44. Қызмет берушi Шарттың 6-тармағының 5), 7) тармақшаларын орындамаған жағдайда, Қызмет берушi Тұтынушыға 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
45. Шарттың 8-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну мерзiмдерiн бұзғаны, сондай-ақ құжаттардың толық емес пакетiн ұсынғаны үшiн, Тұтынушы Қызмет берушiнiң талабы бойынша әрбiр бұзушылық жағдайлары үшiн 150 (бiр жүз елу) АЕК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
46. Магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау шарттарын уақтылы ресiмдемегенi және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттік органының кестелерiмен бекітілген мұнайды ММ жүйесiне қабылдаудан негiзсiз бас тартқаны үшiн Қызмет берушi Тұтынушыға 150 (бiр жүз елу) AEК мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
10. Форс-мажорлық мән-жайлар
47. Тараптар Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн, егер бұл еңсерiлмес күштiң мән-жайлары салдарынан болса, жауапкершiлiктен босатылады. Мұндай жағдайда Тараптардың бiр де бipeуi залалды өтеуге құқығы жоқ. Mұндай жағдайда Тараптардың кез келгенiнiң талабы бойынша өзара мiндеттемелердiң орындалуын анықтайтын комиссия құрылуы мүмкiн. Бұл ретте Тараптардың бiр де бiреуi Шарт бойынша еңсерiлмес күш мән-жайлары болғанға дейiн туындаған мiндеттемелерден босатылмайды.
48. Еңсерiлмес күш жағдайлары пайда болған жағдайда Тараптар олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде бұл туралы бiр бiрiне Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi ұйымы растаған форс-мажордың басталған күнiн нақтылайтын әрi сипаттайтын жазбаша хабарламаны беру не почтамен жiберу арқылы хабарлайды.
49. Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш мән-жайлары қолданылу мерзiмiне, бiрақ осындай мән-жайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi болған дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн.
50. Егер еңсерiлмес күш жағдайлары 3 және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа Тарапқа болжамды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күн бұрын алдын ала хабарлаған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.
11. Жалпы ережелер және дауларды шешу
51. Тараптар Шарттың талаптарын орындаған кезде Шарттың ережелерiн және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
52. Тараптар Шарттың талаптарын орындау кезiнде бiр бiрiнен алған кез-келген мәлiметтер мен ақпараттың құпияда сақтауға мiндеттi (Құпия ақпарат). Тараптар Шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде, сондай-ақ оның қолданысы аяқталғаннан кейiнгi бес жыл iшiнде Құпия ақпаратты қандай да бiр себеппен үшiншi тұлғаларға басқа Тараптың алдын ала жазбаша рұқсатынсыз бepмeугe мiндеттенедi.
53. Тараптардың бiрi құпия ақпаратты үшiншi Тұлғаға берген жағдайда (Шарттың талаптарын орындауға қатысатын Тараптардың қызметкерлерiн және заңды уәкiлеттi мемлекеттік органдарды қоспағанда) беретiн Тарап үшiншi тұлғалардың алынған ақпараттың құпиялылығының сақталуын Шарттың талаптарына ұқсас шарттарда олармен жазбаша мiндеттемеге қол қою жолымен қамтамасыз етуi тиiс.
Құпия ақпаратты ашқан Тарап бұл мiндеттеменi бұзған жағдайда екiншi Тарапқа құпиялылықты сақтамау нәтижесiнде келтiрiлген зиянның орнын толтырады.
54. Шарттың талаптарын орындау процесiнде туындаған Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктердi Тараптар келiссөздер жолымен шешедi.
Тараптар арасында келісімге қол жеткiзiлмеген жағдайда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген сот тәртібімен шешiледi.
55. Шарт 200_»___»_________ бастап күшiне енедi және 200_ жылғы»__»________ дейiн, ал орындалмаған мiндеттемелер бөлiгiнде олар толық орындалғанға дейiн қолданылады. Бұл ретте, Тұтынушы және Қызмет берушi мiндеттi түрде жыл сайын Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын Техникалық келісім жасасады.
56. Екi Тараптың бiрi қайта ұйымдастырылған жағдайда Шарт өзiнiң заңды күшiн жоймайды және ол бойынша барлық құқықтар мен мiндеттемелер олардың құқықтық мұрагерлерiне көшедi. Бұл ретте, Шарттың жаңа Тараптарының арасында тиiстi келісімге қол қоюы мiндеттi болады.
57. Тараптар Шартқа Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
58. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалған, екi Тараптың уәкiлеттi өкiлдерi қол қойған және Тараптардың мөрлерiмен бекітілген жағдайда ғана заңды болып табылады. Бұл ретте, Тараптар механикалық көшiру құралының көмегiмен уәкiлеттi тұлға қолының факсимильдiк көшiрмесiн пайдалануға жол бередi.
12. Қорытынды ережелер
59. Шарт Тараптардың әрқайсысына бiр данадан берiлетiн бiрдей заң күшi бар 2 түпнұсқалық данада жасалды.
60. Тараптардың Шарттан туындайтын қатынастары және олар реттемеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
61. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енеді.
13. Тараптардың деректемелері
Қызмет берушi: _______________ | | | Тұтынушы: _______________ |
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен үлгі шарт өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Аэронавигация қызметтерiн көрсетуге арналған үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы»___»___________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын _____________________________
(қызметтер көрсетудi ұсынатын
____________________________________________________________________
субъектiнiң атауы, құрылтайшы құжаттары)
_____________________________________________________________ атынан
(мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
(лауазымы, аты-жөнi)
әрi Тапсырысшы деп аталатын ______________________ негiзiнде әрекет
ететiн пайдаланушы ________________________________________________
(пайдаланушының деректемелерi, құрылтайшы құжаттары,
____________________________________________________________ екiншi
мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, берiлген күнi және берген орган)
тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi - Шарт)
жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Орындаушы Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде (ұшу бағытында және әуеайлақ маңайында) Тапсырысшының әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсету жөнiнде қызметтер көрсетуді ұсынады.
2. Тапсырысшы аэронавигациялық қызметтер көрсетуге Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ақы төлейдi.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
3. Орындаушы:
1) ұшулардың қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында техникалық, метеорологиялық және басқа себептер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әуе кемелерiнiң жол жүру бағыттарын өзгертуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын қызметтер көрсетуге арналған тарифтердi өзгертуге;
3) ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн уақтылы ақы алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
4. Орындаушы:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн Тапсырысшының мүдделерiне пайдалануды Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланудың қолданыстағы талаптарына сәйкес үйлестiрудi қамтамасыз етуге;
2) әуе кемелерiнiң (бұдан әрi - ӘК) ұшуын радиотехникалық қамтамасыз ету, электр-, радио байланыс құралдарын аэронавигациялық ақпарат құжаттарына сәйкес ұсынуға;
3) ұшу барысында ерекше жағдайлар туындаған кезде тиiстi қызметтердi авариялық хабарлауды қоса алғанда, әуе қозғалысын тiкелей басқаруды және ұшу барысында экипаждарға қажеттi көмек көрсетудi қамтамасыз етуге;
4) ұшу уақытында Тапсырысшыны метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
5) Тапсырысшының ӘК экипаждарын әуе қозғалысын басқару арналары арқылы түсетiн жедел аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуге;
6) авиациялық телеграф байланысы арналары арқылы ұшуларды тiкелей орындауға байланысты хабарларды беруге;
7) Тапсырысшымен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының авиация саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға;
8) Тапсырысшыны тарифтердің (алымдар ставкаларының) өзгеруі туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге
5. Тапсырысшы:
1) белгiленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
2) Орындаушыдан тарифтердiң (алымдар ставкаларының) өзгергенi туралы олар iске қосылғанға дейiн отыз күннен кешiктiрмей ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
6. Тапсырысшы:
1) Орындаушыға қажеттi жоспарларды және оған Қазақстан Республикасында ӘК қозғалысы туралы хабарлар табелiнiң талаптарына сәйкес ұшуларды орындауға арналған өзгерістер мен ұшуларды жоспарлау мәселелерiн реттейтiн басқа құжаттарды ұсынуға;
2) Орындаушыға ұшулар мен әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiне қатысты қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ұсынуға;
3) әуе көлiгiн пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндеттi.
3. Төлем тәртібі
7. ӘК-гe аэронавигациялық қызмет көрсеткенi үшiн қызметтер көрсетуге ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тарифтерге сәйкес жүргізіледі.
8. Орындаушы айына екi рет Тапсырысшыға ұдайы рейстердiң тiзiлiмiн қоса бере отырып шот ұсынады.
Ұдайы рейстерге қызмет көрсету жөнiнде ұсынылып отырған қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi ұсынылған шоттың негiзiнде, Тапсырысшы Орындаушының есеп шотына ақша қаражатын есептеу жолымен шотты алған күннен бастап он банктiк күн iшiнде жүргiзедi.
9. Тапсырысшының ӘК-лерiмен тапсырыс рейстерi орындалған кезде ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн ақы төлеу алдын ала төлем шартымен жүргізіледі.
10. Ұсынылған шоттарға келiспеген жағдайда, Орындаушы мен Тапсырысшы орындалған рейстердiң шоттарына және тiзiлiмдерiне нақтылау жүргiзедi.
Шоттарды қарау мен нақтылау мерзiмi бiр айдан аспауға тиiс. Шоттар мен тiзiлiмдер бойынша ақы төлеудi нақтылау осы шоттар бойынша ақы төлеу мерзiмiн тоқтата алмайды. Шоттар бойынша нақтыланған сомаларды Орындаушы Тапсырысшыға келесi шотты ұсынған кезде ескередi.
11. Орындаушының шоттарына ақы төлеу кезiнде ақша қаражатын аударуға байланысты шығыстарды Тапсырысшы жүктейдi.
4. Тараптардың жауапкершілiгi
12. Шартта көзделген мiндеттемелер орындалмаған немесе тиесiлi орындалмаған жағдайда, кiнәлi тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
13. Шартта көзделген ұсынылған қызметтер көрсету үшiн төлем мерзiмi өткен жағдайда, Тапсырысшы Орындаушыға осы сомаларды төлеу күнгi қолданыстағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 еседен аспайтын мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын төлейдi. Тұрақсыздық айыбының мөлшерiн белгiлеу Шартты жасаған кезде жүргiзiледi.
14. Тұрақсыздық айыбына ақы төлеу тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
5. Форс-мажорлық жағдайлар
15. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ осы Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және басқа жағдайлардың салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
16. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын тарап басқа тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы олар туындаған сәттен бастап он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша хабардар етуге мiндеттi.
17. Егер тараптардың бiреуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтiзбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
6. Өзге ережелер және дауларды шешу
18. Шартты бұзу және оның талаптарын өзгерту заңнамада көзделген негiздер мен тәртiп бойынша жүргізiледi.
Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тарап басқа тарапқа бұл туралы отыз күннен кешiктiрмей ескертуге тиiс.
19. Тараптардың арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен шешiледi.
20. Шартқа барлық өзгерістер, толықтырулар мен келісімдер жазбаша нысанда жасалады және Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
21. Тараптар бiрiн-бiрi орналасқан жерiнiң немесе нақты мекен-жайының өзгергенi туралы хабардар етуге мiндеттi.
7. Шарттың қолданылу мерзiмi
22. Шарт 200_жылғы»___»________ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi
және 200_жылғы»___»________ 24-00 сағатты қоса қолданылады.
23. Шарттың қолданылу мерзiмi тараптардың келісімi бойынша Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн отыз күн бұрын тараптардың бiреуiнiң мәлiмдеуi бойынша, аэронавигация қызметтер көрсетуiнiң көлемiн нақтылай отырып, белгiлi бiр мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
8. Тараптардың деректемелерi
Орындаушы: Тапсырысшы:
________________ ________________
________________ ________________
Телекоммуникациялар қызметтер көрсетуiн жергiлiктi желiлер торабын пайдаланып ұсынуға арналған үлгi шарт. ҚР Үкіметінің 2013.16.09. № 970 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен үлгі шарт өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Кейiннен порттан шығын жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге
мақсаттар үшiн теңiз портына кеменiң кіргенi үшiн (кеменің кiруi) теңiз
портының қызметтер көрсетуiне арналған
үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы «___»___________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын, ____________________________
____________________________________________________________________
(қызметтер көрсетудi ұсынатын субъектiнiң деректемелері)
атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
(лауазымы, аты-жөнi)
әрi Тапсырысшы деп аталатын _______________________________________
___________________________________________________________________
(субъектiнiң - қызметтер көрсетудi тұтынушының деректемелерi)
атынан ____________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________________________________
(лауазымы, аты-жөнi)
екiншi тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi -
Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәні
1. Орындаушы кейiннен порттан шығып жүк операцияларын жүргiзу және/немесе өзге мақсаттар үшiн теңiз портына кеменiң кiргенi үшiн (бұдан әрi - кеменiң кiруi) қызметтер көрсетедi, Тапсырысшы кеменiң кiргенi үшiн осы Шартта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде порттық алымдар төлейдi.
2. Осы Теңiз портының қызметтер көрсетуiн ұсынуға арналған шарт Тапсырысшымен жеке тәртiппен жасалады.
2. Есеп айырысулар тәртібі
3. Кеменiң кiргенi үшiн теңiз портының қызметтер көрсетуiне ақы төлеу табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекiткен тарифтер бойынша жүргізiледi.
4. Қызметтер көрсетуге ақы төлеудi Тапсырысшы кеме теңiз портынан шыққанға дейiн соманы алдын-ала төлеу шартымен жүргiзедi.
5. Кеме теңiз портынан шығардың алдында Тапсырысшы мен Орындаушы алдын-ала жүргізiлген төлем сомасы мен кеменiң кiргенi үшiн iс жүзiнде көрсетiлген қызметтер үшiн төленген соманың арасындағы айырманы айқындайды және шот жазылған күннен бастап үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей толық есеп айырысуды жүзеге асырады.
6. Тараптар арасындағы есеп айырысулар порт жазып берген шоттар негiзiнде жүзеге асырылады.
7. Егер Тапсырысшы ұсынылған шоттың дұрыстығына дауласса, ол Орындаушыны осы шотты алған күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде хабардар етедi және Орындаушыға қарсылықтарды баяндай отырып, жазбаша өтiнiш ұсынады. Бұл ретте Тапсырысшы жоғарыда көрсетiлген мерзiмдерде дауласпаған шоттың бөлігін төлеуге мiндетті.
8. Осы Шартта көзделген төлемдердiң мерзiмi өткен жағдайда, Тапсырысшы Орындаушыға Ұлттық Банк белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша төлем күнiн қоса алғанда, мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн берешек сомасынан тұрақсыздық айыбын төлейдi.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттерi
9. Орындаушы:
1) Тапсырысшының орындауы үшiн мiндеттi техникалық талаптарды белгілеуге;
2) ұсынылатын қызметтер көрсетуге уақтылы ақы алуға;
3) Тапсырысшының кiнәсiнен келтiрiлген зиянның орнын толтыруды талап етуге;
4) Тапсырысшы Шарттың талаптарын орындамаған кезде портқа (порттан) кеменiң кiруiне (шығуына) және Тапсырысшының кейiнгi кемелерiн айлаққа қоюға рұқсат етпеуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
10. Орындаушы:
1) Тапсырысшының теңiз портының қызметтер көрсетуiн тең пайдалануы құқығын қамтамасыз етуге;
2) портқа Тапсырысшымен келісілген кемелердi беру кестесiне сәйкес кемелердi порттың аумағына қабылдауды қамтамасыз етуге;
3) кемелердi жүктердi өңдеуге қою үшiн мамандандырылған айлақтарды ұсынуға;
4) Тапсырысшыны қызметтер көрсетуге арналған тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгізiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
5) Тапсырысшыны кемелердi қабылдауды уақытша тоқтатуға немесе шектеуге қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiм қолданысқа енгізiлгенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктірмей оның себептерi мен мерзiмдерiн көрсетiп хабардар етуге;
6) Тапсырысшы мен өзара қарым-қатынаста Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға мiндетті.
11. Тапсырысшы:
1) Шартқа сай белгіленген сапада қызметтер көрсетудi алуға;
2) Орындаушыдан тарифтердiң өзгерістерi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күннен кешiктірмей ақпарат алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
12. Тапсырысшы:
1) Орындаушымен келісілген кемелердi беру кестесiн Орындаушыға алдын-ала ұсынуға;
2) Орындаушымен келісілген кемелердi портқа беру кестесiнiң орындалуын қамтамасыз етуге;
3) Орындаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажеттi құжаттарды ұсынуға;
4) Орындаушыны келісілген кемелердi портқа беру кестесiн бұзушылықтар және кестенiң бұзылу себептерi туралы жедел хабардар етуге мiндеттi.
4. Тараптардың жауапкершілiгi және дауларды шешу
13. Тараптар Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк жүктейдi.
14. Шарттан туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер арқылы шешiледi. Егер тараптар келiссөздер жолымен өзара келісімге қол жеткiзе алмаса, онда даулар мен келiспеушiлiктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
5. Форс-мажорлық жағдайлар
15. Тараптар мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара орындамағаны үшiн, сондай-ақ осы Шарт бойынша оларды орындауды кiдiрткенi үшiн, егер мұндайлар еңсерiлмес күштiң (көздеуге немесе жоюға мүмкiн болмайтын зiлзала апаты немесе өзге де жағдайлар), сондай-ақ Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiсiнше орындамауға алып келетiн әскери iс-қимылдардың, ереуiлдердiң және т.т. салдарынан болып табылса, жауапкершiлiктен босатылады.
16. Еңсерiлмес күш жағдайларына сiлтеме жасайтын Тарап басқа Тарапқа осындай жағдайлардың туындағаны туралы және осындай жағдайлардың аяқталуы туралы 48 (қырық сегiз) сағат iшiнде хабардар етуге мiндетті.
17. Егер тараптардың бipeуi еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған сәттен бастап алпыс күнтізбелiк күннiң iшiнде Шарт бойынша өз мiндеттемелерiн орындай алмайтын жағдайда болса, басқа тараптың Шартты бұзуға құқығы 6ap.
6. Өзге ережелер
18. Шарттың талаптарын орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда, тарап бұл туралы басқа тарапқа отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жазбаша ескертуге тиiс.
19. Почта және банктiк деректемелерi өзгерген жағдайда, сондай-ақ басшы ауысқан кезде тарап бұл туралы басқа тарапқа көрсетiлген өзгерістер қолданысқа енгізiлген сәттен бастап бес күн iшiнде жазбаша хабарлауға мiндетті.
20. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күшi бар екi данада жасалады.
21. Тараптардың Шарттан туындайтын және олар реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
7. Шарттың қолданылу мерзiмi және қолданылуын
тоқтату тәртібі
22. Шарт 20_ жылғы»___»______ 00-00 сағаттан бастап күшiне енедi
және 20_ жылғы»___»______ 24-00 сағатты қоса, ал өзара есеп айырысулар
бөлiгінде оларды толық орындағанға дейiн қолданылады.
23. Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
24. Шарттың қолданылуы тараптардың келісімi бойынша Шартқа ажырамас қосымша ретiнде қосымша келісім жасасу жолымен не жаңа шарт жасасылып ұзартылуы мүмкiн.
8. Тараптардың заңды деректемелерi
Орындаушы: Тапсырысшы:
________________ ________________
________________ ________________
ҚР Үкіметінің 03.06.04 ж. № 616 қаулысымен қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 156 (бұр.ред.қара); 2009.03.03. № 237 (бұр.ред.қара) қаулыларымен үлгі шарт өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын
Теңiз портының тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу жөніндегі қызметтер
көрсетуiне арналған
үлгі шарт
_________________________ 200_ жылғы»___»__________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Орындаушы деп аталатын, ___________________________
____________________________________________________________ атынан
(қызметтер көрсетудi ұсынатын субъектiнiң деректемелері)
___________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн
___________________________________________ бip тараптан және бұдан
(лауазымы, аты-жөнi)
әрi Тапсырысшы деп аталатын _______________________________________
___________________________________________________________________
(субъектiнiң - қызметтер көрсетудi тұтынушының деректемелерi)
атынан ____________________________________________________________
негiзiнде әрекет ететiн ____________________________________ екiншi