Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1242
Қаулысы
Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығындар" деген бөлiмде:
01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" деген функционалдық топта:
06 "Жалпы кадрлық мәселелер" деген iшкi функцияда:
608 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі агенттігi" деген әкімші бойынша:
001 "Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген бағдарлама бойынша:
001 "Орталық органның аппараты" деген кіші бағдарламада "44707" деген сандар "44299" деген сандармен ауыстырылсын;
002 "Аумақтық органдардың аппараты " деген кiшi бағдарламада "63124" деген сандар "67251" деген сандармен ауыстырылсын;
009 "Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру" деген кiшi бағдарламада "6934" деген сандар "3215" деген сандармен ауыстырылсын;
2) "2004 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 1327 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға 376-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесiнде:
реттік нөмiрi 5-жолдың 5-бағанында ", копировалды техника - 16 дана" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |