Поиск 
<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Сохранить(документ)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 Қаулысы (2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 Қаулысы

(2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 647 Қаулысымен 2017 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1400 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын және Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мыналар:

ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 409 Қаулысымен (2005 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.20.12. № 1229 Қаулысымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.24.12. № 1257 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.03. № 244 Қаулысымен (2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.17.02. № 150 Қаулысымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1158 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

1) базалық лауазымдық жалақы 17697 теңге мөлшерінде;

  • Показать изменения

2) түзету коэффициенті 3,62 мөлшерінде;

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне 1,30 мөлшерінде жоғарылату коэффициенті белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов