ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 142-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1-тармағының 1) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) астананың жергілікті атқарушы органының ұсынысы бойынша астананың орманды саябақ аймағының шекарасын белгілеу жəне өзгерту;»;
1-тармағының 2) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 26-бапта:
1-тармақ «елді мекендер» деген сөздерден кейін «, астананың орманды саябақ аймағы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«астананың орманды саябақ аймағы;»;
3) 84-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «электр тарату желілері,» деген сөздерден кейін «гидроэлектр станциялары,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 90-баптағы «жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін,» деген сөздер «стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салумен жəне олардың жұмыс істеуімен жəне сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейтумен, жолдарды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін (орман қорының жерлерін қоспағанда),» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 122-бапта:
2-тармақта:
бесінші бөлікте:
1-тармағының 5) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды, сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу жəне олардың жұмыс істеуі, сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту үшін жəне шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;»;
3) тармақшадағы «осы» деген сөз «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) жəне 7) тармақшаларында жəне 3-тармағының 1), 2), 4) жəне 5) тармақшаларында көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан жер учаскелерін қоспағанда, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасында орналасқан жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға жəне кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген денсаулық сақтау жəне білім беру ұйымдары, қолданыстағы зираттар, кəріздік тазарту құрылысжайлары, электр беру желілері объектілерінің нысаналы мақсатын өзгертпей, оларды пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.»;
алтыншы жəне жетінші бөліктердегі «төртінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Шаруашылық қызметі шектеулі аймақтағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелері жеке жəне заңды тұлғаларға ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері босалқы жерлерге ауыстырылмай, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін табиғат қорғау ұйымымен жасалған, туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде беріледі.
Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.
Туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жəне оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде азаматтық қорғау іс-шараларын қоспағанда, олардың нысаналы мақсатына сəйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде құрылысжайлар салуды, қауіпті геологиялық процестерден инженерлік қорғауды көздейтін іс-шараларды жүргізу табиғат қорғау ұйымы жəне (немесе) мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдар арасында жасалған, сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шарт Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік шарттың негізінде жасалады.
Сейсмологиялық станциялар желілерін кеңейту, гидротехникалық құрылысжайларды жəне сел ағындарынан, қар көшкіндерінен, көшкіндерден қорғайтын өзге де қорғаныш құрылысжайларын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беру туралы шартта жүргізілетін жұмыстардың атауы, олардың орындалу мерзімдері мен талаптары, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптар, бүлінген жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жəне оларды жүргізу мерзімдері көрсетіледі.»;
1-тармағының 6) тармақшасы 2025 ж. 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
6) 123-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймағы белгіленгенге дейін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың шекарасы бойынша екі километр болатын аумақта қала құрылысы жобаларын түзетуге, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жəне соларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне жəне қалпына келтірілуіне теріс əсерін тигізетін құрылыс салуға арналған бастапқы жəне рұқсат беру құжаттарын келісуге тыйым салынады.»;
1-тармағының 7) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 126-баптың 2-тармағындағы «санитариялық-қорғау жасыл аймағының» деген сөздер «орманды саябақ аймағының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармағының 8) тармақшасы 2025 ж. 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
8) 138-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құрамына бұрын кірген, денсаулық сақтау жəне білім беру ұйымдарының, қолданыстағы зираттардың, кəріздік тазарту құрылысжайларының, электр беру желілерінің объектілері жұмыс істеп тұрған босалқы жерлерді басқа санаттағы жерлерге кейіннен ауыстыру кезінде жер учаскесінің нысаналы жəне іс жүзінде пайдаланылуына сəйкес келмейтін нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.»;
9) 171-бапта:
төртінші бөліктегі «төртінші, бесінші, алтыншы жəне жетінші» деген сөздер «бесінші, алтыншы, жетінші жəне сегізінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 122-бабы 2-тармағының бесінші бөлігі 5) тармақшасының ережелері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға жəне кеңейтілгенге дейін жұмыс істеген денсаулық сақтау жəне білім беру ұйымдарының, қолданыстағы зираттардың, кəріздік тазарту құрылысжайларының, электр беру желілерінің объектілері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыру үшін қолданылады. Босалқы жерлерді кейіннен басқа санаттағы жерлерге ауыстыру кезінде жер учаскесінің нысаналы жəне іс жүзінде пайдаланылуына сəйкес келмейтін нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.».
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
1) 1-баптың 2-тармағындағы «Өсімдіктер» деген сөз «Жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған жəне бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған мемлекеттік орман қоры жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттерін қоспағанда, өсімдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Егер Қазақстан Республикасының Экология кодексінде өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің күші жаңа орман екпелерін отырғызу мен тозған жəне бүлінген жерлерді қалпына келтіру арқылы парниктік газдарды сіңіруге бағытталған, мемлекеттік орман қорының жерлерінде іске асырылатын көміртегі офсеттері бойынша қоғамдық қатынастарға қолданылады.»;
3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының мақсаттары мыналар болып табылады:
1) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету;
2) ормандардың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, мəдени жəне табиғи мұраның биологиялық əралуандығын сақтау, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіздер жасау.
2. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:
1) орман қорын күзету, қорғау жəне пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеу;
2) орман қорын күзету, қорғау жəне пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі қызметті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету;
3) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
3. Қазақстан Республикасы орман заңнамасының қағидаттары мыналар болып табылады:
1) ормандардың климатты реттейтін, орта түзетін, егіс-топырақ қорғау, су қорғау жəне санитариялық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттік мəнін мойындау;
2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
3) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
4) орман ресурстарын ұтымды, үздіксіз, сарқылмайтындай етіп пайдалану;
5) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау жəне қадағалау;
6) орман пайдалануды реттеу функциялары мен басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді жəне алынған сүректі қайта өңдеуді жүзеге асыру функцияларының аражігін ажырату;
7) Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалды өтеу;
8) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
9) орман қорының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі;
10) халықтың жəне қоғамдық бірлестіктердің орман қорын күзетуге жəне қорғауға қатысуы.»;
4) 8-баптың 2-тармағы «бюджет қаражаты есебінен» деген сөздерден кейін «, парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды іске асыру шеңберінде бюджеттен тыс қаражат есебінен» деген сөздермен толықтырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде көміртегі бірліктерін құқықтық иелену ерекшеліктері
1. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырудан алынған көміртегі бірліктері қоршаған ортаны қорғау саласындағы уəкілетті орган бекіткен көміртегі офсетін мақұлдау жəне офсеттік бірліктерді беру қағидаларына сəйкес жобаны қаржыландырған жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі болады.
2. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру кезінде мемлекеттік орман қорының жер учаскелерінде отырғызылған орман екпелері мемлекеттің меншігінде болады.
3. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру мерзімін уəкілетті орган айқындайды.
4. Мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру мерзімі өткеннен кейін көміртегі бірліктеріне меншік құқығы мемлекетке өтеді.
5. Мемлекеттік орман қоры аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыру Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.»;
6) 13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8), 10), 11), 17), 18-3), 18-5), 18-6), 18-7), 18-8), 18-9), 18-10), 18-11), 18-14), 18-15), 18-16), 18-17), 18-18), 18-19), 18-21), 18-23), 18-24), 18-25), 18-26), 18-27), 18-28), 18-30), 18-36), 18-38), 18-39), 18-41), 18-44), 18-45), 18-46), 18-48), 18-51), 18-54) жəне 18-56) тармақшалары алып тасталсын;
7) 15-баптың 6) тармақшасындағы «мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді сөндіру үшін жанар-жағар май материалдарының резервін» деген сөздер «табиғи өрттерді сөндіру үшін жанар-жағар май материалдарының резервін, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының аумағында орман өрттерін сөндіру үшін əуе кемелерін тартқан жағдайда авиациялық отын резервін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 18-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) уəкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыруға қатысады;»;
9) 51-баптың 1-1-тармағында:
бірінші бөліктің 4) тармақшасы «теміржолдарды,» деген сөзден кейін «белгіленген қуаты қоса алғанда 100 МВт-қа дейінгі гидроэлектр станцияларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «3) жəне 4) тармақшаларында» деген сөздер «3), 4) жəне 7) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 112-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік орман қорының аумағында парниктік газдарды сіңіруге бағытталған жобаларды бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асыруға қатысу;»;
11) 117-1-бапта:
2-тармақтағы «Азаматтық қызметшілер болып табылатын жəне ауылдық» деген сөздер «Ауылдық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақ «Орман шаруашылығының» деген сөздерден кейін «жəне осы Кодекстің 18-1-бабында көрсетілген кəсіпорындардың» деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне:
3-тармағының 1) тармақшасы 2025 ж. 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
1) мынадай мазмұндағы 95-1-баппен толықтырылсын:
«95-1-бап. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі
1. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі арнайы қор іске асыратын жеке кəсіпкерлікті қаржылық қолдау құралы болып табылады.
2. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің мақсаты екінші деңгейдегі банктерден кредиттер алу үшін кепілмен қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде қаржыландырудың қажетті көлемінің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Арнайы қор, жеке кəсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар жəне жеке кəсіпкерлік субъектілердің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктермен келісу бойынша ол бекіткен тəртіппен арнайы қорға қосылу шартын жасасу арқылы оған қосылған өзге де заңды тұлғалар жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.
Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу жеке кəсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер үшін міндетті болып табылады.
4. Қызметін жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде жүзеге асыру үшін арнайы қор кепілдік қорының қаражатын:
1) екінші деңгейдегі банктердің жарналарының;
2) микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың, өзге де заңды тұлғалардың ерікті жарналарының;
3) бюджет қаражатының;
4) арнайы қордың ішкі құжаттарында жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған кепілдік қорының қаражатын орналастырудан түсетін кірістің;
5) арнайы қордың басқару органының шешімімен жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тəртіппен шығыстар мен аударымдар сомасына азайтылған кепілдікті шығарғаны үшін жеке кəсіпкерлік субъектілері төлейтін комиссиялардың шегінде жəне есебінен қалыптастырады.
Екінші деңгейдегі банктердің кепілдік қорына төлейтін жарналарының мөлшері мен есептеу тəртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органмен келісу бойынша кəсіпкерлік жөніндегі уəкілетті орган айқындайды.
Кепілдік қорының қаражатын орналастыру тəртібін арнайы қордың басқару органы айқындайды.
5. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі шеңберінде туындаған жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлемдерді жүзеге асыру жағдайларын қоспағанда, жарналардан, комиссиялардан, кепілдік қорына бюджет қаражатының түсімдерінен, сондай-ақ кепілдік қорының қаражатын орналастыру нəтижесінде алынған кірістерден арнайы қордың акциялары бойынша дивидендтер есепке жазылмайды жəне төленбейді, сондай-ақ арнайы қордың міндеттемелерін өтеу жүзеге асырылмайды.
6. Жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелері бойынша төлем жасау үшін кепілдік қорының қаражаты жеткіліксіз болған кезде айырма арнайы қордың меншікті капиталы жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер есебінен жабылады.
7. Арнайы қор кепілдік қорының қаражаты мен меншікті активтердің бөлек бухгалтерлік есебін жүргізуге міндетті.
8. Арнайы қордың кепілдік беруі үшін жеке кəсіпкерлік субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу əдістемесін жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын екінші деңгейдегі банктермен келісу бойынша арнайы қор айқындайды.
9. Арнайы қор беретін кепілдік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделмеген негіздер бойынша тоқтатылмайды.
10. Кепілдік қорының қаражаты кепілдік қорын қалыптастырғанға дейін туындаған, сондай-ақ жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесімен байланысты емес арнайы қор міндеттемелерін орындау үшін пайдаланылмайды.»;
3-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 30 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
2) 324-баптың 14-1-тармағындағы «2025 жылғы 1 шілдеге» деген сөздер «2026 жылғы 1 қаңтарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
4-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 132-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «іздестіру ұйымдарының» деген сөздер «іздестіру, мемлекеттік орман орналастыру жəне табиғат қорғау ұйымдарының, сондай-ақ орман мекемелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 139-1-баппен толықтырылсын:
«139-1-бап. Азаматтық қызметшілер қатарына жатпайтын, табиғат қорғау қызметі мен ормандарды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегін реттеу
Азаматтық қызметшілер қатарына жатпайтын жəне табиғат қорғау қызметі мен ормандарды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің еңбегі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ерекшеліктерімен осы Кодексте реттеледі.
Ауылдық жерде жұмыс істейтін, табиғат қорғау қызметі мен ормандарды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлерге, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын жұмыскерлердің айлықақыларымен жəне мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленеді.
Ауылдық жерде жұмыс істейтін, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы азаматтық қызметшілер қатарына жатпайтын жұмыскерлер лауазымдарының тізбесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган, орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уəкілетті орган айқындайды.».
5. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
1) 31-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын:
«республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету;»;
2) 32-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылым объектілерін (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалау, салу жəне оларға қызмет көрсету;».
6-тармақ 2025 ж. 27 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 30-бап мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Жеке кəсіпкерлік субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын банктер үшін жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу міндетті болып табылады.»;
2) 35-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі кəсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының кепілдігін банктік қарыз шарты бойынша қарыз алушының (жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушының) міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қабылдаған кезде мұндай кепілдіктің кепіл құнын банк берілетін кредиттің кепілдік берілетін сомасы бойынша айқындауға тиіс.».
7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-7) жəне 19-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-7) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды жəне оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;»;
«19-3) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мəдени, туристік жəне спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждары, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген өздерінің функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер құрылысының эскиздік жобасын келіседі;».
8. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 13-14) тармақшамен толықтырылсын:
«13-14) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық жəне жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне жəне туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін жəне басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды жəне оларға қызмет көрсетуді ұйымдастырады;».
9. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: