8. Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар бірыңғай сатып алушыға электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметіне ай сайын, осы қызмет берілген ай ақталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, бірыңғай сатып алушы есептейтін күнтізбелік жыл ішіндегі тіркелген баға бойынша ақы төлеуге міндетті.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны осы Заңның 10-3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасын ескере отырып, жыл сайын алдағы күнтізбелік жылға есептейді.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны алдағы күнтізбелік жылға есептеуді мыналардың:
1) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша қалыптасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) бірыңғай сатып алушы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлер жеңімпаздарымен, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді уәкілетті органмен жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке орташа өлшемді бағаның;
2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) бірыңғай сатып алушымен жасалған барлық шарттар бойынша электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жұмсалатын шығындарының;
3) көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдардың және тұтынушылардың тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) электр қуатына алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға болжамды сұраныстың;
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) бағаны есептеу жүзеге асырылатын жылдың алдындағы жылға электр қуаты нарығында бірыңғай сатып алушының қызметі бойынша аудиторлық есеппен расталған оң қаржылық нәтиженің негізінде жүзеге асырады.
Қаржылық нәтиже, оның ішінде:
бірыңғай сатып алушының тиісті жылға бағаны бекіту кезінде ескерілген шығындардан аспайтын іс жүзінде шеккен операциялық шығындары;
уәкілетті органның тапсырысы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге арналған жабылмаған шығындар;
есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге əзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет бағасын есептеу жəне оны интернет-ресурста орналастыру қағидаларына сəйкес есептелген, электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті бірыңғай сатып алушының сатып алуы жөніндегі қызметінің жəне электр қуатының əзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетудің жалпы нəтижесі негізге алынып қалыптастырылады.
Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке алдағы күнтізбелік жылға арналған бағаны растайтын есептермен бірге орналастырады.
Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеу және интернет-ресурста орналастыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Тұтынуға арналған тиісті болжамды өтінімде көрсетілген және болжамды сұранысқа енгізілген тұтынудың тиісті жылға ең жоғары электр қуаты электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленетін және көтерме сауда нарығы субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және тұтынушылар төлейтін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі болып табылады.
Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта есепті жылға белгіленген жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін өзгерту уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жəне электр қуатының жүктемені көтеруге əзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт уəкілетті орган əзірлейтін жəне бекітетін үлгілік шарттар негізінде жасалады.
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.07.07. № 336-VIII ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 7 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Бірыңғай сатып алушының электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті, электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 11-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11. Жобалық аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары жəне (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып айқындаған заңды тұлғалар үлгілік шарттар негізінде уəкілетті органмен жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станциясын салуға шарт жасасады, ол үлгілік шарттар бойынша уəкілетті орган (қажет болған кезде):
гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар бөлігінде өзін-өзі өтеушілік кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уəкілетті органның деректеріне сəйкес инфляция деңгейіне немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріліп, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жыл сайынғы индекстеу деңгейіне жыл сайынғы индекстеуді;
гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті уəкілетті орган айқындаған тəртіппен электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар, материалдар, еңбекке ақы төлеу, үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер немесе басқа да ресурстар құнының өзгеруіне байланысты техникалық қызмет көрсетуге жəне пайдалану əзірлігін ұстап тұруға жұмсалған шығындар бөлігінде түзетуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып айқындаған заңды тұлғалар үшін уəкілетті орган гидроаккумуляциялайтын электр станцияларының құрылысы басталған күнге дейін жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін, электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімдерін жəне гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті түзетуді бір рет жүзеге асыруға құқылы.
Іс жүзінде өзін-өзі өтеушілік мерзімі басталған кезде гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының əзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифке уəкілетті орган айқындаған əдістеме бойынша белгіленген пайда нормасы ескеріле отырып, қазіргі электр қуатын ұстап тұруға жұмсалатын шығындар, электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар, техникалық қызмет көрсетуге жəне пайдалану əзірлігін ұстап тұруға жұмсалатын шығындар қосылады.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 15-4-баппен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-4-бап. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.24.06. № 196-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына, сондай-ақ қосалқы жабдығына қатысты жасалады.
Акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі жəне коммуналдық меншіктегі жəне бір мезгілде электр, жылу энергиясы мен су (дистиллят) өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар бөлек заңды тұлға құрып, оған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім бойынша міндеттемелер беру арқылы жаңғыртуға, кеңейтуге жəне реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді уəкілетті орган, көрсетілген энергия өндіруші ұйым мен заңды тұлға арасында жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған қолданыстағы инвестициялық келісімге қосымша келісім жасасу жолымен іске асыруға құқылы.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген заңды тұлға деп осы тармақтың екінші бөлігіне сəйкес айқындалған жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен үлестес заңды тұлға түсініледі.
Уəкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға инвестициялық келісім жасасқан энергия өндіруші ұйымдарға қолданылатын электр энергетикасы саласындағы заңнаманың күші осы тармақтың екінші бөлігіне сəйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға жасалған инвестициялық келісім бойынша міндеттемелер берілген заңды тұлғаға қолданылады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Инвестициялық келісім жасалатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының қосалқы жабдығының тізбесі мен оған қойылатын талаптар уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес белгіленеді.
2. Жаңғыртуды, кеңейтуді, реконструкциялауды және (немесе) жаңартуды жүзеге асыру үшін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар тиісті инвестициялық бағдарламаларды әзірлейді, оларды әзірлеу кезінде тәуелсіз техникалық және қаржы аудиті жүргізіледі.
3. Техникалық және қаржы аудитінің нәтижелері: жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың оңтайлы схемасын анықтау, негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзіміне инвестициялық бағдарламаның әсер етуін, инвестициялық бағдарламаның орындылығын және инвестициялық бағдарламаны қаржыландырудың талап етілетін көлемін айқындау болып табылады.
4. Техникалық, қаржы аудитінің нәтижелері және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы нарық кеңесінің қарауына жатады.
5. Нарық кеңесінің ұсынымы негізінде уәкілетті орган жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімді жасасу туралы (жасасудан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 5-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 5-1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын алатын тұтынушыларды электр мен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жасалатын негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты жəне дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық əл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымның қосалқы жабдығына қатысты инвестициялық келісімдерді қоспағанда, уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасуға құқылы емес.
Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық əл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйыммен қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер жасасу кезінде қосалқы жабдыққа инвестицияларды қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейінен техникалық шарттарға сəйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының үлесіне барабар үлес қосалқы жабдығы жаңғыртылған, кеңейтілген, реконструкцияланған жəне (немесе) жаңартылған осы тұлғалар тобының құрамына енгізілген электр станциясының генерациялайтын жабдығының белгіленген қуатына қатысты шегеріледі.
Осы тармақтың екінші бөлігіне сəйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының шегерілетін көлемі тұтынушының қосылған қуатының көлемі өзгерген жағдайда уəкілетті орган айқындаған тəртіппен түзетілуге тиіс.
6. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерде әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар белгіленеді: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган айқындаған көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор ол пайдалануға берілген күннен бастап жыл сайын аттестаттауға тиіс.
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды өткізу нәтижесінде жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен аз болған жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейінгі аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
8. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей уәкілетті органға тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған, осы келісімдерде белгіленген көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндетті.
Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, уәкілетті орган осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторды хабардар ете отырып өзгертуге құқылы.
2026.24.06. № 322-VIII ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8-1. Уəкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уəкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты уəкілетті органға осындай инвестициялық келісім жасалған күннен бастап тоқсан сайын береді.
Қосалқы жабдыққа қатысты уəкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалмауы бойынша бақылау органы тарапынан ескертулер анықталған жағдайда уəкілетті орган бірыңғай сатып алушыға қосалқы жабдыққа жұмсалған шығындарға ақы төлеуді тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.
Қосалқы жабдықты пайдалануға беру актісі уəкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған мерзімдерде ұсынылмаған жəне (немесе) уəкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға жəне (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім орындалмаған жағдайларда уəкілетті орган осы инвестициялық келісімді өзі айқындаған тəртіппен бұзуға құқылы.
Бірыңғай сатып алушы осы тармақтың шеңберінде алынған қаражатты электр қуатының алдағы жылдағы жүктемені көтеруге əзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасын төмендетуге бағыттайды.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бекіткен даму бағдарламаларына енгізілген жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2009-2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Құрылысына 2015 жылға дейін қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ нысаналы мақсаты электр станциясының құрылысын қаржыландыру болатын бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша тартылған электр станциялары 2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген және уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.
10. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
2018.05.10. № 184-VІ ҚР Заңымен 15-5-баппен толықтырылды
15-5-бап. Тізілімді қалыптастыру және Тізілімге енгізілген тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатын құруға қатысуы
1. Энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушылар осы тұлғалар тобындағы заңды тұлғаларға меншік, жалдау құқығымен немесе өзге де заттай құқықпен тиесілі генерациялайтын көздер есебінен қуатпен қамтамасыз етілуге құқылы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқық энергия өндіруші ұйымдармен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергиямен жабдықтаушы және энергия беруші ұйымдарға қолданылмайды.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган тұлғалар тобын Тізілімге осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде енгізеді.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған заңды тұлғаның өтініші мыналарды қамтиды:
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларды өз есебінен электр қуатымен қамтамасыз ететін энергия өндіруші ұйымдардың, оның ішінде қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесі;
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес айқындалған бақылау болған жағдайда, өздерімен бірге бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар, оның ішінде қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар есебінен қуатпен қамтамасыз етілетін тұтынушылардың тізбесі.
Тізілім осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың тізбесін қамтиды.
2022.03.01. № 101-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2022 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тиісті тұлғалар тобының Тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті орган осы Заңның 9-бабы 1-1-тармағының екінші, үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес тұтынушылар мен энергия өндіруші ұйымдар бақылауында болатын заңды тұлғаның өтініші негізінде жүзеге асырады.
5. Тізілімге енгізілген тиісті тұлғалар тобы шеңберінде энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар арасында электр қуатымен қамтамасыз ету жөнінде екіжақты шарттар жасалады.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Осы Заңның 15-1-бабының 8 немесе 9-тармағында көрсетілген жағдайда, Тізілімге енгізілген тұтынушылар болжамды тапшылық туындаған кезге есептелген, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі жалпы жоғары жүктемеге өздерінің жоғары жүктеме үлесіне пропорционал түрде тапшылықты жабу үшін электр қуатын және (немесе) реттеуші электр қуатын құруға мынадай әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асыру арқылы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен қатысуға міндетті: