4) осы Заңда көзделген жағдайды қоспағанда, рұқсат беру шарттары мен тəртiбiн айқындайды;
5) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) кредиттік бюролардың, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілердің жəне осы Заңның 20-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар туралы, сондай-ақ кредиттік бюролардың осы Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына жəне 3-тармағының 9) тармақшасына сəйкес ақпаратты өзге берушілерге жəне кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптарды айқындайды;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
7) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кредиттік бюролардың қызметін реттеу жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы, кредиттік бюролардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады.
3-тарау. Кредиттік бюроларды құру, олардың қызметін жүзеге асыру және тоқтату
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-бап. Кредиттiк бюролар
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады.
Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі жалғыз мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.
2. 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді.
Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен бап 4-тармақпен толықтырылды
4. Кредиттік бюроның атауында «кредиттік бюро» деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.
7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi
1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.
2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды ұсыну бойынша қызметтер көрсету;
2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткізу;
3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу, кредиттік тарихтарды мониторингтеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметі (банк жəне микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат болған кезде);
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді; 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) маркетингтік, статистикалық жəне талдамалық зерттеулер;
6) 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
7) кредиттік тарих субъектілерін кредиттік есепті сұратқан кредиттік есептерді алушылар, кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихын нақты уақыт режимінде өзгерту туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер;
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат берушілерді жеке тұлғаның банктік қарыздарды, микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуын нақты уақыт режимінде белгілегені не алып тастағаны туралы хабардар ету жөніндегі қызметтер;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9) проактивті режимде қызметтер көрсету;
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10) кредиттік бюроның интернет-ресурсында маркетингтік, статистикалық жəне талдамалық зерттеулерді жариялау жатады.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2017 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін кредиттік скорингті есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну негізгі қызмет түріне жатады жəне міндетті болып табылады. Осы баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасында көзделген қызметті мемлекет қатысатын кредиттік бюроның жүзеге асыруына жол берілмейді.
3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро кредиттік тарих субъектілеріне қарыз жəне (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда жəне (немесе) бірыңғай сақтандыру дерекқоры субъектілеріне «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 6-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайларда хабарламаны 1414 бірыңғай нөмірімен қысқа мəтіндік хабар арқылы өтеусіз жіберуге құқылы.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды
7-1-бап. Кредиттік скоринг
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер дербес есептейді.
Кредиттік бюро кредиттік скорингті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес кредиттік бюро кредиттік скорингті есептеу туралы тиісті келісімдер жасасқан заңды тұлғалардың деректерін пайдалана отырып есептеуге құқылы.
Кредиттік бюро есептеген кредиттік скоринг туралы ақпаратты беру тəртібін кредиттік бюро дербес айқындайды.
2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік бюроның кредиттік скорингін жəне (немесе) өзі дербес есептеген кредиттік скорингтерді пайдалана отырып, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін бағалауды жүргізеді.
Кредиттік бюролар мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілеріне жəне өзге де үшінші тұлғаларға кредиттік скорингті есептеудің, кредиттік скорингтерді ескере отырып, тəуекелдерді бағалаудың өз əдістемелерін ашуға міндетті емес.
3. Кредиттік тарих субъектілері - жеке тұлғалар кредиттік скорингті қарыздар, микрокредиттер алғанға дейін және кредиттік тәуекелі бар қаржылық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алғанға дейін өзінің кредит өтеу қабілетінің деңгейін айқындау мақсатында пайдаланады.
4. Уәкілетті орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттік скоринг туралы ақпаратты сұратуға құқылы.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-бап. Кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде кредиттiк бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптар
Кредиттiк бюролар өз қызметiнде мынадай ұйымдастыру, техникалық шаралардың және технологиялық талаптардың:
1) ақпараттық жүйелерді, кредиттік тарихтың деректер базасын және өзге де құжаттарды қауiпсiз орналастыру мен пайдалануға арналған техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) кредиттік тарихтың деректер базасын орналастыруға арналған ақпараттық жүйелердi және аталған ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде сертификатталған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етудi қолдану;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) ақпарат берушiлермен және кредиттік есептердi алушылармен жасалатын шарттарда кредиттiк тарихтың деректер базасын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және аталған ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын қалыптастыру мен пайдалану кезiнде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөнiндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асырудың мiндеттілiгi туралы талаптардың болуын қамтамасыз ету талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге;
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) кредиттік тарих субъектісі ақпаратының резервтік көшірмелерін сақтау үшін кредиттік бюро орналасқан қаладан тысқары жердегі резервтік сервердің болуын қамтамасыз етуге міндетті.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен Заң 8-1-баппен толықтырылды; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 8-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8-1-бап. Кредиттік бюроны құру тәртібі
1. Кредиттік бюроны құру тәртібі мынадай кезеңдерден:
1) рұқсат алудан;
2) кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізуден тұрады.
2. Рұқсат алу осы Заңның 9-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиттік тарихтардың деректер базасын басқару жүйесін өндірістік пайдалануға енгізу үшін кредиттік бюро мынадай іс-шараларды жүзеге асыруы:
1) осы Заңның 18-бабының 1-тармағында көрсетілген ақпарат берушілердің біреуімен ақпарат беру туралы шарт жасасу;
2) кредиттік тарихтарды қалыптастыру бойынша ақпараттық процесті ұйымдастыруы;
3) өзімен ақпарат беру туралы шарт жасасқан ақпарат берушілермен осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ақпараттық процесті тестілеуден өткізуі қажет.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Кредиттік бюроның қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсаты болған кезде ғана жол беріледі.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Рұқсат алу үшін қажетті құжаттар және оларды қарау мерзімдері
1. Өтініш беруші рұқсатты алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) рұқсат беру туралы өтінішті;
2) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен құрылтай құжаттарының көшірмелерін ұсынуға міндетті.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкілетті орган рұқсат беру туралы өтінішті осы баптың 1-тармағында көзделген соңғы құжатты алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
3. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Кредиттік бюро рұқсат алуға берілген өтініште көрсетілген мекенжайы өзгерген, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға олар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етеді.
5. Осы баптың талаптары мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қолданылмайды.
2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Рұқсат беруден бас тарту
Рұқсат беруден бас тарту:
1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тыйым салынған белгілі бір қызмет түрі жүзеге асырылған;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңның 8-бабында көзделген және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптар сақталмаған;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) егер өтініш берушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болған;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) кредиттік бюро уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, кредиттік тарих дерекқорын жасау үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді және көрсетілген ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын қалыптастыру және пайдалану кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтылымды қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шараларды және технологиялық талаптарды орындамаған жағдайларда жүргізіледі.
11-бап. Жазбаша ұйғарым және санкциялар
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.26.11 № 57-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасы бұзылған жағдайда, уәкiлетті орган кредиттiк бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке жазбаша нұсқама жiберуге құқылы.
Анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы міндетті түзету шараларын қолдануға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) оларды жасауға ықпал еткен себептерді, сондай-ақ жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - іс-шаралар жоспары) белгiленген мерзiмде ұсыну қажеттілігіне арналған кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке берілген нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімде ұсынылған іс-шаралар жоспарында бұзушылықтардың, олардың туындауына алып келген себептердің сипаттамасы, жоспарланған іс-шаралар тізбесі, оларды жүзеге асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар көрсетіледі.
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
2017.06.05. № 63-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-3-тармақ өзгертілді
1-3. Кредиттік бюро, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, коллекторлық агенттік уәкілетті органды жазбаша нұсқамада көрсетілген шаралардың осы жазбаша нұсқамада көзделген мерзімде орындалғаны туралы хабардар етуге міндетті.
Бұзушылықты іс-шаралар жоспарында не жазбаша нұсқамада белгіленген мерзімдерде кредиттік бюроға, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға, коллекторлық агенттікке байланысты емес себептер бойынша жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарын не жазбаша нұсқаманы орындау мерзімін уәкілетті орган уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұзартуы мүмкін.
2. Уәкiлетті орган санкция ретінде:
1) әкiмшілік айыппұл салу;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру шараларын қолдануға құқылы;
3) 2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 168-VI ҚР Заңымен 3-тармақтармен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақтан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзған жағдайда, уәкілетті орган «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақтан Республикасының Заңына сәйкес қадағалап ден қою шараларын және санкцияларды қолданады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12-бап. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру
1. Рұқсаттың қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) осы Заңның 8-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;
2) рұқсат беруге негіз болған құжаттардың шындыққа сәйкес келмеуі анықталса;
3) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы заңнамасы талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамасы орындалмаса, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.
2. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттар бойынша ақпарат алу жөніндегі қызметті қоспағанда, оның қызметін жүзеге асыруға тыйым салуға алып келеді.
3. Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімде рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру негіздері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Мұндай шешім кредиттік бюроның атқарушы органының назарына жеткізілген күннен бастап рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұрады деп есептеледі.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Рұқсаттан айыру
Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себеп жойылмаса;
2) рұқсаттың қолданылуы соңғы он екі ай ішінде бірнеше мәрте (екі және одан да көп рет) тоқтатыла тұрса;
3) кредиттік бюроға жүзеге асыруға рұқсаты бар қызмет түрiмен айналысуына сот тыйым салса;
4) кредиттік бюроның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылса;
5) рұқсат алған кезде кредиттік бюро көрінеу жалған ақпарат берсе, кредиттік бюроны рұқсаттан айыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Соттың рұқсаттан айыру туралы шешім қабылдауы кредиттік бюроны таратуға алып келеді.
14-бап. Кредиттiк бюроның құжаттары мен ақпаратын сақтау
1. Кредиттік бюроның құжаттары мен ақпаратын, соның ішінде, кредиттік тарихтың деректер базасына енгiзiлетiн құжаттар мен ақпаратты сақтау тәртібін кредиттiк бюро айқындайды.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 43-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпараттың сақталуын ол туралы соңғы ақпарат алынған күннен кейін бес жыл бойы қамтамасыз етеді.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15-бап өзгертілді; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату
Кредиттік бюроларды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Кредиттік бюроны қайта ұйымдастыру кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы қосылу, бірігу, бөлініп шығу немесе қайта құрылу нәтижесінде құрылған құқық мирасқорына не тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады. Кредиттік бюро бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы рұқсаты болған құқық мирасқорына немесе тараптардың келісімі бойынша басқа кредиттік бюроға берілуге жатады.
Кредиттік бюроны тарату кезінде осы кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасы басқа кредиттік бюроға өтеулі негізде берілуге тиіс.
Кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасында қамтылған ақпараттың құпиялылығын сақтауға қайта ұйымдастыру кезінде - кредиттік бюро мен оның құқық мирасқоры, тарату кезінде - сот немесе мүліктің меншік иесі тағайындаған тарату комиссиясы жауаптылықта болады.
Қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарының деректер базасын алуға құқық мирасқорының немесе басқа кредиттік бюролардың мүдделілігі болмаған жағдайда, ол мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтеусіз негізде берілуге жатады.
4-тарау. Кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
16-бап. Кредиттiк бюроның құқықтары
Кредиттiк бюро:
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) ақпарат берушілермен ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттік есептерді алушылармен кредиттік есептерді алу туралы шарттар жасасуға;
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2020.29.06. № 352-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны жəне (немесе) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерден кредиттік тарих субъектісінің өзі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімін алғаны туралы растауды ұсынуды, сондай-ақ кредиттік тарихты қалыптастыратын толық əрі анық ақпаратты талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен филиалдар мен өкiлдiктер ашуға;
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 3-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиттік бюродан ақпаратты алуға құқығы бар тұлғаларға кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты немесе кредиттік тарихта қамтылған ақпаратты жария етпестен, кредиттік бюроның деректер базасында субъектінің кредиттік тарихы бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты ұсынуға;