Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 Қаулысы
(2011.17.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1400 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын және Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 409 Қаулысымен (2005 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлдi); 2006.20.12. № 1229 Қаулысымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.24.12. № 1257 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.03. № 244 Қаулысымен (2010 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.17.02. № 150 Қаулысымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) базалық лауазымдық жалақы 17697 теңге мөлшерінде;
2) түзету коэффициенті 3,62 мөлшерінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |