Iздестiру-құтқаруды қамтамасыз ету ауданы (аймағы) - өзiнiң шекараларында ұшуларды iздестiру-құтқаруды қамтамасыз етуді жүзеге асырылатын аудан (аймақ).
Iздестiру-құтқару жұмыстарының ауданы - апатқа ұшырау үстіндегі (ұшыраған) әуе кемесiнiң экипажын және жолаушыларын iздестiру және құтқару оның шекараларында жүзеге асырылатын аудан.
Екпiн алуда орындалатын қашықтық - ұшатын ұшақтың екпiн алуы үшiн орындалатын және жарамды деп жарияланатын ҰҚЖ-ның ұзындығы.
Ұшуда орындалатын қашықтық - екпiн алуда орындалатын қашықтық пен егер ол көзделген болса, еркiн аймақ ұзындығының қосындысы.
Үзiлген ұшудың орындалатын қашықтығы - екпiн алудың орындалатын қашықтығымен егер ол көзделген болса, тежеудiң соңғы жолағы ұзындығының қосындысы.
Орындалатын қону қашықтығы - қонғаннан кейiн ұшақтың екпiн алуы үшiн орындалатын және жарамды деп жарияланатын ҰҚЖ-ның ұзындығы.
Ұшып келудiң есептiк уақыты - әуе кемесiнiң қиырдағы жетектi радиостанцияға (бұдан әрi - ҚЖРС) немесе әуеайлақтың жеке жетектi радиостанциясына (бұдан әрi - ЖЖРС) (радиоқұралдары болмағанда КТА) шығуының есептiк уақыты.
Әуе кемесінің ұшу тәртібі - әуе кемесiнiң әртүрлі кезеңіндегі ұшу параметрлерi.
Кету (қайтып оралу) шебi - одан қосалқы әуеайлаққа кеткен жағдайда қосалқы әуеайлаққа ұшып келгеннен кейiн борттағы отынның мөлшерi шеңбер биiгiнде кемiнде 30 минут ұшуға жетуiн ұшқыштың есептеу шебi.
Басқаруды тапсыру шебi - әуе қозғалысына тiкелей қызмет көрсету және әуе кемесiне диспетчерлiк қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге жауапкершiлiк бiр диспетчерлiк органнан екiншiсiне берiлетiн белгiленген шеп.
Ұшақ - осы ұшу жағдайында қозғалыссыз қалатын, ұшудың көтергiш күшi үстiңгi беттердегi негiзiнен аэродинамикалық реакциялардың есебiнен жасалатын қуат қондырғысымен қозғалысқа келтiретiн ауадан гөрi ауыр әуе кемесi.
Еркiн аймақ - әуежай қызметiнiң бақылауындағы ұшақтың белгiленген мәнге дейiн жерден көтерiлгеннен кейiн биiктiктi алуы үшiн жарамды учаскесi ретiнде таңдап алынған немесе дайындалған екпiн алудың орындалатын қашықтығының шетiне жапсарлас жатқан жер үстiнiң немесе су бетiнiң тiк бұрышты учаскесi.
Аса жеңiл ұшу аппараттары - әуе кемелерi (ұшу массасы 2700 кг дейiн), сондай-ақ аэростаттар, мотодельтапландар, дельтапландар, парапландар).
Апат дабылы (ұшудағы авариялық жағдай туралы хабарлама) - әуе кемесiне және ондағы жолаушылар мен экипажға тiкелей қауiп төнген және дереу көмек көрсету қажет етiлетiн жағдайларда берiлетiн «Апатқа ұшырадым» дегендi бiлдiретiн халықаралық кодтық сигнал (SOS - телеграфтық, «MAYDAY» - радиотелефондық).
Жедел сигнал - (ЬЬЬ - телеграфтық, PAN - жедел радиотелефондық) әуе кемесiне және ондағы жолаушылар мен экипажға төнген ықтимал қауiп жағдайында берiлетiн халықаралық сигнал.
Шешiм қабылдаудың жылдамдығы - бұл кезде ең қажеттi қозғалтқышы iстен шыққан жағдайда ұшуды қауiпсiз тоқтатуға да, сол сияқты ұшуды қауiпсiз жалғастыруға да мүмкiн болатын ұшақтың екпiн алуының ең жоғарғы жылдамдығы.
Күрделi метеожағдайлар - метеорологиялық көру мүмкiндiгi 2000 м және одан кем болатын және (немесе) бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi 200 м және төмен болған кезде олардың жалпы мөлшерi 2 октанттан астам болатын жағдай.
Слот - әуе кемесiнiң экипажына кестемен белгiленген немесе тағайындалған баратын әуежайға келу уақыты және/немесе ұшып шығатын әуежайдан жөнелтiлу уақыты.
ӘҚҚ-ның тиiстi уәкiлеттi органы - өзiне осы әуе кеңiстiгiнiң шегiнде әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жауапкершілік жүктелетін мемлекет тағайындаған тиiстi уәкiлеттi орган.
КҰЕ бойынша арнайы ұшу - көзбен шолып көру метеожағдайынан гөрi онша қолайлы емес метеорологиялық жағдайда ӘҚҚ органдары рұқсатымен диспетчерлiк аймақта орындалатын КҰЕ бойынша ұшу.
ИКАО стандарты - ИКАО құжаттарында көзделген физикалық сипаттамаларға, конфигурацияға, ұшу және техникалық сипаттамаларына, материалдық бөлiктерге, персоналға және азаматтық авиация қызметi саласындағы ережеге қойылатын талаптар.
Аспаптар бойынша ұшудың стандарттық бағыты (SID) - ӘҚҚ органы жоспарлаған стандарттық траектория бойынша әуеайлақ аймағынан шығуды және тиiстi бағыттар құрылымына көшудi қамтамасыз ету үшiн АҰЕ бойынша әуе кемелерiнiң ұшып шығу бағыты.
Аспаптар бойынша келудiң стандарттық бағыты (STAR) - ӘҚҚ органы жоспарлаған бағыт бойынша ұшу құрылымынан стандарттық схемалардың бiрi бойынша қонуға бет алуды орындау үшiн мүмкiн болатын нүктеге немесе пунктке өтудi қамтамасыз ету үшiн АҰЕ бойынша әуе кемелерiнiң келу бағыты.
Стандарттық керi бұрылу - әуе кемесiнiң берiлген жолдың дәл сол сызығына шығуы және ол бойынша керi бағытта жүруi мақсатында кейiннен қарама-қарсы бағытқа керi бұрылу арқылы берiлген жол сызығы жағына керi бұрылу орындалатын кездегi маневр.
Стандарттық керi бұрылу бастапқы керi бұрылу бағытына байланысты «сол» жақты немесе «оң» жақты болып саналады.
Стандарттық керi бұрылулар аспаптар бойынша қонуға бет алудың нақты жағдайларына байланысты көлбеу ұшу немесе төмендеу кезiнде орындалуы мүмкiн.
Аралас операциялар - қосарлас немесе қосарлас дерлiк ҰҚЖ-ндағы ӘК-нiң қонуға бет алуды, ұшуды және қонуды бiр мезгiлде орындауы.
Аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасы - қонуға бет алудың бастапқы кезеңінің бақылау нүктесiнен немесе тиiстi жағдайларда белгiленген ұшып келу бағытының басталған жерiнен қонуды орындау мүмкiн болатын нүктеге дейiн, ал егер қону орындалмаса, 2-шеңберге шыққан кезде кедергiлерден ұшып өту өлшемдерi қолданылатын жердегi нүктеге дейiн кедергiлермен соқтығысып қалуды болдырмауды көздейтiн белгiленген талаптарды сақтау арқылы пилотаждық аспаптар бойынша орындалатын күнiлгерi көзделген маневрлер сериясы.
Күту аймағындағы ұшу схемасы - әуе кемесiне келесi жолғы рұқсатты күту кезiнде белгiлi бiр әуе кеңiстiгiнiң шегiнде қалуға мүмкiндiк беретiн күн бұрын белгiленген маневр.
«Ипподром» үлгiсіндегі схема - әуе кемесiне қонуға бет алудың бастапқы учаскесiнде абсолюттiк биiктiктi азайтуға және/немесе керi схемағa кiрудi орындау мүмкiн болмаған жағдайда әуе кемесiн жақындау жолының сызығына шығаруға мүмкiндiк беретiн схема.
Қонуға дәл бет алу схемасы - қону жүйесi беретiн бағыт және глиссада туралы ақпаратты пайдалану арқылы аспаптар бойынша қонуға бет алу схемасы.
Қонуға дәл бет алу және қону - қонуға бет алу және қону санаттарымен анықталатын минимумдар кезiнде азимут пен глиссада бойынша дәл нысаналауды пайдалану арқылы аспаптар бойынша қонуға бет алу және қону.
Уәкiлеттi орган - өз құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн үйлестiру мен реттеудi және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.
Аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухаты (бұдан әрi - ААН) - НОТАМ шығаруды немесе оны аэронавигациялық ақпарат жинағына (бұдан әрi - ААЖ) енгізудi қажет етпейтiн, бiрақ ұшулардың қауiпсiздiгi мәселелерiне немесе аэронавигациялық, техникалық, әкiмшiлiк және заңдық мәселелерге қатысты ақпаратты қамтитын хабарлама.
Ұшу экипажының мүшесi - ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiн басқаруға байланысты оған мiндеттер жүктелген ұшу куәлiгi бар экипаж мүшесi.
Экипаждың мүшесi - ұшу уақыты iшiнде әуе кемесiнiң бортында белгiлi бiр мiндеттердi орындау үшiн пайдаланушы тағайындаған адам.
Пайдаланушы - әуе кемелерiн пайдаланумен шұғылданатын немесе осы салада өз қызметтерiн ұсынатын заңды немесе жеке тұлға.
Әуеайлақтың пайдалану минимумдары - әдетте, ҰҚЖ-да, көру мүмкiндiгi немесе көру алыстығы, абсолюттiк/салыстырмалы шешiм қабылдаудың биiктiгi (ШҚБ) немесе ең аз абсолюттiк/салыстырмалы төмендеу биiктiгi және бұлттылық параметрлері шамаларымен көрсетiлетiн ұшу немесе қону үшiн әуеайлақты пайдалануды шектеу.
Өту эшелоны - барометрлiк биiктiк өлшеуiш шкаласының қысымын 760 мм (1013,2 мбр) сынап бағанасы қысымынан әуеайлақтың қысымына немесе теңiз деңгейiне келтiрiлген ең аз қысымға ауыстыру үшiн белгiленген эшелон.
Өту эшелоны әуеайлақтағы (аэроторапта, ЭҚҚ ауданы бөлiгіндегі) төменгi қауiпсiз болып табылады.
Ұшу эшелоны - 1013,2 мбар (гПа), 760 мм сынап бағанасының белгiленген қысым шамасына жатқызылған және қысымның белгiленген аралықтары шамасында осындай басқа да беттерден биiк тұратын тұрақты атмосфералық қысым бетi.
2-тарау. Әуе кемелерi
3. Қазақстан Республикасы авиациясының әуе кемелерi тиiстілігiне қарай мемлекеттік, азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерi болып бөлiнедi.
4. Әуе кемелерi басқарылатын және басқарылмайтын болуы мүмкiн. Басқарылатын әуе кемелерi ұшқыш басқаратын және ұшқышсыз басқарылатындар болып бөлiнедi.
Ұшқыш басқаратынға ұшқанда ұшқыш немесе әуе кемесiнiң экипажы басқаратын әуе кемелерi жатады.
Ұшқышсыз басқарылатын әуе кемелерiне ұшқышсыз ұшақтар, автоматты аэростаттар және басқа да жердегi (әуедегi) басқару пункттерiнен басқарылатын әуе кемелерi жатады.
Басқарылмайтын әуе кемелерiне бос және байланатын аэростаттар, шар-зондтар, радиозондтар жатады.
5. Әрбiр әуе кемесiне оған берiлген мемлекеттік және/немесе тiркеу айырым белгiсi (борт нөмiрi) түсiрiлу тиiс және бұдан басқа:
1) әуе кемелерiне түсiрiлген қосымша белгiлер мемлекеттік және тiркеу белгiлерiн көзбен шолып ажыратуға қиындық келтiрмеуге тиiс;
2) әскери әуе кемелерi үшiн қосымша белгiлер мен азаматтық әуе кемелерi үшiн арнаулы атауларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әуе қорғанысы күштерiнiң қолбасшысы және пайдаланушы (уәкiлеттi органның келісімi бойынша) тиiсiнше белгiлейдi және әуе кемелерiне мемлекеттік айырым белгiлерi ажыратуға қиындық келтiрмейтiндей етiп түсiрiледi.
6. Әуе кемелерiнiң зауыттық, сертификаттық сынақтарды өткен, сондай-ақ бортында қабылдау-тапсыру актi, ұшу жарамдылығының экспорттық сертификаты мен ұшуға тапсырмасы болған кезде, сатушыдан алынған әуе кемесiн, айдап әкеткен жағдайларды қоспағанда, әуе кемелерiнiң қолданыстығы тiркеу туралы куәлiгiнсiз және ұшу жарамдылығы сертификатынсыз, сондай-ақ мемлекеттік-тiркеу айырым белгiлерiнсiз немесе белгiленбеген үлгiдегi белгiлермен әуе кемелерiнiң ұшуына тыйым салынады.
7. Азаматтық әуе кемесiнде мынадай кеме құжаттары:
1) пайдаланушы Куәлiгiнiң көшiрмесi;
2) сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
3) әуе кемесiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк;
4) ұшу жарамдылығы сертификаты;
5) борт журналдары (ұшақтың, тiкұшақтың борт журналы, ұшақтың, тiкұшақтың санитариялық борт журналы);
6) борттағы радиостанцияларға лицензия;
7) ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
8) Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға № 6 Қосымшаның 2-қосылымына сәйкес әзiрленген Пайдаланушының ұшуларды жүргiзу жөніндегі нұсқаулық;
9) ИКАО талаптарында көзделген және ұшуларды орындау үшiн қажет аэронавигациялық және басқа құжаттар болуы тиiс.
8. Борттағы радиостанцияларға рұқсат әуе кемесiне берiлген телефондық және телеграфтық шақыру сигналдарының жазбалары түрiнде әуе кемесiн мемлекеттік тiркеу туралы куәлiкте (әуе кемесiнiң ұшуға жарамдылығы сертификатында) ресiмделуi мүмкiн.
9. Әрбiр ұшу уақытында әуе кемесiнiң бортында мынадай ақпарат (құжаттар немесе ұшуларды орындауға байланысты олардың көшiрмелерi мен нысандары):
1) ұшуға тапсырма;
2) флайт-жоспар;
3) тиiстi аэронавигациялық ақпарат (NOTAM);
4) тиiстi метеорологиялық ақпарат;
5) қауiптi жүктердi қоса алғанда (олар болған ретте), арнайы жүктер туралы хабарлама;
6) қолданыстағы карталар мен схемалар және басқа да құжаттар немесе бүкiл көзделетiн ұшу бағытын (рейстерiн) нақты пайда болуы мүмкiн ұшу жоспарының кез келген өзгерістерiн ескере отырып қамтитын тиiстi мәлiметтер, бас декларация (қажет болғанда), жолаушы манифесi, жүк манифесi, орталықтандыру ведомосi (кесте);
7) жеткізу нысандары: «Авиациялық оқиға», «Қақтығыс»,»Қауiптi жақындасу»;
8) әуе кемесiн сақтандырудың сақтандыру полисi;
9) авиациялық жұмыс түрлерiне лицензия (көшiрмесi);
10) дезинсекция туралы сертификат (қажет болғанда);
11) тексерулердiң бақылау карталары (ӘК ұшуда пайдалану жөніндегі Нұсқаулықтың құрамына кіредi);
12) аэронавигация жөніндегі құжаттар (аэронавигациялық ақпараттар жинағы, штурмандық борт журналы немесе алдын-ала ұшу есебi);
13) ұшу ақпаратын тiркеу борттық құрылғыларының градуирленген сипаттамалары мен паспорттардың көшiрмелерi;
14) әуе кемелерi мен қозғалтқыштардың пайдаланымы туралы анықтамалар;
15) ұшудың ерекше жағдайында iс-әрекет ету жөнiнде экипажға арналған ұсынымдардың жинағы (QRH);
16) неғұрлым жиi кездесетiн iстен шығу мен зақымданулар каталогы, iздестiру және жою мақсатында оларды сыныптау;
17) жанар-жағармай материалдарын құюға қойылатын талаптар;
18) Батыста өндiрiсiнiң әуе кемелерi үшiн - жабдықтардың iстен шығуының жол берiлетiн тiзбесi (МЕL);
19) осы ұшуға қатысы бар шет мемлекетке қажет болуы мүмкiн кез келген өзге де құжаттама.
10. Әуе кемелерi ең жоғары ұшу массасы (сертификатталған), жабдықтармен жабдықталуына қарай мынадай сыныптарға бөлiнуi мүмкiн:
1-кесте
Сыныбы | Ең жоғары ұшу массасы, тонна есебiмен |
1 2 3 4 5 | Ұшақтар Тікұшақтар 75 және одан артық 10 және одан артық 30-дан 75-кe дейiн 5-тен 10-ға дейiн 10-нан 30-ға дейiн 2-ден 5-кe дейiн 2,25-тен 10-ға дейiн 2-ге дейiн 2,250-ге дейiн |
11. Әуе кемелерi ұшу қашықтығы бойынша:
1) қиыр магистральдық - 6000 км-ге және одан да астам;
2) орта магистральдық - 2500-ден 6000 км-ге дейiнгi;
3) таяу магистральдық - 1000-нан 2500-ге дейiнгi;
4) ұшу қашықтығы 1000 км-ге дейiнгi ұшақтар болып бөлiнедi.
12. Iзіндегі турбуленттілік санаттары бойынша және сертификатталған ең жоғары ұшу массасына сәйкес әуе кемелерi мынадай болып бөлiнедi:
1) ауыр (Н) - массасы 136 тонна немесе одан да асатын әуе кемелерiнiң барлық үлгiлерi;
Ауыр әуе кемелерiне тән турбуленттілік санаты бар әуе кемелерiне қатысты ұшу немесе қону алдында осындай әуе кемелерi мен ӘҚҚ органы арасында алғашқы радиотелефон байланысын орнату кезiнде әуе кемесiнiң дабылына «ауыр» сөзi қосылады.
2) орта (М) - салмағы 136 тоннадан кем, бiрақ 7 тоннадан асатын әуе кемелерiнiң үлгiлерi;
3) жеңiл (L) - салмағы 2700 кг, 7 тоннаға дейiнгi әуе кемелерiнiң үлгiлерi;
4) «аса жеңiл ұшақтар» сыныбы (ұшу массасы 2700 кг аспайтын) балансирлiк немесе аэродинамикалық басқарылатын қозғалмайтын икемдi немесе қатты қанатты моторлы ұшу аппараттарын қамтиды.
13. Түнгi ұшуды орындайтын барлық әуе кемелерiнде осындай ұшуларға арналған арнайы жабдықтар болу тиiс.
14. Әуе кемелерi ұшу параметрлерiн және авиациялық техника жұмыстарын тiркеуге арналған аппаратурамен жабдықталуы тиiс.
15. Әуе қозғалысының минимумдары мен әуеайлақтық схемаларын есептеу үшiн барынша сертификатталған қону массасы (сыныпталған жылдамдық) құлдилау жылдамдығынан 1,3 есе асып түсетiн жылдамдықты анықтауға негiзделген әуе кемелерiнiң ИКАО санаттары бойынша сыныптау пайдаланылады:
2-кесте
Әуе кемесiнiң сыныбы | Ең төменгi қону жылдамдығы, км/сағ. |
А В С D E | 169-дан кем 169-223 224-260 261-306 307-390 |
3-тарау. Әуе кемесiнiң экипажы
16. Әуе кемесiнiң экипажы командирден, ұшқыштан (ұшқыштардан), ұшу құрамының басқа да адамдары мен қызмет көрсететiн персоналдан тұрады. Экипаж құрамы әуе кемесiнiң үлгiсiне, сыныбы мен мақсатына, сондай-ақ ұшуды орындау кезіндегі оны пайдаланудың мақсаттары мен талаптарына қарай анықталады. Экипаждың толық құрамы болмайынша әуе кемесiнiң ұшуына тыйым салынады. Ұшу құрамындағы адамдардың iшіндегі ең аз экипаж осы үлгiдегi әуе кемесiн ұшуға пайдалану жөніндегі Нұсқаулықта көрсетiледi.
17. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тiзiлiмiне енгiзiлген әуе кемелерiнiң құрамына, басқа мемлекеттен экипажымен жалға алынған әуе кемесiмен ұшуларды немесе дербес ұшуларға дайындау кезіндегі Қазақстан Республикасы пайдаланушысының ұшу құрамын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары ғана кiре алады. Жекелеген жағдайларда шетел экипажын пайдалану уәкiлеттi органның шешiмiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
18. Әуе кемесiнiң экипажы ұшуды басқару бiр ұшқышпен қамтамасыз етiлетiн және бортқа экипаждың басқа мүшелерiн талап етпейтiн жағдайда әуе кемесiнiң командирiнен тұрады.
19. Экипаж құрамына және ұшу тапсырмасына қажет болған жағдайда басқа адамдар қосымша енгiзiлуi мүмкiн. Әуе кемесiнiң бортында болған кездегi мұндай адамдардың тiзбесiн, олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн азаматтық авиация саласындағы заңнамалар, ал мемлекеттік авиацияда - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң өкiлеттi органы анықтайды.
20. Ұшу экипажының мүшелерiне ұшу құрамының қолданыстағы куәлiктерi бар, сондай-ақ әуе кемесiнiң осы үлгiсiн және оның жабдықтарын басқаруға қажеттi дайындығы мен тәжiрибесi бар адамдар: ұшқыштар, штурмандар, бортинженерлер, бортмеханиктер мен бортрадистер жатады.
21. Қызмет көрсету персоналына ұшу кезінде әуе кемесiн және оның жабдықтарын басқарумен байланысты мiндеттермен айналыспайтын экипаж мүшелерi: бортсерiктер, бортоператорлар әуе кемесiнiң мiндетi мен ұшудың мақсатына байланысты басқа да мамандар жатады.
22. Авиациялық персонал адамдарына, оның iшiнде ұшу құрамына дайындық деңгейiмен, жұмыс тәжiрибесiне қарай сыныптық дәреже берiледi және тиiстi сертификат (куәлiк) тапсырылады.
23. Экипаж құрамына кiретiн адамдар атқаратын қызметiне және жұмыс тәжiрибесiне байланыссыз ұшу жұмысын ұйымдастыруды реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер талаптарына сәйкес арнайы дайындық пен ұшуға әзiрлiгi бойынша тексеруден өтуi тиiс.
24. Әуе кемесiнiң командирi экипаждың қызметiне басшылық етедi, әуе кемесіндегі тәртiп пен реттіліктi, әуе кемесiнiң ұшуы мен пайдаланылуы ережелерiнiң сақталуын, сондай-ақ оның бортындағы адамдардың қауiпсiздiгiн, әуе кемесiнiң, жүктер мен мүлiктiң сақталуын қамтамасыз ететiн шаралар қабылдайды. Әуе кемесi командирiнiң өкімін әуе кемесi бортындағы барлық адамдар орындауға мiндеттi.
25. Ұшуға тапсырмаға (ұшу қағазы) әуе кемесi командирiнiң тексерушiсi ретiнде енгiзiлген ұшқыш мамандығы бойынша лауазымды адам экипажда жетекшi болып есептеледi және ұшу қауiпсiздiгiне жауап бередi.
26. Әуе кемесi командирiнiң iс-әрекеттерi ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете алмайтын жағдайда ұшқыш мамандығы бар тексерушi ұшқыш немесе 2-ұшқыш әуе кемесiнiң командирi қызметiн өзi алуға міндетті.
27. Әуе кемесіндегі жолаушы ретіндегі адамдарға, оның iшiнде кеме бөлiнген адамдарға экипаждың қызметiне араласуға және одан ұшуға бекітілген тапсырманы және (немесе) ұшуды орындау тәртібін өзгертудi талап етуге тыйым салынады.
28. Көлiк ретiнде ұшуды орындайтын экипаж құрамына бiреуден аспайтын тексерушi, нұсқаушы және ұшу құрамының iшiнен бiр стажер алуға рұқсат берiледi. Уәкiлеттiк орган белгiлеген тиiстi жағдайлармен тәртiпте экипаж құрамына ұшу қауiпсiздiгiн қадағалау жөніндегі авиациялық органдар қызметкерлерiнiң енуiне құқығы бар.
29. ӘК экипажы мүшелерiн дербес ұшуға дайындаумен немесе оларды әуе трассасымен «алып жүрумен» айналысатын нұсқаушы тексерушi болып табылмайды.
30. Әуе кемесi командирiнiң:
1) әуе кемесiнiң ұшуы, ұшуды жалғастыруы және қонуы туралы, сондай-ақ ұшуды тоқтату және/немесе ұшып шыққан пунктiне, қосалқы әуеайлаққа қайта оралу туралы немесе ұшудың жағдайлары, экипаж мүшелерi мен жолаушылардың денсаулық жағдайы, авиациялық техниканың жай-күйi немесе басқа да себептерге байланысты ұшуды жалғастыру қауiптi болған жағдайда мәжбүрлiкпен қонуды орындау туралы түпкiлiктi шешiм қабылдауға;
2) ұшудың қауiпсiздiгiне анық қатер төнген жағдайда және/немесе әуе кемесiнiң бортындағы адамдарды құтқару мақсатында ӘҚҚ органына өзiнiң iс-әрекетi туралы дереу баяндай отырып, ұшу жоспарынан және ұшуға берiлген тапсырмадан бас тартуға, ұшу тәртібін өзгертуге (мүмкiндiгiнше ұшу ережесін сақтай отырып);
3) ӘҚҚ органының (ұшуларды басқару пунктiнiң) нұсқауларына қарамастан, егер осындай нұсқаулар ұшу қауiпсiздiгiне анық қатер төндiретiн жағдайда қалыптасқан ахуалға сәйкес шешiм қабылдауға және дербес iс-қимыл жасауға;
4) әуе кемесiнiң бортындағы барлық адамдардан ұшудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты ережелердi мүлтiксiз орындауын талап етуге, сондай-ақ әуе кемесiнiң бортындағы кез келген адамға өз құзыретi шегiнде тиiстi өкiмдер беруге;
5) өзiнiң iс-қимылдарымен ұшудың қауiпсiздiгiне тiкелей қатер төндiретiн және оның өкіміне бағынбайтын адамдарға барлық қажеттi шараларды қолдануға, сондай-ақ мұндай адамдарды таяудағы қону пунктiнде түсiрiп тастауға, ал жасаған әрекеттерiнде қылмыстық белгiлерi бар болған жағдайда оларды тиiстi құзыреттi органдарға тапсыруға;
6) әуе кемесiне жанармай құю үшiн оның қажеттi мөлшерiн түпкiлiктi анықтауға;
7) егер бұл ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және әуе кемесiн қондыруды қамтамасыз ету үшiн қажет болса, ұшу кезiнде жанармайды ағызуға, жүктi, багажды және поштаны лақтырып тастауға;
8) басқа әуеайлаққа дейiн ұшуды жалғастыруға мүмкiндiк болмайтын жағдайларда белгiленген минимумдардан төмен ауа райында қонуды орындауға (жанармайдың аз қалуы, авиация техникасының жай-күйi);
9) осындай шешiм қабылдауға мәжбүр еткен жағдайлармен мән-жайларды ескере отырып немесе ұшудың қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда екiншi шеңберге шығуды орындауға, екiншi шеңберге шығу жөніндегі маневрдi әуе кемесiнiң ұшуын пайдалану жөніндегі Нұсқаулықта немесе әуеайлақта ұшуларды жүргiзу жөніндегі нұсқауда белгiленген жол берiлетiн ең аз мүмкiндiктi қауiпсiз биiктiкке қарамастан кез келген биiктiктен орындауға;
10) ұшу мен қонуды орындау рұқсат етiлген екiншi ұшқыштың ұшуды басқару техникасының деңгейi туралы тексеру жүргiзуге және қорытындылар жасауға құқығы бар.
31. Апатқа ұшыраған әуе кемесiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесi командирi әуе кемесiнiң пайдаланушының атынан кеменi, багажды, жүктi, поштаны тасымалдау туралы келісім жасайды және жағдайдан туындайтын басқа да қажеттi шараларды қолданады.