Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 1229 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 647 Қаулысымен 2017 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «2,78» деген сандар «3,62» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |