32. Әуе кемесiнiң командирi:
1) ұшуды қауiпсiз орындауды қамтамасыз етуге қажеттi тиiстi дайындық деңгейiнде ұшуды басқаруға және ұшақ жүргiзу техникасын меңгеруге;
2) экипаж мүшелерiнiң кәсiби дайындық деңгейiн бiлуге және ұшу дайындығын арттыру жөнiнде шаралар қабылдауға;
3) экипаж мүшелерiнiң жұмысын жерде және ұшу кезiнде ұйымдастыруға, ұшу алдындағы демалыс талаптарын сақтауға және ұшуға берiлген тапсырмаларды орындау кезiнде экипаж мүшелерiнiң жұмыс және демалыс тәртібін бақылауға;
4) ұшып шығуға шешiм қабылдаған кезде және ұшу кезiнде аэронавигациялық және метеорологиялық жағдайды дұрыс бағалай бiлуге;
5) ұшуға толық көлемде әзiрленуге және экипаждың ұшу алдындағы дайындығын бақылауға;
6) ұшу тапсырмасын орындаудың белгiленген тәртібін мүлтiксiз сақтауға және 36-тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, ӘҚҚ органдарының нұсқауларын орындауға;
7) әуедегi, метеорологиялық және орнитологиялық жағдайға көзбен шолып та, сонымен бiрге борттық радиолокациялық, құралдарының көмегiмен де байқау жүргiзуге; тiкелей жақын жерде және/немесе ұшудың бiрдей биiгiнде (эшелонда) басқа да әуе кемелерi, қауiптi метеорологиялық құбылыстарды, iрi құстарды немесе құстардың үйiрiн байқаған жағдайда ӘҚҚ органына (ұшуларды басқару пунктiне) дереу хабарлай отырып ұшуды қауiпсiз жалғастыруды қамтамасыз ету үшiн мүмкiн болатын барлық шараларды қабылдауға;
8) ұшақтың ұшуды орындауға техникалық жағынан жарамды, әуе кемесiнiң бортында белгiленген борт (кеме) құжаттары бар екендiгiне тiкелей өзiнiң көзiн жеткізуге;
9) әуе кемесiнiң жағдайын және дайындығын, оған жүктеменiң дұрыс тиелуiн, жүктiң бөлiнуiн және сенiмдi түрде бекітілуiн бақылауға;
10) радиобайланысты жүргiзу ережесін және радиоалмасу сөз тiркестерiн бiлуге және сақтауға;
11) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және әуе кемесiнiң, оның бортындағы жолаушылардың, жүктердiң, арнайы жабдықтардың және борттық ұшу құжаттамасын сақтау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауға;
12) егер ұшып келе жатқан әуе кемесiне қауiп төнсе, егер кеме апатқа ұшырай бастаса, не болмаса ұшыраса командир (ұшқыш) адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға барлық шараларды қолдануға мiндеттi. Әуе кемесiнiң командирi мәжбүрлiкпен қону жағдайында өз өкiлеттiктерiн құзыреттi органға бергенге дейiн кеменiң бортындағы барлық адамдардың iс-қимылына басшылық етедi. Экипаждың барлық мүшелерi адамдарды құтқаруға және көмек көрсетуге қатысуға мiндеттi;
13) апат дабылын алғаннан кейiн апатқа ұшырай бастаған немесе ұшыраған, байқалған әуе, теңiз және өзен кемелерiне, сондай-ақ қауiптi (оқыс) жағдайға тап болған адамдарға ӘҚҚ органдарына апаттың орны және сипаты немесе қатерлi қаупi туралы, көрсетіліп жатқан немесе қажеттi ықтимал көмек туралы дереу хабарлай отырып, шамасы келгенше көмек көрсетуге;
14) әуе кемесiн қонғаннан кейiн және қозғалтқыш (қозғалтқыштарды) тоқталғаннан кейiн, егер осы үлгiдегi әуе кемелерi экипажы жұмысының бекітілген технологиясының басқа тәртібі айқындалмаған болса, тұрақта тексеруге;
15) экипажда ұшуды (ұшуларды) талқылау жүргізуге;
16) өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бiлуге және сақтауға, өрт шыққан жағдайда борттағы өрт сөндiру құралдарын шеберлiкпен пайдалануға мiндеттi.
33. Әуе кемесiнiң командирi мыналарға:
1) осы ереженiң, әуе кемесiнiң ҰПБ және оған қатысты бөлiгiнде басқа да нормативтік құқықтық актiлердi орындау;
2) ұшу тапсырмасын (ұшу жоспарын) орындауға экипаж мүшелерiн дайындау;
3) кеме бортындағы жолаушылардың нақты санының тасымалдау құжаттарында көрсетiлген санға немесе оның құрамында экипаж болған жағдайда бортсерiктiң баяндауы бойынша сәйкес келуiне;
4) әуе кемесiнiң ұшуын ол жеке өзi басқарғанына, немесе басқаруды екiншi ұшқышқа бергенiне қарамастан, әрбiр ұшу нәтижесiнiң қауiпсiз болуына және ұшуға берiлген тапсырманың орындалуына;
5) ұшудың белгiленген тәртібін сақтауға және ұшақ жүргiзудiң дәлдiгiне;
6) борт журналына әуе кемесiнде байқалған ақаулар туралы, борт жүйесiнiң жұмысындағы ауытқулар туралы ескертпелерiн уақтылы жазуға, сондай-ақ ұшып келгеннен кейiн әуе кемесiн тапсыру кезiнде борт журналында көрсетiлген жанармай қалдығының оның борттағы нақты мөлшерiне сәйкестiгiне жауап бередi.
4-тарау. Ұшуларды сыныптау
34. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгіндегі әуе кемелерiнiң ұшуы ұшақ жүргізудің мақсатына, ережелері мен ұшу жағдайларына ұшақ жүргізуге байланысты орындалатын ауданына (орнына), биiктiкке, физикалық-географиялық жағдайларға және тәулiк мерзiмдерiне байланысты сыныпталады.
35. Мақсатына қарай ұшулар мынадай болып бөлiнедi:
1) көлiктiк - жолаушыларды, жүктi, пошта мен багажды тасымалдау үшiн;
2) арнаулы авиациялық жұмыстарды орындау, сондай-ақ тұрғындарға медициналық көмек көрсету жөніндегі ұшулар;
3) оқу - авиациялық/ұшу оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарын оқыту үшiн;
4) жаттығу - ұшу (нұсқаушылар) құрамын жаттықтыру және біліктілігiн тексеру үшiн;
5) зерттеулiк - Ғылым Академиясының, қандай да болмасын министрлiктiң мүддесiне сай авиациялық техника, ӘҚҚ органдарының әуе кемесiнiң қозғалысын басқару саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізу үшiн;
6) сынақтық (бақылау-сынақтық) - әуе кемесiн немесе оған орнатылған қозғалтқыштармен және жабдықтарды сынау үшiн;
7) жердегi радиотехникалық құралдардың (бұдан әрi - РТҚ) үстiнен ұшулар жасау - локацияның, навигацияның және байланыстың, жердегi қондыру жүйелерiнiң радиотехникалық құралдарын тексеру және бабына келтiру үшiн;
8) әуе кемесiнiң үстiнен ұшуларды жасау (ӘК-нiң бақылау ұшулары) жерде тексеру жүргiзу мүмкiн болмайтын әуе кемесiнiң жүйесi мен агрегаттарының жұмысын ұшу барысында тексеру үшiн;
9) айдап апаратын - әуе кемелерiн жөндеуге (жөндеуден), орналастырылатын немесе жұмыс iстейтiн жаңа орнына айдап апару үшiн;
10) демонстрациялық: авиасалон-көрмелерде жаңа авиациялық техниканы және авиацияның жетiстiктерiн көpceту үшiн;
11) iздестiру және авариялық құтқару: апатқа ұшырау үстіндегі немесе ұшыраған ұшу аппараттарын, теңiз және өзен кемелерiне iздестiру жүргiзу үшiн, осы кемелердiң экипаждарына және жолаушыларына, сондай-ақ табиғи зiлзалалар немесе өзге де төтенше жағдайлар кезiнде халыққа көмек көрсету үшiн.
36. Орындау ережелерi бойынша ұшулар:
1) көзбен шолу: көзбен шолып ұшу ережелері бойынша ұшу (КҰЕ);
2) аспаптар бойынша ұшу: аспаптық ұшу ережелерi бойынша ұшу (АҰЕ) болып бөлiнедi.
Ұшуды орындау ауданы (орны) бойынша:
1) әуеайлақтық (аэротораптық) әуеайлақ (аэроторап) ауданында;
2) трассалық - әуе жолдары мен iшкi әуе желісі бойынша;
3) алаңдық - арнайы авиациялық жұмыстарды орындау аймағында;
4) белгiленген бағыт және әуе трассасы бойынша бiр (барлық) ұшудың өн бойында бiр ұшу кезiнде орындалатын бағыттық-трассалық;
5) бағыттық - трассадан тыс және iшкi әуе жолдары болып бөлiнедi.
37. Орындау биiктiгi бойынша ұшулар мынадай:
1) шектi аз биiктiктерде - жер бедерiнiң немесе су бетiнiң үстiнен 200 м-га (қоса алғанда) дейін;
2) аз биiктiктерде - жер бедерiнен немесе су бетiнен 200 м-ден жоғары және 1000 м-ге (қоса алғанда) дейiн;
3) орташа биiктiктерде - теңiз деңгейінен 1000 м-ден жоғары және 6000 м-ге (қоса алғанда) дейiн;
4) жоғары биiктiктерде - теңiз деңгейiнен 6000 м-ден жоғары және 12000 м-ге (қоса алғанда) дейiн;
5) стратосферада - теңiз деңгейiнен 12000 м-ден жоғары болып бөлiнедi.
38. Физикалық-географиялық жағдайлар бойынша мынадай:
1) жазық және төбелі жерлердiң үстiмен;
2) таулы жерлердiң үстiмен;
3) елсiз шөлдi (бағдарсыз) жерлердiң немесе мұхиттың су бетiнiң үстiмен;
4) Солтүстiк және Оңтүстiк жартышарлардың полярлық аудандарындағы ұшулар болып бөлiнедi.
39. Тәулiк мезгiлдерi бойынша ұшулар:
1) Күннiң шығуы мен батуы арасындағы кезеңде орындалатын күндiзгi;
2) күннiң батуы мен шығуы арасындағы кезеңде орындалатын түнгi;
3) аралас: әуе кемесiнiң ұшып көтерiлуден бастап қонғанға дейiнгi кезеңде оларды орындау кезiнде күндiзгi ұшудан түнгiге немесе керiсiнше ауысу орын алатын;
4) 4 және одан астам сағаттық белдеулердi қиып өтетiн болып бөлiнедi.
5-тарау. Метеорологиялық минимумдар
40. Ұшулардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн мынадай:
1) әуеайлақтың;
2) әуе кемесiнiң;
3) әуе кемесi командирiнiң;
4) авиациялық жұмыстар түрiнiң метеорологиялық минимумдары белгiленедi.
41. Күрделi метеорологиялық жағдайларда ұшулардың тиiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қонуға дәл бет алудың және қонудың төмендетiлген санаттарға бөлiнген минимумдары белгiленуi мүмкiн.
1) I санат. Шешiм қабылдау биiктiгi 60 м-ден кем емес және метеорологиялық көрiнуi 800 м-ден кем емес, не ҰҚЖ-да көрiну ұзақтығы 800 м және одан кем, бiрақ 550 м-ден кем емес болған кезде қонуға дәл бет алу және аспаптар бойынша қону.
2) II санат. Шешiм қабылдау биiктiгi 60 м-ден кем, бiрақ 30 м-ден кем емес және ҰҚЖ-да көрiну ұзақтығы 400 м және одан кем, бiрақ 350 м-ден кем емес болған кезде қонуға дәл бет алу және аспаптар бойынша қону;
3) III А санат. Шешiм қабылдау биiктiгi 30 м-ден кем немесе шешiм қабылдау биiктiгi бойынша шектеу қойылмаған; ҰҚЖ-да көрiну ұзақтығы 200 м-ден кем емес болған кезде қонуға дәл бет алу және аспаптар бойынша қону;
4) III В санат. Шешiм қабылдау биiктiгi 15 м-ден кем немесе шешiм қабылдау биiктiгi бойынша шектеу қойылмаған; ҰҚЖ-да көрiну ұзақтығы 200 м., бiрақ 50 м-ден кем емес болған кезде қонуға дәл бағыт алу және аспаптар бойынша қону;
5) III С санат. Шешiм қабылдау биiктiгi және ҰҚЖ-да көрiну ұзақтығы бойынша шектеу қойылған кезде қонуға дәл бет алу және аспаптар бойынша қону.
42. ҰҚЖ-да 800 м-ден кем, бiрақ 550 м-ден кем емес көрiну ұзақтығы бойынша I санат минимумының; ҰҚЖ-да 400 м-ден кем, бiрақ 350 м-ден кем емес көрiну ұзақтығы бойынша II санат минимумының төмендеуi әуеайлақта қонуға дәл бет алу және қону үшiн арнайы жабдықталған ҰҚЖ, сондай-ақ ұшу жолағының тиiстi радионавигациялық, электр жарығы техникалық жабдықтары және ҰҚЖ-да көрiну ұзақтығын дәл аспаптық өлшемдермен жүргiзу мүмкiндiгi болған жағдайда ғана көзделедi.
43. Егер ҰҚЖ және ҰҚЖ-да көрiну қашықтығы тең санаттарға сәйкес келсе, осы бет алуды қонуға жатқызу жөн деп тапқан санат не ҰҚЖ-мен не ҰҚЖ-дан көрiну қашықтығымен анықталады. Қонуға бет алу және қону неғұрлым төмен минимумдар санаттары бойынша орындалған болып есептеледi.
44. Әуеайлақтар, әуе кемелерi, әуе кемелерiнiң командирлерi, авиациялық жұмыстардың түрлерi үшiн желдiң жылдамдығы бойынша шектеулер қойылуы мүмкін.
45. Әрбiр нақты жағдайда ұшу, қону, бағыттар бойынша ұшу немесе авиациялық жұмыстардың ауданы бойынша шешiм қабылдау кезiнде минимум әуеайлақтың, әуе кемесiнiң, әуе кемесi командирiнiң немесе авиациялық жұмыстар түрiнiң ең жоғары минимумына сүйене отырып анықталады.
6-тарау. Әуе трассалары және белгiленген бағыттар
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
46. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерiнiң ұшулары жергілікті әуе желілері, әуе трассалары мен белгiленген бағыттар бойынша және олардан тыс орындалады.
47. Әуе трассалары (iшкi және халықаралық) және белгiленген бағыттар олар әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандырады, белгiленген жабдықтау және пайдалану нормалары мен ережелерiне жауап бередi деп табылғаннан кейiн барып қана пайдалануға рұқсат етiлуi мүмкiн.
48. Әуе трассалары әрбiр трасса үшiн ұшуға бөлiнген ұшу эшелондары және трассаның енi белгiленгеннен кейiн Қазақстан Республикасы әуе трассаларының арнайы тiзбесiне енгiзiледi. Әуе трассасының енi Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының 11-қосымшасына сәйкес навигациялық жабдықтардың болуына қарай 10 км-ден 25 км-ге дейiн белгiленедi.
49. Жергiлiктi әуе желiлерiнде ҚҰЕ бойынша жеңiл әуе кемелерiнiң ұшулары үшiн, сондай-ақ төменгi эшелоннан төмен ұшулар үшiн белгiленген бағыттардың енi, әдетте, жер бедерiн және оның үстіндегі жасанды кедергiлердi ескере отырып, 4 км-ден аспайтындай белгiленедi.
50. Әуе трассаларын әуе қозғалысын басқаруға қажеттi навигациялық және радиолокациялық бақылау құралдармен жабдықтауды азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
7-тарау. Әуеайлақтар
51. Азаматтық авиацияның әуеайлақтары:
1) Ұшу-қону жолақтары (ҰҚЖ) бетiнiң түрлерi бойынша: жасанды жамылғылы (ЖҰҚЖ), топырақты (ТҰҚЖ) гидроәуеайлақтар, қарлы және мұзды әуеайлақтар;
2) оларды пайдаланылуына қарай: күндiзгi және тәулiк бойы жұмыс iстейтiн тұрақты және уақытша әуеайлақтар;
3) мақсаты бойынша: трассалық әуеайлақтар, зауыттық, оқу және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған әуеайлақтар;
4) орналасуы бойынша: базалық, аралық, ұшу мақсатты және қосалқы әуеайлақтар;
5) теңiз деңгейiнен биiктiгi және жер бедерiнiң сипаттамасы бойынша: таулы және жазықтағы әуеайлақтар;
6) қонуға арналған минимумдар бойынша пайдалануға рұқсат етуi бойынша: санатталған және санатталмаған әуеайлақтар болып бөлiнедi.
52. ҰҚЖ-ның көлемiне және жамылғылардың көтергiш қабiлетiне байланысты әуеайлақтар А, Б, В, Г, Д және E сыныптарға бөлiнедi.
53. Сыныпталған әуеайлақтарда (А - E сыныпты) әуе кемелерiнiң ұшу және қонуына үнемi пайдаланылу әзiрлiгi бар қосалқы ТҰҚЖ дайындалуы тиiс. Әуеайлақта екi және одан артық ЖҰҚЖ болған жағдайда, сондай-ақ, егер ЖҰҚЖ бар әуеайлақ әуе кемесiнiң авариялық қонуы үшiн қиындық келтiретiн жағдайда (күрделi жер бедерi) орналасса, ТҰҚЖ ретiнде дайындалған БПБ пайдаланылуы мүмкiн.
54. Ұшу-қону жолағының көлемi Е сыныпты әуеайлақтан кем болған әуеайлақтар сыныпталмаған әуеайлақтарға жатады.
55. Дүркiн-дүркiн, маусымды ұшулар үшiн әуеайлақтардан басқа, көлемi тиiстi үлгiдегi әуе кемелерiнiң қауiпсiз ұшуын және қонуын қамтамасыз ететiн қону алаңдары пайдаланылуы мүмкiн.
56. Уақытша әуеайлақтардан, авиациялық жұмыстарды қамтамасыз етуге арналған әуеайлақтардан және қону алаңдарынан басқа азаматтық әуеайлақтар Қазақстан Республикасы азаматтық әуеайлақтарының мемлекеттік тiзiлiмiнде тiркелуге жатады.
57. Азаматтық әуеайлақтар олардың ведомстволық тиiстілігiне қарамастан, әуе кемелерi үшiн қосалқы әуеайлақтар ретiнде пайдаланылады. Басқа да министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың қарауындағы әуеайлақтар ведомстволық тиiстілігiне қарамастан, осы министрлiктердiң келісімi мен шешiмi бойынша әуе кемелерi үшiн қосалқы әуеайлақ ретiнде бөлiнуi мүмкiн.
58. Әрбiр әуеайлақ пен қону алаңы үшiн оны пайдаланудың жергiлiктi ерекшелiктерiн және қолданыстағы шектеулердi ескеретiн осы әуеайлақтағы (қону алаңындағы) ұшуларды орындау тәртібі айқындалмаған ұшуларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық әзiрленедi. Ұшуларды жүзеге асыру жөнiнде бекітілген нұсқаулығы жоқ әуеайлақта ұшуларға тыйым салынады.
Әуеайлақ ауданында ұшуларды орындау жөніндегі нұсқаулық ұшулардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету талаптарына сәйкестiгiне мезгiл-мезгiл тексерiлуi тиiс. Тексеру әуеайлақтарды тiркеу және олардың пайдалануға жарамдылығы туралы қолданылып жүрген куәлiктердi ұзарту барысында, бiрақ кемiнде 5 жыл мерзiмде жүргiзiледi.
59. Әуе кемесiнiң экипаждарына әуеайлақ немесе аэроторап ауданында ұшуларды орындауға қажеттi мәлiметтер аэронавигациялық ақпараттың құжаттарында жарияланады.
8-тарау. Ұшуларды қамтамасыз ету
60. Ұшуларды қамтамасыз ету авиация саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарына сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады, және:
1) өндiрiстiк қызметтi жедел басқаруды;
2) аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етудi;
3) метеорологиялық қамтамасыз етудi;
4) штурмандық қамтамасыз етудi;
5) инженерлiк-авиациялық қамтамасыз етудi;
6) әуеайлақтық қамтамасыз етудi;
7) электр жарығымен техникалық қамтамасыз етудi;
8) радиотехникалық қамтамасыз етудi;
9) экологиялық қамтамасыз етудi;
10) коммерциялық қамтамасыз етудi;
11) орнитологиялық қамтамасыз етудi;
12) медициналық қамтамасыз етудi;
13) тәртiптiк-күзеттiк қамтамасыз етудi;
14) апаттық және iздестiру-құтқаруды қамтамасыз етудi қамтиды.
61. Ұшуларды қамтамасыз ету кезiнде өндiрiстiк қызметтi жедел басқару мыналарды:
1) ұшулардың тәулiктiк жоспарын орындау барысы туралы ақпаратты жинауды, өңдеудi және сақтауды;
2) тасымалдаудың тәулiктiк жоспарын қамтамасыз етумен орындауды, жөнелтулердiң тұрақтылығын, рейстердi кiдiртуге және ауыстыруға байланысты iркiлiстi жағдайларды болдырмауды;
3) әуе кемелерiн ұшуға әзiрлеудiң технологиялық кестелерiнiң, келгеннен кейiнгi әуе кемелерiнiң қызмет көрсетудегi кемшiлiктерi мен бұзушылықтарын талдауды;
4) ұшулардың тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгiн және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында азаматтық авиация ұйымдарының құрылымдық бөлiмшелерiнiң, әуежайдың, авиакомпаниялардың өндiрiстiк қызметiне жедел басшылық жасауды, реттеудi және үйлестiрудi;
5) авиациялық тасымалдауды қамтамасыз етудегi кемшiлiктердi жоюды және жолаушыларға қызмет көрсетуде озық технологияларды қолдануды көздейдi.
62. Ұшуларды дайындау және орындау кезiнде аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн құралдар мен қызметтерге қатысты аэронавигациялық ақпаратты:
1) әуе кеңiстiгiне кiру және транзит ережелерiн;
2) әуеайлақтардың (тiкұшақ айлақтарының) деректерiн;
3) навигациялық құралдардың деректерiн;
4) байланыстар бойынша деректердi және әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлерiн, сондай-ақ оларға байланысты рәсiмдер мен ережелердi берудi көздейдi.
63. Ұсынылуы тиiс материалдар аэронавигациялық ақпараттың бiрiккен пакетi түрiнде жарияланады:
1) Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттарының жинағы (АІР);
2) АІР-ге толықтыру;
3) NOTAM (ескертулер парағы мен ұшу алдындағы ақпараттар бюллетенi);
4) аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухаты (АІС);
5) бақылау тiзбесi мен ақпараттар.
64. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етумен ҚР аэронавигациялық ақпарат қызметi (бұдан әрi - ҚР ААҚ) «Қазаэронавигация» РМК шұғылданады, ол әуе қозғалысының қауiпсiздiгiн және тиiмдiлiгiн қамтамасыз етудi қажет ететiн ақпараттарды жинайды және таратады.
65. ӘК-нiң экипаждарының бортында ұшып шығу күніндегі соңғы түзетулер енгізілген жұмыс істеуге дайын күйiнде тұрған аэронавигациялық ақпараттың құжаттары (радионавигациялық кодтардың жинағы (РНЖ) болуы тиiс.
66. Аэронавигациялық ақпарат құжаттарынсыз ұшуды орындауға тыйым салынады.
67. ҚР аэронавигациялық ақпараттар қызметi Халықаралық азаматтық конвенция 15-қосымшасының талаптарына сәйкес жұмыс iстейдi.
68. Ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету дегенiмiз пайдаланушыларға, әуе қозғалысына қызмет көрсететiн органдарға және басқа да авиациялық тұтынушыларға ұшуларды немесе функционалдық мiндеттердi орындауға қажеттi сапалы метеорологиялық ақпаратты дер кезiнде беру болып табылады. Метеорологиялық қамтамасыз ету Халықаралық азаматтық конвенцияның 3-қосымшасына сәйкес келтiрiледi.
69. Ұшуларды тiкелей метеорологиялық қамтамасыз етудi әуеайлақтық метеорологиялық органдар (бұдан әрi - ӘМО, ӘМСГ), ал әуеайлақта ондай органдар жоқ болған жағдайда - арнайы дайындықтан өткен және осындай қамтамасыз етуге рұқсат етiлген тиiстi авиациялық мамандар жүзеге асырады.
70. Әуе кемелерiнiң ұшып шығуына, ұшуына және қонуына шешiм қабылдауға негiз болатын әуеайлақтағы нақты ауа-райы туралы ресми деректерi AMO (АМСГ) жедел органдар метебайқаушыларынан алынған байқау деректерi болып табылады, ал осындай органдар жоқ әуеайлақтарда нақты ауа-райы туралы мәлiметтердi тиiстi дайындығы бар лауазымдық адамдар беруi мүмкiн. Әрбiр нақты әуеайлақ үшiн ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз eту әуеайлақтағы ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта егжей-тегжейлi айтылған.
71. Әуе кемесiнiң экипаждары ұшуға шығар алдында және ұшуда метеорологиялық ақпараттармен қамтамасыз етiледi. Метеорологиялық ақпарат ұшудың уақытына биiктiгiне және бағытына (ауданына) сәйкес болуы тиiс. Ұшу алдындағы метеорологиялық даярлық («брифингтiктен» басқа) кезеңiнде әуе кемелерiнiң экипаждары:
1) ауызша метеорологиялық консультациямен;
2) нақты ауа-райы туралы деректермен және ұшу, қону және қосалқы әуеайлақтар бойынша ауа-райының болжамдарымен:
3) ұшу бағыттары мен аудандары бойынша болжамдармен және шторм туралы ескертулермен және ақпаратымен SIGMET (ұшу бағыты бойынша болатын немесе күтіліп отырған метеоқұбылыстар туралы ақпарат);
4) жел, биiктiк бойынша температураның, болжамдарымен және ауа-райының ерекше құбылыстары туралы болжамдармен;
5) метео-радиолокатордың деректерi мен және спутниктердiң фотографияларымен қамтамасыз етiледi.
72. Негiзгi және қосалқы әуеайлақтардың болжамы бойынша, қолданылу мерзiмi есептiк ұшып келу уақытынан кем болса, қосымша 30 минут уақытты есептегенде әуе кемелерi экипаждарының ұшып шығуына тыйым салынады.
73. Әуе кемелерiнiң экипаждарынан ұшып шығу, бағыты бойынша ұшу процесiнде және қонғаннан кейiн алынған нақты метеожағдайлар туралы мәлiметтердi авиациялық бөлiмшелер (АМО, АМС) жедел жұмысында пайдаланады.
74. Егер қонуға бет алған әуе кемелерiнiң экипаждарының хабарлауы бойынша бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi мен көрiну қашықтығы туралы мәлiметтер аспаптық өлшемдер нәтижесiнде AMO (AMC)-дан алынған ресми мәлiметтерден өзгеше болса, онда бұл жағдайда метеобақылағыш ӘҚҚ ұшу басшысының немесе диспетчердiң нұсқауы бойынша көзбен шолып қарайтын көрiну қашықтығы (тiк көрiну) немесе бұлттар биiктiгiн бақылау өлшемдерiн орындауы тиiс.
75. Ұшу кезiнде әуе кемелерiнiң экипаждары ӘҚҚ диспетчерлiк органдары арқылы, радиохабар тарату (ATIS, VОLМЕТ), ЖЖ және ӨЖЖ радиоарналары арқылы, сондай-ақ азаматтық авиация жүйесiнде метеорологиялық iзденiс арқылы метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз етiледi.
76. Әуеайлақта «Қазавиамет» авиациялық метеорологиялық органдары жоқ болғанда, күрделi метеорологиялық жағдайларда азаматтық авиациялық (ұшу) бөлiмшесiнiң басшысының шешiмiмен ҚҰЕ мен ұшу мүмкiндiгiн анықтау үшiн әуе кемесiнде жолаушысыз, экипаж құрамына белгiленген тәртiппен ресiмделген метеоролог маманның қатысуымен ауа райына барлау жасалуы мүмкiн.
77. Әуе қозғалысына қызмет ету органдары және басқа авиациялық пайдаланушылар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын басқа да нормативтiк құжаттарға сәйкес метео ақпаратпен қамтамасыз етiледi.
78. Қауiптi метеорологиялық жағдайлардағы ұшулар қолданылып жүрген нормативтiк құжаттарға қатаң сәйкес орындалады.
Метеорологиялық қамтамасыз ету ИКАО 3-қосымшасына сәйкес жүргiзiледi.
79. Ұшуды штурмандық қамтамасыз ету мыналарды:
1) ұшақ жүргiзу және навигация ережелерiне сәйкес ұшуларды орындауды және дайындауды реттейтiн әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеудi және практикаға енгізудi;
2) әуе кемесiнiң қозғалысына қызмет көрсетуге және қамтамасыз етуге байланысты ұшу құрамы мен лауазымды адамдардың штурмандық даярлығын;
3) ұшуды орындауға қажеттi аэронавигациялық ақпаратты, сондай-ақ ұшуларды шектеуді енгізу туралы мәліметтерді экипажға дер кезiнде жеткізудi ұйымдастыруды;
4) қонуға бет алу және әуеайлақ ауданынан шығу үшiн әуеайлақ (аэроторап) ауданында әуе кемелерiнiң маневр жасау схемасын әзiрлеудi;
5) көзбен шолып ұшу минимумдарын қоса алғанда, әуе кемелерiнiң ұшуы мен қонуы үшiн әуеайлақтың минимумдарды белгiлеудi және әзiрлеудi;
6) әуе кемелерiнiң экипаждарына ұшудың метеорологиялық және/немесе әуе жағдайына байланысты өте тиiмдi эшелондары мен бағыттарын таңдап алуы бойынша консультация берудi;
7) әуеайлақ ауданындағы және бағыттарындағы қондыру жүйесi мен навигацияның жердегi радиотехникалық құралдарының тиiмдi және ұтымды орналастыру схемасын әзiрлеуге қатысуды;