пайдалану жауапкершiлiгiн бөлу шекарасы - Тараптардың келісімiмен белгiленетiн сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суларды бұру жүйелерiнiң элементтерiн пайдаланғаны үшiн мiндеттер (жауапкершiлiк) белгiсi бойынша сумен жабдықтау және (немесе) сарқынды суларды бұру (cy құбырлары және кәрiз желiлерi және олардағы құрылыстар) жүйелерiңiз элементтерiн бөлу сызығы. Осындай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершiлiгiнiң шекарасы теңгерiмдiк тиесiлiлiгiнiң шекарасы бойынша белгiленедi;
төлем құжаты - оның негiзiнде төлем жүргiзiлетiн Қызмет берушiнiң (есептеу құралдары көрсеткiштерiнiң негiзiнде жасалған шот, хабарлама, квитанция, ескерту шоты) құжаты;
Тұтынушы - шарттың негізiнде сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру қызметтерiн көрсетудi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
есептеу құралдарын тексеру - есептеу құралдарының жай-күйiн зерттеу, техникалық талаптарға сәйкес келетiндiгiн айқындау және растау және олардың көрсеткiштерiн жазып алу мақсатында Қызмет берушiнiң өкiлi орындайтын операциялар жиынтығы;
есептеу құралы - заңнамада белгiленген тәртiппен қолдануға рұқсат берiлген суды коммерциялық есептеуге арналған техникалық құрылғы;
есептi кезең - Тұтынушымен қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысатын айдың бiрiншi күнiнiң 00-00 сағатынан бастап соңғы күнiнiң 24-00 сағатына дейiнгi бiр күнтiзбелiк айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең;
уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Шарттың мәнi
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қызмет берушi Шарттың талаптарына сәйкес Тұтынушыға сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суды бұру жөніндегі қызметтер көрсетуге (бұдан әрi - қызметтер көрсету) мiндеттенедi, ал Тұтынушы ұсынылған қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.23.07. № 735 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Ұсынылатын қызметтер көрсетудің сипаттамалары мен берілетін судың сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитариялық-гигиеналық қағидалар мен нормаларға, ұлттық стандарттарға сәйкес болуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Шарт техникалық шарттарды орындау кезiнде сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру желiлерiне қосылған қажеттi жабдық Тұтынушыда болған кезде онымен жеке тәртiппен жасалады.
Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөніндегі өзiнiң өкiлдiгiн үшiншi тұлғаға беруге құқығы бар.
5. Қызметтер көрсету ұсыну режимi - тәулiк бойы.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Кондоминиум объектiлерiнiң су құбыры желісін пайдалану жауапкершiлiгiнiң бөлу шекарасы жеке тұрғын үй құрылысы объектiлерiнiң және заңды тұлғалардың ғимаратына кiрердегi соңғы ысырманың бөлушi фланецi - Қызмет берушiнiң су құбыры желiлерiне қосу орнындағы айдау-ажыратқыш арматураның соңғы фланецi болып табылады.
Кондоминиум объектілерiнің сарқынды суларды бұру жүйесіндегі пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы елдi мекеннiң сарқынды суларды бұру жүйелерiне қосылған жердегi құдық болып табылады.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Қызметтер көрсетудiң шарттары
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Қызметтер көрсетудi берудi тоқтата тұру:
1) авария жағдайы не азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қауiп төнген;
2) Қызмет берушiнiң желісіне өз бетiмен қосылған;
3) есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi екі айдың iшiнде қызметтер көрсету үшiн төлем жасалмаған;
4) Қызмет берушiнiң өкiлдерiн есептеу құралдарына бiрнеше рет жiбермей қойған;
5) труба құбырларына дезинфекция жүргiзу қажет болған жағдайларда;
6) нормативтiк құқықтық кесiмдермен және Тараптардың келісімiмен көзделген басқа да жағдайларда жүргiзiледi.
Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда Тұтынушы қызметтер көрсетудi берудi тоқтатқанға дейiн кемiнде бiр ай бұрын хабардар етiледi.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Шарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айтылған жағдайларда Тұтынушыны қосу туындаған бұзушылықтарды болдырмау және жою кезiнде жүргiзiледi.
Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшiн Тұтынушыға қызметтер ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейiн жүргiзiледi. Бiрнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейiн жүргiзiледi. Қосу құны монополияға қарсы аумақтық органмен келісіледi.
Қосқаны үшiн төлем өндiрiп алынбайды.
