Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 және
2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 сәуірдегі N
334 қаулысы
ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды
"Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 қыркүйектегi № 996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 30, 330-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
10-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"15) инвестицияларды мемлекеттік қолдауды жүзеге асырады.";
2) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 қарашадағы № 1220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 41, 414-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитет туралы ережеде: 11-тармақтың 3) тармақшасында:
"келісім-шарттарға қол қоюға" деген сөздер "келісім-шарт жасасуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"өз құзыретi шеңберінде" деген сөздерден кейiн "инвестициялар туралы заңнамаға сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құзыретi шегiнде мынадай:
1) инвестициялық салық преференциялар;
2) кедендiк баж салудан босату;
3) мемлекеттік заттай гранттар түрiнде инвестициялық преференциялар ұсыну туралы шешiм қабылдауға;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |