11-бап. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам және мемлекеттік органдар жүйесi
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адамға және мемлекеттік органдар жүйесiне Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкiлеттi орган, уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары Конституцияда, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өздерінің құзыреті шегінде жатады.
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесі
Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:
1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
4) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;
5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;
6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;
Орман шаруашылығын жобалау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар бөлігінде 7) тармақша өз қолданысын 2015 ж. 1 қаңтардан бастап тоқтатты
7) орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;
9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;
10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi.
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік орман саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекеттік орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асырады;
3) осы Кодекстiң 22-бабының 2-тармағында аталған мемлекеттік заңды тұлғаларға орман пайдалану құқығымен мемлекеттік жер қоры учаскелерiн бередi;
4) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5) мемлекеттік орман қорын санаттар бойынша бөлудi бекiтедi;
6) - 8) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды және оларды алып қою көлемдерін бекітеді;
11) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12), 13) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
15) - 17-2) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-3) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-4) - 17-19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17-20) 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.19.03. № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілді; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 13-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13-бап. Уәкілетті органның құзыреті
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген құзыретi шегiнде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастырады және іске асырады;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыруды және орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
4) Қазақстан Республикасының орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы нормативтiк құқықтық актілерін әзiрлейдi және бекiтедi;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 5) тармақша өзгертілді; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) орман қорының жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуы мен орман өсiруге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-1) мыналарға:
орман қорындағы сандық және сапалық өзгерістерге, оның санитариялық жай-күйіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібіне және ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына;
ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, орман өрттерінің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы байқауды және жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртеңдер алқаптарын есепке алудың дәлме-дәлдігіне және мемлекеттік орман қорына өрттен келтірілген залалды анықтауға, орман өрттерінің зардаптарын жою бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына;
ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының туындауының, таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралардың уақтылығына, оларды, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден екпелердің әлсіреуі мен қырылуын есепке алу мен болжаудың дәлме-дәлдігіне;
кеспеағаш аймағының бөлінуіне;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбірі мен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуына;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарында күзет режимдерінің сақталуына;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау мен пайдалану және олардың сапасын бақылау қағидаларының сақталуына, питомник шаруашылығының жүргізілуіне;
орман қоры жерлерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына және осы жерлердің қорғалуына;
құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбалар өндіру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі есептік кеспеағаш аймағын және ағаштың кесілетін жасын әзірлеу мен бекітуді қамтамасыз етеді;
7) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мемлекеттiк орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ өзінің қарауындағы ормандардың жай-күйiне және молықтырылуына қауiп төндiретiн жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейдi, тоқтатады;
13) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеудi және жобалау-iздестiру жұмыстарын ұйымдастырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
15) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдар саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
16) 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
17) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18-1), 18-2), 18-3), 18-4), 18-5), 18-6), 18-7) 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-20), 18-21), 18-22), 18-23), 18-24), 18-25), 18-26), 18-27), 18-28), 18-29), 18-30), 18-31), 18-32), 18-33), 18-34), 18-35), 18-36), 18-37) және 18-38) тармақшалармен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мәселелерi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен айналысатын жергiлiктi атқарушы органдарын, сондай-ақ орман мекемелерi мен табиғат қорғау ұйымдарын үйлестiрудi және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
18-2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-3) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 18-4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-4) тармақша жаңа редакцияда
18-4) әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-5) - 18-11) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 18-12) тармақша жаңа редакцияда
18-12) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-13) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-14) - 18-19) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-20) мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде сүректi түбiрiмен босату және ағаш кесу қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;
18-21) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-22) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелер әзірлейді;
18-23) - 18-28) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-29) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесілген жерлерді куәландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-30) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-31) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-31) орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, айқындау және өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-32) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.15.06. № 73-VІ ҚР Заңымен 18-32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-32) орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінің көлемдерін және ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-33) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-33) мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілік нормаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
18-34) 2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 18-35) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-35) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
18-36) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-37) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-38) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-39) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-40) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орман шаруашылығымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен айналысатын жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
18-41) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-42) 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18-43) ағаштардың қурау және құрып кету қатерi төнген кезде мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ағаш кесуге тыйым салу туралы шешiм қабылдайды;
18-44) - 18-46) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18-47) тармақша жаңа редакцияда (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-47) Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттарды береді;
18-48) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18-49) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
18-49) жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге арналған қорытындыны (рұқсат беру құжатын) береді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18-50) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 27 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді)
18-50) жекелеген жабайы өсетін өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан экспорттауға арналған лицензияны береді;
18-51) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 18-52) тармақшамен толықтырылды
18-52) уранды жерасты ұңғымасында шайып сілтісіздендіру әдісімен өндіру кезінде мемлекеттік орман қоры жерінде бүлінген жер учаскелерін рекультивациялау және оларды орман иеленушіге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 18-53), 18-54), 18-55) және 18-56) тармақшалармен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
18-53) климаттың өзгеруіне осалдыққа бағалау жүргізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;
18-54) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18-55) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
18-56) 2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Уәкілетті органның ведомствосы өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.
2. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшілерімен (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) келiсе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жасаған есептеулер негiзiнде мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбірiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекiтедi;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдардың өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының жай-күйi, күзетiлуi, қорғалуы, пайдаланылуы, ормандардың молықтырылуы және орман өсіру мәселелерi жөніндегі есептерiн қарайды;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы құзыретi
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысады;
2) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді, бекітеді және iске асырады;
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiру техникаларын, көлiктерi мен басқа да құралдарын ормандағы өрттердi сөндiруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
2025.26.06. № 198-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2025 ж. 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) орманда өрт қаупi болатын маусымда табиғи өрттерді сөндіру үшін жанар-жағар май материалдарының резервін, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерін сөндіру үшін əуе кемелерін тартқан жағдайда авиациялық отын резервін жасайды;
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 7) тармақша толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына iргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбiн, аңыздарды және өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеуiне, қау шөбiн өртеуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi;
8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындау туралы мәселелердiң тұрақты берiлуiн ұйымдастырады;
9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестiредi, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
10) орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдайды;