гибридті топ тұтынушылары;
гибридті топ әкімшісі кіреді.
2. Гибридті топ осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын тұлғаның өтініші негізінде гибридті топтардың тізбесіне енгізіледі.
Гибридті топтардың тізбесіне осы баптың 1-тармағында аталған энергия өндіруші ұйымдар, тұтынушылар, гибридті топтар әкімшілері кіреді.
16-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығы
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығына қол жеткiзу тәртiбiн уәкілетті орган айқындайды.
2. Өңiрлiк электр желiлерi компаниялары электр энергиясын оның баланстық тиесiлiк шекараларында электр желiлерi бойынша беру функцияларын жүзеге асырады.
3. 2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2022.30.12. № 177-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 12 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілерге энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
5. Электр энергиясын кепiлдiкпен берушiні және оның жауапкершілігіндегі аймақты айқындау тәртібі электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларымен белгіленеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17-бап. Электр энергиясы мен қуат нарығындағы шарттар
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Электр энергиясын сатып алу-сату, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату, теңгерімдеуші нарықтағы өзара есеп айырысулар, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, ұлттық электр желісін пайдалану, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу бойынша, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
2. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттарында:
1) тәулiктiк электр тұтыну кестесi;
2) энергия өндiрушi ұйымдардың электр қуатын резервтеу тәртібі болуға тиiс.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Электр энергиясын сатып алу-сату, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттары, қосылу шарттары, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, ұлттық электр желісін пайдалану, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар, орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттары, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар - шарттар бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда, тиісті қызметтер көрсетуді тоқтату талаптары мен тәртібін қамтуға тиіс.
2020.07.12. № 380-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Электр энергиясын сатып алу-сату, беру шарттары бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайларда, осы арқылы келтірілген нақты залалды міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап өтейді.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 18-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18-бап. Электр энергиясының бөлшек сауда нарығындағы шарттар
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.21.04. № 504-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Бөлшек сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын энергиямен жабдықтаудың жария шарттары негізінде жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынылатын электр энергиясының көлеміне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша тұтынушыларға электр энергиясын өткізуден (сатудан) бас тартуға құқылы емес.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі болған кезде тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға құқылы емес.
2017.11.07. № 89-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электрмен жабдықтаудың үлгілік шарттарын тұтынушылардың мынадай топтары бойынша жасасады:
1) тұрмыстық тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;
2) электр энергиясын тұрмыстық емес мұқтаждар үшін пайдаланатын тұтынушыларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты;
3) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын заңды тұлғаларға арналған электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдар бөлшек сауда нарығында жасасатын шарттарда электр энергиясының бөлшек сауда нарығына барлық қатысушылар үшiн тең жағдайлар болуға мiндеттi.
2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жеткiзетiн электр энергиясының бағалары мен оларды беру жағдайлары тараптардың келісімi бойынша энергия берушi ұйымның тарифiн ескере отырып, сатып алу-сату шартына сәйкес белгiленедi.
Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, тұтынушылардың тұтынған электр энергиясы үшін төлемақы коммерциялық есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштері негізінде энергиямен жабдықтаушы ұйым берген төлем құжаты бойынша, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Өңiрлiк электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе тұтынушы өңiрлiк электр желiсi компаниясымен уәкілетті орган белгiлеген үлгiлік нысан бойынша жасасатын электр энергиясын беру жөнiндегi қызметтер көрсету шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Электр энергиясын кепiлдiк берiп жеткiзушiлер мен тұтынушылар арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жария шарт болып табылады.
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 19-баптың тақырыбы өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19-бап. Электр энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен мiндеттерi
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Электр энергиясын тұтынушылардың:
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) жасалған шарттарға сәйкес электр энергиясын алуға;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес энергия өндiрушi, энергия берушi және энергиямен жабдықтаушы ұйымнан электр энергиясын жеткiзбеуден немесе сапасыз жеткiзуден келтiрiлген нақты нұқсанның орнын толтыруды талап етуге;
3) шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшiн сотқа жүгiнуге;
2006.11.04. № 136-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тұтынылған электр энергиясы үшiн сараланған тарифтiк есепке алу жүйелерi бойынша ақы төлеудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзуге құқығы бар.
2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Электр энергиясын тұтынушылар:
1) тұтынушылардың меншiгiндегi электр және энергия қондырғыларының және коммерциялық есепке алу аспаптарының тиiсiнше техникалық жай-күйін ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) электр энергиясын сатып алу-сату шартында айқындалған энергия тұтыну режимдерiн сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiндегi электр энергиясының стандарттық жиiлiгiн ұстап тұруға бағытталған нормативтiк талаптарды орындауға;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, берiлген және тұтынылған электр энергиясының ақысын уақтылы төлеуге;
5) энергиямен жабдықтаушы және энергия берушi ұйымдардың жұмыскерлерiн коммерциялық есепке алу аспаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi органның жұмыскерлерiн, жергілікті атқарушы органдардың уәкілетті өкілдерін электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйiн және пайдалану қауiпсiздiгiн бақылауды жүзеге асыру үшiн жiберуге міндетті.
3. 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
19-1-бап. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеуі
1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны уәкілетті орган айқындайды.
2. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы осы Заңның 25-бабының қолданылуын ескере отырып, осы баптың күшіне енгізілуімен бір мезгілде жұмыс істеуін бастайды.
3. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) гибридті топ әкімшісінен:
электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға, сондай-ақ шартты тұтынушыларға сату үшін;
цифрлық майнерлерге сату үшін;
гибридті топ тұтынушыларына сату үшін бір сағат және (немесе) тәулік және (немесе) ай және (немесе) тоқсан және (немесе) жыл (жылдар) бұрын сатып алады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) электр энергиясын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға, электр энергиясын тұтынушыларға, шартты тұтынушыларға, гибридті топ тұтынушыларына, сондай-ақ электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарында цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға электр энергиясына шекті тарифтерден жоғары тарифпен уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сатады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жасыл энергияны тұтынушыға қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатады;
3) жауапкершілікті беру шарттары шеңберінде жаңартылатын энергия көздерінен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алады;
4) жауапкершілікті беру шарты шеңберінде жаңартылатын көздерге теңгерімдеуші электр энергиясын сатады;
5) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздермен жауапкершілікті беру шартын жасасады және осы Заңға сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында олардың теңгерім провайдері болады;
6) электр энергиясын тиісті сатып алу-сату шарттарын жасасады;
7) электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу шартын жасасады;
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) басқа елдердің электр энергиясын берушілерінен (өндірушілерінен) (импорттауды) және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымнан электр энергиясын сатып алуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және осы электр энергиясын берушілердің (өндірушілердің) бағалары бойынша жүзеге асырады (қажет болған кезде);
2023.05.07. № 17-VІІI ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) басқа елдердің тұтынушыларына (экспорттауды) және (немесе) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымға электр энергиясын сатуды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады (қажет болған кезде);
10) тарифтерді кезең-кезеңімен өзгертуді жүзеге асыру мүмкіндігі мақсатында тарифтерді саралау арқылы көтерме сауда нарығының тұтынушылары үшін атаулы қолдау көрсетуді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады;
11) теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шартын жасасады;
12) уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларды айқындайды;
13) энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге арналған шарттар жасасады (қажет болған кезде) және уәкілетті орган айқындаған жағдайларда және тәртіппен электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлейді;
14) жүйелік оператормен импортталатын электр энергиясын желіге жіберуді техникалық диспетчерлеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шартты жасасады (қажет болған кезде).
4. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін электр энергиясын сатып алуды жүйелік оператордың техникалық сараптамасын ескере отырып мынадай тәртіппен (басымдық тәртібімен):
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) 2023 жылғы 1 шілдеден кейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздерден, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын осы шарттардың бағаларымен желіге жоспардағы жіберудің толық көлемінде жүзеге асырады.
2023 жылғы 1 шілдеге дейін қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздерден, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес есептік күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша электр энергиясын осы шарттардың бағаларымен желіге нақты жіберудің толық көлемінде;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) уәкілетті орган бекіткен электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларына сәйкес жылу электр орталықтарынан;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) электр қуаты нарығында осы Заңның 15-4 және 15-8-баптарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы ұзақ мерзімді шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдардан қуаты осы шарттардың мәні болып табылатын генерациялайтын қондырғылар желісіне көрсетілген шарттардың қолданылуы ішінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын тиісті сағаттық мөлшерлемелерге көбейтілген электр энергиясына тиісті шекті тарифтер бойынша электр энергиясын жоспардағы жіберу көлемінде жүзеге асырады;
4) электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін қажетті қалған электр энергиясының желіге жіберілетін жоспарлы көлемдерін бірыңғай сатып алушы электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатып алады.
Осы тармақта көрсетілген электр энергиясының жоспарлы көлемдері электр энергиясын тұтынудың тәуліктік кестесін жабу үшін жеткіліксіз болған жағдайда бірыңғай сатып алушы электр энергиясының жоспарлы импортын жүзеге асырады.
Осы тармақта көрсетілген электр энергиясын сатып алу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жұмыс істеуі кезінде:
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) барлық энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға және олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне ғана сатуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті.
Бұл ретте жүйелік операторға қуатты автоматты түрде реттеу бойынша қызметтер көрсететін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатудан шарттық көлемнің (реттеу диапазонының) шамасына босатылады;
2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған ұзақ мерзімді электр энергиясын сатып алу-сату шарты бар барлық жаңартылатын көздер электр энергиясын Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және (немесе) Тізілімде олармен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісінен және (немесе) жаңартылатын көздерден ғана сатып алуды жүзеге асыруға және олармен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті;
Бұл ретте жасыл энергияны тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатып алуға құқығы бар;
4) цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алуды жүзеге асыруға міндетті;
5) электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатуға тыйым салынады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергия беруші ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер, осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге немесе ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуіне (сатуына) тыйым салынады;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) шартты тұтынушылар мен гибридті топ әкімшілері республиканың жоспарлы тұтынуының жалпы көлеміндегі олардың электр энергиясын жоспарлы тұтыну үлесін, олардың құрамына кіретін жаңартылатын көздер өндірген электр энергиясының көлемін, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын жаңартылатын көздерден олар сатып алатын электр энергиясының көлемін және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын көздерден электр энергиясын сатып алуға жұмсаған шығындарын ескере отырып, электр энергиясын бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептейтін баға бойынша және көлемде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алуға, сондай-ақ электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен тиісті электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға міндетті;
2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздер арасында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімі электр энергиясын өндіру-тұтынудың көрсетілген тәуліктік графигінде сақталған кезде электр энергиясын нақты өндіру-тұтынудың тиісті сағаты басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін ұлғайтып (жоғары) немесе азайтып (төмен) өзара түзетуге жол беріледі;
9) осы тармақта көрсетілген электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алуы мен сатуы, сондай-ақ тиісті өзара есеп айырысулар уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады;
10) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатып алу және сату бағалары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалады;
11) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары мен кірістері электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын сату бағасын айқындау кезінде ескеріледі;
12) жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне енгізілген электр энергиясын сатып алу-сатудың жоспарлы көлемі электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері жасасқан барлық электр энергиясын сатып алу-сату шарттары бойынша электр энергиясының көтерме сауда нарығында сатып алынған (сатылған) электр энергиясының көлемі болып табылады;
13) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өздері сатып алған электр энергиясына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге міндетті;
14) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы энергия өндіруші ұйымдарға және жаңартылатын көздерге олардан сатып алынған электр энергиясына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ақы төлеуге міндетті;
15) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері (электр энергиясын кепілдікпен берушілерден басқа) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алған электр энергиясына ақы төлеу уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесіне сәйкес операциялық тәулік басталғанға дейін ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады;
16) электр энергиясын кепілдікпен берушілер электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеуді уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес факт бойынша жүзеге асырады;