Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің
мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 409 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын және "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналар:
ҚР Үкіметінің 2005.29.04. № 409 қаулысымен 1) тармақша өзгерді (2005 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiледi)
1) базалық лауазымдық жалақы 8712 теңге мөлшерінде;
2) түзету коэффициенті 2,78 мөлшерінде белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыны іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |