(лауазымы, аты-жөнi)
тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт)
жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Орындаушы Шартқа сәйкес теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетудi ұсынады, Тапсырысшы оларға Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ақы төлейдi.
2. Теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетуiн ұсынуға арналған Шарт Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.
2. Есеп айырысулар тәртібі
3. Теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетуiне ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
4. Теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетуiне төлемдердi Тапсырысшы соманы алдын-ала төлеу шартымен жүргiзедi.
5. Тиеу (түсiру) аяқталғаннан кейiн Тапсырысшы мен Орындаушы алдын-ала жүргізiлген төлем сомасы мен коносаментте көрсетiлген iс жүзiнде өңделген жүк үшiн төленген соманың арасындағы айырманы айқындайды және шот жазылған күннен бастап үш күнтізбелiк күннен кешiктiрмей толық есеп айырысуды жүзеге асырады.
6. Тараптар арасындағы есеп айырысулар порт жазып беретiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Шотты алған сәттен бастап бес күнтізбелік күн iшiнде Тапсырысшы Орындаушыны көрсетілген мерзiмде шоттың төленбеуiне байланысты, сол даулы мәселелер туралы жазбаша нысанда хабардар етуге тиiс.
3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
8. Орындаушы:
1) Тапсырысшының сақтауына мiндетті техникалық талаптарды белгiлеуге;
2) ұсынылатын қызметтер көрсетуге уақтылы ақы алуға;
3) Тапсырысшының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
9. Орындаушы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, көрсетiлген қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларын қоспағанда, теңiз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі теңіз портының көрсетудi тұтынушыларға тең жағдайлар беруге;
2) Тапсырысшымен келісілген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiне сәйкес порттың аумағына кемелердi қабылдауды қамтамасыз етуге;
3) Тапсырысшыны қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
4) Тапсырысшыны кемелердi қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiм қолданысқа енгiзiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей оның себептерi мен мерзiмдерiн көрсетiп хабардар етуге;
5) Тапсырысшымен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
10. Тапсырысшы:
1) Шартқа сай белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
2) Орындаушыдан тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
11. Тапсырысшы:
1) Орындаушыға кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiн және жүктердi әкелу (әкету) жөніндегі ақпаратты: жалпы және салмақтық сипаттамасын көрсетiп, көлемiн, номенклатурасын, жүктердiң ерекшелiктерiн алдын-ала ұсынуға;
2) Орындаушымен келiсілген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
3) Орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажеттi құжаттарды ұсынуға;
4) Орындаушыны келiсілген кемелердi тиеуге (түсiруге) беру кестесiн бұзушылықтар және кестенiң бұзылу себептерi туралы жедел хабардар етуге мiндетті.
4. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу
12. Тараптар Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілiк жүктейдi.
13. Орындаушы жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе зақымданғаны (бүлiнгенi) үшін мүлiктiк жауапкершілiк жүктейдi. Орындаушының техникалық операциялары салдарынан келтiрiлген зиянның орнын ол:
1) жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда жоғалған немесе жетiспеген жүк құнының мөлшерiнде;
2) жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда, оның құны төмендетілген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған кезде оның құнының мөлшерiнде толтырады.
14. Шарттың талаптарын тиiсiнше орындауға қатысты туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
15. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда Тапсырысшы Орындаушыға төлем күнiн қоса алғанда, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн берешек сомасының 0,5 % мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
5. Форс-мажорлық жағдайлар
16. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери іс-қимылдардың, ереуiлдердiң және т.т. салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
17. Еңсерілмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы және осындай жағдайлардың аяқталуы туралы қырық ceгіз сағат iшiнде хабардар етуге мiндетті.
18. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
6. Өзге ережелер
19. Тараптар үшiн мiндеттi Шарттың талаптары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес айқындалады.
20. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.
21. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
22. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар екi данада жасалады.
23. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетiлген өзгерістер қолданысқа енгізiлген сәттен бастап бес күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндетті.
24. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
7. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданылуын
тоқтату тәртібі
25. Шарт 20__жылғы»___»_______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 20__жылғы»___»_______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар бөлiгiнде оларды толық орындағанға дейiн қолданылады.
26. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi Тапсырысшының соңғы жүктi тиеуге (түсiруге) ресiмдегенiнен және Орындаушының шотына соңғы төлемдер түскеннен кейiн тоқтатылады.
27. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
28. Шарттың қолданылуы ұзартылуы, ал осы Шартқа ажырамас қосымша ретiнде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен тараптардың келісімi бойынша артық тиелген жүктiң бiрдей саны көбейтілуi мүмкiн.
