21) заңдарға сәйкес ішкі істер органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша лицензиялар және рұқсаттар беруді жүзеге асыруға;
22) мемлекеттiк маңызы бар объектiлер мен еңбекпен түзеу мекемелерiн күзетудi қамтамасыз етуге; ұйымдарды күзетудiң жай-күйiн бақылауға;
23) жаппай тәртiпсiздiктердi, соның iшiнде еңбекпен түзеу мекемелерiндегi жаппай тәртiпсiздiктердi тыюға, әскери қарауылдардың күзетуiнен қашқан сотталғандарды iздестiруді жүзеге асыруға қатысуға;
24) ұсталғандарды, қамауға алынғандар мен сотталған адамдарды күзетуге және айдап апаруға;
25) азаматтар мен лауазымды тұлғалардың паспорт жүйесiнiң белгiленген ережелерiн сақтауын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың олар үшiн белгiленген келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттi өту ережелерiн сақтауын бақылауға;
26) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастыруға;
27) карантиндiк, санитарлық және экологиялық iс-шараларды өткiзуге қатысуға;
28) денсаулық сақтау мекемелерiне шақыру бойынша келуден жалтарған алкоголизм, нашақорлық, уытқұмарлық, жыныс ауруларына шалдыққан немесе иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған адамдарды олардың ұсыныстары бойынша айдап алып келудi жүзеге асыруға;
29) иесiз қалған мүлiк пен қазыналардың тиiстi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың қарауына берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде шұғыл шаралар қолдануға; табылған және iшкi iстер органдарына тапсырылған құжаттардың, заттардың, құндылықтардың және басқа мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды меншiк иелерiне қайтару не белгiленген тәртiппен сату жөнiнде шаралар қолдануға;
30) шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен, халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының тиiстi халықаралық шарттары негiзiнде ынтымақтастық жасауға мiндеттi.
30-1) кәмелетке толмағандардың арасында қылмыскерліктің алдын-алу мақсатында: бас бостандығынан айыру орындары мен жабық үлгідегі арнаулы оқу орындарынан босатылғандардың; қылмыс жасаған кезінде заңға сәйкес жасы толған соң қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін жасқа толмағандардың; спиртті ішімдіктерді, есірткілік құралдар мен уытты заттарды қолданатындардың; әкімшілік жазалау шараларын қолдану көзделген өзге де құқық бұзушылықтар жасағандардың есебін жүргізуге және оларға ықпал ету шараларын қолдануға міндетті.
2. Қызметкерлер азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзған жағдайда iшкi iстер органдары бұл құқықтарды қалпына келтiруге, келтiрiлген залалды өтеуге, кiнәлi адамдарды жауапқа тартуды қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 10.07.1998 ж. N 283-1 Заңымен 11-бап 39)-тармақшамен толықтырылды; 09.12.1998 ж. N 307-1; 29.03.2000 ж. N 42-11; 16.07.2001 ж. N 244-11; 06.12.2001 ж. N 260-11 Заңдарына сәйкес 10-бап өзгертiлдi
11-бап. Iшкi iстер органдарының құқықтары
1. Iшкi iстер органдарының осыған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар арқылы жүктелген мiндеттердi атқару үшiн өз құзыретi шегiнде:
1) азаматтардан қоғамдық тәртiптi және қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды талап етуге, құқыққа қарсы iс-қимылдар мен iшкi iстер органдарының өкiлеттiгiн жүзеге асыруға кедергi келтiретiн әрекеттердi тоқтатуды талап етуге құқығы бар. Бұл талаптар орындалмаған жағдайларда тиiстi мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
2) қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған деп сезiктелген жағдайда азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген белгiленген ережелердiң сақталуын тексеруге қажеттi басқа құжаттарды тексеруге;
3) кез-келген жасалған немесе әзiрленiп жатқан құқыққа қарсы қол сұғу, соның iшiнде олардың қарауына жатпайтындар туралы арыздар мен хабарларды қарауға, оларды тiркеуге, олардың жолын кесу, ашу, оларды жасаған адамдарды ұстау, қоғамдық қауiптi зардаптарға жол бермеу жөнiнде нақтылы шаралар қолдануға;
4) қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу кезiнде басқа органдарға, ұйымдар мен лауазымды тұлғаларға атқарылуы мiндеттi тапсырмалар беруге;
5) азаматтарды iс жүргiзудегi материалдар мен қылмыстық iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсiнiктемелер, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, жауап алуға, сондай-ақ шақырғанда келуден дәлелдi себепсiз жалтарған адамдарды мәжбүрлеп алып келуге;
6) осы қызметтi реттейтiн заңдарға сәйкес әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыруға; хаттамалар жасауға, әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, тәртiп бұзушыларды жеткiзуге, әкiмшiлiк ұстауды жүргiзуге, кiсiнiң жеке басын тексеруге, сондай-ақ заттары мен құжаттарын тексеруге және алып қоюға;
7) құқық бұзған әскери қызметшiлердi ұстауға және оларды әскери коменданттарға, әскер бөлiмдерiнiң командирлерiне немесе әскери комиссарларға беруге;
8) егер оларды жедел оқшаулау қажет болса, он сегіз жасқа толмаған және құқық бұзған, сондай-ақ арнаулы оқу-тәрбие мекемелеріне жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен ұстауға және Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында ұстап отыруға: 3-тен 16 жасқа дейінгі қадағалаусыз, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдерді Уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарына жеткізуге және онда ұстап отыруға, ода әрі қорғаншылық және қамқоршылық орындарына беруге;
9) әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды ұстауға;
10) тексеру материалдары, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қажетті зерттеулер жүргізуге;
11) қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда ақпарат пен материалдарды кедергiсiз және өтеусiз алуға;
12) заңдарда көзделген жағдайларда белгiлi тұрғылықты орны, құжаттары жоқ адамдарды олардың жеке басын куәландыру және кейiннен тиiстi органдар мен мекемелерге (көшi-қон, медицина, әлеуметтiк және өзге де) беру мақсатында прокурордың санкциясымен отыз тәулiкке дейiнгi мерзiмге ұстауға және қабылдау-бөлу орындарында отырғызуға;
13) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтындай мастық күйде жүрген не айналадағыларға немесе өзiне зиян келтiруi мүмкiн, ал тұрғын үйде болып, қоғамдық тәртiптi бұзған адамдарды - олармен бiрге тұратын азаматтардың арыздары бойынша арнаулы медицина мекемелерiне не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткiзуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға;
14) заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық iс жүргiзу әрекеттерiн және жедел iздестiру шараларын жүргiзуге, оларды жүргiзуге мамандарды тартуға, дерек мәлiметтердi жинау және зерттеу үшiн ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттiк және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтер, сондай-ақ адамдардың жеке өмiрi, жеке басы мен отбасының құпиясы туралы мәлiметтер жария етiлуге тиiс емес;
15) қамауға алынған, қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған, қылмыс жасады деп айып тағылған, әкiмшiлiк қамауға алынғандарды, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдарды, олардың жеке басын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, тiркеуге, фотосуретке түсiруге, дыбысын жазуға, кино және бейнекөрiнiске түсiруге, дактилоскопия жасауға;
16) құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi мiндеттердi шешудi, соның iшiнде әкiмшiлiк қадағалауға алынған және ескерту арқылы ықпал жасалуға тиiс адамдарды, әкiмшiлiк құқық бұзған және оларды қайталап жасауы күшейтiлген жауаптылыққа әкелiп соғатын адамдарды есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандандырылған есепке алуды, ақпарат жүйелерiн құрауға және пайдалануға, есепте тұратын адамдардың мінез-құлқын қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруға;
17) әкiмшiлiк құқық бұзу iстерi жөнiнде алдын ала тергеу, анықтама және iс жүргiзу барысында ғылыми-техникалық зерттеулер жүргiзуге;
18) адамдардың iшiмдiк, есiрткi және психотроптық заттарды қолданғандығын белгiленген тәртiппен куәландыруға немесе оны жүргiзу үшiн оларды медициналық мекемелерге жiберуге не жеткiзуге;
19) құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуға келісім білдірген азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
20) кiдiртуге болмайтын жағдайларда қызмет мақсатында, қай жерде орналасқанына және кiмге тиесiлi екендiгiне қарамастан халықаралық және қалааралық сөйлесуге кеткен шығыстарды өтей отырып, байланыс құралдарын пайдалануға;
21) өзге мүмкiндiктер болмағанда меншiк нысанына қарамастан (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) жазатайым оқиғалар, дүлей апаттар болған жерлерге бару және жедел медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн, сондай-ақ кiдiртуге болмайтын өзге де жағдайларда, иелерiне залал келтiрiлген жағдайда оны өтей отырып, көлiк құралдарын пайдалануға;
22) iшкi iстер органдарының қызметiн жария ету, қылмыстың мән-жайын, сондай-ақ оны жасаған адамдарды анықтау үшiн, тергеуден, анықтама алудан және соттан бой тасалап жүрген адамдарды және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру үшiн қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету барысында пайда болған өзге де жағдайларда мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiгiн тегiн пайдалануға;
23) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды бақылау жөніндегі заңда көзделген шараларды қолдануға, ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында және олардың маңындағы аумақтарда режимдік талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; Ішкі істер министрі белгілеген тәртіппен ішкі істер органдарының тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларына ерекше жағдайлар режимін енгізуге;
24) азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыс жасаған, әкiмшiлiк құқық бұзған деп сезiктелген адамдардың iзiне түскен кезде не ол жерде қылмыс, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болса, сондай-ақ дүлей апаттар, күйреулер, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн азаматтардың тұрғын және басқа жайларына, оларға тиесiлi жер учаскелерiне, аумаққа және үй-жайларға (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге және оларды тексеруге хақылы. Азаматтарға тиесiлi тұрғын және басқа жайларға басып кiрген жағдайлар жайында осыған уәкiлдiк берiлген iшкi iстер органдары жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорды хабардар етуге;
25) азаматтардың жекелеген учаскелер мен аумақтарға кiруiн шектеуге немесе оған тыйым салуға қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жедел iздестiру шаралары мен тергеу iс-әрекетiн жүргiзген кезде оларды белгiлi бiр орынды босатуға мiндеттеуге;
26) жергiлiктi атқарушы немесе басқа өкiлеттi мемлекеттiк орган өкiлiнiң ұйғаруымен, жиналысты, митингтi, демонстрацияны, шерудi, пикеттi, оның ұйымдастырушылары аталған шараларды өткiзу тәртiбi туралы заң талаптарын сақтамаған жағдайда, тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға;
27) қамаудан қашқан адамдарды iздестiруге байланысты шараларды жүргiзген кезде өздiгiнен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
28) карантиндiк шаралар жүргiзiлген кезде, сондай-ақ құрамында есiрткi бар жабайы өсiмдiктер жаппай өсетiн, балықтың құнды тұқымдарының уылдырық шашатын жерлерiне, ұлттық парктердiң, мемлекеттiк қорықтар мен заказниктердiң аумақтарына тиiстi атқарушы органдар мен лауазымды адамдардың шешiмiмен бақылау-өткiзу пункттерiн орнатуға;
29) мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ ұйымдардың жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде қызметiн бақылауға және орындалуы мiндеттi ұйғарымдар беруге; автомобиль жолдарын, көшелердi, жол құрылыстарын, темiржол өткелдерiн, қалалық электркөлiгi желiлерiн, сондай-ақ автомотокөлiк техникасының жаңа үлгiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссиялардың жұмысына қатысуға; жол қозғалысы қауiпсiздiгiне, сондай-ақ көшелер мен жолдарды салуға және қалпына келтiруге қатысты ережелердiң, нормативтер мен стандарттардың, көлiк құралдарының конструкциялары мен жүргiзушiлер даярлау жөнiндегi оқу бағдарламаларының жобаларын келiсуге; техникалық жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн көлiк құралдарының пайдалануына тыйым салуға; ұйымдардың көлiк құралдарының, оларды пайдалануды жалғастыру жол қауiпсiздiгiне қатер төнгiзсе, ұйғарымдар орындалғанға дейiн, желiге шығарылуын тоқтата тұруға;
30) заңдарда белгiленген тәртiппен және реттерде көлiк құралдарын тоқтатуға және жүргiзушiлердiң оларды пайдалануға және жүргiзуге құқық беретiн құжаттарын, жүктер мен оларды тасымалдауға құқық беретiн құжаттарын тексеруге; мас адамдарды, көлiк құралдарын жүргiзуге немесе пайдалануға құқық беретiн құжаттары жоқ адамдарды, сондай-ақ заңдарда көзделген басқа да жағдайларда, көлiк құралын жүргiзуден шеттетуге; заңдарда көзделген негiздер бойынша көлiк құралдарын ұстауға және Ішкі істер министрлігі белгілейтін мәжбүрлеу тәртібімен оларды жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жасалған арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға уақытша сақтау үшін жеткiзуге, сондай-ақ көлік құралдарының жүріс бөліктерін жауып тастауға; көшелер мен жолдарда көлiктiң және жаяу адамдардың қозғалысын, сондай-ақ оларда жүргiзiлiп жатқан барлық жұмыстарды уақытша шектеуге немесе оларға тыйым салуға;
