Ескертулер:
1. Тәрбиешiлердiң саны демалыс, мереке күндерi және демалыс кезеңiнде ауыстырылатын күндерiн қоса есептегенде, 1-7 сыныптардағы тәрбиеленушiлердiң әрбір тобына 2 бірлiк және 8-11 сыныптардағы тәрбиеленушiлердiң әрбір тобына 1 бірлiк белгiленедi.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100-ге дейiн оқушысы бар мектеп-интернаттарда тәрбиешi лауазымының 1 штат бірлiгi қосымша белгiленедi, ал 100-ден астам тәрбиеленушiлерi бар мектеп-интернаттарда әрбір 50 оқушы тобына 0,5 штат бірлiгi есебiнен тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
2. Санаториялық үлгідегi туберкулез мектеп-интернаттарында дәрiгерлер мен медбикелердiң штат бірлiктерi осы интернаттарда оқитын әрбір 100 оқушыға бір дәрiгер мен екi медбике бірлiгi есебiнен белгiленедi.
Мектептердiң, орта кәсiптiк өнер оқу орындарының
жанындағы интернаттар
Лауазымдар атауы | Тәрбиеленушілердің саны |
25-ке дейiн | 25-50 | 50-100 | 101-120 | 121-160 | 160 және одан да көп |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Интернат меңгерушiсi - - 1 1 1 1 Бас аспаз 1 1,5 1,5 1,5 2 2 Аспаз 0,5 0,5 0,5 1 1 1 Асүй жұмысшысы 0,5 1 1 1 1,5 2 Кастелянша - - - 1 1 1 Кiр жуатын машиналардың операторы 0,5 1 1,5 1,5 2 2 Тәрбиешiнiң көмекшiсi 2 2 2 2 2 2 Шаруашылық меңгерушісi 0,5 1 1 1 1 1 Медбике 0,5 0,5 0,5 1 1 1 |
Ескертулер:
Жалпы білім беру мектептерiнiң жанындағы мектеп интернаттарды кемiнде 25 адамнан тұратын топқа бір тәрбиешi лауазымдық штат бірлiгi бірақ интернатқа кемiнде 1,5 бірлiк есебiнен белгiленедi.
Интернатта 2 немесе одан да көп жатын корпусы болған жағдайда тәрбиешi көмекшілерiнiң штат бірлiктерi осы корпуста тұратын тәрбиеленушілердiң санына қарай белгіленедi.
Саны 100-ден астам тәрбиеленушi тұратын интернатта жатын корпустың әр қабатына 2 штат бірлiгi есебiнен тәрбиешi көмекшiсінің лауазымы белгiленедi.
Интернаттағы ғимараттарға, құрылыстар мен жабдықтарға кешенді қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы лауазымының штат бірлiгi жалпы білім беру мектебiнде көрсетiлген лауазым болмаған жағдайда енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдары
қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Оқушылар санына қарай штат бірлiктерiнiң саны |
280-гe дейiн | 281-880 | 881-ден жоғары |
1 | 2 | 3 | 4 |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың оқу-өндiрiстiк жұмыс жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары - 1 1 Кадрлар бөлiмiнiң меңгерушісі 1 1 1 Аға шебер 1 1 1 Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы 1 1 1 Педагог-психолог 1 1 1 Әдiскер 1 1 1 Медициналық бике 1 1 1 Бас бухгалтер 1 1 1 Бухгалтер 1 2 2 Оқу бөлiмiнiң хатшысы - 1 1 Хатшы (iс қағаздарын жүргiзушi) 1 1 1 Кiтапхана меңгерушісі - 1 1 Кiтапханашы 1 1 1 Жатақхана меңгерушісі 1 1 1 Паспортшы 0,5 0,5 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 Қоймашы - 1 1 Комендант, әрбір ғимаратқа 1 1 1 Бас аспаз 1 1 1 Аспаз 2 3 4 Асүй жұмысшысы 1 1 1 Экспедитор 1 1 1 имараттарда кешенді қызмет көрсететiн және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 2 Кір жуу машиналарының операторы 1 2 2 Күзетшi 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 Жүкшi 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Бастауыш кәсiптiк білім беру лицейлерiнде эксперименттiк алаңдарда оқушылардың санына қарамастан, директордың бейiндiк оқыту жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
2. Бастауыш кәсіптiк білім беру ұйымында өндiрiстiк оқыту шеберi лауазымының штат бірлiгi 12-15 оқушыдан тұратын өндiрiстiк оқу тобына бір штат бірлiгi есебiнен, ал күрделi жабдықтарға қызмет көрсетумен, қауiптi әрi күрделi жұмыстар орындаумен байланысты кәсiптер бойынша жергiлiктi жағдайға қарай белгiленедi.
3. Бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдарында филиал меңгерушiсi лауазымының штат бірлiгi филиалдағы оқушылар саны 150 оқушыдан көп болған жағдайда енгізiледi.
4. Бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi жатақханада тұратын әрбір 75 оқушыға және әрбір 25 жетiм балаға енгiзiледi.
5. Саны 75 және одан көп адамнан тұратын бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымының жатақханаларында әр ауысымның жатақхана бойынша кезекшiсi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi. Көп қабатты, бірнеше кiретiн оқшауланған есiктерi бар жатақханаларда кезекшiлер саны жеке тәртiппен белгiленедi.
6. Бастауыш кәсiптiк білім беретiн ұйымдарда әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушылар саны 500 немесе одан көп болған жағдайда кадрлар және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлiгi белгіленедi.
7. Бастауыш кәсіптiк білім беру ұйымдарында 20 және одан көп жұмыс iстеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және басқалар) болған жағдайда механик лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
8. Бастауыш кәсіптiк білім беру ұйымдарының штат бірлiктерiн белгілеу кезiнде оқу жылының 1 қаңтарындағы оқушылардың тiзiмдiк құрамы бойынша оқушылар саны негiзге алынады.
9. Музыкалық жетекшi, көркемдiк жетекшi, суретшi, мұрағатшы лауазымдарының штат бірлiктерi еңбекақы қоры шегінде немесе ұсынылған ақылы қызметiнен түскен қаражат есебiнен бағдарламалар әкiмшiлерiмен келісім бойынша енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Орта кәсiптiк білім беру ұйымдары
қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Оқушылар санына қарай штат бірлiктерiнiң саны |
280-гe дейiн | 281-880 | 881-ден жоғары |
1 | 2 | 3 | 4 |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың оқу-өндiрiстiк жұмыс жөніндегі орынбасары 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасары - 1 1 Медициналық бике 1 1 1 Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы 1 1 1 Педагог-психолог 1 1 1 Әдiскер 1 1 1 Кадрлар бөлiмiнiң меңгерушісі - 1 1 Психолог 1 1 1 Кадрлар жөніндегі (арнайы жұмыс бойынша) инспектор 0,5 1 1 Бас бухгалтер 1 1 1 Бухгалтер 1 2 2 Оқу бөлiмiнiң хатшысы - 1 1 Хатшы (iс қағаздарын жүргiзушi) 1 1 1 Кiтапхана меңгерушісі - 1 1 Кiтапханашы 1 1 2 Жатақхана меңгерушісі 1 1 1 Паспортшы 0,5 0,5 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 Қоймашы - 1 1 Комендант, әрбір ғимаратқа 1 1 1 имараттарда кешенді қызмет көрсететiн және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 2 Кір жуу машиналарының операторы 1 2 2 Күзетшi 3 3 3 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында ақпараттық жүйенi қолдану салалары бойынша мамандар даярлау кезiнде директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
2. Осы ұйымдарда бір немесе бірнеше мамандық бойынша кемiнде 150 оқушы саны бар болса, әр мамандық бойынша бөлiмше меңгерушiсi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
3. Орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында жатақхана бойынша тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi жатақханада тұратын әрбір 75 оқушыға белгiленедi.
4. Орта кәсiптiк білім беру ұйымының жатақханасында 100 және одан көп адам тұратын болса, әр ауысымға жатақхана кезекшiсi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi. Көп қабатты, кiретiн бірнеше бөлек есiктерi бар жатақханаларда кезекшiлер саны жеке тәртiппен белгiленедi.
5. Әскери мiндеттiлер және әскерге шақырылушылар саны 500 немесе одан да көп орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында кадр және арнайы жұмыс жөніндегі инспектор лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
6. Орта кәсiптiк білім беру ұйымдарында 20 және одан көп жұмыс iстеп тұрған жабдықтар (станоктар, машиналар, автомобильдер, тракторлар және тағы басқалар) болған жағдайда механик лауазымының штат бірлiгi енгiзіледi.