8. Тараптардың заңды деректемелерi
Орындаушы: Тапсырысшы:
________________ ________________
________________ ________________
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 156 (бұр.ред.қара); 2009.03.03. № 237 (бұр.ред.қара) қаулыларымен үлгі шарт өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Әуежайлардың реттелетін қызметтерiн көрсетуге арналған
үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы»___»__________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Әуежай деп аталатын, ______________________________
(реттелетін қызметтер көрсетудi
___________________________________________________________________
ұсынатын табиғи монополия субъектiнiң деректемелері)
атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
_________________________________________________ бip тараптан және
(лауазымы, аты-жөнi)
бұдан әрi Тасымалдаушы деп аталатын _______________________________
____________________________________________________________ атынан
(субъектiнiң - реттелетін қызметтер көрсетудi тұтынушының деректемелерi)
негiзiнде әрекет ететiн ___________________________________________
(лауазымы, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi -
Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәні
1. Әуежай осы Шартқа сәйкес әуежайлардың _____________________
__________________________________________________________ реттелетін қызметтер
(реттелетін қызметтер көрсетудiң атауы)
көрсетуiн жүзеге асыруға, ал Тасымалдаушы осы Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде Әуежайдың қызметтер көрсетуiне ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Осы Әуежай реттелетін қызметтер көрсетуiн ұсынуға арналған шарт Тасымалдаушымен жеке тәртiппен жасалады.
2. Есеп айырысулар тәртібі
3. Әуежайдың реттелетін қызметтер көрсетуiне ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
4. ҚР Үкіметінің 2005.26.01 № 63 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Тараптар арасындағы есеп айырысулар Әуежай жазып беретiн шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Әуежай ай сайын Тасымалдаушыға Әуежай орындаған реттелетін ызметтер көрсетудiң және Тасымалдаушы төлеген төлемдердiң салыстыру актiсiн (бұдан әрi - өзара есеп айырысуларды салыстыру актісi) ұсынады. Тасымалдаушы өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiн алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде оған өз тарапынан қол қояды немесе оған қол қоюдан дәлелдi бас тартуды Әуежайдың мекен-жайына жiбередi.
Тасымалдаушы дәлелдi бас тартуды ұсынбаған жағдайда, өзара есеп айырысуларды салыстыру актісiне Тасымалдаушы қол қойды және таныды деп саналады.
Тасымалдаушы тарапынан өзара есеп айырысуларды салыстыру актiсiне қол қоюда дәлелдi бас тарту болған жағдайда, тараптар Әуежай Тасымалдаушыдан дәлелдi бас тартуды алған күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде келiспеушiлiктi реттеуге тиiс.
7. Басқа тараптың алдында дебиторлық берешегi бар тарап өзара есеп айырысуларды салыстыру актісiнiң негізiнде өзара есеп айырысуларды салыстыру актісiне қол қойылған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде кредитор алдындағы берешек сомасын төлеудi жүзеге асырады.
3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
8. Әуежай:
1) Тасымалдаушы орындауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгiлеуге;
2) ұсынылған реттелетін қызметтер көрсетуге уақтылы ақы алуға;
3) Тасымалдаушының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
9. Әуежай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, реттелетін қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларын қоспағанда, Тасымалдаушыға әуежай реттелетін қызметтер көрсетуiн пайдаланудың тең шарттарын ұсынуға;
2) Әуежаймен келісілген Тасымалдаушы рейстерiнiң қозғалыс кестесiне сәйкес кейiннен әуе кемелерiн шығарып әуежай аумағына қабылдауды қамтамасыз етуге;
3) Тасымалдаушыны реттелетін қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге;
4) Тасымалдаушыны ұсынылатын реттелетін қызметтер көрсетудi уақытша тоқтату немесе шектеу шешiмдерiнiң себептерi мен мерзiмi туралы хабардар етуге;
5) Тасымалдаушымен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының әуе көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
10. Тасымалдаушы:
1) осы Шартқа сай белгiленген сапада реттелетін қызметтер көрсетудi алуға;
2) Әуежайдан тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгізiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
3) Әуежайдың кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
11. Тасымалдаушы:
1) Әуежаймен рейстердiң қозғалыс кестесiн алдын-ала келiсуге, әуе кемесiне (жүктi, почтаны, жолаушыларды, қол жүгiн) тиеу туралы ақпарат ұсынуға;
2) Әуежайдың аймағында жұмыстардың барлық түрлерiн ұшулардың қауiпсiздiгiн, авиациялық қауiпсiздiктi, санитарлық режимнiң нормаларын қамтамасыз етудi регламенттейтiн талаптарға қатаң сәйкестiкте жүргiзуге, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету, қол жүктердi, почтаны, жүктерді өңдеу жөніндегі қолданыстағы ережелердi сақтауға;
3) Әуежаймен келісілген рейстердiң қозғалыс кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
4) Әуежайға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттарды ұсынуға;
5) Әуежайдың реттелетін қызметтер көрсетуiне ақы төлеудi Шартта белгiленген тәртiппен жүргiзуге;
6) Әуежайды рейстер қозғалысының келісілген кестесiн бұзушылықтар және оны бұзудың себептерi туралы уақтылы хабардар етуге мiндеттi.
4. Тараптардың жауапкершiлiгi және дауларды шешу
12. Тараптар осы Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
13. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қаралады.
5. Форс-мажорлық жағдайлар
14. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ Шарт бойынша оларды орындауды кідірткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерілмес күштің (көздеуге немесе жоюға мүмкін болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және өзге де төтенше жағдайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
15. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа еңсерiлмес күш жағдайларының туындағаны туралы және аяқталуы туралы 48 (қырық сегiз) сағат iшiнде хабардар етуге мiндетті.
16. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннің iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тарап бiрiншi тарапқа шартты бұзған күнiне дейiн он жұмыс күннен кешiктiрмей бұл туралы хабарлап, Шартты бұзуға құқығы бар.
6. Өзге ережелер
17. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетiлген өзгерістер пайда болған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жазбаша хабарлауға мiндетті.
18. Шарттың талаптары тараптар үшiн мiндеттi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
19. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.
20. Шарт тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар екi данада жасалады.
21. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
7. Шарттың қолданылу мерзімі және қолданылуын
тоқтату тәртібі
22. Шарт 20_ жылғы»___»______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi және 20_ жылғы»___»______ 24-00 сағатты қоса, ал тараптардың мiндеттемелерi бөлiгiнде оларды толық орындағанға дейiн қолданылады.
23. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда не Шарттың талаптары бойынша мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкін.
24. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімi бойынша осы Шартқа ажырамас бөлiк ретiнде қосымша келісім жасасу не жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкiн.
8. Тараптардың заңды деректемелерi
Әуежай Тасымалдаушы
________________ ________________
________________ ________________
ҚР Үкіметінің 2005.01.06. № 546 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен үлгі шарт өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiнде
қызметтер көрсетуге арналған үлгі шарт
___________________ 200__жылғы »__»___________________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi, Орындаушы деп аталатын____________________________
___________________________________________________________________
(электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөнiндегі қызметтер
көрсетудi -
___________________________________________________________________
өңірлік және/немесе жергілікті деңгейлер желілері бойынша ұсынатын
субъектінің атауы, құрылтай
___________________________________________________________________
құжаттары, мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi мен
берген орган)
____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
__________________________________тұрғысында бiр тараптан және бұдан
(лауазымы, аты-жөнi)
әрі Тапсырысшы деп аталатын________________________негiзiнде әрекет
ететін_____________________________________________________________
(пайдаланушының деректемелері, құрылтай құжаттары, мемлекеттік
___________________________________________________________________
тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi мен берген орган)
_________________________________________________________тұрғысында
(лауазымы, тегi, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
теңгерiмдiк тиесілілiк бөлiмiнің шекарасы - тараптарға меншiк құқығында, өзге де заттық құқықта немесе заңмен белгiленген өзге негiздер бойынша тиесiлі болатын электр энергиясын берудің соңғы пунктiнде теңгерiмдiк тиесiлiлiктi ажырату актiсiмен айқындалатын олардың электр желiлерi бөлiмiнiң шекарасы;
электр энергиясының сапасы - нормативтік техникалық кесімдерде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн электр энергиясы жарамдылығының дәрежесi;
электр энергиясының көлемi - Орындаушы мен Тапсырысшының және/немесе үшіншi тұлғалардың теңгерiмдiк тиесілiк бөлiмiнiң шекарасында коммерциялық есептеу құралдарының көрсеткiштерiмен айқындалатын, Шарт бойынша қызметтердiң құнын айқындау мақсатында киловатт-сағатпен өлшенетiн, Тапсырысшының атына берiлген электр энергиясының мөлшерi;
өтiнiм - Тапсырысшы қол қойған және Шартта белгіленген тәртiппен және мерзiмдерде Орындаушыға жолданатын, электр энергиясының көлемi, электр энергиясын берудің уақыт кезеңi, осы кезең iшiнде қуаты жөнiндегі көлемдi бөлу туралы ақпаратты қамтитын жазбаша құжат. Өтінiм айлық, тәулiктiк және жедел болуы мүмкiн;
электр энергиясын беру және/немесе бөлу - Орындаушының электр желiлерi, кiшi станциялары және бөлу құрылғылары бойынша қабылдау пункттерiнен Тапсырысшы желiлерiнiң теңгерiмдiк тиесiлілiк бөлiмiнiң шекарасына дейiн электр энергиясын беруге және/немесе бөлуге байланысты энергия берушi ұйым көрсететiн қызмет;
коммерциялық есептеу құралы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілеген тәртiппен қолдануға рұқсат етілген электр қуатын, электр энергиясын коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
қабылдау пунктi - электр энергиясының көлемiн Орындаушының желілерi бойынша жеткізу пункттерiне дейiн кейiннен беру үшін оны Тапсырысшы Орындаушыға беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесілілiк бөлiмiнiң шекарасында қосу (қосулар жүйесi);
жеткізу пунктi - Орындаушы электр энергиясын Тапсырысшыға беретiн Орындаушының теңгерiмдiк тиесілілік бөлiмiнiң шекарасында қосу (қосулар жүйесi);
есеп айырысу кезеңi - Орындаушының электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметiне есеп айырысу жүргізiлетiн айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiн бiр күнтізбелiк айға тең уақыт кезеңi;
реттеуші орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
тәулiктiк кесте - Қазақстан Республикасының электр қуаты мен энергиясының рыногы субъектілерiнiң 00-00 сағаттан 24-00 сағатқа дейiн электр энергиясын өндiрудiң, берудің, жеткізудiң және тұтынудың әрбiр күнтiзбелiк тәулiкке орташа сағаттық шамаларын регламенттейтiн құжат;
электр энергиясын есептеу схемасы - оларға есеп айырысу үшiн берілетін электр қуатының және энергиясының есебiн қамтамасыз ететін электр энергиясын есептеу құралдарының белгілi бiр электр қосылысы;
уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
нақты теңгерiм - есеп айырысу кезеңiнде осы рынок субъектілерi электр энергиясының бөлшек сауда рыногында өндiрген, жеткiзген және тұтынған электр энергиясының көлемдерiн атаулы бөлудi белгілейтiн құжат;
электр энергиясының нақты көлемi - Орындаушы Тапсырысшының атына берген, коммерциялық есептеу құралдары көрсеткiштерінің негiзiнде айқындалған және тараптардың салыстыру актiсiмен расталған электр энергиясының көлемi;
электр желiлерi - Орындаушыға да және/немесе Тапсырысшыға да және үшiншi тұлғаларға да меншiк құқығында, заттық құқықта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де негiздер бойынша тиесілі кiшi станциялардың, бөлушi құрылғылардың және оларды бiрiктiрушi электр беру желілерiнiң жиынтығы;
энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз мұқтаждары және (немесе) өткізу үшін өндіруді, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым.
2. Шарттың мәнi
2. Шарттың алдындағы міндетті талаптар (электр энергиясын өңiраралық және/немесе жергілікті деңгейлердiң желiлерi бойынша беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтер көрсетудiң техникалық талаптары мен сипаттамалары):
___________________________________________________________________
(осы тармақта нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына
___________________________________________________________________
сәйкес келуге тиіс мiндетті талаптар (Шарттың мәнінің техникалық
талаптары мен сипаттамалары) көзделедi)
3. Орындаушы Тапсырысшының тұтынушыларына теңгерiмдiк тиесілігi және/немесе Орындаушының теңгерiмдiк тиесiлiгi және/немесе пайдалану жауапкершілігі шегiнде Орындаушының электр желiлерi бойынша электр энергиясын берудi және/немесе бөлудi жүзеге асыруға мiндеттенедi.
4. Тапсырысшы Орындаушының Шартта белгіленген талаптардың негiзiнде электр энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерiне ақы төлеуге, сондай-ақ осы Шартта көзделген техникалық талаптарды орындауға мiндеттенедi.
3. Қызметтер ұсыну шарттары
5. Электр энергиясын беру және/немесе бөлу осы Шартқа сәйкес жүргiзiлген ықтимал түзетудi ескере отырып, тоқсандар, айлар бойынша бөлумен Тапсырысшының электр энергиясын беру көлемдерінiң жылдық өтiнiмнiң негізiнде және оған сәйкес жүргiзіледi.