4. Қызметтер көрсетудiң құны мен оған ақы төлеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
9. Осы шарт бойынша ұсынылған қызметтер көрсетуге қабылданған ақы төлеу реттеушi орган бекiткен тарифтер бойынша жүргiзiледi.
Қызметтер көрсетудiң құны шарттың өзге талаптары сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды ескере отырып, қызметтер көрсетудi ұсыну жағдайларынан басқа жағдайларда, барлық тұтынушылар үшiн бiрдей белгiленедi.
10. Ақы төлеудi Тұтынушы нақты ұсынылған қызметтер көрсетудiң мөлшерi үшiн ай сайын төлем құжатының негізiнде, егер Тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, келесi есеп айырысу кезеңiнен кейiнгi айдың 25-күнiне дейiнгi мерзiмде жүргiзедi.
5. Қызметтер көрсетудi берудi және тұтынуды есепке алу
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 11-тармақ толықтырылды
11. Берiлген су мөлшерi жеке есептеу құралдарының көрсеткiштерi бойынша, жеке есептеу құралдары болмаған кезде нақты тұратын адамдар санына сәйкес деректердi бөле отырып, жалпы үйдiң есептеу құралының көрсеткiштерi бойынша, ал олар болмаған кезде осы елдi-мекен үшiн бекітілген су тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгiленедi.
Қызмет берушiмен есеп айырысу үшiн өрт сөндiру автоцистерналарына құюға пайдаланатын судың мөлшерi жолға шығатын техникамен өрт сөндiру депосы ғимараттарында ескерiлмейдi.
Жеке есептеу құралдары мен жалпы үйдiң есептеу құралы 100% болған кезде жалпы үйдiң есептеу құралының көрсеткiштерi мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткiштерiнiң арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес, өзге жағдайларда - тараптардың келісімi бойынша кондоминиум объектiсi меншiк иелерiнiң ақы төлеуiне жатады.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Тұтынушыдан бөлiнген су мөлшерi сарқынды суларды бұру жүйесiне:
1) ыстық сумен жабдықтау жүйесi жабық кезде, жергiлiктi су жылытқыш пайдаланылған жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне;
2) ыстық сумен жабдықтау жүйесi ашық кезде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесiнен келiп түскен жағдайда - берiлген суық су мөлшерiне ыстық сумен жабдықтауға берiлген судың мөлшерiн қосып тең қабылданады.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
13. Сарқынды суларды бұру жүйесiне құйылмайтын су сарқынды суларды бұру қызметтерiн көрсетуi үшiн ақы есептеу кезiнде есепке алынбайды.
Есепке алынбайтын судың көлемi технологиялық есеп айырысуларға сәйкес айқындалады.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Есептеу құралдарынсыз Тұтынушыны тiкелей қосуға Қызмет берушiнiң рұқсатымен уақытша жол берiледi. Мұндай жағдайда берiлген қызметтер көрсетудiң мөлшерiн Қызмет берушi есеп айырысу жолымен су тұтыну нормалары бойынша белгiлейдi.
15. Есепке алу Тұтынушының кiнәсiнен тыс уақытша бұзылған кезде қызметтер көрсеткенi үшiн есеп айырысу алдыңғы есептi кезеңнiң орташа тәулiктiк шығысы бойынша жүргiзiледi.
16. Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есептеу құралдарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледi. Қызмет берушi есептеу құралдарын арнайы бөлiнген үй-жайға орнатқан кезде олардың сақталуы үшін Қызмет берушi жауап бередi.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
17. Есептеу құралдарын белгiсiз бiр тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, оның сақталуына жауапты тұлға, егер Тараптардың келісімiнде өзгеше көзделмесе, бiр ай мерзiмде есептеу құралдарын қалпына келтiруге мiндеттi. Есептеу құралдарын қалпына келтiру сәтiне дейiн Қызмет беруші Тұтынушыны сумен жабдықтау желілерiне қосады.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Тұтынушыда суды есептеу сызбаларының бұзылу, басқару тораптарында және есептеу құралдарында пломбаларды жұлып алу және есептеу құралдарының көрсеткiштерiн бұрмалауға икемдi құралдар орнату фактілері анықталған жағдайда, Тұтынушыға осы фактiлер табылған күнге дейiнгi соңғы тексеру жүргiзiлген сәттен бастап суды пайдаланғаны үшiн қайта есептеу жүргізіледi, бiрақ құбырдың басқару торабына дейiн ол тәулiгiне 24 сағат жұмыс iстеп тұрған кезде толық өткізу қабiлеттілiгiнiң есебiнен екi айдан аспауға тиiс.
6. Тұтынушының құқықтары мен мiндеттерi
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2013.23.07. № 735 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді
18. Тұтынушы:
1) қызметтер көрсетудi белгiленген сапада, оның денсаулығына қауiпсiз, оның мүлкiне зиян келтiрмейтiн Шарттың талаптарына сәйкес мөлшерде алуға;
2) қажеттi көлемдегi сарқынды суды рұқсат етiлген жүктемелер шегiнде айдауға;
3) Қызмет берушiден қызметтер көрсетудi есептеу құралдарын орнатуды талап етуге;
4) Қызмет берушiнiң заңнамаға қайшы келетiн әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн уәкiлеттi органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасауға;
5) қызметтер көрсетуге арналған тариф жобасын талқылау жөнiнде өткiзiлетiн жария тыңдауларға қатысуға;
6) уақтылы төлем жасаған кезде оған қажеттi көлемде қызметтер көрсетудi пайдалануға;
7) Қызмет берушiден қызметтер көрсетудi тиiсiнше ұсына алмау салдарынан өмiрге, денсаулыққа және (немесе) мүлiкке келтiрiлген залалды толық көлемде өтеудi, сондай-ақ моральдық залалды өтеудi белгіленген тәртiппен талап етуге;
8) ұлттық стандарттарда және өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін қызметтер көрсетуді ұсынған жағдайда қызметтер көрсетудің құнын қайта есептеуді талап етуге;
9) ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
10) егер Қызмет берушi белгiленген тәртiппен шот қоймаса, алынған қызметтер көрсету үшiн ақы төлеудi жүргiзбеуге;
11) Қызмет берушiнi бұл туралы бiр айдан кешiктiрмей жазбаша хабарлама берген кезде ұсынылған қызметтер көрсетуге ақы төлеп, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.18.11 №1068 қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді
19. Тұтынушы:
1) берiлген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылған қызметтер көрсетуге уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Қызмет берушiге қызметтер көрсетудi пайдалану кезiнде туындаған сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылысының және есептеу құралдарынан жұмысындағы ақаулар туралы, ал сумен жабдықтау мен сарқынды суларды бұру жүйеciнің құрылысы бұзылған немесе ластайтын, улы заттарды авариялық тастау жағдайында - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергiлiктi органдарға, мемлекеттік өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметiне де дереу хабарлауға;
3) Қызмет берушi өкiлдерiнiң желiлердiң, құралдардың және жабдықтардың техникалық жай-күйiн және қауiпсiздiгiн бақылау үшiн есептеу құралдарына қол жеткізуiн қамтамасыз етуге;
4) қызметтер көрсетудi пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi жөніндегі талаптарды сақтауға мiндеттi;
5) оның басқаруындағы немесе қызмет көрсетуіндегі сумен жабдықтау және сарқынды суларды бұрудың пайдаланылатын жүйелерiнiң сақталуын, тиiстi техникалық жай-күйiн және қауiпсiздігін қамтамасыз етуге мiндетті.
7. Қызмет берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
20. Қызмет берушi:
1) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн уақтылы және толық көлемде ақы алуға;
2) ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3) реттеушi орган бекiткен тәртiппен тарифтердiң қолданыстағы кезеңiне барлық Тұтынушылар үшiн ұсынылатын қызметтер көрсету үшiн тарифтердi азайтуға;
4) сумен жабдықтау сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылысына техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу құралдарын тексеру мен тексерiстi ұйымдастыруға;
5) қызметтер көрсетудi тұтынуға және оған ақы төлеудi бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
21. Қызмет берушi:
1) Тұтынушыға Шарттың талаптарына сәйкес қызметтер көрсетудi уақтылы және үздiксiз ұсынуды қамтамасыз етуге;
2) ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Тұтынушыларға қызметтер көрсетудi есептеу құралдарын сатып алуға және орнатуға;
4) ұсынылатын қызметтер көрсетудiң сапасы мен мөлшерiне есеп жүргiзуге және оны бақылауға, қызметтер көрсетудi ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауға;
5) ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
6) Тұтынушымен қызметтер көрсетудi ұсынуға арналған шарт жасасуға;
7) Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер көрсетуге ақы төлеуге келесi есептi кезеңнен кейiнгi айдың 10 күнiне дейiнгi мерзiмде төлем құжатын ұсынуға;
8) Тұтынушыларды тарифтердiң өзгергенi туралы олар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн отыз күннен кешiктiрмей хабардар етуге;
9) Тұтынушының негiзделген талаптары бойынша 24 сағаттың ішiнде ұсынылатын қызметтердiң сапасы мен көлемiн қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолдануға;
10) Тұтынушының сумен жабдықтау мен сарқынды суларды бұру желiлерiн, есептеу құралдарын тексеру кезiнде, сондай-ақ есептеу құралдарының көрсеткіштерiн алған кезде қызметтiк куәлiктi көрсетуге;
11) алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде Тұтынушыға ауыз суды көлiк құралдарымен жеткiзiп беруге мiндеттi.
8. Тараптарды шектеу
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
22. Тұтынушыға:
1) Қызмет берушiмен келісімсiз үй iшіндегі желiлердi, сумен жабдықтау, сарқынды суларды бұру жүйелерi құрылыстары мен есептеу құралдарын қайта жабдықтауға;
2) қызметтер көрсетудiң қолда бар есептеу схемаларын бұзуға тыйым салынады;
23. Қызмет берушіге:
1) басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамауы себептерi бойынша Тұтынушыны қызметтер көрсетудi ұсынудан бас тартуға немесе қызметтер көрсетудi алудан шектеуге;
2) ұсынылған қызметтер көрсету үшiн peттeушi орган белгiлегеннен артық ақы алуға;
3) Тұтынушыдан қызметтер көрсетуге оларға төлемдер құжаттарын ұсынбай ай сайын ақы төлеудi, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтер үшiн алдын ала ақы төлеудi талап етуге тыйым салынады.
24. Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтiн не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын iс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.
9. Тараптардың жауапкершiлiгi
25. Жабдықтар мен инженерлiк желiлердi тиiсiнше ұстау үшiн жауапкершiлiк оның меншiк иесiне жүктеледi және теңгерiмдiк тиесiлiлiк бөлу шекаралары бойынша айқындалады.
26. Шартта көзделген мiндеттемелердi орындамаған немесе тиiстi орындамаған жағдайда, кiнәлi тарап екiншi тарапқа заңнамаға сәйкес келтiрiлген зиянның орнын толтырады.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
27. Ұсынылған қызметтер көрсеткенi үшiн төлемнiң мерзiмi өткен жағдайда Тұтынушы Шартқа сәйкес (30-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасынан аспайтын мөлшерде осы сомаларды төлейтiн күнде қолданылатын, әрбiр мерзiмi өткен күн үшiн, бiрақ негiзгi борыш сомасын негiзге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлейдi.
Тұрақсыздық айып мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргiзiледi. Тұрақсыздық айыбын есептеудiң басталу мерзiмi, егер Тараптардың келісімiмен өзгеше айтылмаған болса, келесi айдың 26 күнi болып табылады.
28. Егер Қызмет берушi үшiн Тұтынушыға Қызмет берушiмен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кiнәсiнен қызметтер көрсету ұсыну мүмкiн болмаса, Тұтынушы алдында Қызмет берушi жауап бередi.
29. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.
30. Құжатпен расталған ауыр материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соқтырған ауырған немесе жазатайым оқиға кезiнде Тараптардың келісімi бойынша Тұтынушыға оның жазбаша өтiнiшi бойынша өсiмпұл есептеу жөніндегі мерзiм ұзартылуы мүмкiн.
10. Форс-мажор мән-жайлары
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 31-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
31. Тараптардың бiр де бipeуi форс-мажор мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиiстi орындамауына әкеп соқтырған еңсерiлмес күш жағдайлары (табиғи апат немесе болжау немесе алдын алу мүмкiн емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери iс-қимылдар, ереуiлдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдында жауапты болмайды.
Еңсерiлмес күш жағдайлары туындаған кезде Қызмет берушi олар басталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бұл туралы Тұтынушыларға ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерi еңсерiлмес күш жағдайларының әрекет ету мерзiмiне, бiрақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауға кедергi келтiретiн дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкiн.
Егер еңсерiлмес күш жағдайы 3 және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжалды бұзу күнiне дейiн кемiнде жиырма күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргiзуге мiндеттенедi.
11. Жалпы ережелер және дауларды шешу
32. Тараптар өздерiнiң құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
33. Қызметтер көрсетудi ұсыну Шарты Тұтынушының белгiленген тәртiппен iс жүзiнде желiлерге бiрiншi қосу сәтiнен бастап күшiне енедi.
Егер тараптардың келісімiмен өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар үшiн Шарттың iс-әрекетi мерзiмсiз, ал мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес болып табылады.
34. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
35. ҚР Үкіметінің 24.08.04 ж. № 894 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
36. Тараптардың бiрi Шарт бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе бұзған кезде, екiншi тарап келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар қоя отырып, Шартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
37. Тараптардың арасындағы келісімге қол жетпеген кезде, даулар мен қайшылықтар сот тәртібімен шешiледi.
38. Шарт Тараптарда сақталатын және бiрдей заң күшi бар 2 данада жасалады.
39. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң аумақтық қазынашылық органдарында тiркеледi және ол тiркелген сәттен бастап қолданысқа енгiзедi.
40. Тараптардың келісімi бойынша Шарт үлгi Шарттың нормаларына қайшы келмейтiн басқа талаптармен толықтырылуы мүмкiн.
41. Шартта айтылмаған Тараптар арасындағы қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледi.
12. Тараптардың деректемелерi
ҚР Үкіметінің 23.04.04 ж. № 458 қаулысымен үлгі шартпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.07. № 735 Қаулысымен (бұр.ред.қара) үлгі шарт өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 28 қарашадағы
№ 1194 қаулысымен
бекітілген
Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді
ұсынуға арналған
үлгі шарт
_______________________ 200_ жылғы»___»_________
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрi Қызмет берушi деп аталатын, _______________________
(құжаттың атауы)
___________________________________________________________________
негiзiнде әрекет ететiн, мұнай тасымалдау бойынша табиғи монополия.
ның қызметтер көрсетуін (бұдан әрі - Қызметтер көрсету) ұсынатын
____________________________________________________________________
(қызметтер көрсетуді ұсынатын субъектінің атауы, құрылтай құжаттары,
____________________________________________________________ атынан
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, берілген күні мен берген орган)
__________________________________________________ бір тарапты және
(лауазымы, аты-жөнi)
бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын, ___________________________ атынан
(тұтынушының атауы)
________________________________________ екінші тараптан, бұдан әрі
(лауазымы, аты-жөнi)
Тараптар деп аталатындар мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шартта пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Шартта мынадай негізгi ұғымдар пайдаланылады:
Қызмет берушінің магистралды мұнай құбырларының жүйесі (бұдан әрі - ММ жүйесі) - мұнайды қабылдау пункттерінен оны жүкті алушыға беру пункттеріне дейiн тасымалдауды, көлiктiң басқа түрiне ауыстырып құюды немесе басқа сабақтас құбыр жүйелерiне берудi қамтамасыз ететiн жер асты, су асты, жер бетi және жер үстi құбырларынан, мұнайды қайта айдау станцияларынан, сорғы станцияларынан, резервуарлардан, мұнайды қабылдау, тапсыру, құйып алу, құю, жылыту, араластыру пункттерiнен және басқа да технологиялық объектiлерден тұратын бiрыңғай технологиялық жүйе;
тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсету - мұнайды қабылдау, қайта айдау, ауыстырып тиеу, құйып алу, құю, сақтау және араластыру жөніндегі қызметтер көрсету;
мұнайды тапсыру және қабылдау пунктi (бұдан әрi - ТҚП) мұнайды қабылдау және тапсыру жүргiзiлетiн, қабылдау-тапсыру құжаттары ресiмделетiн пункт;
жүктi алушы - Тұтынушы немесе Тұтынушы тасымалдау бағытының соңында ТҚП-ға мұнайды қабылдауға уәкiлеттiк берген тұлға;
мұнай - шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ, сондай-ақ шикi мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейiн және жанар тақтатастарын немесе шайырлы құмдарды өңдеуден кейiн алынған көмiрсутегi;
кесте - мұнайды Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу кестесi (жылдық, тоқсандық, айлық) және Қазақстан Республикасының құзыреттi мемлекеттік органы бекiткен экспорт;
позициялық кесте - белгiленген тәртiппен бекітілген және келісілген теңiз порттарындағы тоннажды беру және орналастыру кестесi;
төлемге тапсырма - мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуге алдын ала ақы төлеу құжаты;
бағыстық тапсырма (бұдан әрi - БТ) - Қызмет берушінiң өзiнiң филиалдарына қажеттi жүк iлеспе құжаттары, мұнайды тасымалдау бағыты, бағыт басында ТҚП-де ММ жүйесiне қабылданатын және бағыт соңында ТҚП-де Жүк алушыға тапсырылатын мұнай мөлшерi, иеленушi, мұнайды беру тәртібі және соңғы Жүк алушы көрсетiлген мұнай партиясын тасымалдау жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған тапсырмасы;