Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 15 маусымдағы № 653 қаулысы
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі:
1) 2004 жылғы 15 қаңтарға дейiнгi мерзiмде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының теңгерiмiнен берiлген жалпы білiм беру оқу орындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге 2004 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне қаражат бөлу туралы шешiмдердiң жобаларын әзiрлесiн және заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;
2) заңнамада белгiленген тәртiппен 2004 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамы бекiткен нысан бойынша жасалған әскери тасымалдар жөніндегі оның шығындарын өтеу жөніндегі кредиторлық берешек тiзiлiмiнiң негiзiнде 024 "Мемлекетаралық әскери тасымалдар жөніндегі өткен жылдардың мiндеттемелерiн орындау" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңда көзделген қаражат шегiнде "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының алдындағы кредиторлық берешектi өтесiн. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының есеп шотына қаражат аудару үшiн "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына мемлекеттік қайта тiркеу туралы куәлiктердің, дебиторлық берешектi толығымен жазып есептi қаржы жылының бухгалтерлiк теңгерiмi мен айналым теңгерiмiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетiнiң "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны көрсеткен мемлекетаралық әскери тасымалдар жөніндегі қызметтер көрсетуiнiң құнын тексеру актілерінiң және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша мемлекетаралық әскери тасымалдарды жүзеге асыруды растайтын "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорны мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі арасындағы салыстыру актілерінiң көшiрмелерiн қоса бере отырып, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының әскери тасымалдар шығындарын өтеу жөніндегі кредиторлық берешектiң тiзiлiмiн жасасын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |