5) кепілдік немесе кепілгерлік берген банктің атауы;
6) банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күні, айы, жылы;
7) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шарты бойынша төлеуге жататын ең көп ақша сомасы;
8) егер банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартында өзгеше белгіленбесе, банк кепілдігі немесе кепілгерлік шығарылған мерзім немесе осы жағдай басталған кезінде банк кепілдігін немесе кепілгерлігін берген банктің міндеттемесі (банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің қолдану мерзімі) тоқтатылатын жағдай (оқиға);
9) банк кепілдігінің немесе кепілгерлігінің шығарылым нөмірі және күні, айы, жылы, қамтылуға тиіс.
Егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға қайшы келмесе, осы тармақта көзделген ақпарат тізбесі кредиттік бюро мен банк жасасқан ақпарат беру туралы шарт негізінде олардың арасындағы келісім бойынша толықтырылуы мүмкін.
4. Банктердің шығарылған банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөнінде кредиттік бюроға ақпарат беру талаптары осы Заңның 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шартта айқындалады.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Банктер кредиттiк бюроларға банк кепілдіктері мен кепілгерліктері жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда бередi. Ақпаратты қағаз жеткізгіште беру жағдайлары кредиттiк бюролардың iшкi құжаттарында және олардың ақпарат берушiлермен жасалатын шарттарында айқындалады.
6. Банктер борышкер тұлғалардың өздері туралы және шығарылған банк кепілдігі немесе шығарылған кепілгерлік туралы мәлiметтердi банктің кредиттiк бюроға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруіне өздері алған келiсiмдерді есепке алуды жүргiзедi.
30-2-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыру
1. Кредиттік бюро осы Заңның 30-1-бабының 3-тармағына сәйкес банк берген ақпараттың негізінде банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті қалыптастыруға міндетті.
2. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есеп банк шығарған әрбір кепілдік немесе әрбір кепілгерлік бойынша жеке қалыптастырылады.
30-3-бап. Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі
1. Пайдасына банк кепілдігін немесе кепілгерлігін банк шығарған тұлғаға банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроның беруіне борышкер тұлғаның келісімі бұл есепті беруге негіз болып табылады.
2. Банк кепілдігі немесе кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
31-бап. Дауларды шешу ерекшелiктерi
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң кредиттiк есептегi ақпаратқа дауласу туралы кредиттiк бюроға немесе ақпарат берушiге беретін өтiнiшiнде жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жері, заңдық мекен-жайы және жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ дауласатын ақпаратқа нұсқау және дұрыс ақпарат беру туралы талап болуға тиiс. Өтiнiш берушi немесе оның уәкiлеттi адамы өтiнiшке қол қояды. Өтiнiш берушi сiлтеме жасаған құжаттардың көшiрмелерi өтiнiшке қоса берілуi мүмкiн.
2. Ақпарат берушi немесе кредиттiк бюро өтiнiштi алған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде оны қарап, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген екi iс-әрекеттiң бiрiн жүзеге асыруға мiндеттi.
2007.27.07 № 317-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кредиттiк бюро алған ақпараттағы бұрмалау ақпарат берушiнің немесе кредиттiк бюроның техникалық қателерiнiң салдарынан, олардың қызметкерлерiнiң өзге де iс-әрекеттерiнiң немесе әрекетсіздiгiнiң салдарынан орын алған жағдайда, ақпарат берушi жіберілген бұрмалауды анықтаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бұрмалауды анықтаған күнге ақпарат берушіде бар ақпаратты кредиттік бюроға беруге міндетті. Кредиттiк бюро алушыға түзетілген кредиттiк есепті беруге мiндеттi.
4. Егер дау тудырған ақпарат кредиттiк бюроның, ақпарат берушiнiң мәлiметтерiне сәйкес келсе, онда ақпарат берушi және (немесе) кредиттiк бюро даулы ақпаратты алу көздерiн көрсете отырып, өтiнiш берушiге осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi қанағаттандырудан жазбаша түрде бас тартады.
5. Өтiнiшi қанағаттандырылудан бас тартылған өтiнiш беруші қайтадан жүгiнген жағдайда оны беруге, қарауға және дәлелдi жауап жiберуге байланысты шығындар өтiнiш берушiге жүктеледi.
Шығындарды бөлу жөнiнде келiспеушiлiктер болған жағдайда даулар сот тәртібімен қаралады.
32-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н.А. Назарбаев |