Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1257 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 647 Қаулысымен 2017 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентінің мөлшерін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 2, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «8712» деген сандар «10890» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |