8) борттық және жердегi навигациялық құралдардың жұмысын, ұшақты жүргiзу дәлдiгiн және ұшақ жүргiзуге қызмет етудi бақылауды жүзеге асыруды;
9) борттық навигациялық компьютерлер деректерiнiң базасын алуды және жүктеудi, олардың жұмыс iстеу мерзiмдерiн бақылауды;
10) навигациялық ақпарат жинақтарына түзету енгізудi және олардың енгiзiлуiн бақылауды көздейдi.
80. Ұшуларды инженерлiк-авиациялық қамтамасыз ету:
1) авиациялық кемелердi белгiленген нормативтерге сәйкес жұмысқа жарамды күйiнде ұстауды;
2) авиациялық техниканың бұзылуын және iстен шығу себептерiн талдауды, олардың алдын алу iс-шараларын енгізудi;
3) жердегi авиациялық қызметтiң инженерлiк-техникалық құрамы мен авиация қызметкерлерiнiң әуе кемелерiнiң техникалық пайдалану ережелерiнiң сақтауын бақылауды;
4) әуе кемелерi мен қозғалтқыштарын ағымдағы және күрделi жөндеудi, әуе кемелерiн арнайы тексеру мен техникалық қызмет көрсетудi, ұшақ айналымын жоспарлауды;
5) авиациялық-техникалық дайындықты жүргiзудi, авиациялық техника мен жабдықтарды техникалық пайдалану мәселелерi бойынша авиация персоналының техникалық білімi мен практикалық дағдыларын жетiлдiрудi қамтиды.
81. Инженерлiк-техникалық құрамы жоқ әуеайлаққа және қону алаңдарына әуе кемелерiнiң ұшуларын орындау кезiнде әуе кемесiн тексерудi ҰПБ белгiленген көлемде әуе кемесiнiң экипажы орындайды. Кемшiлiктердi жою кезiнде iстелiнген жұмыстар мен тексеру нәтижелерi борттық журналға жазылады.
Әуеайлақта осы үлгiдегi әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетуге рұқсаты жоқ инженерлiк-техникалық құрамның адамдары болған жағдайда ұшып шығуға даярлықты олар экипаждың басшылығымен және бақылауымен ұйымдастырады.
82. Әуе кемесi ақаулығына және бұзылуына қарамастан, егер олар ұшудың қауiпсiздiгiне ықпал етпесе және арнайы тiзбемен (әуе кемелерiнiң РЛЭ немесе МЕL) көрсетiлген болса, ұшуға, оның iшiнде базалық әуежайға дейiн жiберiлуi мүмкiн. Көп қозғалтқышты әуе кемесiн бiр iстен шыққан қозғалтқышпен оны ауыстыру орнына айдап әкелу мүмкiндiгi туралы шешiмдi (егер осындай айдап әкелу ӘК кемелерiнiң РЛЭ ескерiлген болса) уәкiлеттi орган қабылдайды. Ұшуды орындауға арналған түпкiлiктi шешiмдi әуе кемесiнiң командирi қабылдайды.
83. Әуе кемесiнiң бортында планердiң, қозғалтқыштың формулярлары, агрегаттық паспорттары:
1) әуе кемесiн басқа пайдаланушыға беру үшiн немесе техникалық қызмет көрсетудiң мерзiмдi түрлерiн орындау үшiн айдап әкелген;
2) жөндеуге, қайта жабдықтауға немесе қайта жөндеуге айдап келген, тұрақты орналасқан жерiне қайтарған;
3) тұрған орнынан тыс жерде авиациялық арнайы жұмыстарды орындау үшiн айдап келген және тұрақты тұрған орнына қайтарған жағдайларда болуы тиiс.
84. Ұшуды әуеайлақтық қамтамасыз ету әуеайлақтың ұшу алаңдарын пайдалануға әрдайым дайын күйiнде күтiп ұстау жөнiндегі кешендi шараларды, оның iшiнде:
1) әуеайлақтың ұшу алаңдарын және қонудың радиомаяктық жүйесi аймақтарын ұшуды орындауға дайындауды;
2) жазғы уақытта жөндеу жұмыстарын жүргiзудi және ұшу алаңдарын күтiп ұстауды;
3) ұшу алаңдарын қыста күтіп ұстауды;
4) әуеайлақтық қамтамасыз ету тәртібін реттейтiн нормативтiк құжаттардың және Халықаралық азаматтық конвенцияға 14-қосымшаның талаптарына сәйкес басқа да жұмыстарды қамтиды.
85. Ұшу алаңын ұшуға дайындауға, оның жай-күйiн бақылау және уақытында жөндеуге, тiркелу коэффициентiн анықтауға, сондай-ақ әуеайлақтың жарамдылығы туралы шешiм қабылдауға, әуеайлақтың жай-күйiне байланысты ӘК ұшып келу мен ұшып кетудi тоқтату қайта бастау, немесе шектеу туралы ақпаратты аэронавигациялық ақпарат бюросы мен ӘҚҰ органдарына жеткізуге әуеайлақтық қызмет жауап бередi. Әуеайлақтық жамылғыларды метеорологиялық жауын-шашыннан тазарту ұзақтығы ҚР AA ӘҚТ белгiленген мөлшерден аспауы тиiс.
86. Ұшу алаңында жұмыс iстейтiн барлық машиналар от ұшқынын сөндiргiштермен, бастапқы өрт сөндiру құралдарымен сүйреу құралдарымен, ұшу басшысымен (диспетчермен), екi жақты радиобайланысты қамтамасыз ететiн радио құралдармен жабдықталған болуы тиiс. Жұмысты жүргiзетiн қызметтiң жауапты адамының машинасы «экипаж-диспетчер» радио алмасуын тыңдайтын радиостанциямен қосымша жабдықталады. Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұшу алаңында жұмыс iстейтiн барлық арнайы көлiк пен механизмдер тәулiк мезгiлiне қарамай жанып тұратын габариттi және жылтылдағыш жарықтарымен жабдықталуы тиiс.
Ұшу жолағында жұмыстың аяқталу уақыты туралы ақпарат ӘК басқа әуеайлақтардан ұшып шығуына негiз болып табылады, осы әуеайлаққа ұшып келу жұмыстың аяқталуы көрсетiлген уақыттан ерте болмауы тиiс.
ҰҚЖ тiркелу коэффициентi ӘК осы үлгiсiне үшiн ҰПБ ұсынғаннан аз болса, ӘК ұшуына және қонуына тыйым салынады.
87. Ұшуларды электр жарық техникалық қамтамасыз ету мыналарды:
1) әуеайлақ ұшу алаңдарының электр жарық техникалық құралдарын жарамды күйде ұстауды;
2) әуе кемелерi экипаждарының күн сайын жарық сигналы жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуiн және ұшуға бақылау жүргiзуiн;
3) электр жарығы техникалық құралдарын пайдалануын жоспарлауды және оларға техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудi, немесе ауыстыруды;
4) электр жарығы техникалық құралдары iстен шығуын, ақауларын есепке алуды және талдауды, олардың сенiмдiлiгiн арттыру жөніндегі iс-шараларды әзірлеуді және жүргізуді;
5) электр жарығын техникалық құралдарын iстен шыққан жағдайда сенiмдi резерв жасауды қамтамасыз етудi көздейдi.
88. Әуеайлақтың жарықпен белгi беретiн жабдықтары:
1) түнгi ұшу кезiнде - күн батқанға дейiн немесе әуе кемелерiнiң ұшу-қону есептiк уақытынан 15 минут бұрын;
2) күндiзгi жағдайда - көрiну 2000 м немесе одан кем болғанда;
3) басқа жағдайларда - ұшу басшысының нұсқауымен немесе экипаждың талабы бойынша қосылуы тиiс.
89. Жарықпен белгi беретiн құралдар:
1) күннiң шығуымен;
2) күндiзгi уақытта - көрiну 2000 м-ден жоғары болған кезде;
3) басқа жағдайларда - ұшу басшысының нұсқауы бойынша 30 минут және одан да көп уақыт iшiнде әуе кемелерiнiң ұшып келуi (ұшып шығуы) болмаған кезде өшiрiлуi тиiс.
90. Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету:
1) ӘҚҚ органдарды әуе кемелерiнiң қозғалысын, қажеттi РТҚ бақылау және байланыс құралдарымен қамтамасыз етудi;
2) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын және байланыс құралдарын жарамды күйде ұстауды;
3) РТҚ мен байланыс құралдарын техникалық қызмет етуге және/немесе жөндеуге үзiлiс жасалатындай етiп пайдалануды жоспарлауды;
4) РТҚ, байланыс құралдарының ақаулығы мен iстен шығуын талдау және есепке алуды; бұл құралдар жұмысының сенiмдiлiгiн арттыру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеудi және жүргiзудi;
5) радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану базаларының (бұдан әрi - РТЖБП) инженер-техникалық құрамын даярлауды және олардың РТҚ техникалық пайдалануына және рұқсат берудi көздейдi.
91. Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету үшiн ӘҚБ автоматты жүйелерi, трассалық және әуеайлақтық радиолокаторлар, навигацияның радиотехникалық жүйелерi, қондырудың радиомаяктық жүйелерi, қондыру жүйелерiнiң жабдығы (бұдан әрi - ҚЖЖ), радиопеленгаторлар, жердегi және әуедегi электр байланыс құралдары пайдаланылады. Ұшуларды қамтамасыз ету үшiн байланыс және РТЖ құралдарын пайдалану оларды мемлекеттік тiркеуге және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес пайдалануға жiберуге ресiмдегеннен кейiн рұқсат етiледi.
92. Ұшуларды РТҚ қамтамасыз ету ұшу басшысының (ӘҚҚ диспетчерiнiң) нұсқауымен:
1) әуеайлақ ауданының құралдары (ОРЛ-А, ВОР/ДМЕ, РСБН, БПРМ, ДПРМ) әуе кемесi қонуының (ұшып өтуiнiң) есептiк уақытына дейiн 30 минут бұрын;
2) қону жүйелерi (РМЖ, ҚЖЖ) - қонудың есептiк уақытына дейiн 30 минут бұрын қосылады.
Қонудың жұмыс бағыты өзгерген жағдайда РТЖБП пайдалану қызметiнiң ауысым басшысы радиотехникалық құралдардың қонудың басқа бағытымен жұмыс iстеуге дайындығы туралы ұшу басшысына хабарлауға мiндеттi.
93. Ұшуды РТҚ қамтамасыз ету әуеайлаққа ұшып келген әуе кемесiнiң рөлдеуi аяқталғаннан кейiн, сондай-ақ ұшып кеткен ӘК экипажының «Жақындау» диспетчерiмен байланысы аяқталғанынан кейiн және басқа ӘК ұшып келуi мен ұшып кетуi болмаған жағдайда ұшу басшысының (диспетчердiң) нұсқауымен өшірiледi.
94. Әуеайлақтық аймақ («Шеңбер», «Қону», «Мұнара», КДП) диспетчерлерiнiң жұмыс орындары қону жүйесi объектiсiнiң iстен шығуы туралы (РМЖ, ҚЖО) автоматты дыбыстық және жарық белгiлерiмен жабдықталуы тиiс. РТҚ ақауы мен iстен шығуы туралы әуе кемелерiнiң экипажына жеткізу үшiн РТЖБП қызметiнiң ауысым басшысы ұшу басшысына (диспетчерiне) дереу хабарлауға мiндеттi.
95. ӘҚҚ диспетчерлерi (ұшу басшылары) мен әуе кемесiнiң экипаждары арасындағы радиотелефондық алмасу ӘҚҚ диспетчерлiк пункттiң қызмет адамдарының өзара келiссөздерi, сондай-ақ метеорологиялық хабарлардың радиоарналармен берiлетiн ақпараты автоматты дыбыс жазу аппаратурасында мiндеттi түрде тiркелуi тиiс. Дыбыс және бейнежазылым материалдары (әуе жағдайының радиолокациялық ақпаратының бейнежазылым аппаратурасы бар жағдайда) кемiнде 5 тәулiк сақталуы тиiс.
96. Ұшуларды қамтамасыз етудiң РТҚ және ӨЖЖ диапазонындағы әуе электр байланысы олардың пайдалану параметрлерiнiң қолданыстағы нормаларға сәйкестiгiн анықтау үшiн ұшулық тексерулерден мезгiл-мезгiл өтуi тиiс. Ұшулар басшысының (ӘҚҰ қызметiнiң аға диспетчерiнiң) нұсқауы бойынша әуежайларда ұшуды қамтамасыз етудiң РТҚ жұмысының сапасын тексерудi ұшуды орындайтын экипаждар жүзеге асырады.
Әуе кемесiнiң командирi тексеру нәтижесiн әуежайдың қону және навигациялық жабдықтарының жұмысы туралы әуе кемесi командирлерiнiң пiкiрлер журналына жазуы тиiс, мұнда ескертулер бойынша қолданған шаралар көрсетiледi.
97. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу (қайта құру) үшiн ұшуларды қамтамасыз етудiң РТҚ АҚҚ нұсқауына сәйкес өшiрiледi.
РТЖБП қызметiнiң лауазымды тұлғалары аэронавигациялық ақпарат қызметіндегі (бұдан әрi - ААҚ) арнайы журналға ұшуларды қамтамасыз етудiң РТҚ уақытша сөндiрiлгенi туралы жазуы тиiс және ӘҚҚ органына хабарлауы тиiс. Ұшу басшысы (диспетчерi) РТЖБП қызметiнiң инженерлiк-техникалық құрамына ұшуларды қамтамасыз етудiң РТҚ (1 сағатқа дейiн) сөндiрiлуiн талап ететiн шұғыл техникалық қызмет көрсетудi орындау уақытын (тәулiктiң жарық мерзiмiн) ұсынуы тиiс. Шұғыл техникалық қызмет көрсету жұмыстары орындалмаған РТҚ пайдалануға тыйым салынады.
98. Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету барлық радиотехникалық, байланыс, жердегi және борттағы аэронавигациялық жабдықтарды метеорологиялық тексерудi қамтиды. Жабдық пен бақылау-өлшеу аппаратураларын метеорологиялық тексеру мен жөндеудi мамандандырылған Базалық тексеру-жөндеу метеорологиялық зертханасы (бұдан әрi - БТЖМЗ) жүзеге асырады.
99. Ұшуларды экологиялық қамтамасыз ету әуеайлақ аймағындағы және соған жапсарлас аумақтағы қоршаған ортаны қорғау шараларының жиынтығы болып табылады. Ұшуларды экологиялық қамтамасыз ету, әуеайлақтар, әуежайлар, жекелеген объектiлердi салу және жобалау кезiнде атмосфераға өндiрiс қалдықтарының тасталуы мен ағын сулардың ластануынан, жоғары жиiлiктi сәулелену әсерiнен қоршаған ортаны қорғау шараларын өткізудi көздейдi; әуеайлақ маңындағы елдi мекендердiң селитебтiк аймағында әуе кемелерiнiң ұшып көтерiлуi және қонуы кезіндегі шуыл әсерiнен және әуе қозғалтқыштарының эмиссиясынан қорғау жөніндегі шараларды қарастырады.
100. Ұшуларды коммерциялық қамтамасыз ету тасымалдауды ұйымдастыру қызметi немесе тасымалдау қауiпсiздiгiнiң бекітілген нормаларымен ережелерiн бұзбай әуе кемесiне коммерциялық ең жоғары жүк тиеуге жүк көтергiштiк жолаушыларға және жүк тасымалдауы жоғары деңгейде қызмет етуге бағытталған технологиялық рәсiмдер кешенiн орындауды қамтамасыз етудi қамтиды.
101. Тасымалдау қызметiн ұйымдастыру қызметiнiң ұшуларды коммерциялық қамтамасыз етудiң технологиялық рәсiмдерi мыналарды:
1) әуе кемелерiнiң коммерциялық жүктемесiн есептеудi және жасақтауды;
2) әуе кемелерiн центрлеудiң және шектi (жалпы) жүктемесiнiң есебiн;
3) жолаушыларды, жүктi және поштаны ресiмдеудiң белгiленген тәртібін сақтауды;
4) әуе кемелерiне жүк тиеудi (түсiрудi) центрлеу кестесiне сәйкес бақылауды;
5) механикаландыру құралдары мен арнайы көлiктiң әуе кемелерiне қауiпсiз жақындауы мен олардан кетуiн қамтамасыз етедi;
6) тасымал және iлеспе құжаттарды ресiмдеудi;
7) жолаушыларды, теңдеме жүктi және қол жүгiн және тексерiп шығуды, ресiмдеудi, қауiптi жүктердi тасымалдауға бақылау жасауды қамтиды.
102. Әуе кемесiне отырғызуға тiркеуден және тексеруден өткен жолаушылар жiберiледi. Отырғызуға келмеген жолаушылардың багажы әуе кемесiнiң бортынан алынуы тиiс. Әуе кемесiнiң отырғызуға келмеген жолаушылардың багажын алып ұшуына тыйым салынады.
103. Тасымалдау қызметiн ұйымдастыру диспетчерi немесе әуе кемесi командирiнiң егер ол ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және/немесе мүмкiндiктi центрлеу үшiн қажет болса, әуе кемесi салонында жолаушыға ұсынылған орынды өзгертуге құқығы бар.
104. Әуе кемесiнiң бортындағы жолаушылардың саны байланатын белдiктермен жабдықталған орындықтардың санына сәйкес болуы тиiс, бiрақ әуе кемесiнiң осы үлгiсi үшiн шектi жүк тиеу жөніндегі белгiленген нормадан аспауы тиiс.
105. Тасымалдауды ұйымдастыру қызметi жоқ әуеайлақтарда ұшуды (ұшуларды) коммерциялық қамтамасыз ету әуе кемесiнiң командирiне (ұшқышына) жүктеледi.
106. Ұшуларды орнитологиялық қамтамасыз ету әуе кемелерiнiң құстармен соқтығысып қалуын болдырмауға бағытталған және әуеайлақтарда (әуеайлақ аудандарында), ұшу ауданында және бағыттарда, орнитологиялық қауiптiң тууы туралы дер кезiнде экипажға жеткізудi, сондай-ақ құстарды (құстардың үйiрiн) белсендi үркiту шаралар кешенiн жүргiзудi көздейдi және олардың ұшып көтерiлу және қонуға бет алу секторында топталуының алдын алуды жүргiзедi.
107. Ұшуларды медициналық қамтамасыз ету ұшуды қамтамасыз ету мен орындауға байланысты мамандар мен авиациялық персоналдың денсаулығын сақтауға, жұмысқа қабiлеттілігiн арттыруға бағытталған iс-шаралар жүйесi болып табылады, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында авиациялық медицина жөніндегі нұсқау құжаттаманы қолданысқа енгізу туралы Әуе кеңiстiгiн және азаматтық авиацияның қызметiн пайдалану жөніндегі комитет Төрағасының 1998 жылғы 17 маусымдағы № 67/н нұсқауына сәйкес медициналық бақылау жүргiзудi қарастырады.
108. Ұшу құрамының адамдары өздерiнiң денсаулығы бойынша белгiленген медициналық талаптарға сәйкес болуы тиiс. Денсаулығы бойынша ұшу жұмыстарына жарамдылығын ұшу-дәрiгерлiк сараптамалық комиссиялар анықтайды. Ұшу жұмысына жарамдылығы туралы медициналық қорытындының қолданылу мерзiмi бiткен ұшу құрамын ұшуға жiберуге тыйым салынады.
109. Осы адамдардың ешқайсысы спирттiк iшiмдiктердiң, есiрткiнiң немесе осы адамдардың өздерiнiң мiндеттерiн орындау қабiлетiн шектейтiн дәрi-дәрмектердiң әсерiнде бола отырып, әуе кемесiн басқармайды және экипаж мүшелерiнiң мiндеттерiн орындамайды.
110. Ұшар алдындағы (ауысым алдындағы) тұрақты дәрiгерлiк бақылаудан өтпеген, сондай-ақ ұшып шығу алдындағы (кезекшiлiкке кiрiсер алдындағы)медициналық бақылаудан өтуден жалтарған экипаж мүшелерi және ӘҚҚ диспетчерлерi ұшуды орындауға (әуе кемелерiнiң қозғалысын басқаруға) жiберiлмейдi. Осы тармақ шетел экипаждарына қолданылмайды.
111. Экипаж мүшелерi мен ӘҚҰ диспетчерлерi iшiмдiк ішiп мас болған жағдайда немесе iшiмдiктiң қалдық белгiлерi байқалғанда өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруға жiберiлмейдi және олар белгiленген тәртiп бойынша жауапқа тартылады.
112. Әуе кемелерi борттық және авариялық дәрi-дәрмек қобдишаларымен жабдықталуы тиiс. Экипаж мүшелерi алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетудi бiлуi тиiс.
Қандай да болмасын себептер бойынша медициналық байқаудан өту мүмкiн болмаған жағдайда базалық емес әуеайлақтан ұшып шығу кезiнде әуе кемесiнiң командирi ұшуға дайындығы туралы экипаж мүшелерiнiң ауызша мәлiмдемесi негiзiнде әуежайда ұшу тапсырмаларына тиiстi жазба жасайды.
113. Режимдiк күзеттi қамтамасыз ету әуе кемесiнiң сақталуын, жолаушылар мен экипаж мүшелерiнiң қауiпсiздігiн, авиация қызметiне заңсыз араласу актілерiн болдырмау және алдын алу жөніндегі iс-шаралар жүргiзудi қамтамасыз ету болып табылады, сондай-ақ:
1) жолаушыларды, багажды және қол жүктерiн тексерудi;
2) әуе кемелерiн арнайы тексеруден өткізудi және авиациялық техниканы күзету;
3) әуежайлардағы өткізу және iшкi объектілік режимдердi ұйымдастыруды;
4) әуеайлақтар және әуеайлақ аумағындағы объектiлердi бөгде адамдардың, көлiк құралдарының және малдардың бақылаусыз өтiп кету мүмкiндiгiн болдырмайтындай етiп қоршауды;
5) КМЖ әуе кемелерiнiң ұшып көтерiлуi және қонуы алдында күндiз де, түнде де және ӘҚҚ диспетчерiнiң нұсқауымен ұшу жолағын тексерудi көздейдi.
ҚР Үкіметінің 2006.28.04. № 340 қаулысымен 114-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
114. Ұшуларды авариялық және iздестiру-құтқаруын қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Бiртұтас авиациялық-құтқару қызметi (бұдан әрi ҚР БАҚҚ) iске асырады.
ҚР БАҚҚ апатқа ұшырау үстіндегі немесе душар болған әуе кемелерiнiң экипаждарын және жолаушыларын iздестiрудi және құтқаруды ұйымдастыруға және орындауға арналған. Қонғаннан кейiн ғарышкерлердi және ғарыш объектiлерiнiң құлдилау аппараттарын iздестiру және эвакуациялау. Апаттық жағдайларда кемелердiң экипаж мүшелерiне және жолаушыларына, теңiз айдынындағы және ішкi су айдынындағы кемелердiң жеке құрамына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмалары бойынша авариялар мен апаттар, табиғи және экологиялық зiлзалалар кезiнде жұмыстарды орындау үшiн көмек көрсету.
115. Іздестiру мен құтқару жөніндегі iс-шаралардың ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiн айқындайтын негiзгi нормативтiк-құқықтық кесiмдер:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы авиация ұшуларының іздестіру-құтқаруын қамтамасыз етуiн ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
2) Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен мемлекеттік комитеттерiнiң құтқару қызметтерiнiң, бөлiмшелерiнiң, күштерi және құралдарының өзара iс-әрекеттерi жөніндегі нұсқаулық болып табылады.
116. Қазақстан Республикасының аумағында iздестiру және құтқару аудандары белгiленедi.
Аудандар шекарасы Қазақстан Республикасы аймақтарында ұшуларды іздестіру құтқаруын қамтамасыз етуін ұйымдастыру жөнінде нұсқаулықта белгiленедi.
Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, мемлекеттік комитеттерiнiң, Қарулы Күштерi түрлерiнiң, авиакомпанияларының әуе кемелерiн iздестiру-құтқарушылық қамтамасыз етудi тiкелей ұйымдастыруын тиiсiнше ұшуды ұйымдастыратын командирлер мен басшылар жүзеге асырады.
117. Теңiзде және iшкi су айдындарында апатқа ұшыраған экипаждар мен әуе кемелерiнiң жолаушыларын iздестiру мен құтқару 116-тармақта көрсетiлген нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
9-тарау. Әуе қозғалысына қызмет көрсету мiндеттерi
118. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрi - ӘҚҚ) осы Ереже мен Қазақстан Республикасының ӘҚҚ жүйесiнiң жұмыс істеуін реттейтiн нормативтік құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына, сондай-ақ «Әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң Халықаралық стандарттары мен Ұсынылатын практикасын Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға Қосымшалардың ережелерiне сәйкес ұйымдастырылады, әуе кеңiстiгiн белгiлеу, әуе қозғалысының қауiпсiз, реттелген және шапшаң тасқынын қамтамасыз етуге қажеттi тиiстi органдар мен қызметтердiң, сондай-ақ әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi мен тиiмдiлiгiн арттыру үшiн жасалған бiрдей жағдайларда халықаралық әуе трассаларында ұшуды жүргiзудi қамтамасыз ету мәселелерiн қамтиды.
119. Әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң мiндеттерi:
1) әуе кемелерi арасындағы қақтығыстарды болдырмау;
2) әуеайлақтың осы алаңдағы кедергiлерi бар маневр жасау алаңында тұрған әуе кемелерiнiң қақтығыстарын болдырмау;
3) әуе қозғалысының реттелген тасқынын жеделдету және қолдау;
4) ұшулардың қауiпсiз және тиiмдi жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге қажеттi консультациялар мен ақпарат беру;
5) авариялық және iздестiру-құтқару қызметтерiнiң көмегiне мұқтаж әуе кемелерi туралы тиiстi ұйымдарға хабарлау және мұндай ұйымдарға қажеттi көмек көрсету болып табылады.
120. Әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету жермен қақтығысуды болдырмау мiндеттерiн қамтымайды. Осыған байланысты осы құжатта ұйғарылған ережелер, АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемесiн радиолокациялық бағыттау (векторлау) жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бұған қатысты қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге шара қолдану үшiн жауапкершiлiктен ұшқышты диспетчерлiк орган берген кез келген рұқсат құтқармайды.
121. Ұшу қарқыны жоғары аудандарда әуе қозғалысына қызмет көрсету мiндетiн ойдағыдай шешу үшiн әуе қозғалысын басқарудың аудандық және әуеайлақтық (аэротораптық) автоматтандырылған жүйелерi (бұдан әрi - ӘҚБ АЖ) пайдаланылады.
122. Әуе қозғалысы тасқынын ұйымдастыру мен реттеу ӘҚБ АЖ жарақтандырылған және әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығында (ӘҚЖ БО) жүзеге асырады.
10-тарау. Әуе кеңiстiгiн сыныптау
123. Әуе кеңiстiгiн сыныптау әуе қозғалысына қызмет көрсету түрiне, ұшу ережелерiне (АҰЕ, КҰЕ) ұшуға диспетчерлiк рұқсаттың, әуе кемелерiн өзара эшелондаудың, радиобайланыс бойынша талаптардың, әуе кемелерiнiң ұшу жылдамдығы бойынша шектеулер мен тиiстi метеожағдайлардың болу қажеттiгiне қарай жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 қаулысымен 124-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
124. ӘҚҚ әуе кеңiстiгi былайша сыныпталады және белгiленедi:
А сыныбы. Тек қана AҰE бойынша ұшуларға рұқсат етiледi, барлық әуе кемелерi эшелондалып, оларға диспетчерлiк қызметтер көрсетiлуi тиiс;
В сыныбы. Тек қана АҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етiледi, барлық әуе кемелерiне диспетчерлiк қызметтер көрсетіліп эшолондалуға тиiс.
С сыныбы. AҰE және KҰE бойынша ұшуларға рұқсат етiледi; барлық әуе кемелерi диспетчерлiк қызметтер көрсетуге жатады; АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерi АҰЕ мен КҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерiне қатысты эшелондалады. KҰE бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерi AҰE бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерiне қатысты эшелондалады және КҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерiне қатысты қозғалыс туралы ақпарат алады;
D сыныбы. АҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етiледi, барлық әуе кемелерiне диспетчерлiк қызмет көрсетiлуi тиiс; аспаптар бойынша ұшу ережелерiне сәйкес ұшатын басқа әуе кемелерiне қатысты эшелондалады және көзбен шолып ұшу ережелерiне сәйкес ұшатын әуе кемелерiнiң қозғалысы туралы ақпарат алады; көзбен шолып ұшу ережелерiне сәйкес ұшатын әуе кемелерi басқа да барлық әуе кемелерiнiң қозғалысы жөнiнде ақпарат алады; E сыныбы. AҰE және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етiледi; АҰЕ бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерiне диспетчерлiк қызметтер көрсетiлуi тиiс және AҰE бойынша ұшатын басқа әуе кемелерiне қатысты эшелондалады. Барлық әуе кемелерi мүмкiндiгiнше қозғалыс жөнiнде ақпарат алады.
F сыныбы. АҰЕ және КҰЕ бойынша ұшуларға рұқсат етiледi; АҰЕ бойынша ұшуларды орындайтын әуе кемелерiнiң бәрiне әуе қозғалысына консультациялық қызмет көрсетулер және сұрауы бойынша барлық әуе кемелерiне ұшу-ақпараттық қызмет көрсетiледi;
G сыныбы. AҰE және KҰE бойынша ұшуларға рұқсат етiледi және сұрауы бойынша ұшу-ақпараттық қызмет көрсетiледi.