Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 және
2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
24 мамырдағы № 574 қаулысы
"Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 23 наурыздағы № 1317 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" бөлiмiнде:
3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында:
3 "Сот қызметi" кiшi функциясында:
501 "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" әкiмшiсi бойынша:
001 "Сот жүйесi органдарының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша:
100 "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметiн қамтамасыз ету" кiшi бағдарламасында "545477" деген сандар "563579" деген сандармен ауыстырылсын;
103 "Жергілiктi соттар" кiшi бағдарламасында "5777053" деген сандар "5758951" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 344-қосымшада:
2-тармақ "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөнiндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы" деген сөздермен толықтырылсын;
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
реттік нөмiрi 6-жолдың 5-бағанында:
"179 бiрлiк" деген сөздердің алдынан "саны 48 бiрлiк Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттарын және" деген сөздермен толықтырылсын;
"179" деген сандар "164" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 9-жолдың 5-бағанындағы "8167" деген сандар "8134" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | Д. Ахметов |