жобалау, дайындау, монтаждау және жөндеу;
13)
14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау;
15) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектiлерге газ жүргiзу, жөндеу және құрылыс жұмыстары;
16) күзет, өрт белгiсiн беру құралдары мен өртке қарсы автоматиканы жобалау, монтаждау, ретке келтiру және техникалық күтiм жасау, өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғану құралдарын өндіру мен сату;
17) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және оларға күтiм жасау;
18) дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндiру, өңдеу және көтерме өткiзу, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтер түрлерi;
19) рентген жабдығын, радиоактивтi заттар мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату;
20) жолаушыларды және жүктердi темiр жол, өзен, теңiз, әуе көлiгiмен тасымалдау; жолаушыларды және жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдау; қауiптi жүктердi барлық көлiк түрлерiмен тасымалдау; авиациялық жұмыстар;
21)
22) авиация техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөнiндегi қызметтер; әуежай қызметi, соның iшiнде:
а) азаматтық әуе кемелерiн, жолаушыларды қабылдау, шығару және оларға қызмет көрсету, багажды, жүктi, почтаны өңдеу, оларды тексерiп қарау және бақылау;
б) аэродром, әуежай, аэронавигация объектiлерiн ұстау, жөндеу және пайдалану;
в) әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметi, бақыланатын аймақта бақылау-өткiзу режимiн қамтамасыз ету және өртке қарсы қызметтi қамтамасыз ету;
г) азаматтық әуе кемелерінің ұшуын Жарық түсiру-техникалық қамтамасыз ету және әуежай, аэродром, аэронавигация объектілерін энергиямен жабдықтау;
д) азаматтық әуе кемелерiн, әуежай объектiлерi мен қызметтерiн жанар-жағармай материалдарымен және арнаулы сұйықтықтармен қамтамасыз ету, олардың сапасын бақылау;
е) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға және басқа тұтынушыларға арнаулы автокөлiк құралдарын беру;
ж) әуежайлар мен азаматтық әуе кемелерiнде жолаушылар мен экипаждарды тағаммен қамтамасыз ету;
з) жолаушыларға, экипаждарға, халыққа азаматтық авиация саласындағы қажеттi деректер жөнiнде ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету.
23)
24) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын техникалық жағынан қорғау, соның iшiнде ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудiң қорғалған техникалық құралдарын әзiрлеу, дайындау, монтаждау, ретке келтiру, пайдалану, сақтау, жөндеу және оларға сервистiк күтiм жасау жөнiндегi қызметтiң барлық түрлерi;
25)
26) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзу мен топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi сату;
27)
28) емдiк препараттар дайындау және сату (малдың, есiрткi және психотроптық заттары жоқ өсiмдiк пен шөптiң емдiк өнiмдерiн өсiру, жинау және сатудан басқасы);
29) минералдық шикiзатты ұқсату;
30) жобалау-iздестiру, сарапшылық, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру жөнiндегi жұмыстар.
31) өлшем құралдарын тексеру, өндіру және жөндеу;
32) этил спиртiн және алкоголь өнiмiн өндiру, этил спиртiн сақтау және сату, сондай-ақ алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату;
33)
35)
36)
34) жекелеген кеден режимдерi шеңберiнде, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кеден қызметтерiн көрсету.
35) бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау, сондай-ақ гербтi қағаздар, чек кiтапшаларының бланкiлерi және депозиттiк сертификаттар;
36) шетел жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шет елдерге шығаруға байланысты қызмет;
37) заңды тұлғалардың түстi және қара металл қалдықтары мен сынықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, ұқсатуы және өткiзуi;
38) сот-сараптама қызметi;
39) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн бейнелейтiн Конституцияда айқындалған материалдық-бейнелеу заттарының өндiрiсi;
40)
41)
42) археология және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстары.
43) есiрткi, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымымен байланысты қызмет:
әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою;
құрамында есiрткi және психотроптық заттар бар өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау;
44) электр энергиясын қайта сату мақсатында сатып алу;
45) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту;
46) туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызмет, туризм нұсқаушысының қызметтер көрсетуі;
47) темiр жолдың жылжымалы составын, қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын арнайы контейнерлердi дайындау және жөндеу;
48) жол қозғалысын реттеудiң техникалық құралдарын орнату, монтаждау, жөндеу және пайдалану;
49) iздестiру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы жұмыстар;
50) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша оларды өндiру, өңдеу, тасымалдау, сатып алу, сақтау, өткiзу, пайдалану, жою;
51) банкроттық процедураларында төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызмет.
52) теңіз кемелеріне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңіз порттарының қызметі.
53) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызмет.
2. Табиғи ресурстарды пайдалану мен айналадағы ортаны қорғау, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау жөнiндегi қызметтi лицензиялаудың ерекшелiктерi арнайы заңдармен белгiленедi.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. N 2720 Жарлығымен 10-бап өзгертілді; ҚР 07.04.97 N 89-I; 09.06.97 ж. N 116-1; 10.07.98 ж. N 283-1; 09.12.98 ж. N 307-1; 05.07.00 ж. N 79-II; 11.06.01 ж. N 207-II Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет
көрсетуге байланысты қызметтi лицензиялау
Азаматтарға және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге байланысты мынадай қызмет түрлерi лицензиялауға жатады:
1) жалпы бастауыш, жалпы негiзгi немесе жалпы орта бiлiм; кәсiптiк бастауыш бiлiм, оның iшiнде кәсiптер бойынша; кәсiптiк орта, кәсiптiк жоғары, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм, оның iшiнде мамандықтар бойынша бiлiм беретiн заңды тұлғалардың бiлiм беру қызметі, сондай-ақ мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметi;
2) медициналық, дәрiгерлiк және мал дәрiгерлiк қызметiмен айналысу;
3) мемлекеттiк емес субъектiлердiң iз кесу (детективтiк) қызметiне байланысты заң қызметiн көрсетуi;
4) адвокаттық қызмет;
5) адвокаттық қызметпен байланысы жоқ ақылы заң қызметiн көрсету;
6) нотариустардың қызметі;
7) лотереялар (мемлекеттiк (ұлттық) лотереядан басқа), тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және оларды өткiзу;
8)
9)
10) мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет;
10-1) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы.
10-2) бiлiм беру ұйымдары үшiн оқулықтар, оқу-әдiстемелiк кешендер, электронды оқулықтар мен қосымша оқу әдебиетiн басып шығару жөнiндегi қызмет;
ҚР Президентінің 1995.08.31. N 2447 Жарлығымен 11-бап жаңа редакцияда; ҚР 19.06.97 ж. N 134-I; 10.07.98 ж N 282-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 05.07.00 ж. N 79-II; 18.12.00 ж. N 128-II; 02.03.01 ж. N 162-II Заңдарымен 11-бап өзгертілді және толықтырылды
11-бап. Қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты
қызметтi лицензиялау
1. Қаржы қызметi мен қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтiң мынадай түрлерi мiндеттi түрде лицензиялауға жатады;
1) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңдарына сәйкес банктер жүзеге асыратын өзге де операцияларды жүзеге асыру, клирингтiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi, банк қызметiне аудит.
2) аудиторлық қызмет;
3) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызмет, қайта сақтандыру жөнiндегi қызмет, сақтандыру брокерлерiнiң қызметi, сақтандыру рыногындағы актуарийлiк қызмет, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын аудиторлық тексеру.
4) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет, бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушылардың және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi;
5) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызмет;
6) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
7) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет;
8) инвестициялық қордың қызметi.
ҚР 05.07.00 ж. N 79-II Заңымен тарау жаңа 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
операцияларды лицензиялау
Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялардың мынадай түрлерi лицензиялауға жатады:
1) қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауда жасау және қызметтер көрсету;
2) резиденттердiң өздерi тiркелген мемлекет заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктерi мен өзге де қаржы институттарында шоттар (Қазақстан Республикасының валютасындағы шоттарды қоса алғанда) ашуы;
3) резиденттердiң шетелге инвестициялары (банктердiң брокерлiк-дилерлiк қызметiн қоспағанда);
4) резиденттердiң резидент еместер пайдасына жылжымайтын мүлiкке мүлiктiк құқықтарын төлеуге аударымдары;
5) резиденттердiң резидент еместер пайдасына тауарлар, 120 күннен астам мерзiмге жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер үшiн, сондай-ақ тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) экспортына төленетiн валюталық түсiмдi алу мерзiмiн резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) экспортқа шығарылған күннен бастап 120 күннен астам уақытқа асырып жiбергенi үшiн аванстық төлемдi көздейтiн импорттық мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн аударымдары;
6) резиденттердiң резидент еместерге 120 күннен астам мерзiмге кредиттер беруi;
7) резиденттің резидент еместен несие ретiнде алған шетел валютасын үшiншi тұлғалардың есептеріне қосу.
III тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты
мен импортын лицензиялау
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. N 2720 Жарлығымен 12-бап өзгертілді; ҚР 08.10.99 ж. N 471-1 Заңымен 12-бап өзгертілді
12-бап. Жалпы ережелер
1. Жекелеген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импорты лицензиялар бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қауiпсiздiк, құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету айналадағы ортаны, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау тұрғысынан алғанда лицензиялауға жататын тауарлардың (жұмыстың, қызметтiң) тiзбесiн, сондай-ақ экспорт-импорт операцияларын жасауға лицензиялар беру мен ресiмдеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
2.алынып тасталды
3. Лицензия өтiнiш жасаушыға әрбiр жекелеген мәмiле бойынша экспорт немесе импорт операцияларын жүзеге асыру үшiн күнтiзбелiк бiр жыл кезеңге берiледi. Лицензияның иесi лицензия берген органдарға ескерте отырып, одан бас тартуға құқылы.
4. Өтiнiш жасаушының дәлелдi тiлегi бойынша бiр жолғы лицензияның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн.
5. Бiр жолғы лицензия оларда көрсетiлген мерзiмде тауарлардың (жұмыс, қызмет) экспорты мен импортына берiлген рұқсат болып табылады және өнiмдi кедендiк ресiмдеу үшiн негiз болады.
6. Лицензия контрактыға енгiзiлген тауарлар атауларының санына қарамастан тауардың ( жұмыстың, қызметтiң) бәр түрiне берiледi.
ҚР 08.10.99 ж. N 471-1 Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Тауарлар (жұмыс, қызмет) экспортын
лицензиялау ерекшелiктерi
1. Экспорт операциялары мынадай жағдайларда лицензияланады:
1) экспортқа шығарылатын зат iшкi нарықта сатылуы (өткiзiлуi) лицензия негiзiнде жүзеге асырылатын тауарлар (жұмыс, қызмет) болса;
2) сол тауарды (жұмысты, қызметтi) өндiру мен сату мемлекет монополиясы болса. Қызмет түрiн мемлекет монополиясына жатқызу Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен жүзеге асырылады.
2. Тауарлар (жұмыс, қызмет) экспортын өзге негiздер бойынша, соның iшiнде iшкi тауар және азық-түлiк нарығын тұтынушылардың мүдделерiн қорғау және соған байланысты тапшы тауарларды шетелге шығаруды шектеу себептерi бойынша лицензиялау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзедi.
3. Тауарды (жұмысты, қызметтi) бiр мемлекетке шығару үшiн берiлген лицензияларды сол тауарды (жұмысты, қызметтi) басқа мемлекетке шығару үшiн пайдалануға болмайды.
4. Белгiленген тәртiптi бұзып берiлген лицензия жарамсыз деп саналады.
ҚР 08.10.99 ж. N 471-1 Заңымен 14-бап толықтырылды
14-бап. Тауарлар (жұмыс, қызмет) импортын лицензиялау
Қазақстандық тауар өндiрушiлердiң iшкi нарықтағы мүддесiн қорғау мақсатымен тауарлар (жұмыс, қызмет) импортын лицензиялау тәртiбiн енгiзудi Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және мемлекеттің жоғары лауазымды адамының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдарды олардың құзыреті шегінде тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердің) импортын лицензиялау тәртібінен босатуға құқылы.
IV тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртiбi
ҚР Президентінің 31.08.95 ж. N 2447 Жарлығымен 15-бап толықтырылды; ҚР 10.07.98 ж. N 282-1; 30.12.98 ж. N 343-1; 16.07.99 ж. N 436-1; 08.10.99 ж. N 471-1; 05.07.00 ж. N 79-II; 18.12.00 ж. N 128-II; 16.03.01 ж. N 164-II; 24.12.01 ж. N 276-II; 15-бап өзгертілді және толықтырылды
15-бап. Лицензия беру шарттары
Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметтiң осы түрiне қойылатын талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сай келетiн субъектiге берiледi.
Лицензияланатын қызмет түрлерiне бiлiктiлiк талаптарын, сондай-ақ осы Заңға сәйкес лицензияланатын, санитариялық, экологиялық кен-техникалық қадағалау және мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысын қажет ететiн қызмет түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.