Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
және 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерiс пен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 2 тамыздағы № 813 қаулысы
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" деген функционалдық топта:
01 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілдi, атқарушы және басқа органдар" деген ішкi функцияда:
104 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi" деген әкiмші бойынша:
001 "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарламада:
008 "Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделi жөндеу" деген кiшi бағдарламадағы "82961" деген сандар "79946" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 009-кіші бағдарламамен толықтырылсын:
"009 Мемлекеттік органдарды материалдық-
техникалық жарақтандыру 3015";
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 6-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 5-жолмен толықтырылсын:
"5. - 009 Мемлекеттік органдарды 4 жиынтық Жыл Қазақстан
материалдық-техникалық басшы бойы Республикасы
жарақтандыру кабинетiн Премьер-
сатып алу Министрiнің
Кеңсесi".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |