4. Ұлттық аза тұту күндерiнде теле-, радиоарналарында жарнамаға тыйым салынады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9-бап. Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама
Мерзiмдi баспасөз басылымдары жарнаманы, оның тақырыбын дербес айқындайды.
Жазылу арқылы таратылатын мерзімді баспасөз басылымдары жазылу шарттарында басылымның тақырыптық бағытын көрсетуге мiндеттi.
Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама масс-медианы есепке қою туралы куәлікте бекітілген тілде орналастырылады.
10-бап. Кино, бейне және анықтамалық қызмет көрсетудегi жарнама
1. Сериялар арасындағы үзiлiстердi қоспағанда, кино және бейне қызмет көрсетудегi фильмнің қойылымын жарнамамен бөлiп жiберуге тыйым салынады.
2. Анықтамалық қызмет көрсету кезiнде жарнама сұратылған ақпарат хабарланғаннан кейiн ғана берiледi.
3. Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс.
11-бап. Сыртқы (көрнекi) жарнама
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді, бұр.ред.қара, 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылатын жарнама бейнелерін және (немесе) ақпаратын бейнелеу және салу арқылы жүзеге асырылады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, автомобиль жолдары және жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ жаңа редакцияда
1-1. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға:
1) маңдайша;
2) жұмыс режимі туралы ақпарат;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишалары;
4) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) автожанармай құю станцияларына, автогаз құю станцияларына, газ толтыру пункттеріне, газ толтыру станцияларына, автогаз толтыру компрессорлық станцияларына кірген жерде орналастырылатын мұнай өнімдері мен сұйытылған мұнай газының түрлері, мұнай өнімдерінің жəне сұйытылған мұнай газының бағалары, сатушының атауы мен логотипі туралы ақпарат;»;
6) мәдени құндылықтар туралы және (немесе) тарихи-мәдени мұра объектілері туралы, оның ішінде тарих пен мәдениет ескерткiштерi туралы ақпарат (мәліметтер);
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде жəне (немесе) алып жатқан аумақтың қоршауына кірер жолда, сондай-ақ айырбастау пункттері ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының жəне уақытша құрылысжайларының шегіндегі шатырларда жəне қасбеттерде орналастырылатын, қолма-қол шетел валютасын жəне алтынды теңгемен сатып алу жəне (немесе) сату бағамдары туралы мəліметтер бар ақпарат;
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) тармақша өзгертілді
8) сырттан көзбен көру үшін сөрелер мен терезелерді ішкі безендіру жатпайды.
9) 2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-2-тармақ өзгертілді
1-2. Сыртқы (көрнекі) жарнама және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері жолдың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және нұсқағыштарына ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.
Елді мекендердің автомобиль жолдары мен көшелерінің жүріс бөлігінің, жаяу жүргіншілер тротуарларының және велосипед жолдарының, отырғызу алаңдарының, аялдама пункттерінің жабынына жарнамалық бейнелер және (немесе) ақпарат салу арқылы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінен тыс жерде орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Хабарламаларды сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыратын жарнама таратушылар:
сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырған кезде - республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;
сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырған кезде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-2. Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Хабарламаға:
1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпарат бар мәліметтер нысаны;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;
2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) нобайларымен қоса жарнаманың еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар ескертулер берген жағдайда, сыртқы (көрнекі) жарнама ескертулер жойылған жағдайда ғана орналастарылуы мүмкін.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
2-3. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап ұсынбаған жағдайда, өтініш беруші сыртқы (көрнекi) жарнаманы өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Осы баптың 2-1-тармағында айқындалған жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен төлемақы төлеушілер, төлемақы сомалары, сыртқы (көрнекi) жарнама орналастырылатын кезең мен орын, хабарламаның жіберілгені (жіберілмегені) туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында) және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыруға тыйым салынады.
6. 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.07. № 207-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң меншiк иелерiмен немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалармен жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
Ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жақтарына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелерi немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар:
сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін тиісінше эстетикалық, санитариялық және техникалық жай-күйде ұстап тұруға;
адамдардың өмірі мен денсаулығы, барлық меншік нысанындағы мүлік үшін сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекi) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі осы Заңның талаптарына сәйкес келмеген, сондай-ақ ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерінің меншiк иелері немесе сыртқы (көрнекi) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар белгіленген мерзімде сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу жөніндегі міндетін орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесіне, ал егер меншік иесі белгісіз болса, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелеріне немесе ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғаларға сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін бөлшектеу туралы орындалуы міндетті нұсқама береді.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің меншік иесі, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі, сыртқы жағына сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі орналастырылған ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар нұсқама берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін бөлшектеуге міндетті. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар ғимараттар (құрылысжайлар) меншік иелерінің, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалардың талап етуі бойынша сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін бөлшектеуге байланысты келтірілген шығындарды өтеуге міндетті.
Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің меншік иелері немесе ғимараттардың (құрылысжайлардың) сыртқы жағына орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне өзге заттай құқықтары бар тұлғалар шығындарды ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, ғимараттардың (құрылысжайлардың) меншік иелері, көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері немесе көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі, ғимараттарға (құрылысжайларға) өзге заттай құқықтары бар тұлғалар сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін бөлшектеу кезінде келтірілген шығындарды өтеу туралы талап қою арызымен сотқа жүгінуге құқылы.
Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жекеше меншiк объектiлерiнде орналастыру жөніндегі көрсетiлетiн қызметке тұрақты мемлекеттік бағалар (тарифтер) белгiлеуге тыйым салынады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)
8. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы жергілікті атқарушы органдар не өткізілген ашық конкурстардың қорытындысы негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті шарттар негізінде өз қаражаты есебінен инвесторлар орнататын көше жиһазына (жабдығына) орналастыруға жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалар инвесторлар бола алады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.17.07. № 213-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 29 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Көлiк құралдарындағы жарнама
Көлiк құралдарында жарнама орналастыру жол жүрісі қауіпсіздігі қағидалары сақтала отырып, көлiк құралдарының меншiк иелерiмен және егер заңда немесе шартта осы мүлiкке өзге де заттық құқықтарға ие тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлiк құралдарына өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылады.
Жарнаманы жеке тұрған тіркемелерде және жартылай тіркемелерде (автомобильге тіркелмеген күйіндегі), сондай-ақ көлік құралдарының макеттерінде орналастыру көлік құралдарында жарнама орналастыру болып табылмайды. Мұндай жарнаманы орналастыру осы Заңның 11-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Көлік құралдарының азайтылған, ұлғайтылған не заттай шамадағы модельдері осы Заңның мақсаттары үшін көлік құралдарының макеттері деп танылады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен тақырып толықтырылды (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186- IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.17.01. № 166-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді
13-бап. Жекелеген өнім түрлерін жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау ерекшеліктерi
1. Mыналарды:
2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді;
2) ана сүтін алмастырушыларды;
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды, темекі бұйымдарын имитациялайтын өнімдерді;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарына, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге, электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) және оларға арналған сұйықтықтарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу, соның ішінде жүлделі ұтыс ойындарын, лотереяларды ойнату нысанында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, балаларға арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көрсетілімдерде, радио-, теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдері, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;
2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды
5-2) егер мұндай әрекет көркем ойдың ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, ересектерге арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көріністерінде, радио-, теле-, бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдерді, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;
6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 394-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ өзгертілді; 2024.19.04. № 74-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 20 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Осы Заңның 14-2-бабының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауды қоспағанда, алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді, темекі және темекі бұйымын, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімнің, темекі және темекі бұйымының, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарының, қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) және оларға арналған сұйықтықтардың атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін және (немесе) атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.
2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген ұйымдардың өнімдердің сәйкестігін міндетті растау жөнінде қызметтер көрсетуді және (немесе) сәйкестігін растау саласындағы делдалдық қызметтер көрсетуді жарнамалауына тыйым салынады.
2020.10.06. № 343-VІ ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды
1-3. Лотерея операторы және (немесе) лотерея операторымен жасалатын тапсырма шарты шеңберінде лотерея таратушылар (агенттері) орналастыратын жарнаманы қоспағанда, лотереяны жарнамалауға тыйым салынады.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-4-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-4. Букмекерлік кеңселерді және (немесе) тотализаторларды:
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында белгіленген аумақтар шегінде орналасқан жарнаманы қоспағанда, сыртқы (көрнекі);
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) спорттық іс-шараларды өткізу кезінде спорт құрылысжайларының ішінде орналасқан жарнаманы қоспағанда, ғимараттар мен құрылысжайларда;
2) көлік құралдарында;
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың ресми интернет-ресурстарында, масс-медиа саласындағы уәкілетті органда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарында тек қана спорт тақырыбы бағытындағы, сондай-ақ отандық телеарналардың халықаралық спорттық жарыстарды тікелей трансляциялау кезіндегі жарнаманы қоспағанда, масс-медиада, онлайн-платформаларда, кино-, бейне- жəне анықтамалық қызмет көрсетуде;
2025.25.04. № 185-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
4) жарнаманы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына беру арқылы жарнамалауға тыйым салынады.
2024.08.07. № 116-VІІІ ҚР Заңымен 1-5-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
1-5. Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың жарнамасында букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың тек атауы, тауар белгісінің элементтері, орналасқан жері, интернет-ресурсы (ол болған кезде), букмекерлік кеңсе және (немесе) тотализатор қызметімен айналысуға арналған лицензияның берілген күні, қолданылу мерзімі мен нөмірі қамтылуы мүмкін.
2. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2018.28.12. № 211-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, мемлекеттік тіркеуге жататын, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жəне қадағалаудың бақылауындағы өнімді (тауарларды) жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.