№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Мектептен тыс ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгі штаттары
Спорт мектептерi
Лауазымдардың атауы | Топ санына қарай штат бірлiктерiнiң саны |
35-тен көп болса | 26-дан 35-ке дейiн болса | 25-ке дейін болса |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Шаруашылық меңгерушiсi - 1 1 Дәрігер 1 1 1 Хатшы (ic қағаздарын жүргізуші) 1 1 0,5 Бухгалтер 1 0,5 0,5 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы 2 1,5 1 Жабдықтар жөніндегі техник 1 - - Күзетшi 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Спорт мектептеріндегі әдiстемешi-нұсқаушылар лауазымдарының штат бірлiктерiнiң саны спорт түрлерi бойынша бөлiмшелерiнiң санына қарай белгіленедi.
2. Оқу-жаттығу процесiне қызмет көрсету, спорттық мүкәммал мен жабдықтарды жөндеу және жабдықтау жөнiнде қызмет көрсететiн механиктер лауазымдарының штат бірлiктерi спорт құрылыстары мен спорт мектебіндегі спорт түрлерi ескерiле отырып белгiленедi.
3. Балалар-жасөспiрiмдердiң арнаулы спорт олимпиадалық резервтер мектептерi қызметкерлерiнiң үлгi штаттары топтар саны 35-тен асатын спорт мектептерiнiң штат бірлiктерiне сәйкес белгiленедi.
Балалардың музыкалық, көркем, өнер мектептерi
Лауазымдардың атауы | Оқушылар санына қарай штат бірлiктерiнің саны |
50-ге дейін | 51-100 | 101-250 | 251-500 | |
Директор - 1 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - - 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегi орынбасары - - 1 1 1 Бас бухгалтер - 1 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 1 1 Кiтапханашы 0,5 0,5 1 1 1 Музыкалық аспаптардың құлақ 25 клавиштік аспапқа бір штат күйiн келтіріп жөндеуші бірлігі Хатшы (ic қағаздарын жүргізуші) 1 1 1 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1,5 1,5 2 2 2 Күзетшi 3 3 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Оқушылардың саны 50-ге дейiнгi музыка, көркем, өнер мектептерiнде директор лауазымының штат бірлiгi белгіленбейдi. Мектептi басқарған педагогтардың біреуiне оның лауазымды қоса атқарғаны үшiн немесе қызметтік мiндетiнің кеңеюiне байланысты лауазымдық жалақысы арттырылады.
2. Ал, филиалдары болған жағдайда, оқушылар саны 50-ден 200-ге дейiн болса, 0,5 штат бірлiгi есебiнен филиал меңгерушiсiнің лауазымы, ал, саны 200 оқушыдан acca, 1 штат бірлiгi белгiленедi. 50-ге жетпейтін оқушысы бар филиалдарда филиал меңгерушiсiнің лауазымы белгiленбейдi.
3. Өнердiң бірнеше түрiмен (музыкалық, көркем, хореографиялық) қатар жұмыс iстейтiн өнер мектептерiнде директордың бейiн бойынша орынбасары лауазымының штат бірлiгi оқытудың әр түрi бойынша жеке белгiленуi мүмкiн.
4. Костюмер лауазымының штат бірлiгi көрсетілген ұйымдарда хор, хореография, театр немесе драма ұжымдары болған жағдайда енгiзіледi.
Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының сарайлары,
кешендерi, студиялары, үйлерi, орталықтары
Лауазымдардың атауы | Штаттық бірлiктер саны |
Ескертулер:
1. Балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығының сарайлары, үйлерi, орталықтары, кешендерi, студияларында қатысушылардың саны 90 адамнан кем емес ән және би ансамблi, хореографиялық ұжым, хор ұжымы болған жағдайда, ансамбльдiң көркемдiк жетекшiсi, балетмейстер, хормейстер лауазымдарының штат бірлiктерi белгіленедi.
2. Осы ұйымдарда оркестрдiң дирижерi лауазымының штат бірлiгi оркестрде кемiнде 50 адам болған жағдайда белгiленедi.
3. Осы ұйымдарда хор, хореография, театр немесе драма ұжымы болған жағдайда костюмер лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
4. Осы ұйымдарда кемiнде 3 мың дана кiтап қоры бар болған жағдайда кiтапханашы лауазымының штат бірлігі енгiзiледі.
5. Осы ұйымдарда киноқондырғысы және кемiнде 250 орындық көрермен залы, жабдықталған сахнасы болған жағдайда 0,5 штат бірлiгi киномеханик, 0,5 штат бірлiгi жарық түсiрушi мен сахна машинисі лауазымдары белгiленедi.
Жас техниктер, натуралистер, туристер стансалары мен базалары
Лауазымдардың атауы | Штат бірлiктеpінің саны |
Директор 1 Директордың әдiстемелiк жұмыс жөніндегі орынбасары 1 Қойма (шаруашылық) меңгерушiсi 1 Бөлiм меңгерушiлерi (бip бейіндегі 10 үйiрме болған жағдайда - 1 штат бірлiгi) Бухгалтер 1 Хатшы (іс қағаздарын жүргiзуші) 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 Күзетшi 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 |
Ескертулер:
1. Осы мектептен тыс ұйымдар жалақы қорын бағдарламалар әкiмшiлерi бекiтетiн бюджеттік қаржы шегiнде қосымша білім беру педагогтарын, ұйымдастырушы педагогтарды, әдiскерлердi жұмысқа тарта алады.
2. Осы ұйымдарда сорғы стансасы болған жағдайда сорғы техникасына қызмет көрсету технигі лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
3. Осы ұйымдарда бір немесе бірнеше шеберхана болған жағдайда шебер лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
Спорт және сауықтыру лагерьлерi
Лауазымдардың атауы | Ауысымдағы балалар санына қарай штаттық бірлiктер |
160-қa дейiн | 161-ден 280-ге дейiн | 281-ден 400-ге дейiн | 400-ден аса |
Ескертулер:
1. Спорт лагерьлерiнде (балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң лагерлерiнен басқа) 15-20 адамнан тұратын топқа бір бірлiгi есебiнен жаттықтырушы-оқытушы лауазымдарының штат бірлiгi белгiленедi.
2. Спорттық және сауықтыру лагерьлерiнде әрбір 35 адамға бір штат бірлiгi есебiнен тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi белгіленеді.
3. Лагерьде су айдыны болған жағдайда (жүзуден мамандандырылған спорт лагерьлерiн қоспағанда) жүзуден нұсқаушы-әдiскер лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
Туристiк лагерьлер
Лауазымдардың атауы | Ауысымдағы оқушылардың санына қарай штаттық бірлiктер |
150-ге дейiн | 150-ден 250-ге дейін | 250-ден аса |
Директор (бастық) 1 1 1 Аға тәрбиешi 1 1 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 Дәрiгер - 1 1 Медбике 1 1 1 Сүйемелдеушi 1 1 1 Бас аспаз 1 1 1 Аспаз 1 2 2 Асүй жұмысшысы 1 1 2 Кiр жуатын машиналардың операторы 1 2 2 Күзетші 3 3 3 |
Ескертулер:
1. Санаттық және санаттан тыс туристiк саяхаттар өткiзген кезде
жетекшi және жетекшi орынбасары (бip, екi, үш күндiк жорықтарда-жетекшi
орынбасарының) лауазымдарының штат бірлiктерi 15 адамнан тұратын топқа,
ал туризмнiң техникалық күрделi түрлерiнен саяхаттар өткiзген кезде
(велосипедпен, суда, тауда, шаңғымен және т.б.) 12 адамнан тұратын топқа
белгiленедi.
2. Қатысушылар экскурсиялық туристiк базаларда қабылданатын
экскурсиялық сапарлар өткізу кезiнде 15-25 адамнан тұратын топқа жетекшi
және жетекшi орынбасары лауазымдарының штат бірлiктерi белгiленедi.
3. Туристiк лагерьлерде 35-40 баладан тұратын топтарға бір тәрбиешi
және вожатый лауазымдарының штат бірлiктерi (ал жоғары сыныптар
оқушыларына арналған лагерьлерде екi тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi)
белгiленедi.
4. Туристiк лагерьлерде әрбір 45 адамға бір бірлiгi есебiнен және
15-20 адамнан тұратын топқа бір штат бірлiгi есебiнен туризм жөніндегі
нұсқаушы-әдiскер лауазымдарының штат бірлiктерi белгіленедi.
Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультациялар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Штат бірлiктерінің саны |
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның меңгерушiсi 1 Психиатр-дәрiгер 1 Невропатолог-дәрiгер 1 Сурдолог-дәрiгер 1 Офтальмолог-дәрiгер 1 Педагог-психолог 1 Логопед-мұғалiм 1 Дефектолог-мұғалiм 1 Сурдопедагог 1 Тифлопедагог 1 Медициналық статист 1 Бухгалтер 1 |