5) көзбен шолып қонуға бет алу кезiнде АДП мен СДП арасында - көзбен шолып қонуға бет алудың басталу нүктесi;
6) ШДП мен КДП арасында - 4-бұрылу ауданында, әуеайлақтан белгiленген қашықтық пен азимутта;
7) КДП мен СДП арасында - РЖЖР ұшып өткен соң СДП диспетчерiнiң әуе кемесiн көзбен шолып анықтау сәтi;
8) СДП пен РДП арасында - әуе кемесiнiң ҰҚП босату сәтi.
Жақындау, шеңбер, қону, старттық және рөлдеу диспетчерлiк пункттерiн бiрiктiрген кезде Мұнара ДП қабылдау-тапсыру шектерi белгiленбейдi. Мұнараның диспетчерi тiкелей ӘҚҚ-ты жүзеге асырады. Осыған ұқсас, жергiлiктi диспетчерлiк пункттер мен ӘҚҚА-ның пункттерiн бiрiктiруге жол берiледi және ол лауазымды нұсқаулықпен, ӘҚҚ үшiн жұмыс технологияларымен анықталады.
182. Әуе қозғалысына қызмет көрсету әуе кемесiнiң келісілген эшелонда (биiктiкте) диспетчерлiк пунктке бекітіп берiлген әуе кеңiстiгiне кiргенде ӘҚҚ тапсыру шебiнде басталады да, ол осы кеңiстiктен шыққанда ӘҚҚ тапсыру шебi ұшып өтетiн және ӘҚҚ шектес орган (диспетчер) басқаруға қабылдайтын сәтте аяқталады.
183. Әуе трассаларында, ЖӘЖ, белгiленген бағыттарда, авиация жұмыстары жүргiзiлiп жатқан аудандарда және АА әуеайлақтарында ӘҚҚ тәртібі жергiлiктi ұшу жағдайлары мен ӘҚҚ ерекшелiктерiн ескере отырып, ӘҚҚА (диспетчерлiк пунктiне) әрбiр бағытына арналып жасалатын ұшуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтармен және жұмыс технологияларымен анықталады.
184. Диспетчерлер эшелондаудың белгiленген аралықтарын сақтай отырып, әуе кемелерiнiң қозғалысына қызмет көрсетуге мiндеттi.
Радиолокациялық бақылау жұмыс iстейтiн жағдайда олар әуе жолдарының белгiленген енi, ЖӘЖ, дәлiздер, бағыттар және биiктiктi, төмендеудi және қонуға бет алу шегiнен шығып кеткенi жөнiнде әуе кемелерiнiң экипаждарына хабарлауға мiндеттi.
185. Ұшу кезiнде ерекше жағдайдың туындағаны жөнiнде хабар алған диспетчер әуе кемесiнiң ұшып бара жатқан тұсын анықтауға және бұл туралы iздестiру-құтқару қызметiн хабардар етуге, болған жағдай туралы және құлақтандыру схемасына сәйкес қабылданған шаралар туралы баяндауға, әуе кемесiнiң қауiпсiз ұшуы үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге, бұл жағдайға қатысы жоқ радиохабар алмасуларын тоқтатып, өзiне бағынатын әуе кемелерiнiң экипаждарымен радиохабар алмасу ережелерiн қатаң сақтауға мiндеттi.
186. Әуе кемесiнiң командирi таңдалған қосалқы әуеайлаққа қарай ұшу жөнiнде шешiм қабылдаған соң диспетчер:
1) экипажға қосалқы әуеайлақтың әуе кемесiн қабылдауға дайындығы жөнiнде хабарлауға;
2) ӘҚҚ тиiстi органдармен ұшу бағыты мен эшелонды (биiктiктi) келісіп, ол туралы экипажға хабарлауға;
3) әуе кемесiнiң командирiне оның сұрауы бойынша ұшу бағытын, эшелонды (биiктiктi), трассаның ауа райын және басқа деректердi хабарлауға;
4) шектес диспетчерлiк пункттiң диспетчерiне қосалқы әуеайлаққа бағытталған әуе кемесi туралы қажеттi деректердi беруге;
5) ӘҚҚ шектес диспетчерлiк пункттiң диспетчерiне тапсыру сәтiне дейiн әуе кемесiнiң қозғалысын бақылауды жүргiзе беруге мiндеттi.
Әуе кемесi командирiнiң талап етуi бойынша қосалқы әуеайлаққа қарай ұшу оңтайлы жағымен қамтамасыз етiледi және қажет болса, төте жолмен өтедi. Автоматты тапсыру болмаған кезде немесе экипаждың сұрауы бойынша диспетчер қосалқы әуеайлақтағы нақты және болжамды ауа райы жөнiнде экипажға хабарлауға мiндеттi.
18-тарау. Әуеайлақ (аэроторап)
ауданындағы әуе қозғалысын қамтамасыз ету
187. РДП тәулiктiк жоспарда ұшу сапары немесе берiлген «флайт-план» (бұдан әрi - ФП) көрсетiлген болса, экипаждың сұрауы бойынша әуе кемесiн алдын ала стартқа тiркеп сүйреуге, қозғалтқышты iске қосуға және рөлдеуге рұқсат етедi, ҰҚЖ ұшу нөмiрiн, бағытты және рөлдеу жағдайларын көрсетедi. Әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты тарату жүйесi ААТЖ болса, ұшу ҰҚЖ нөмiрi көрсетiлмейдi.
188. Қозғалтқышты iске қосу алдында РДП экипажына диспетчер рұқсатын бередi, ол мыналарды қамтиды:
1) ӘК шақыру белгiсi;
2) тағайындалған әуеайлаққа ұшу рұқсаты;
3) әуеайлақ ауданынан шығу бағыты немесе ғ SIDA;
4) оған дейiн көтерiлуге рұқсат етiлген эшелон;
5) жеке танып айыру коды (SQUAWK).
Егер бұрылу жағы АНА құжаттарында жарияланғаннан ерекшеленбесе, РПД (Мұнара) 1-бұрылу жағын көрсетпейдi.
РПД (Мұнара) ӘК экипажынан қабылданған ақпаратқа растау алуға мiндеттi.
189. СДП диспетчерi экипаждың сұрауы бойынша және қону, айналу диспетчерлерiнiң келісімiмен әуе кемесiн атқару стартына (немесе рөлдеуге және атқару стартында тоқталмастан ұшуға) бағыттауға рұқсат бередi, экипажға ұшу жағдайларын, шығу маневрiн жасау және биiктiктi сатысыз алу тәртібін (ол қолданылатын болса) хабарлайды.
Әуеайлақ ауданында ақпарат автоматты тапсыру жүйесi (ААТЖ) жұмыс iстейтiн болса, ұшып-көтерiлу жағдайлары көрсетiлмейдi.
190. СДП диспетчерi экипаждың ұшуға дайындығы туралы баяндауы бойынша әуе кемесiнiң ұшуына рұқсат бередi.
Диспетчердiң әуе кемесiнiң ұшуына рұқсаты мыналарды бiлдiредi:
1) ҰҚЖ бос тұр және ҰҚЖ жай-күйi ӘК экипажына мәлiм;
2) ұшып шығатын кемеге қауiпсiз аралық қамтамасыз етiлген;
3) ұшу жолағында кедергiлер жоқ;
4) экипаж ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн құбылыстар (құстардың шоғырлануы, қауiптi метеорологиялық жағдайлар, күштi нөсер жауын-шашын жағдайында метеорологиялық көрiну 600 м-ден кем, жел бағыты мен жай-күйiн ескере отырып, жер бетiнде желдiң жылдамдығы, әуеайлақ минимумынан төменгi нақты ауа райы бойынша белгiленген шектеулерден acу);
5) экипажға диспетчердiң рұқсатында көрсетiлген шеңбер биiктiгi мен эшелонға шығуға рұқсат берiледi.
Бiрнеше ҰҚЖ бiр мезгiлде ұшатын кездерде қосымша СДП негiзгi СДП диспетчерiнiң келісімiмен ғана әуе кемелерінің ұшып-көтерiлуiне рұқсат етедi.
191. Ұшу жолағындағы кедергiлердiң алынғаны туралы нақты ақпарат берiлгеннен кейiн ғана СДП диспетчерi әуе кемесiнiң ұшуына рұқсат және қондыру диспетчерiне «ҰҚЖ бос тұр» деген ақпарат бере алады.
Ұшу жолағында кедергiлердiң болмауынан СДП диспетчерi көзбен шолып көретiн учаскелер бойынша емес, экипаждың ҰҚЖ бос тұрғаны туралы баяндауы арқылы көзбен шола қарап, ал күрделi метеорологиялық жағдайларда және түнде - әуеайлақ қызметiнiң мамандары ақаусыз радио-жарық-техникалық жабдықтарды пайдалана отырып анықтайды.
192. Әуе кемелерiн қабылдау және жөнелту кезiнде ҰҚЖ жөндеу және басқа жұмыстарды жүргiзу қажет болатын реттерде СДП диспетчерi (Мұнара):
1) техникалық және басқа құралдарда, жұмыс жетекшiсiнiң автомобилiнде белгiленген және ақаусыз радио-жарық-техникалық жабдықтар және онымен тұрақты екi жақты байланыс болған кезде ҰБ (бұдан әрi - ҰБ) немесе аға диспетчердiң рұқсатымен ғана техникалық және басқа құралдардың ҰҚЖ (ұшу жолағына) шығуына рұқсат беруге;
2) әуеайлақтағы ҰБ (аға диспетчерге) және қондыру диспетчерiне (немесе Мұнараға) ҰҚЖ (ұшу жолағындағы) жұмыстың басталуы, үзiлiстерi және аяқталуы туралы хабарлауға;
3) кемiнде әрбiр 15 минут сайын жұмыс жетекшiсiмен радиобайланыстың болуы мен орнықтылығын бақылап отыруға;
4) ҰҚЖ жұмыс жетекшiсiмен байланыстың үзiлгенi ҰҚЖ (ұшу жолағындағы) техникалық құралдардың жарық-белгi жабдықтарының жұмысындағы кемшiлiктер туралы әуеайлақтағы ҰБ (аға диспетчерге) дереу баяндауға;
5) ұшу жолағын техникалық және басқа құралдардан босату жөнiнде бұйрық беруге және есептелген (нақтыланған) қону уақытынан кемiнде 5 минут бұрын, сондай-ақ тiкелей әуе кемесiнiң ұшуы алдында бұл бұйрықтың орындалуын бақылауға мiндеттi.
193. Егер:
1) бос тұрмаса және ҰҚЖ жай-күйi ӘК экипажына мәлiм болмаса;
2) басқа әуе кемесi ұшқан болса немесе екiншi шеңберге кететiн болса немесе оның орны қауiпсiз аралықты қамтамасыз ете алмайтын болса;
3) ұшу жолағында кедергiлер болса;
4) экипажда ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн құбылыстар (құстардың шоғырлануы, қауiптi метеорологиялық жағдайлар, күштi нөсер жауын-шашын жағдайында метеорологиялық көру мүмкiндiгi 600 м-ден кем, жел бағыты мен ҰҚЖ жай-күйiн ескере отырып, жер бетiнде желдiң жылдамдығы, әуеайлақ минмумынан төменгi нақты ауа райы бойынша белгiленген шектеулерден шығу) туралы ақпарат болмаса, старттық диспетчерлiк пункттiң диспетчерiне (Мұнараға) әуе кемесiнiң экипажына ұшуға рұқсат беруге тыйым салынады.
194. СДП диспетчерiне (Мұнараға) экипажға ұшу қауiпсiздiгiне төнген қатер жөнiнде жедел хабарлау қажет болатын жағдайларды қоспағанда, ұшу басталғанға және 200 м биiктiкке (берiлген биіктікке) шыққанға дейiн радиобайланысымен әуе кемесiнiң экипажын шақыруға тыйым салынады.
195. ЖДП мен АДП әуе кемелерiнiң экипаждарына (қажет болған кезде) әуедегi жағдай және (өте жоғары жиiлiктерде метеорологиялық жағдай мәлiметтерi болмаса) метеорологиялық жағдай туралы хабарлайды, белгiленген схемалар немесе берiлген траекториялар бойынша ұшуға рұқсат етедi, олардың сақталуын қадағалайды, әуе кемелерiнiң қауiптi аралықтардан алшақтауын қамтамасыз етедi.
Әуе кемелерi арасындағы аралықты реттеу мақсатында диспетчер осы әуе кемесi үшiн рұқсат етiлген шекте үдемелi және (немесе) тiгiнен алғандағы жылдамдықтар режимiн белгiлейдi.
196. Ұшу жетекшiсi (аға диспетчер) мен диспетчерлер ӘҚҚ кезiнде қосалқы (топырақ) ҰҚЖ жай-күйi мен жұмысқа дайындығын білуге және қажет болса, қону немесе қосалқы әуеайлаққа ұшу үшiн шешiм қабылдау мақсатында ол жөнiнде әуе кемелерiнiң экипаждарына хабарлауға мiндеттi.
197. Шеңбер диспетчерлiк пунктiнiң диспетчерi қонуға бет алған әуе кемесiмен байланыс орнатқан соң оны тануға (радиолокациялық бақылау болғанда), әуе кемесi экипажының белгiленген төмендеу және қонуға бет алу схемасын немесе диспетчер ұсынатын траекторияны сақтауын үздiксiз бақылап отыруға, әуе кемесiнiң қауiпсiз аралықты сақтай отырып, қонуға бет алуын қамтамасыз етуге және экипажға қонуға бет алу, қону жағдайларын хабарлауға мiндеттi.
198. Диспетчердiң нақты әуе және метеорологиялық жағдайларға қарай экипажға қону жүйесiн немесе қону жүйесi режимiн өзгертудi ұсынуға құқығы бар.
199. ШДП диспетчерi күрделi метеорологиялық жағдайларда қонуға бет алу кезiнде әуе кемесi төртiншi бұрылысқа жақындау (түзу бет алғанда глиссадағы ену нүктесi) алдында АМСА метеорологиялық элементтердiң нақтыланған деректерiн алуға және оларды экипажға хабарлауға мiндеттi. АМСА-дан метеорологиялық жағдайдың өзгеруi немесе қауiптi метеорологиялық жағдайдың пайда болуы туралы мағлұмат алынғанда диспетчер бұл жөнiнде дереу экипажға хабарлауға мiндеттi.
200. Метеорологиялық ақпаратты автоматты радиохабармен (бұдан әрi МАР) жеткiзетiн құралдармен жабдықталған әуеайлақтарда нақтыланған метеорологиялық деректер әуе кемесiнiң экипажына МАР деректерi бойынша берiледi.
201. Көзбен шолып қонуға бет алғанда экипаждың ҰҚЖ көзбен шолу байланысын орнатқаны жөніндегі хабарлауы бойынша АДП диспетчерi радиолокациялық қадағалау жұмыс iстейтiн кезде әуе кемесiнiң көзбен шолып маневр жасайтын белгiленген аймаққа енуiн бақылап отыруға, көзбен шолып қону рұқсатын растауға, ҰҚЖ нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
202. Қону диспетчерi (Мұнара) таңдалған жүйе бойынша әуе кемесiнiң қонуға бет алуын қамтамасыз етедi және қонуға рұқсат бередi.
Диспетчер қону жүйесiнiң ақаулары мен iстен шығуы туралы экипажға дереу хабарлауға және оған қонуға бет алуды қамтамасыз етудiң басқа құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар беруге мiндеттi.
203. Әуе кемесi санатталған минимум бойынша қонуға бет алғанда қонатын түзу алдында, сондай-ақ радиомаяктардың қиын аймақтарында басқа әуе кемелерi (кедергiлер) тұрмауы тиiс.
204. Егер:
1) әуе кемесiнiң төмендеу жолындағы әуе кеңiстiгiнде ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн кедергiлер болса;
2) қону алдындағы түзуде әуе кемелерi арасындағы қауiпсiз аралықтың бұзылу қатерi пайда болса;
3) СДП диспетчерiнен ұшу жолағының бос тұрғаны жөнiнде баяндау түспесе, диспетчер әуе кемесiнiң қонуына тыйым салуға және экипажға екiншi шеңберге шығуға нұсқау беруге мiндеттi.
205. Диспетчер экипажға:
1) ҰҚЖ көру мүмкiндiгіндегі (көру) 2000 м-ден төменгi және бұлттардың төменгi шекарасынан 200 м биiктiктегi және одан төменгi көру мүмкiндiгiнiң барлық өзгерістерi туралы;
2) қону алды түзуi жолындағы қауiптi метеорологиялық құбылыстар туралы;
3) метеорологиялық көрiну алыстығы 1000 метрге жетпейтiн күштi нөсер жауын-шашын туралы;
4) жер бетіндегі желдiң бағыты мен ұшу-қону жолағы бетiнiң жай-күйiн ескере отырып, желдiң жылдамдығы бойынша белгiленген шектеулерден шығу туралы;
5) ҰҚЖ көру мүмкiндiгi (көру) және әуеайлақ минимумынан кем белгiленген бұлттардың төменгi шекарасы (тiгiнен көру) туралы дер кезiнде хабарлап отыруға мiндеттi.
206. СДП диспетчерi РЖЖР ұшып өткен соң оны көзбен шола анықтау сәтiнен бастап ҰҚЖ босағанға дейiн әуе кемесiнiң қозғалысын қадағалап отырады. Әуе кемесi қонуға бет алып, қону процесiнде СДП диспетчерiне ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнетiн жағдайлардан басқа реттерде экипажды байланысқа шақыруға тыйым салынады. Әуе кемесi ақауының сыртқы белгiлерi немесе қонуға дайын еместiгi анықталғанда, СДП диспетчерi бұл жөнiнде экипажға дереу хабарлауға мiндеттi. Әуе кемесi қонған соң СДП диспетчерi экипаждың баяндауы бойынша және көзбен шолу арқылы әуе кемесiнiң ҰҚЖ-ды босатқанына көз жеткізуге мiндеттi. Түнде және көру мүмкiндiгi шектелетiн жағдайларда ҰҚЖ бос тұруы әуе кемесi экипажының баяндауы бойынша қадағаланады.
19-тарау. Әуе кемелерiнiң ұшу кезіндегі артықшылықтары
207. Ұшу кезiнде:
1) мемлекеттiң мүдделерiн қорғау жөнiнде тапсырмаларды орындайтын;
2) iздестiру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын және жедел медициналық жәрдем көрсету жөніндегі тапсырмаларды орындайтын;
3) топтың құрамында ұшуды орындайтын;
4) қозғалтқышы жерде шектеулi уақытпен жұмыс iстейтiн;
5) тапсырманы орындауға жанармай қоры шектеулi;
6) жолаушылары бар;
7) неғұрлым жүрдек әуе кемелерiне артықшылықтар берiледi.
208. Қону кезiнде:
1) шұғыл қонуды орындайтын;
2) метеорологиялық жағдайлар нашарлайтын кезде - қонуға бет алу үшiн едәуiр жоғары минимумы бар;
3) жанармай қалдығы ұзақ ұшуға жетпейтiн;
4) жедел медициналық жәрдем көрсету жөніндегі ұшуды орындайтын;
5) топтың құрамында ұшуын орындайтын;
6) жолаушылары бар әуе кемелерiне артықшылықтар берiледi.
209. Бiр мезгiлде атқарылатын рейстiк және әуеайлақтық ұшудың жиiлiгi әуеайлақ ауданында ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта көрсетiлген нормадан асып кеткенде, ұшу жетекшiсiнiң шешiмiмен ұшу саны шектелуi немесе уақытша тоқтатылуы мүмкiн.
210. Әуеайлақ (аэроторап) ауданы арқылы қонбастан ұшатын әуе кемелерi қозғалысына қызмет көрсетудi тиiстi шептер мен келісілген биiктiктерде ӘҚҚ беру арқылы, әуеайлақ (аэроторап) ауданында ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта белгiленген әуе дәлiздерi мен бағыттары жөніндегі тиiстi диспетчерлiк пункттер қамтамасыз етедi.
211. Әуе кемелерiнiң әуеайлақтың ұшу және қону аймағы арқылы ұшып өтуiне оны айналып өтуге болмайтын жағдайларда ғана рұқсат етiледi. Әуе кемелерiнiң ұшып өту тәртібі және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шаралары әуеайлақ ауданында ұшуды жүргiзу жөніндегі нұсқаулықта және диспетчерлердiң жұмыс технологияларында көрсетiледi.
212. ЖӘЖ әуе жайында (сыныпталмаған әуежайда) ӘҚҚ органы болмаса, әуеайлақ ауданындағы метеорологиялық жағдай және ұшу алаңының жай-күйi туралы қажеттi ақпаратты әуежайдың тиiстi дайындығы бар хабарлаушы диспетчерi немесе бастығы қону (ұшу) жөнiнде шешiм қабылдау үшiн әуе кемелерiнiң экипаждарына жеткiзедi.
213. Автоматты ақпарат тарату жүйесiмен (бұдан әрi - ААТЖ) жарақтандырылған әуежайда экипажбен бастапқы байланысты орнатудағы РПД ұшып шығу кезiнде, ал жақындау пунктiнiң диспетчерi - ұшып келу кезiнде экипаждан автоматты ақпарат таратуды естiгенi туралы баяндауын қабылдауға мiндеттi.
20-тарау. Әуе трассаларында әуе қозғалысына қызмет көрсету
214. ӘҚҚА диспетчерлерi әуе қозғалысына қызмет көрсететiн шектес аудандармен және басқа ведомстволардың әуе қозғалысына қызмет көрсететiн органдармен өзара әрекетте белгiленген ӘҚҚ ауданында әуе қозғалысына қызмет көрсетедi.
215. ӘҚҚ шектес органдар мен басқа ведомстволардың ӘҚҚ органдары арасында әуе кемелерiне тiкелей қызмет көрсетудi өзара тапсыруы белгiленген шептерде және алдын ала келісілген эшелондарда (биіктiктерде) жүзеге асырылады.
216. ӘҚҚА диспетчерлерi әуе кемелерiнiң қозғалысына қызмет көрсету кезiнде әуе кемелерi тағайындалған және қосалқы әуеайлақтардағы метеорологиялық жағдайды және олардың техникалық жай-күйiн бiлуi тиiс.
217. Әуе кемесi баратын әуеайлақтағы (қосалқы әуеайлақтағы) метеорологиялық жағдайдың нашарлауы немесе әуе кемелерiн қабылдаудың тоқтатылуы туралы мәлiмет алған соң диспетчер бұл туралы дереу экипажға хабарлауы тиiс.
218. Әуе кемелерi тағайындалған әуеайлақтардағы ӘҚҚА диспетчерлерi жол бойындағы ӘҚҚА трасса бойындағы метеорологиялық жағдайдың нашарлауы және қосалқы әуеайлақтардың бар-жоқтығы туралы дер кезiнде хабарлауға мiндеттi.
219. ӘК экипажынан немесе шектес диспетчерлiк пункттен әуе кемесiнiң кету шебiне дейiн жеткенi туралы мәлiмет алған соң осы шеп орналасқан АӘҚҚ диспетчерi әуе кемесi тағайындалған және қосалқы әуеайлақтағы нақты және болжамды ауа райын, олардың техникалық дайындығын анықтауға және әуе кемесi ұшып кету шебiнен өткенше, мұндай мәлiметтердi экипажға хабарлауға мiндеттi.
220. ӘҚҚ әскери органның басқаруындағы әуе кемесi әуе трассасын қиып өтетiн жағдайларда экипаждың оны қиып өтуіне рұқсатты осы кеменiң ұшуын тiкелей басқаратын ӘҚҚ әскери органы (аудан орталығының әскери секторы) оны қиып өтуден кемiнде 15 минут бұрын әуе жолының осы учаскесiнде әуе қозғалысын басқаруды жүзеге асыратын АӘҚҚ-пен шарттарды келiсуден кейiн бередi.
221. Әуе кемесi өзара жақын орналасқан бiрнеше әуе трассасын жүйелi қиып өту кезiнде экипажға бұл жолдарды қиып өту үшiн бiр рұқсат берiлуi мүмкiн.
222. Әуе кемесi әуе жолының жақын орналасқан әуеайлақтан (халықаралық әуе желiлерi) ұшып шығар кезде әуе жолын қиып өтуге рұқсат әуе кемесiнiң командирiне тiкелей ұшып шығу алдында берiледi.
223. Әуе трассасын қиып өту ӘҚҚ әскери және азаматтық органдардың (АС және ӘС АО) бақылауымен жүзеге асырылады, мұнда әуе кемесiнiң командирi осы ұшуды тiкелей басқаратын ӘҚҚ әскери органмен мiндеттi түрде радиобайланысын орнатуы тиiс.
224. ЖӘЖ әуе қозғалысына қызмет көрсетудi жергiлiктi диспетчерлiк пункттер (ЖДП), ал ЖӘЖ әуеайлақтар аудандарында - СДП ЖӘЖ, КДП ЖӘЖ олар үшiн ұшуды ұйымдастыру нұсқаулығында белгiленген шекарада жүзеге асырады.
225. ЖДП және ЖӘЖ әуеайлақтарының диспетчерлiк пункттерi бақылап отыратын аудандарда авиация жұмыстары жүргiзiлетiн кезде олардың диспетчерлерi:
1) ұшуды жоспарлау мен диспетчерлiк қамтамасыз етудi жүзеге асыруға;
2) тiрек базаларының диспетчерлiк пункттерiмен өзара бiрлесiп iс-қимыл жасауға;
3) тiрек базаларына метеорологиялық ақпарат және ұшу режимi, тыйым салу және шектеу туралы ақпарат берiп отыруға;
4) әуе қозғалысы жоспарының орындалуын және осыған байланысты әуе кемелерiнiң ұшуын бақылап отыруға;
5) ЖӘЖ төменгi эшелоннан төмен ұшу сапарларын жасайтын әуе кемелерiнiң экипаждарына ЖӘЖ жапсарлас жатқан аудандардағы авиация жұмыстары аймағындағы әуе жағдайлары туралы хабарлауға мiндеттi.
21-тарау. Ұшуларды орындау
226. Орындалатын ұшулар қауiпсiз, тиiмдi және жүйелi болуы тиiс (азаматтық авиацияның әуе кемелерi үшiн).
227. Авиация жұмыстары орындалатын аудандарда, әуеайлақтар (аэротораптар) аудандарында әуе кемелерiнiң әуе жолдарымен және белгiленген бағыттармен ұшуы:
1) аспаптар бойынша ұшу ережелерi (бұдан әрi - ПҰЕ) бойынша;
2) көзбен шолып ұшу (бұдан әрi - КҰЕ) және қонуға көзбен шолып бет алу ережелерi (бұдан әрi - ҚКБЕ) бойынша орындалады.
228. Экипаж мүшелерi ұшу кезiнде осы Ереженi, ӘК осы үлгiлерiн ҰПБ, Экипаж мүшелерiнiң бiрлесiп әрекет етуi және жұмыс технологиясы жөніндегі нұсқаулықты, сондай-ақ ұшуды реттейтiн басқа да нормативтiк құжаттарды бacшылыққа алуға мiндеттi.
229. Экипаждың ұшу құрамының мүшелерi ұшуды орындау кезiнде жұмыс орнында креслоның отырғышына байланатын белбеумен таңылуы тиiс. Қызмет көрсетушi адамдар ұшу және қону кезiнде байланатын белбеумен таңылуы тиiс. Әуе кемесi рөлдеу басталған сәттен ұшу биiктiгiне жеткенге дейiн және төмендей бастаудан тұраққа бет алғанға дейiн, сондай-ақ әуе кемесiнiң командирi талап ететiн барлық жағдайларда жолаушылар белбеумен таңылуы тиiс.
230. Әуе кемесiнiң командирiне қолайлы ұшу жағдайларында уақытқа аз жұмыс орнынан кезiнде рұқсат етiледi. Бұл жағдайда әуе кемесiн екiншi ұшқыш басқарады, ал экипаждың қалған мүшелерi өздерiнiң жұмыс орындарында болуға тиiс. Экипаж кабинасынан кез келген жағдайда әуе кемесi командирiнiң шешiмiмен экипаждың бiр мүшесiне ғана аз уақытқа шығуға рұқсат етiледi. Екi мүшесi бар әуе кемесi экипажының бiр мүшесi шыққан кезде ұшуды жүргiзушi ұшқыштың көңiл күйi кенеттен нашарлаған жағдайда жоқ ұшқышты дереу шақыру үшiн кабинаға бортсерiктерiнiң бiрi кiруге мiндеттi.
231. Экипаж мүшелерi әуе кемесi командирiнiң рұқсат етуiмен ғана өздерiнiң жұмыс орындарынан тұра алады.
232. Әуе кемелерiн ҰПБ белгiленген шептерде экипаж мүшелерi бақылау тексерулерi картасы бойынша ұшудың кезектi кезеңiн орындауға дайындықты тексеруге мiндеттi.
233. Ұшуды орындау кезiнде ұшқыштардың бiреуi әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайын ұдайы қадағалап отыруға мiндеттi. Автоұшқыштың басқаруымен ұшу кезiнде әуе кемесiн басқаратын экипаж мүшесi маневр жасау алдында бұл туралы экипажға ескертуi тиiс.
234. Экипаж ұшу жағдайының күрделенiп бара жатқаны, байқалған қауiптi метеорологиялық құбылыстар, әуе кемелерiнiң және басқа материалдық объектiлердiң қауiптi жақындауы туралы ӘҚҚ диспетчерлiк органына дереу хабарлауға мiндеттi.
235. Әуе кемесiнде ақаусыз қабылдау-жауап беру құралы болғанда ұшқыш әуе кемесiнiң ҚШРЛ ӘК ҰПБ сәйкес ӘҚҚ мақсатында пайдаланатын әуе кеңiстiгi шегiнде немесе одан тыс болатынына қарамастан, бұл құралды бүкiл ұшу барысында пайдаланады.
Авария жағдайына қатысты көрсетiлген реттерден басқа кезде, байланыстың үзiлуiне немесе заңсыз араласуға байланысты ұшқыш:
1) қабылдау-жауап беру құралын пайдаланады және онымен байланыс орнатылатын ӘҚҚ тиiстi органның жеке көрсететiн режимдерi мен кодтарын таңдайды; немесе:
2) аймақтық аэронавигациялық келісімдердiң негiзiнде ұсынылған режимдер мен кодтарды қолдана отырып, қабылдау-жауап беру құралын пайдаланады; немесе:
3) ӘҚҚ органдардың қандай да болмасын нұсқаулары немесе аймақтық аэронавигациялық келісімдер болмаған жағдайда 2000 кодын орнатып, А режимiнде қабылдау-жауап беру құралын пайдаланады;
4) әуе кемесiнде С режимiнде жұмыс iстейтiн ақаусыз қабылдау-жауап беру құралы бар жағдайларда ұшқыш, егер ӘҚҚ орган оған басқа нұсқау бермесе, үздiксiз осы режимдi пайдаланады.
236. ААТЖ ақпарат беру жүйесiмен жарақтандырылған әуежайларда старт алдындағы және қону алдындағы дайындық кезiнде экипаж ақпаратты тыңдап, бұл туралы ұшып келу ЖДП диспетчерiне АДП және ұшып шығарда РДП (Мұнараға) белгiленген тәртiппен баяндауы тиiс.
ӘК экипажының ААТЖ ақпаратын алғаны туралы баяндауы оның ААТЖ қонуға бет алу жүйесiмен келiскенiн бiлдiредi, өйтпейiнше ол қонуға басқаша бет алуды сұрауы тиіс.
237. Әуеайлақта қозғалу (тiркеп сүйреу, рөлдеу) РДП (Мұнараның) рұқсатымен жүргiзiледi. Әуеайлақта қозғалу осы әуеайлақта белгiленген қозғалыс схемасына сәйкес және әуеайлақтағы ӘҚҚ пункттiң диспетчерiмен үздiксiз екi жақты байланыс орнатылғанда таңбалау белгiсi бойынша жүзеге асырылады.