тасымалдаудың айлық кезеңi (бұдан әрi - ТАК) - мұнайды тасымалдау және оны есепке алу жүргiзiлетiн мәскеу уақытымен қысқы кезеңде күнтiзбелiк айдың 1-күнiнiң 06:00 сағатынан бастап және мәскеу уақытымен жазғы кезеңде күнтiзбелiк айдың 1-күнiнiң 07:00 сағатынан бастап мәскеу уақытымен қысқы кезеңде келесi айдың 1-күнiнiң 06:00 сағатына дейiнгi және мәскеу уақытымен жазғы кезеңде келесi айдың 1-күнiнiң 07:00 сағатына дейiнгi уақыт аралығы;
тасымалдаудың жылдық кезеңi (бұдан әрi - ТЖК) - 12 ТАК-ты қамтитын ұзақтығы бiр күнтiзбелiк жыл мұнайды тасымалдау кезеңi;
мұнайдың мiндеттi ең аз жылдық көлемi - ТЖК iшiнде БТ жүйесiне Тұтынушы жеткізуге мiндеттi, Шарттың 4-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттік органымен белгiленген тәртiппен келісілген мұнай тасымалдаудың жекелеген бағыттары бойынша Тараптар көздейтiн мұнай көлемi;
мұнайдың міндетті eң аз айлық көлемi - мұнайдың міндетті ең аз жылдық көлемiнiң 1/12;
мұнайдың кем жеткiзiлген көлемi - мұнайдың мiндетті ең аз айлық көлемiнiң немесе айлық кестеде (егер ол мiндеттi ең аз айлық көлемнен кем болған жағдайда) бекітілген мұнай көлемiнiң және ММ жүйесiне тасымалдау үшiн ТАК iшiнде нақты тапсырылған мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;
мұнайдың толық мәлiмделмеген көлемi - мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемi мен есептi ТАК-қа Тұтынушы тасымалдау үшiн мәлiмдеген мұнай көлемiнiң арасындағы айырма;
техникалық келісім - Шарттың ажырамас бөлiгі болып табылатын ММ жүйесiне мұнайды қабылдау тәртібі туралы Техникалық келісім.
2. Шарттың мәнi
2. Қызмет берушi Тұтынушыға мұнайды MM жүйесi бойынша Қазақстан Республикасының iшкi рыногына жеткізу үшiн және/немесе мұнайды кейiннен Жүк алушыға беру арқылы экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтердi көрсетуге мiндеттенедi.
3. Тұтынушы бағыттың басында ТҚП-ға ММ жүйесiне тасымалдауға арналған мұнай көлемiн тапсыруға және мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмде ақы төлеуге мiндеттенедi.
4. Мұнайдың мiндетті ең аз жылдық көлемi мынаны құрайды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
3. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
5. Қызмет берушiнiң:
1) Тұтынушыдан ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы ақы алуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тұтынушының сақтауы үшiн мiндетті техникалық талаптарды белгiлеуге;
3) уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен тәртiппен барлық Тұтынушылар үшiн ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi азайтуға;
4) Тұтынушыдан бағыт басында ТҚП-ға мұнайдың мiндеттi ең аз көлемiн ММ жүйесiне Шартта белгiленген талаптарда уақтылы тапсыруды талап етуге;
5) Тұтынушыға мұнайды қабылдаудан және тасымалдаудан, соның iшiнде мынадай себептер бойынша:
бағыттың соңында ТҚП-ға мұнайды қабылдаудан бас тартқан немесе Тұтынушының MM жүйесiнде бар ресурстарын таратпаған жағдайда;
Тұтынушы мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету үшiн ақы төлемеген жағдайда;
Шарттың 8-тармағының 3), 4) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсынбаған жағдайда жауапкершiлiкке алып сақтаудан бас тартуға құқығы бар. 6. Қызмет берушi:
1) Тұтынушы Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн тиiсiнше орындаған кезде Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде айлық кестеде көрсетiлген Тұтынушының мұнай көлемдерiн тасымалдау жөніндегі қызметтердi Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда көрсетуге;
2) Тұтынушыны мұнайды қабылдауды шектеуге әкелетiн кез келген төтенше жағдайлар немесе авариялар туралы жедел хабардар етуге;
3) Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде MM жүйесiнiң техникалық мүмкiндiктерi шегiнде жекелеген сегменттерге де, сол сияқты тұтастай алғанда MM жүйесiне де қолдануға болатын Тұтынушының мұнайға кемсiтпеушiлiкпен қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;
4) есепке алудың негiзгi және резервтiк схемасы бойынша мұнайдың мөлшерi мен сапасын өлшейтiн құралдардың жай-күйi мен қолданылуына метрологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
5) айлық кестенi, позициялық кестенi алған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде Тұтынушының мұнай көлемдерiн және тасымалдау бағыттарын көрсете отырып, Тұтынушыға хабарлама жолдауға;
6) айлық кесте негiзiнде төлемге арналған тапсырмаларды ресiмдеудi жүргiзуге, оларды Тұтынушыға Шарттың 6-бөлiмiне сәйкес тасымалдау жөніндегі Қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшiн жолдауға;
7) Қызмет берушiнiң банктiк шотына төлемге арналған тапсырмаға сәйкес толық ақының түскен күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бағыттық тапсырманы шығаруды қамтамасыз етуге;
8) Тұтынушыға мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге тарифтердiң өзгерістерi туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей хабарлауға;
9) Тұтынушыға ТАК-тен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн MM жүйесi бойынша ТАК үшiн мұнайды қабылдаудың және жеткізудiң нақты көлемдерi туралы мәлiметтер беруге;
10) Тұтынушының мұнайды тасымалдауға арналған өтiнiмiн оның түскен күнiн мiндеттi түрде көрсете отырып уақтылы тiркеуге;
11) Тұтынушымен жасалатын көлiктiк экспедицияның жеке шарты негiзiнде таяу және/немесе алыс шет елдерге экспортталатын мұнайды жөнелтумен байланысты қызметтер кешенiн көрсетудi қамтамасыз етуге;
12) Шартқа қол қойылған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде Тұтынушыға Шарттың 8-тармағы 1) тармақшасында көрсетiлген өтiнiмдер нысанын ұсынуға мiндеттi.
4. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
7. Тұтынушының:
1) тиісті сападағы қызметтер көрсетуді алуға және Қызмет берушіден ұлттық стандарттарда және өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызметтерді ұсынған жағдайда қызметтер көрсету құнын қайта есептеуді талап етуге;
2) Қызмет берушiден ТАК-тен кейiнгi айдың 10-күнiне дейiн есептi ТАК iшiнде ММ жүйесi бойынша мұнайды қабылдаудың және жеткізудiң нақты көлемдерi туралы мәлiметтер алуға;
3) Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы Шарттың 8-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн, оларды берген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде олардың түпнұсқаларын ұсынған жағдайда беруге;
4) Қызмет берушiде мұндай қосымша көлемдердi тасымалдаудың техникалық мүмкiндiктерi болуы жағдайында мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiнен асатын мұнайдың қосымша көлемiн тапсыруды және тасымалдауды мәлiмдеуге құқығы бар.