31) қажет болған жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер мен азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеруде мемлекеттік өрттен қорғау қызметіне жәрдем көрсетуге;
32) төтенше жағдайларда барлық тұрғын, өндірістік және басқа да үй-жайларға бөгетсіз кіруге, сондай-ақ азаматтарды құтқаруға бағытталған өзге де шаралар қолдануға өртке қарсы күрес және апаттан құтқару қызметiнiң күштерi мен құралдарын, көлiк және басқа да материалдық-техникалық құралдарды меншік нысанына қарамастан ұйымдардың байланыс және химиялық қорғану құралдарын тартуға, қажет болған жағдайда адамдарды, материалдық құндылықтарды қауiптi аймақтан көшiруге өкiм жасауға; құтқару жұмыстарын жүргiзу және төтенше жағдайларды жою кезеңiне цехтар мен объектiлердiң жұмысын тоқтатуға;
33) ұйымдарға Үкiмет белгiлеген тiзбелер бойынша қару-жарақ, оқ-дәрi, түрлі-түсті бейнедегі көбейткіш-көшіргіш техниканы жарылғыш, күштi әсерi бар химиялық, есiрткi, психотроптық, улы және радиоактивтi материалдар мен заттарды сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға, әкелуге, әкетуге, ал азаматтарға - қару-жарақ пен оқ-дәрiнi сатып алуға, өзiмен алып жүруге және сақтауға, әкелуге, әкетуге рұқсаттар беруге; қару-жарақпен сауда жасайтын магазиндердi, атыс тирлерi мен стендтерiн, қару-жарақ жөндеу шеберханаларын ашуға рұқсаттар беруге;
33-1) қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ сотталған адамдарды және бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамдарды оқшаулау жағдайында ұстау үшін тергеу жүргізетін оқшау бөлмелер мен уақытша ұстайтын оқшау бөлмелер болуға;
33-2) әуе кемелері ұшуының, сондай-ақ жолаушылар поездарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында авиажолаушыларды, поездардың, теңіз және өзен кемелерінің жолаушыларын және олардың теңдеме жүктерін тексеруді, оның ішінде үстеме тексеруді жүзеге асыруға; заңда белгіленген тәртіппен қаруды, оқ-дәрілерді, есірткілерді және алып жүруге тыйым салынған өзге де заттар мен нәрселерді алуға;
33-3) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, азаматтардың табиғат қорғау және малдәрігерлік заңдардың талаптарын, санитариялық нормалар мен ережелерді орындауын, ұйымдардың табиғат қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотияға қарсы шаралар жүргізуін бақылауға; ұйымдар әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен бұл талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге; қоршаған ортаға қауіп төндіретін тәртіп бұзушылықтар, індеттер мен эпизоотиялар пайда болған кезде ұйымдардың, жекелеген өндірістер мен учаскелердің жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұруға;
33-4) түзеу мекемелерінің тіршілігін қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
34) мемлекеттiк органдар мен меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан, соның iшiнде анықтама мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы органдардан құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстарды ашу мақсатында кедергiсiз әрi өтеусiз және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ақпарат пен материалдарды алуға;
35) қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған шаралар жөнiнде заңды және жеке тұлғаларға орындауға міндетті ұйғарымдар, ұсынулар және ұсыныстар беруге, сондай-ақ созылмалы маскүнемдiк, есiрткiқұмарлық, уытқұмарлық ауруына шалдыққан, жүйке бұзылуынан зардап шегетiн және басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын адамдарды ерiксiз емдеу үшiн денсаулық сақтау органдарына ұсыныстар мен материалдар жiберуге;
36) заңдарға сәйкес ғылыми-зерттеу, оқу, өндiрiстiк, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға;
37) халықтың құқық қорғау бағытында өз бетiнше iс-қимыл жасайтын қоғамдық жасақтарының жұмысына жәрдемдесуге;
38) қоғамдық тәртiптi қорғауда, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуде және құқық бұзушылыққа қарсы күресте көзге түскен азаматтарды көтермелеуге құқығы бар;
39) шарттар негізінде жеке адамдарды, меншік иелерінің мүлкін күзетуді жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арнайы құралдар мен атыс қаруын өзiмен алып жүру, сақтау не қолдану құқығы берiледi. Олар, сол сияқты күш, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға хақылы. Арнайы құралдарды, атыс қаруы мен күш қолдану тәртiбi осы Жарлықпен белгiленедi.
III Тарау
Iшкi iстер органдарының атыс қаруын, арнайы
құралдар мен күш қолдануы
12-бап. Атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолдану мақсаты
Атыс қаруы, арнайы құралдар және күш қоғамдық қауiптi әрекеттерге тыйым салу, құқық бұзушылық пен нақты ахуал ескерiле отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және iшкi iстер органдарына жеткiзу мақсатында қолданылады.
13-бап. Арнайы құралдар мен күш қолдану
1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi күш пен арнайы құралдарды, соның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн, қол кiсендерiн, резина таяқты, көзден жас ағызатын заттарды, назарды басқа жаққа аудартатын жарық-дыбыс құрылғыларын, үй-жайларды ашуға, көлiктi мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, суатқыштарды, қызмет жануарларын, бронды машиналар мен тiзбесiн Үкiмет белгiлейтiн басқа да арнайы және көлiк құралдарын:
1) азаматтарға, iшкi iстер органдарының қызметкерлерi мен қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
2) кепiлге алынған адамдарды босату, жаппай тәртiпсiздiктер мен және қоғамдық тәртiптi топтасып бұзуды тыю үшiн;
3) азаматтарға, ұйымдарға және мемлекеттiк органдарға тиесiлi үйлерге, үй-жайларға, ғимараттарға, көлiк құралдарына, жер учаскелерiне жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты басып алудан босату үшiн;
4) егер құқық бұзушылар iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде өздерiне жүктелген мiндеттердi атқарып жүрген басқа да адамдарға бағынбаса немесе қарсылық көрсетсе, оларды ұстау, iшкi iстер органдарына жеткiзу үшiн, ұсталған, әкiмшiлiк қамауға алынған адамдарды не олардың қашып кетуi немесе айналадағыларға не өзiне зиян келтiруi мүмкiн деп санауға толық негiздер болса, айдап апару және күзету үшiн, сондай-ақ iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өздерiне заңмен жүктелген мiндеттерiн орындауына қасақана кедергi келтiретiн адамдарға қатысты қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдерге, мүгедектiк белгiлерi анық адамдарға, жас балаларға қарсы, олар айналадағылардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топтасып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен реттердi қоспағанда, арнайы құралдар мен тәсiлдердi қолдануға тыйым салынады.
14-бап. Атыс қаруын қолдану
1. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң атыс қаруын:
1) азаматтарды қылмыстық қол сұғудан қорғау, сол сияқты кепiлдердi босату үшiн:
2) iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн;
3) азаматтардың тұрғын жайларына, iшкi iстер органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттiк ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылды тойтару, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылды тойтару үшiн;
4) Қарсылық көрсеткен немесе қылмыс үстiнде көзге түскен, қамауға қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамауға алынғандардан басқа) ұстау, қарулы адамдарды ұстау үшiн;
5) егер жүргiзушi iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң заңды талаптарына бағынбаса және азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе көлiк құралдарына ақау келтiру жолымен тоқтату үшiн;
6) хайуанаттар шабуылынан қорғану үшiн;
7) дабыл белгiсiн беру немесе көмек шақыру үшiн қолдануға құқығы бар.
2. Әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қарсы, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адам алған, көлiк құралдарын, соның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған реттердi қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады.
3. Қару қолданылған барлық жағдайларда iшкi iстер органдарының қызметкерi айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға, қару қолданғаны жөнiнде тiкелей бастығына баяндауға мiндеттi.
4. Кiсi қазасына немесе өзге ауыр зардаптарға әкелiп соққан қару және арнайы құралдар қолданудың әрбiр оқиғасы жөнiнде прокурорға дереу хабарланады.