6. Тапсырысшы жылу тұтынатын қондырғыларды өз бетiмен қосқан немесе оларды коммерциялық есептеу құралдарына дейiн қосқан кезде, Орындаушы акт жасайды және Тапсырысшыға берiлген жылу энергиясының көлемiне заңнамада белгіленген тәртiппен қайта есеп айырысу жүргiзедi.
Акт Орындаушы өкiлiнiң және тексерiлетiн Тапсырысшының немесе оның тұтынушысының, не олардың өкiлiнiң қолы болған көзде жарамды. Акт Тапсырысшы немесе оның тұтынушысы қол қоюдан бас тартқан кезде де, бiрақ оны Орындаушының комиссиясы және/немесе құрамында кем дегенде үш адамы бар кондоминиумдi басқаратын орган ресiмдеген жағдайда, жарамды деп есептеледi.
4. Жылу энергиясын есептеу
7. Орындаушының желiлерi бойынша берiлген және Тапсырысшы қабылдаған жылу энергиясының мөлшерi оны есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша іс жүзінде тұтыну туралы есептердің деректеріне сәйкес, ал олар болмаған немесе уақытша істен шыққан жағдайда, Орындаушы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының негізінде орындаған есеп айырысу жолымен айқындалады.
8. Қызметтерді босатуды есептеу тараптардың теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасында жүргізіледi. Есептеу құралдары тараптардың теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасынан тыс орнатылған кезде, бөлу шекарасынан құралдар орнатылған жерге дейiнгi учаскедегi ысыраптар желінің көрсетiлген учаскесi теңгерiмiнде тұрған иеленушіге жатқызылады және есеп айырысу жолымен айқындалады.
9. Тапсырысшының жылумен жабдықтау жүйесiн есептеу құралдарын орнатпастан уақытша пайдалануға Орындаушының рұқсатымен жол беріледі. Мұндай жағдайда қызметтердiң көлемi есеп айырысу жолымен белгіленеді.
10. Жабдықтың және инженерлiк желілердің техникалық жай-күйiне, сондай-ақ жылу энергиясын есептеу құралдарының сақталуына жауапкершілік оның меншiк иесiне жүктеледі және теңгерiмдiк тиесіліліктiң шекарасы бойынша айқындалады.
11. Тараптардың есептеу құралдары тексерiлуi және оларға пломба салынуы тиiс. Тараптар көрсеткiштердi алу, есептеу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында бір-бiрiне тәулiктің жұмыс сағаттары iшiнде есептеу құралдарына қол жеткізудi ұсынуға тиiс.
12. Есептеу құралдарын белгiсiз адамдар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, егер Шартта өзгеше көзделмесе, оның сақталуына жауапты адам отыз күн мерзiм iшiнде, есептеу құралдарын қалпына келтiруге мiндеттi. Есептеу құралдарын қалпына келтiру сәтiне дейiн Тапсырысшы оны жылу желісіне қосуды талап етуге құқылы.
13. Орындаушы Шартқа сәйкес Тапсырысшыға жылу энергиясын берудi және/немесе бөлудi қамтамасыз етуге және берілетін жылу тасушы өлшемдерінің шарттасылғаннан +/- 5%-тен аспайтын ауытқуға жол бермеуге міндетті.
14. Тараптар олардың теңгеріміндегі коммерциялық есептеу құралдарына өз есебiнен тиiстi метрологиялық стандарттарда көзделген мерзiмдерде метрологиялық тексерулер жүргiзедi.
Тараптар талап ететiн тараптың есебiнен жүргiзiлетiн қосымша тексерулер жүргізудi талап етуi мүмкiн.
5. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
15. Тапсырысшының:
1) осы Шартпен белгiленген көлемде және мерзiмдерде белгiленген сападағы қызметтердi алуға;
2) үзiлiстер және оның стандарттық өлшемдерiне сәйкес келмейтiн жылу энергиясын жеткізбеген немесе жеткiзген уақыт iшiнде қызметтерге ақы төлеу бойынша есеп айырысуды жасалған Шарттың талаптарына сәйкес талап етуге;
3) Орындаушыдан тарифтердiң (бағалардың, алым ставкаларының) өзгергенi туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
4) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелердi шешу үшін сот органдарына шағымдануға;
5) Орындаушы iс жүзiнде ұсынған қызметтер үшін ақы төленуi шартымен 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей Орындаушыны жазбаша хабардар ете отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар. Бұл ретте, жылыту жүйесi көп пәтерлi үйдiң жалпы жылыту жүйесiнiң бөлiгі болып табылатын жеке үй-жайдың меншiк иесiнiң жылу энергиясын беруге және/немесе бөлуге арналған Шарттан бip жақты бас тартуына жол берiлмейдi.
16. Тапсырысшы:
1) Орындаушы ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге Шарттың талаптарына сәйкес уақтылы ақы төлеуге;
2) жылумен жабдықтау жүйелерінің тиiсiнше техникалық жай-күйiн лайықты дәрежеде ұстауға;
3) Орындаушыны есептеу құралдарының iстен шыққаны немесе режимнiң және жұмыс талаптарының бұзылғаны туралы жедел жазбаша хабардар етуге, олай болмаған жағдайда, есептеу құралдары тиiстi құжаттармен расталған оларды соңғы рет тексерген сәттен бастап iстен шықты деп саналады;
4) Орындаушының персоналына желілердiң, құралдар мен жабдықтардың техникалық жай-күйi мен қауiпсiздiгiне бақылауды жүзеге асыру үшiн жылу энергиясын есептеу құралдарына және жылу тұтыну қондырғыларына кедергiсiз қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;
5) Шарт бұзылған жағдайда, есеп айырысуларға салыстыру жасауға және Орындаушы iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге арналған борышты өтеуге мiндетті.
17. Орындаушының:
1) осы Шарттың 5-тармағында көзделген жағдайларда Шарттың орындалуын бiржақты тәртiппен тоқтатуға;
2) шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де әрекеттердi жасауға құқығы бар.
18. Орындаушы:
1) жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтердiң барлық тұтынушылары үшiн бiрдей жағдайлар ұсынуға;
2) жылу желілерінің теңгерiмдiк тиесілілікті бөлу шекарасында осы Шартта берiлген жылу энергиясының өлшемдерiн ұстауға;
3) Тапсырысшымен жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтердi ұсынуға шарт жасасуға;
4) Тапсырысшыға тиiстi сападағы жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтердi Шарттың талаптарымен айқындалған тәртіппен және мерзiмдерде ұсынуға;
5) Тапсырысшыға жеткiзілетін жылу энергиясының сапасы мен санына есеп және бақылау жүргiзуге, жылу энергиясы сапасының бұзушылықтарының алдын алу және жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
6) Тапсырысшы жылу энергиясы сапасының төмендегенi туралы өтінішті берген күннен бастап үш күн iшiнде сапаны қалпына келтiру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есеп айырысуды орындауға;
7) реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі көрсетілетiн қызметтер үшiн төлемдi өндiріп алуға;
8) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа, жылу энергиясын беруде және/немесе бөлуде үзiлiстерге жол бермеуге мiндеттi.
6. Тараптарға қойылатын талаптар
19. Тапсырысшыға:
1) iшкi кварталдық желiлердi, инженерлiк жабдықты және құрылғыларды қайта жабдықтауға, Орындаушының келісімiнсiз реттегіш және бiтеме арматураны, сондай-ақ қауiпсiз пайдалану талаптарына және нормативтiк құжаттармен белгiленген басқа да талаптарға жауап бермейтiн жабдықты орнатуға, қосуға және пайдалануға;
2) қолда бар жылу энергиясын есептеу схемасын бұзуға;
3) жылыту жүйелеріндегі жылу тасушыны тура мақсатында пайдаланбауға тыйым салынады.
20. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
7. Есеп айырысу тәртібі
21. Орындаушының жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерiне ақы төлеудi Тапсырысшы реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзедi.
22. Тариф өзгерген жағдайда, Орындаушы бұл туралы Тапсырысшыны бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ол қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей хабардар етедi.
23. Орындаушы iс жүзiнде ұсынған жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге ақы төлеудi Тапсырысшы есептеу құралдарының көрсеткiштерiне сәйкес есеп айырысудан кейiнгi айдың 20 күнінен кешіктiрмей жүргiзедi.
24. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, бiрiншi кезекте төлем осы берешектi өтеуге жiберіледі. Тапсырысшы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзіндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келісімi бойынша Орындаушының алдындағы Тапсырысшының өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тапсырысшы Орындаушының келесi есеп айырысу кезеңіндегі қызметтерiнен бас тартса, Тапсырысшының Орындаушының алдындағы (егер осындай болса) өзге мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеуге жұмсалған сомаларды қоспағанда, артық төленген сома қайтарылады.
25. Егер бақылау-өлшеу құралдары ақаулығының нәтижесiнде және басқа жағдайларда шоттарға түзету енгізу қажет болған жағдайда Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
26. Шот-фактурада көрсетілген деректемелер бойынша Орындаушының ағымдағы шотына ақша есептеу Орындаушының жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерiне ақы төлеу бойынша Тапсырысшының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.
27. Тараптардың келісімi бойынша жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтерге ақы төлеудiң Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәртібі мен нысаны белгiленуi мүмкiн.
8. Тараптардың жауапкершiлiгi
28. Осы Шарт бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн, Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
29. Ол бойынша ақы төлеу мерзiмi басталған сәтiне шотты төлемегенi үшін (Шарттың 32-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда), Тапсырысшы төленбеген сомалар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еседен астам мөлшерiнде Тапсырысшының ақша мiндеттемелерiн iс жүзiнде орындаған күнiне төлемнiң мерзiмi өткен әрбiр күнi үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлеуге құқылы.
Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шарт жасасу кезiнде жүргiзіледi. Егер тараптардың келісімiмен өзгеше ескертілмесе, есеп айырысу кезеңнен кейiнгi айдың бiрiнші күнi тұрақсыздық айыбын есептеу мерзiмiнiң басы болып табылады.
30. Егер Орындаушының Тапсырысшыға қызмет ұсынуы мүмкiн болмауы Орындаушымен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен болса, Тапсырысшы алдында Орындаушы жауапты болады.
31. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелердi орындаудан босатпайды.
9. Форс-мажорлық жағдаяттар
32. Тараптар Шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш жағдайларының салдарынан болған жағдаяттар болса, жауапкершіліктен босатылады. Мұндай жағдайда тараптардың бір де біреуі залалдардың орнын толтыруға құқығы жоқ. Тараптардың кез келгенінің талабы бойынша мұндай жағдайда өзара міндеттемелердің атқарылуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте, тараптардың бір де біреуі Шарт бойынша еңсерілмес күші жағдаяттары болғанға дейін туындаған міндеттемелерден босатылмайды.
33. Егер Тараптардың біреуі еңсерiлмес күштiң жағдаяттары болған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күн ішінде өзiнiң Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындай алмайтындай жағдайда қалса, екiншi тарап Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны жолдай отырып, Шартты бұзуға құқылы.
10. Жалпы ережелер және дауларды шешу
34. Жылу энергиясын беру және/немесе бөлу жөніндегі қызметтер көрсету шартын тараптар жеке тәртiппен жасасады.
35. Шарттың қандай да бiр ережесi бойынша немесе тұтастай немесе қандай да бiр мәселелерге немесе Шарттың ережелерiне қатысты әрекетке байланысты туындаған қандай да бiр дау немесе келiспеушілiк жағдайында тараптардың кез келгенi екiншi тарапқа даудың мәнiн толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
Тараптар туындаған дауларды келiссөздер жолымен реттеу бойынша қажетті барлық күш-жiгерiн жұмсауы тиiс.
36. Келісімге қол жеткiзiлмеген жағдайда, Шарт бойынша барлық даулар мен келiспеушiлiктер сот тәртібімен шешiледi.
37. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
38. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
Шарт мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында тiркеледi және тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзiледi.
11. Шарттың қолданылу мерзiмi
39. Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енедi және
200_ жылғы»__»____________________________ дейiн қолданылады.
40. Шартың қолданылу мерзімі, егер Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін отыз күн бұрын тараптардың біреуі бұл туралы мәлімдесе, жылу энергиясын беру және/немесе бөлу көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бір мерзімге ұзартылады және Шартқа қосымша келісіммен ресiмделедi.
12. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы:___________ | Тапсырысшы:______________ |
ҚР Үкіметінің 2005.27.10. № 1080 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2007.22.08 № 727 қаулысымен Тақырыбы және мәтін бойынша «телефон трафигін (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық, ұялы операторлардың желісінен (-не)» деген сөздер «қосатын байланыс операторларының телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының (жергілікті, аймақішілік, қалааралық, халықаралық) желісінен (-не), ұялы операторлардың, ІР-телофония (Интернет-телефония) операторларының желісіне (-не)» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара ); ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен үлгі шарт өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Табиғи монополия субъектісінің жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне
қосу және телефон трафигін өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуіне арналған
үлгі шарт
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
_____________________________________________________________________________________________________________
(шарттың жасалған орны)
_____________________________________________________________________________________________________________
(субъектінің атауы)
______________________________________________________________________________________________________ атынан
(лауазымы, Т.А.Ә.)
_________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
бұдан әрі Қосылатын байланыс операторы деп аталатын бір тараптан және
_____________________________________________________________________________________________________________
(субъектінің атауы)
_______________________________________________________________________________________________________ атынан
(лауазымы, Т.А.Ә.)
_________ негізінде әрекет ететін бұдан әрі Қосылатын байланыс операторы деп аталатын екінші тараптан (бұдан әрі - Тараптар) төмендегілер туралы осы Табиғи монополия субъектісінің жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне қосу және трафикті өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуіне арналған үлгі шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәні
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара ); ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесінің 10-тармағында көзделген, қосу және телефон трафигін өткізу қызметтерін көрсеткен кезде Қосатын және Қосылатын байланыс операторларының өзара іс-қимылын айқындайды.
2. Тараптардың желiлерiн қосу шарттары
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қосылатын байланыс операторының желісін Қосатын байланыс операторының желісіне қосу деңгейлері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3. Тараптардың желілерiн қосу пункттерi, терiм форматы, дабылнамасы Қосылатын байланыс операторына Қосатын байланыс операторы берген жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желісіне (бұдан әрi - ЖПТЖ) қосуға арналған техникалық шарттарда көрсетiлген.
4. Тараптар желілерiнiң технологиялық жағынан ұштасқан жабдығы Тараптардың әрқайсысының белгiленген тәртібіне сәйкес екi Тараптың өкiлдерi үшiн қол жетiмдi болады.
5. Қосудың қосымша пункттерiн ұйымдастыру қажет болған кезде, Қосылатын байланыс операторы Қосатын байланыс операторына жазбаша өтінiм бередi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен қосуға арналған техникалық шарттарды орындайды.
6. Қосылатын байланыс операторы кемiнде 4 (төрт) ай бұрын Қосатын байланыс операторын Тараптардың желiлерiн қосуды жаңғыртуға қажеттi қосылатын және қосатын желілердiң әр түрлi элементтерiнiң сыйымдылығын кеңейту туралы жазбаша түрде хабардар етедi.
Уағдаластық бойынша желi сыйымдылығын кеңейту жөніндегі жұмыстарды, жұмсалған шығындардың бөлiгiн кейiннен екiншi Тарап өтей отырып, Тараптардың бiрi орындауы мүмкiн.
Тараптар Шарт бойынша өз желісін пайдаланушыларға да, екiншi Tapaптың пайдаланушыларына да техникалық және пайдалану параметрлерiне сәйкес сапасы мен оларды ұсыну уақтылығы бойынша тең мәндi қызметтердi ұсынады.
3. Телефон трафигін өткізу
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 7- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара ); ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Тараптар өздерінің желілері арқылы IP-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізеді.
8. Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасында телефон трафигінің әрбiр түрi үшін белгiленген тарифтеу бiрлiктерiнде жүргiзiледi.
Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу шақырылатын терминал (телефон аппараты, автожауап қайтарушы, факсимильдi аппарат, модем және т.б.) нөмiрiнiң «абоненттің жауабы» деген дабылы түскен сәттен басталады.
Желiаралық телефон қосылыстарының ұзақтығын есептеу абоненттердiң кез келген екi терминалынан (телефон аппаратынан, автожауап қайтарушыдан, факсимильдi аппараттан, модемнен және т.б.) «тоқтату» деген дабыл алынғаннан кейiн аяқталады.
Қосылыстардың жалпы сомасының есеп айырысулары заңнамада белгiленген қосылыстар тарифтеуінің бiрлiктерiнде әрбiр қосылыс ұзақтығының сомасына (егер ондай болмаса, онда Тараптардың қосымша келісімi бойынша) негізделедi, мұнда әрбiр толық емес аралық үлкен жағына қарай толғанға дейiн дөңгелектенедi.
9. Тараптар трафиктiң есебiн, шот-фактураларды ұсынуды және өздерінің желiлерiн пайдаланушылардан төлем жинауды дербес жүзеге асырады.
10. ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Тараптардың екiншi Тараптың желісінен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған шұғыл қызметтердiң телефондарына телефон трафигін өз желiлерiнде шектеуге немесе тоқтатуға құқығы жоқ. Мұндай жағдайларда, телефон трафигiн өткiзгенi үшiн төлем алынбайды.
4. Тараптардың мiндеттемелерi
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Қосатын байланыс операторы:
1) Қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін Қосылатын байланыс операторының желісіне өз желісін қосуды пайдалануға.
2) Қосылатын байланыс операторының желісін Қосатын байланыс операторы берген қосуға арналған техникалық шарттарды толық көлемде орындағаннан кейiн техникалық мүмкiндiк болған кезде қосуды тестiлеудiң актіленген оң нәтижесi болған және осы Шартқа Тараптар қол қойған кезде 5 (бec) жұмыс күннен аспайтын мерзiмде өз желісіне қосуды жүргізуге;
3) Қосылатын байланыс операторына оның жазбаша өтінiмi бойынша Қосылатын байланыс операторы желісінiң жаңа қосылысына немесе қосу пункттерiн жаңғыртуға арналған техникалық шарттарды өтiнiм алынғаннан кейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде беруге;
4) Қосылатын байланыс операторының мүдделерiн қозғайтын телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн байланыс құралдарының авариялық бұзылулары болған кезде, оны бұл туралы жедел хабардар етуге, сондай-ақ байланысты қалпына келтiру жөнiндегі барлық шараларды қабылдауға;
5) Қосылатын байланыс операторының телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн жоспарлы жұмыстарды жүргiзген кезде оған бұл туралы жұмыстар басталғанға дейiн кемiнде 7 (жетi) күнтiзбелiк күн бұрын хабарлауға;
6) Қосылатын байланыс операторының жазбаша келісімiнсiз осы Шарт бойынша Тараптардың желiлерiн қосу схемасына өзгерістер енгiзбеуге;
7) Тараптардың желiлерiн қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдары кешенiн ажыратуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргізуге;
8) өзiнiң желісін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген стандарттар мен нормаларға сәйкес құруға, жабдықтауға, оған қызмет көрсетуге және пайдалануға. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электр байланысы одағының - телекоммуникация секторының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алуға;
9) нөмiрлеу мен кодтар, терiм қағидаттары өзгерген жағдайда, өзгерістер енгiзілгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде Қосылатын байланыс операторын хабардар етуге;
10) Шарт бойынша алынған қызметтерге ақы төлеудi уақтылы жүзеге асыруға мiндеттi.
ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13. Қосылатын байланыс операторы:
1) Тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз желісін телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін Қосатын байланыс операторының желісіне қосуды пайдалануға;
2) өзінің желісін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген стандарттар мен нормаларға сәйкес құруға, жабдықтауға, оған қызмет көрсетуге және пайдалануға. Олар болмаған жағдайда, Халықаралық электр байланысы одағының - телекоммуникация секторының стандарттары мен ұсынымдарын басшылыққа алуға;
3) телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде iркiлiс туғызуы мүмкiн Қосылатын байланыс операторының байланыс құралдарында, сондай-ақ Қосылатын байланыс операторының желiлерiне қосылған желiлерде авариялық iстен шыққан кезде, бұл туралы Қосатын байланыс операторын жедел хабардар етуге және байланысты тез арада қалпына келтiру жөніндегі барлық шараларды қабылдауға;
4) телекоммуникация қызметтерiн қамтамасыз етуде Қосатын байланыс операторының мүдделерiн қозғайтын iркiлiс туғызуы мүмкiн Қосылатын байланыс операторының желісінде, сондай-ақ оған қосылған желiлерде жоспарлы жұмыстар жүргiзген кезде, бұл туралы алғашқысына жұмыстар басталғанға дейiн кемiнде 7 (жетi) күнтізбелiк күн бұрын хабарлауға;
5) Қосылатын байланыс операторының желісін жаңғыртқан жағдайда, бұл туралы Қосатын байланыс операторына алдын ала кемiнде 4 (төрт) ай бұрын мерзiмде хабарлауға;
6) өзiнiң желісіне телекоммуникацияның басқа да желiлерiн қосуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізуге;
7) Тараптардың желiлерiн қосуды қамтамасыз ететiн техникалық байланыс құралдары кешенiн ажыратуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзуге;
8) нөмiрлеу мен кодтар, терiм қағидаттары өзгерген жағдайда, өзгерістер енгiзiлгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн iшiнде Қосатын байланыс операторын хабардар етуге;
9) Шарт бойынша алынған қызметтерге ақы төлеудi уақтылы жүзеге асыруға мiндетті.
5. Өзара есеп айырысулар тәртібі
14. Телефон трафигiн қосу және өткізу жөнiнде ұсынылған реттелмелi қызметтер үшiн тараптардың арасындағы есеп айырысулар байланыс саласындағы және табиғи монополия саласындағы және реттелетін нарықтардағы уәкiлетті орган бекiткен тарифтерге сәйкес жүргiзiледi.
Телефон трафигін қосу және өткізу жөніндегі реттелмелі қызметтерге арнап байланыс саласындағы және табиғи монополия саласындағы және реттелетін нарықтардағы уәкілетті орган бекіткен тарифтер болмаған кезде, өзара есеп айырысулар тараптардың келісімімен белгіленген тарифтер бойынша жүргізіледі.
Шарт бойынша ұсынылатын қызметтердiң құны Шартқа қосымша түрiнде ресiмделуi мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 22 тамыздағы № 727 қаулысымен 15 - тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара )
15. Телефон трафигін қосу және өткізу жөнiндегі қызметтерге арналған тарифтер немесе желiаралық телефон қосылыстары тарифтелуiнiң бiрлiктерi өзгерген жағдайда, Қосатын байланыс операторы Қосылатын байланыс операторын жаңа тарифтер (есеп айырысу ставкалары) енгізiлгенге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күн бұрын жазбаша түрде хабардар етедi.
16. Егер Қосылатын байланыс операторы өзгерген тарифтер бойынша қызметтердi пайдалануды жалғастыруға келісім бермесе, ол бұл туралы Қосатын байланыс операторын тарифтердiң өзгергенi туралы хабарламаны алған сәттен бастап 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етуге мiндетті. Мұндай жағдайда, Қосатын байланыс операторы жазбаша түрде хабарлама алғаннан кейiн немесе ол болмағанда 10 (он) күнтiзбелiк күн iшiнде шұғыл қызметтердiң телефондарына шығыс телефон трафигiн қоспағанда, Қосылатын байланыс операторының желісінен (-не) тиiстi телефон трафигін өткізудi тоқтатуға құқылы.