"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын iске асыру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1388; 27.03.04 ж. № 371; 10.04.04 ж. № 402;
13.04.04 ж. № 409; 14.05.04 ж. № 541; 24.05.04 ж. № 574; 25.05.04 ж. N
583; 15.06.04 ж. № 653; 23.06.04 ж. № 694; 21.06.04 ж. № 684-1; 30.07.04
ж. № 806; 02.08.04 ж. № 813; 11.08.04 ж. № 837; 12.08.04 ж. № 847;
19.08.04 ж. № 870; 14.10.04 ж. № 1051; 19.10.04 ж. № 1076; 30.11.04 ж. N
1242; 10.12.04 ж. № 1299; 2004.24.12. № 1366; 2004.09.12. № 1293;
2004.24.12. № 1378 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 694 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. 1-қосымшаға сәйкес:
кiрiстер бойынша - 847 823 861 мың теңге сомасында;
алынған ресми трансферттер бойынша - 69 870 048 мың теңге;
кредиттердi қайтару бойынша - 16 612 646 мың теңге;
шығындар бойынша - 977 897 923 мың теңге;
кредиттер бойынша - 49 071 632 мың теңге;
республикалық бюджет тапшылығының шектi мөлшерi - 92663000 мың теңге, немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң болжамды көлемiне 1,8 процент болатын 2004 жылға арналған республикалық бюджет атқаруға қабылдансын.
2. Қoca берiлiп отырған 2-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды iске асыруға бағытталған 2004 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тiзбесi бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі:
1) 2004 жылғы 17 ақпанға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтiк жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысына мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен инвестициялық жобалар тiзбелерiн нақтылау бөлiгiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешiмнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
2) 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде республикалық инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi және оларға сараптамалар жүргiзудi қаржыландыру тәртібін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
3) 2004 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеу және оларға сараптамалар жүргiзу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын республикалық инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
4) 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне шағын қалаларды, соның iшiнде экономикасы күйзелiске ұшыраған қалаларды дамытуға қаражат бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі 2003 жылғы 20 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне полицияның учаскелiк инспекторларының ақшалай ризығын ұлғайтуға және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруға қаражат бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
ҚР Үкіметінің 27.03.04 ж. № 371 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі:
1) мыналарға:
су берумен байланысты емес республикалық су шаруашылығы объектілерін пайдалануға;
шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтiк құрылыстардың апатты учаскелерiн күрделi жөндеу мен қалпына келтiруге бағытталған қаражатты бөлу туралы шешiмдi әзiрлесiн және бекiтсiн;
2) 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдауға қаражат төлеу;
өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға қаражат төлеу;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су жеткізу жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер құнын субсидиялау;
екiншi деңгейдегi банкiлер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау;
ауыл шаруашылығы жануарларының саны аз және жойылып бара жатқан тұқымдарының, түрлерi мен топтарының тектiк қорын сақтау мен қалпына келтiруге қаражат төлеу;
астықты және оны сақтау мен тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетудi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу;
республика меншiгiне жататын ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерiнен алынатын ауыз суды беру бойынша қызметтер көрсету құнын субсидиялау;
көктемгi егiс және жиын-терiм жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдарға кредит беру;
сондай-ақ, сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу тәртібін де көздейтiн лизингтiк негiзде ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру;
ауылдық кредиттiк серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру;
сондай-ақ, сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу тәртібін көздейтiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындар үшiн жабдықтар лизингiне кредит беру ережелерiн әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
мал шаруашылығы өнiмiн мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлiктерi Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен бекітілген, ауыз сумен қамтамасыз ету, гидротехникалық құрылыстар, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жөндеуге бағытталған инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды бекіту туралы шешiмдердi бекітсін.
ҚР Үкіметінің 15.06.04 ж. № 653 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі:
1) 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының теңгерiмiнен берiлген жалпы білiм беру оқу орындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қаражат бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен 2004 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы бекiткен нысан бойынша жасалған әскери тасымалдар жөніндегі оның шығындарын өтеу жөніндегі кредиторлық берешек тiзiлiмiнiң негiзiнде 024 "Мемлекетаралық әскери тасымалдар жөніндегі өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңда көзделген қаражат шегiнде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының алдындағы кредиторлық берешектi өтесiн. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының есеп шотына қаражат аудару үшiн "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына мемлекеттік қайта тiркеу туралы куәлiктердің, дебиторлық берешектi толығымен жазып есептi қаржы жылының бухгалтерлiк теңгерiмi мен айналым теңгерiмiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетiнiң "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны көрсеткен мемлекетаралық әскери тасымалдар жөніндегі қызметтер көрсетуiнiң құнын тексеру актілерінiң және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекетаралық әскери тасымалдарды жүзеге асыруды растайтын "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі арасындағы салыстыру актілерінiң көшiрмелерiн қоса бере отырып, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының әскери тасымалдар шығындарын өтеу жөніндегі кредиторлық берешектiң тiзiлiмiн жасасын.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 2004 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес ұйымдар тiзбесi мен берешек көлемiн айқындау туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
2) ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 25 күнiне дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлiнiсiнде 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат ұсынып отырсын.
9. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгі 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2004 жылға арналған республикалық бюджетте:
1) мемлекеттік білім беру ұйымдарының үлгi штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге;
2) жаңадан iске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға;
3) патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырауға арналған ақшалай қаражат төлеуге;
4) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо- және тифлоқұралдармен қамтамасыз етуге көзделген мақсатты трансферттердi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тәртiпке және тiзбеге сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесiп, 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2004 жылға арналған республикалық бюджетте орта кәсiптiк оқу орындарында жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негiзiнде оқитын студенттер стипендияларының мөлшерiн ұлғайтуға көзделген қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде 2004 жылға арналған республикалық бюджетте жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға көзделген қаражатты облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне бөлу туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 694 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі екi апта мерзiмде мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн салуға мақсатты инвестициялық трансферттердiң бөлiнуi және оларды облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң пайдалану тәртібі туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 694 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігімен бірлесiп екi апта мерзiмде Тұрғын үй саясатын iске асыру шеңберiнде тұрғын үй салу үшiн жергiлiктi атқарушы органдарға нөлдiк сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша кредит беру ережесін әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
12. Жергiлiктi атқарушы органдар тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсетуге арналған қосымша шығыстардың қаражатын мынадай мақсаттарға бағыттасын:
1) заңнамаға сәйкес амбулаториялық емделу кезiнде онкологиялық, психоневрологиялық, жұқпалы, терi-венерологиялық аурулармен, туберкулезбен (республикалық бюджет қаражаты есебiнен сатып алынатын туберкулезге қарсы препараттарды қоспағанда), алкоголизммен, нашақорлықпен ауыратындарды, терапевтiк және хирургиялық аурулармен ауыратын балаларды, сондай-ақ бір жасқа дейiнгi балаларды дәрiмен қамтамасыз ету;
2) гемофилиямен ауыратын балаларды қан ұйыту факторларымен қамтамасыз ету;
3) жүктi әйелдердi жатыр iшіндегі инфекциясына, шарананың өсiп жетiлуіндегі туабiттi ауытқуларына, жыныстық жолмен берiлетiн инфекцияларға тексерудi қамтамасыз ету;
4) тұрақты көмек көрсететiн ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарында ауруларды дәрi-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету;
5) жалпы білім беретiн мектептердiң 9-10 сыныптарының оқушылары және кәсiптiк мектептер мен колледждерде оқитын жастардың есiрткi және психотроптық заттарды пайдалануы мәнiне зерттеу жүргізу;
6) онкодиспансерлердi қуық асты безiнiң обырын ерте диагностикалауға арналған жабдықтармен жарақтандыру.
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттiгi (келісім бойынша) 2004 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Астана қаласында орталық мемлекеттік органдардың және мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтep жөніндегі агенттiгi 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Мемлекеттік материалдық резервтiң дизель отынының нормативтен тыс қорын сатып алу ережесін бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
15. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқармасы (келісім бойынша) 2004 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде 009 "Мемлекеттік органдар үшiн автомашиналар паркін жаңарту" деген республикалық бюджеттік бағдарламаны iске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың тiзбесi мен сатып алынатын техниканың санын бекіту туралы шешiмнiң жобасын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн.
16. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарының әкiмдерi 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде тиiстi келісімдердi жасаса отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес борышты өтеудi қамтамасыз етсiн.
17. Жергiлiктi атқарушы органдар 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде 2-қосымшада көзделген білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салуға және қайта жөндеуге арналған конкурстық рәсiмдердi заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн.
18. Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiктерiмен келісім бойынша 2004 жылғы 15 наурызға дейiнгi мерзiмде республикалық бюджеттен Алматы қаласының денсаулық сақтау және білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту үшiн көзделген қаражатты бөлу туралы шешiмдердi бекiтсiн.
19. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2004 жылғы 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.
20. Құпия.
21. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1260 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 10.04.04 ж. № 402 (бұр. ред. қара) (01.01.04 ж. күшіне енеді); 24.05.04 ж. № 574 қаулысымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 23.06.04 ж. № 694 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 806 (бұр. ред. қара); 02.08.04 ж. № 813 (бұр. ред. қара); 11.08.04 ж. № 837; 14.10.04 ж. № 1051; 30.11.04 ж. № 1242; 2004.24.12. № 1366 қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының
2004 жылға арналған республикалық бюджеті
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Санаты Атауы Сомасы,
Сыныбы мың теңге
Ішкi сыныбы
Ерекшелiгi
────────────────────────────────────────────────────────────────────
1 2 3
────────────────────────────────────────────────────────────────────
Түсімдер 934306555
І. Кірістер 847823861
1 Салық түсiмдері 763504877
01 Табыс салығы 331858815
1 Корпоративтік табыс салығы 331858815
01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын
корпоративтiк табыс салығы 219105185
02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 13390932
корпоративтiк табыс салығы
03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 3357126
көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы
04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 23579616
төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 53283956
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдары - заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
06 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген 383000
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
07 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген 18759000
тiзбе бойынша шикiзат секторы ұйымдарының
төлем көзiнен ұсталатын, резидент емес заңды
тұлғалардан алынатын корпоративтiк табыс
салығы
05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер 382506345
көрсетуге салынатын iшкi салықтар
1 Қосылған құн салығы 249515551
01 Қазақстан Республикасының аумағында 56486609
өндiрiлген тауарларға, орындалған
жұмыстарға және көрсетiлген қызметтерге
салынатын қосылған құн салығы
02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 109468712
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға салынатын қосылған құн салығы
04 Резидент емес үшiн қосылған құн салығы 14950604
05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 65402110
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығы
06 Ресей Федерациясы аумағынан шығарылатын және 2054681
импортталатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасы
аумағына импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу нәтижесін.
де жете есептелген қосылған құн салығы
07 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 1152835
және импортталатын тауарлардың кедендiк
құнына тәуелсiз сараптама жүргiзу
нәтижесiнде жете есептелген қосылған
құн салығы
2 Акциздер 8070527
29 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген,
газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнай 716497
41 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 45000
латын спирттiң барлық түрi
42 Қазақстан Республикасының аумағына 208944
импортталатын арақ
43 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 36910
латын күшті ликер-арақ өнімдері және басқа да
күштi алкогольді сусындар
44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 92796
латын шараптар
45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 42715
латын коньяк
46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 1507
латын шампан шараптары
47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 878622
латын сыра
48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 705
латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және
этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30
процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
ішімдіктер
49 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 803
латын бекіре және албырт балықтардың уылдырығы
50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 336352
латын темекi бұйымдары
55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 1214496
латын жеңiл автомобильдер (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа)
60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 4382238
латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
81 Қазақстан Республикасының аумағына импортта. 112942
латын жеңіл автомобильдердің (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа) кедендік құнына
тәуелсіз сараптама жүргізу нәтижесінде жете
есептелген акциздер
3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 124513614
үшін түсетiн түсiмдер
02 Үстеме пайда салығы 1260520
05 Бонустар 9570400
06 Роялти 86593806
08 Жасалған келісімшарттар бойынша өнiмді 1283976
бөлгендегі Қазақстан Республикасының үлесi
09 Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлем 4887042
10 Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны 65315
үшiн төлем
11 Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем 152006
13 Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын 29819
табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем
26 Шикiзат секторы ұйымдарынан (Қазақстан 12900906
Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардан) түсетiн роялти
28 Шикiзат секторы ұйымдарының (Қазақстан 7769824
Республикасының Үкіметі белгiлеген тiзбе
бойынша заңды тұлғалардың) жасалған
келісімшарттар бойынша өнiмді бөлгендегі
Қазақстан Республикасының үлесі
4 Кәсiпкерлік және кәсiби қызметтi жүргiзгенi 406653
үшiн алынатын алымдар
06 Жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік 283368
автомобиль жолдарымен жүргені үшін алынатын
алымнан басқа, Қазақстан Республикасының
аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүргенi
үшiн алынатын алым
12 Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары 51307
жиiлiктi қондырғыларды мемлекеттік тіркеу
үшiн алым
13 Телевизиялық және радио хабарын тарататын 31234
ұйымдарға радиожиiлiк өрісін пайдалануға
рұқсат бергені үшін алым
15 Теңiз, өзен және шағын көлемдi кемелердi 6294
мемлекеттік тiркеу үшiн алым
16 Дәрi-дәрмектердi мемлекеттік тiркеу үшiн 22424
алым
17 Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркеу 1408
үшiн алым
19 Республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы 10618
автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде
сыртқы (көрнекi) жарнамалар орналастырғаны
үшiн төлем
06 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 46891522