8. Тұтынушы:
1) Қызмет берушiге мыналарды жолдауға:
а) ТЖК алдындағы жылдың 1 қыркүйегiне дейiн - алдын ала; ТЖК алдындағы жылдың 1 қарашасына дейiн - нақтыланған нысан бойынша: Шарттың 4-тармағына сәйкес мұнайдың мiндеттi ең aз жылдық көлемiн қoca алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды жоспарланатын тоқсандық көлемге бөле отырып, MM жүйесi бойынша мұнай тасымалдаудың жоспарланатын көлемдерi туралы жылдық өтiнiмдi. Жоспарланатын ТЖК-ге арналған нақтыланған жылдық өтiнiм мәлiмделген көлемдердi жылдық Кестеге қосу үшiн негiз болып табылады;
б) келесi тоқсан басталғанға дейiн қырық бес күнтiзбелiк мерзiм бұрын Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн қоса алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды жоспарланатын айлық көлемге бөле отырып, ММ жүйесi бойынша мұнай тасымалдаудың жоспарланатын көлемдерi туралы тоқсандық өтiнiмдi;
в) ТАК алдындағы айдың 10-күнiнен кешiктiрмей мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн қоса алғанда, Қызмет берушi белгiлеген нысан бойынша мұнайды ММ жүйесi не тапсыруға және оны тасымалдауға арналған айлық өтiнiмдi. Осы мерзiмде ұсынылған айлық өтiнiмдер «бастапқы айлық өтiнiмдер» (бұдан әрi - БАӨ) деп аталады. ТАК-ке тасымалдауға осы тармақта көрсетiлген мерзiмнен кеш ұсынылған барлық айлық өтiнiмдер «қайталама айлық өтiнiмдер» (бұдан әрi - ҚАӨ) ретiнде қаралатын болады. ҚАӨ ММ жүйесiнiң техникалық мүмкiндiгiнiң болуы жағдайында бекітілген айлық кестені толықтыру үшін ғана пайдаланылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттік органы айлық кестенi бекiткеннен кейiн Тұтынушының айлық кестеде көрсетiлген мұнай жеткізуi көлемiн азайту мақсатындағы Тұтынушының өтiнiмдердi енгізуiне жол берiлмейдi;
2) Шартты қолданудың бүкiл мерзiмi iшiнде тиiстi негiзде бекітілген Кecтeдe көрсетілген мұнайдың көлемiн MM жүйесiне беругe;
3) Қазақстан Республикасының iшкi рыногына мұнайды тасымалдау кезiнде Шарттың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген хабарламаны жiберген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы мынадай құжаттар пакетiн тапсыруға:
а) Тұтынушының мұнайдың барлық аралық иелерiн және түпкi Тұтынушыны көрсете отырып, мұнайды өзiнiң ресурстарынан жеткізу туралы растамасын (хаттың бланктегi түпнұсқасы);
б) Қазақстан Республикасы МӨЗ-дiң түпкi Жүк алушыны көрсете отырып, мұнайды қабылдауға келісімi туралы растамасын;
4) мұнайды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге тасымалдау кезiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес өз бетiнше және өз есебiнен құжаттаманы ресiмдеуге және Қызмет берушiнiң мұнай көлемдерiн және оны тасымалдау бағыттарын көрсете отырып, хабарлама жiберген күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде Қызмет берушiге өзiнiң өкiлдерi арқылы мынадай құжаттар пакетiн:
а) мұнайды экспортқа темір жол көлiгiмен және Ақтау порты арқылы жеткiзген кезде:
мұнайды экспорттауға арналған уақытша жүк кеден декларациясының түпнұсқасын;
тауардың шығарылған жерi сертификатының көшiрмесiн;
б) мұнайды MM жүйесi бойынша экспорттау (импорттау) кезiнде:
мұнайды экспорттауға (импорттауға) арналған уақытша жүк кеден декларациясының түпнұсқасын (4-дана);
тауардың шығарылған жерi сертификатының көшiрмесiн;
Тұтынушының түпкi Жүк алушының бағытын көрсете отырып, мұнайды өзiнiң ресурстарынан жеткізу туралы растамасын (хаттың бланктегi түпнұсқасы) беругe құқылы;
5) ұсынылған қызметтер көрсетуге осы Шартта белгiленген тәртiппен және жағдайларда уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
6) Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттік органына және Қызмет берушiге кестеде бекіту үшiн берiлетiн тасымалдауға арналған жылдық (айлық) өтiнiмде Шарттың 4-тармағында көрсетiлген көлемнен төмен емес мұнайдың мiндеттi ең аз жылдық (айлық) көлемiн көрсетуге;
7) ММ жүйесiне алдыңғы ТАК үшiн мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемiн қосымша келесi ТАК-те тасымалдау үшiн мәлiмдеуге және беруге. Ауыспалы толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлем мiндеттi ең аз айлық көлемнен __% аспауға тиiс. Өтiнiмдердi түзетуге және Тұтынушының ММ жүйесiне мұнайдың қосымша көлемiн мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемi есебiнен беруге есептi тоқсанның шегiнде рұқсат етiледi;
8) БТ ресiмделгеннен кейiн мұнайды тасымалдауға жүк iлеспе құжаттарын қайтарып алмауға;
9) Қызмет берушi және Қазақстан Республикасының заңнамасы белгiлеген техникалық талаптарды орындауға;
10) Тұтынушының құрылтай құжаттарындағы және деректемелеріндегі барлық өзгерістер туралы тиiстi өзгерістер енгiзiлген күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде Қызмет берушiге хабарлауға мiндеттi.
5. Мұнайды көлемi мен сапасы бойынша
қабылдау және тапсыру тәртібі
9. Қызмет берушi мұнайды бағыттың соңында ТҚП-ға тасымалдау және тапсыру жөніндегі барлық қызметтер көрсетудi белгiленген техникалық талаптарға, Қызмет берушiнiң белгiленген тәртiппен келісілген және бекітілген нормативтiк-техникалық құжаттарына және Техникалық келісімге сәйкес жүpгізеді.
10. Тұтынушы мұнайды ММ жүйесiне бағыттың басында ТҚП-ға Шартта көзделген тәртiппен тапсырады.
11. Тұтынушының MM жүйесiне тапсырған барлық мұнай Қызмет берушiнiң жауапкершiлiкпен сақтауында болады. Мұнайды жауапкершiлiкпен сақтау үшiн тариф есептеу толық ТАК-те ММ жүйесiнде болған мынадай үлгiмен анықталатын мұнайдың бөлiнбеген қалдығынан (көлемiн құзыретті мемлекеттік орган бекiтетiн ұтқырлық, технологиялық қалдықтарды шегергенде) жүргiзiледi:
а) егер ТАК соңында мұнайдың бөлiнбеген қалдығы ТАК басындағы қалдықтан артық болған жағдайда, онда ТАК басындағы бөлiнбеген қалдық толық ТАК-те сақталған көлем болып саналады.
б) егер ТАК соңында мұнайдың бөлінбеген қалдығы ТАК басындағы қалдықтан аз болған жағдайда, онда көлем TAК соңындағы бөлінбеген қалдық толық ТАК-те сақталған көлем болып саналады.
12. Мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету БТ негізінде ММ жүйесіндегі мұнайдың технологиялық жүк ағыны схемасына сәйкес бағыттар бойынша жүргізіледі.
13. Қызмет беруші мұнайды Жүк алушыға беруші бағыттың соңында ТКП-ға сапа паспорттарын және қабылдау-тапсыру актілерін ресімдей отырып мынадай тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының МӨЗ-іне жеткізу кезінде - мұнайды жеткізу жүзеге асырылатын MӨЗ өкіліне;
2) Кеңқияқ-Орск мұнай құбыры арқылы жеткізу кезінде «Орскмұнайоргсинтез» ААҚ өкіліне немесе оның «Орск» ТҚП-дағы құқықтық мұрагеріне;
3) Ақтау порты арқылы мұнайды тиеу кезінде - Жүк алушыға;
4) мұнайды темір жол мұнай құю (құйып алу) эстакадаларында және мұнайды құюдың (құйып алудың) автомобиль пункттерінде тиеу кезінде жүк алушыға;
5) Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры арқылы жақын және алыс шет елдер бағытына және Ресей Федерациясының МӨЗ-iне жеткізу кезiнде «Привольжские магистральные нефтепроводы» ААҚ өкіліне немесе оның «Самара» TҚП-дағы құқықтық мұрагеріне ресiмдеп жүзеге асырады (Тараптар мұнайды тасымалдау бағыттарына байланысты осы тармақты басқа ережелермен толықтыруға құқылы).
14. Жүк алушыға бағыттың соңында ТҚП-де тапсырылған мұнайдың таза салмағы бойынша іс жүзіндегі мөлшерi Тұтынушыдан бағыттың басында ТҚП-де қабылданған мөлшерден қолданыстағы табиғи кему нормаларына сәйкес есептелген мұнайдың ысырап көлемiнен аз болуы тиіс.
15. Тұтынушы негізгі схема бойынша мұнайдың мөлшерi мен сапасын өлшеу құралдарының жұмысын реттейiн нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарын сақтамаған кезде мұнайдың мөлшерi мен сапасын анықтау жөніндегі pәcімдep бекітілген резервтік схемалар бойынша жүргізіледі.
16. Тасымалданатын мұнай көлемiне меншiк құқығы бағыттың барлық өн бойында бағыттың басында ТҚП-де MM жүйесiне тапсырғаннан бастап оны бағыттың соңында ТҚП-де Жүк алушы қабылданға дейін Тұтынушыда болады.
6. Тұтынушы тапсыратын мұнайдың сапасы
17. ММ жүйесi бойынша жеткізу үшiн мұнайдың сапасы мынадай
талаптарға сәйкес болуы тиіс _____________________________________.
18. Қазақстан Республикасының iшкi рыногына жеткізу үшiн мұнайдың сапасы мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс _____________.
19. Мұнайда бос газдың және хлорорганикалық қоспалардың болуына жол берiлмейдi. Шарттың 17, 18-тармақтарында көрсетiлген талаптарға сапасы бойынша сәйкес келмейтiн мұнай ММ жүйесiне қабылданбайды.
20. Тұтынушы және Қызмет берушi Техникалық келісімге сәйкес мұнайды дайындау дәрежесiн және сапасын бiрге бақылайды.
7. Мұнайды тасымалдау кезiнде құжаттарды ресiмдеу тәртібі
21. Мұнайды БТ негiзiнде қабылдау және тапсыру (бағыттың басында және соңында ТҚП-де) Қызмет берушiнiң мұнайды ММ жүйесi бойынша тасымалдау кезiнде есепке алу жөніндегі талаптарына сәйкес мынадай актiлермен ресiмделедi:
1) ММ негiзiнде бағыттың басында ТҚП-де ресiмделген мұнайды қабылдау-тапсыру актісi мұнайды ММ жүйесiне тасымалдау үшiн қабылдаудың растамасы болып табылады;
2) бағыттың соңында ТҚП-де ресiмделген мұнайды қабылдау-тапсыру актiсi Қызмет берушiнiң Шартқа сәйкес мұнайды тасымалдау жөніндегі мiндеттемелерiн орындағанын растайды.
22. Тұтынушы MM жүйесінде жауапкершілікпен сақтаудағы мұнайды үшiншi тарапқа берген жағдайда Тұтынушы мiндеттi түрде Қызмет берушіге мұнайды қабылдау-тапсыру актiсiн келiсу үшiн ұсынады, бiр түпнұсқасы Қызмет берушiде қалады. Қызмет берушiмен мұнайды қабылдау-тапсыру актiсiн келiспеген жағдайда мұнайдың берiлген көлемiн ресiмдеу жүргізілмейді.
8. Ақы төлеу және есеп айырысу тәртібі
23. Мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге ақы төлеудi Тұтынушы төлем тапсырмасы және шот-фактура бойынша табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тарифтерге сәйкес Тұтынушыға оларды қойған күннен бастап бес банктiк күн iшiнде жүргiзедi. Тұтынушы төлем тапсырмасы бойынша ақы төлеудi 100% алдын-ала төлеу тәртібімен жүргiзедi.
Тұтынушы тасымалдауға жататын, брутто-тонна салмағы бойынша мұнай көлемi үшiн қызметтер көрсетуге ақы төлеудi жүргiзедi.
24. Төлем тапсырмасында және шот-фактурада көрсетiлген Қызмет берушiнiң банктiк шотына ақша iс жүзiнде есептелген күн Тұтынушының Қызметтер көрсетуге ақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін іс жүзінде орындаған күн деп танылады.
25. Tөлемді аударуға байланысты шығыстарды Тұтынушы көтереді.
26. Қызмет берушi Тұтынушыға Шарттың 6-тармағының 9) тармақшасына сәйкес мұнайды қабылдаудың және жеткізудің іс жүзіндегі көлем туралы мәлiметтер негізінде, бағыт соңында ТҚП-ға іс жүзінде тапсырылған мұнайдың брутто салмағын көрсете отырып, шот-фактураны көрсетеді.
27. Ақы төлеу ақша әрбiр төлем тапсырмасы және шот бойынша банк аударымдары арқылы аудару жолымен жеке жүргізіледі. Төлем тапсырмасында міндетті түрде ҚҚС сомасы, шарттың нөмірі, тасымалданатын мұнай мөлшерi, төлем тапсырмасының, шоттың нөмірі және олардың шығарылған күнi жеке жолмен көрсетiлуi тиіс.
28. Тұтынушы үшiн қызметтер көрсетуге үшінші тұлғалардың ақы төлеуі Қызмет берушінің алдын ала келісімімен жүргізіледі. Бұл ретте төлем құжатында 27-тармақта көрсетiлген мәліметтерден басқа, міндетті түрде Тұтынушының атауы көрсетіледі.
29. Әрбір тоқсан аяқталғаннан кейін Тараптар:
1) Шарт бойынша өткен тоқсанның өзара есеп айырысуларына;
2) Тұтынушының өткен тоқсандағы мұнайды жеткізу көлемiне салыстыру жүргізеді.
Мұндай салыстырулар Қызмет берушiде есепті тоқсан аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелік күннен кешіктiрмейтін мерзiмде жүргізіледі. Егер Тұтынушының уәкілетті өкілі есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30 күнiне дейiн салыстыруға келмесе, Қызмет берушi Тұтынушыға (факс арқылы) бiржақты қол қойылған актіні жiбередi, ал Тұтынушы оларды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларға қол қоюға не дәлелді қарсылық бiлдiруге және өзінің уәкілетті өкiлi арқылы бiр уақыттағы бағытпен факс арқылы көшірмелер жiберугe міндетті. Тұтынушы қол қойылған актілерді не жазбаша қарсылықтарын есептi тоқсаннан кейінгі екiншi айдың 10 күнiне дейін ұсынбаған жағдайда салыстыру аяқталды деп, ал оның нәтижелерi орындауға міндетті деп саналады.
9. Тараптардың жауапкершілігі
30. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісті орындалмағаны үшiн Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
31. Төлем тапсырмалары мен шоттары бойынша төлемінің мерзiмi өткені үшiн Тұтынушы Қызмет берушiге төлемнiң мерзiмi өткен күнiнiң іс жүзіндегі санын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төлем жүргiзiлген күнге белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы мөлшерiнде тұрақсыздық айыбын төлейдi.
32. Мұнайды ММ жүйесiне қабылдау сәтiнен бастап және оны Жүк алушыға ТҚП-ға берген сәтке дейiн тасымалдаудың соңғы бағытында Қызмет берушi оның сақталуына жауап бередi.
33. Осы Шарттың талаптарына сәйкес айып санкцияларын төлеу шот жiберiлген күннен бастап бес банктiк күн iшiнде жүргiзiледi.
34. Егер Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттік органы айлық (жылдық) кестеде Тұтынушының мәлiмделген мұнай көлемiн мiндеттi ең аз айлық (жылдық) көлемдерiнен кем бекiтсе, Тұтынушы мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемi үшiн жауапты болмайды, сондай-ақ Қызмет берушi де мұнайдың толық мәлiмделмеген және/немесе толық жеткiзiлмеген көлемiн ТАК iшiнде тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетпегенi үшiн жауапты болмайды.
35. Тұтынушы айлық кестенi орындамаған немесе орындаудан бас тартқан жағдайда және егер бұл жағдайлар Қызмет берушiнiң қайта айдау режимiнiң азаюына не мұнай құбырының кез келген учаскесiнiң тоқтауына әкеп соқтырса, Тұтынушы Қызмет берушiнiң талабы бойынша барлық жеткiзiлмеген көлем үшiн немесе Тұтынушы бас тартқан көлемге белгiленген тарифтiң 20% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
36. Егер Тұтынушы мұнайды бағытталған пунктiнде қабылдауды қамтамасыз етпеген және бұл жағдай Тұтынушының мұнай тасымалдау үшiн iске қосылған мұнай құбыры учаскесiнiң тоқтауына себеп болған жағдайда, ол Қызмет берушiнiң талабы бойынша мұнай партияларын тасымалдау бағытының басында ресiмделген әрбiр тонна үшiн (таза салмақ) ақы төлеу күнiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi - АЕК) 0,05% мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
37. Қызмет берушiнiң мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадасына олардың ақаулығынан, мұнайды құйып алу (мұнай құю) мүмкiндiгiн болдырмайтын ақаулы вагон-цистерналарын берген қажеттi iлеспе құжаттары жоқ болған, сондай-ақ мұнай құйып алу эстакадаларына бос вагон-цистерналарды берген жағдайда Тұтынушы Қызмет берушiге оның талабы бойынша әрбiр осындай вагон-цистерна үшiн 5 (бec) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
38. Қызмет берушiнiң мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадалары құйып алынған (құйылған) вагон-цистерналарды мезгiлсiз жинаумен байланысты Тұтынушының кiнәсiнен бос тұрып қалған жағдайда Тұтынушы Қызмет берушiге оның талабы бойынша мұнай құйып алу (мұнай құю) эстакадасының Тұтынушы мен Қызмет берушiнiң тиiстi филиалы арасында жасалатын Мұнайды қабылдау тәртібі туралы техникалық келісімде белгiленген нормативтiк уақыттан артық бос тұрып қалған әрбiр сағаты үшiн 30 (отыз) АЕК мөлшерiнде өсiм пұлын төлейдi.
39. 37, 38-тармақтарда көрсетiлген әрбiр жағдай бойынша Тараптардың өкiлдерi мен темір жол тасымалдаушының өкiлiмен тиiстi акт жасалады. Тұтынушының өкiлдерi оған осындай актiнi берген күннен бастап екi жұмыс күнiнiң iшiнде aктiге қол қоюдан бас тартқан жағдайда Қызмет берушiнiң уәкiлеттi өкiлi қол қойған актiнi Тұтынушы қабылдаған болып саналады.
40. Вагон-цистерналарды пайдалану жөніндегі құқығын белгiлейтiн iлеспе құжаттарынсыз вагон-цистерналарды берген кезде Қызмет берушiнiң өкiлдерi вагон-цистерналардың нөмiрiн тiркейдi.
Осы вагон-цистерналарды сол бiр пайдаланушылар iлеспе құжаттарды бұза отырып, бiр айдың iшiнде қайта берген кезде Тараптардың өкiлдерi тиiстi акт жасайды және осы Шарттың 37-бабына сәйкес айыппұл өндiрiп алады.
41. Егер Тұтынушы мұнайдың мiндеттi ең аз айлық көлемiн есептiк тоқсан iшiнде мәлiмдемеген және мәлiмделмеген көлемдi Шарттың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес өтемеген жағдайда, ол Қызмет берушiге тиiстi қызметтiң тариф ставкасына есептi тоқсан үшiн мәлiмделмеген мұнай көлемiн (таза салмағын) өндiру ретiнде айқындалатын мөлшерде айыппұл төлейдi.
42. Егер Тұтынушы (Қызмет берушi) есепті тоқсан iшiнде ММ жүйесiне мұнайдың мiндеттi ең аз үш айлық көлемiн (олар айлық кестелерде бекітілген жағдайда) тапсырмаған (қабылдамаған) және толық жеткiзiлмеген мұнай көлемiн Шарттың 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес өтемеген жағдайда, ол Қызмет берушiге (Тұтынушыға) тиiстi қызметтің тариф ставкасына есептi тоқсан үшiн толық жеткізілмеген (қабылданбаған) мұнай көлемiн (таза салмағын) өндiру ретiнде айқындалатын мөлшерде айыппұл төлейдi.
43. Тұтынушы Шарттың 8-тармағының 1) тармақшасында белгiленген өтiнiм беру мерзiмдерiн бұзған жағдайда, сондай-ақ өтiнiм Қызмет берушi белгілеген нысандарды бұзумен берілген жағдайда, Тұтынушы Қызмет берушiге 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.