Ескертулер:
1. Медицина саласының басқа мамандары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың жұмысына 0,5 ставка немесе еңбекке сағаттық ақы төлеу шартымен тартылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген
лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары
қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
1. Мемлекеттік емес тiлде оқытылатын білім беру ұйымдарында қазақ тілінiң аудармашысы лауазымының штат бірлiгi қосымша енгiзiледi.
2. Жабдықтау жөніндегі инженердiң, бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманның және зертханашы лауазымдарының штат бірлiктерi білім беру ұйымдарында арнайы жабдықталған кабинеттер, шеберханалар, зертханалар, оқу-зертханалық жабдықтар, оқу-есептеу техникасының кабинеттерi, аудио-бейне, лингвистикалық кабинеттер, байланыс құралдары және басқа да күрделi аппаратуралар болған жағдайда енгiзiледi.
3. Киім iлушi лауазымының штат бірлiгi, жабдықталған киім iлгiш болған жағдайда, жұмыс маусымына белгiленедi. Оқушыларға сабақ беру екiншi, үшiншi ауысымдарда өткiзiлетiн білім беру ұйымдарында және ұзартылған күн топтары болған жағдайда әр киім iлгiшке 0,5 штат бірлiгi есебiнен киім iлушi лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
4. От жағушылар мен машинистердiң лауазымы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесiне берiлмеген ұйымдарда:
- орталықтандырылған жылу болған жағдайда әр қазандыққа ауысымына 1 от жағушы, ал сыртқы жылытқышы 75 шаршы метрден асатын қатты отынмен (шымтезекпен, көмiрмен) жылытылатын қазандықтарда әр ауысымға от жағушы лауазымының 2 штат бірлiгi енгiзiледi;
- газбен жылытылған кезде ауысымға 1 машинист, ал қауiпсiздiк автоматикасы жоқ қазандықтарда ауысымына 2 машинист лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi;
- орталықтандырылған жылумен (ЖЭО) қамтамасыз етiлетiн, жылу пунктi немесе элеваторы бар мекемелерде - ғимараттар мен құрылыстарда қызмет көрсететiн және жөндеу жұмыстарын жүргiзетiн 1 жұмысшы, ал бойлерi, сорғылары болған жағдайда ауысымға осындай бір жұмысшы лауазымының штат бірлiгi енгiзіледi;
- егер пешпен жылытылатын болса онда әрбір 5 пешке от жағушы лауазымының 1 штат бірлiгi, бірақ әрбір білім беру ұйымдарына кемiнде бір бірлiктен белгіленедi.
Осы тармақта көзделген от жағушылар немесе машинистер лауазымдары жылыту маусымына белгiленедi. Көрсетiлген қызметтердiң жалпы санынан лауазымның бір штат бірлiгi жыл бойына белгіленедi.
5. Қызмет үй-жайларын тазалаушы лауазымының штат бірлiгi 250 шаршы метрге 0,5 штат бірлiгi есебiнен, бірақ әрбір білім беру ұйымында кемiнде бір бірлiктен белгiленедi.
Оқушылар сабағы екiншi, үшiншi ауысымда өткiзiлетiн, сондай-ақ ұзартылған күн бойынша оқытылатын топтары бар білім беру ұйымдарында мынадай есептен қызмет үй-жайларын тазалаушы лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi: 2 және 3 ауысымда жұмыс iстейтiн мектептерде әрбір 250 шаршы метрге 0,5 бірлiк лауазым, ұзартылған күнмен жұмыс iстейтiн мектептерде ұзартылған күн топтары пайдаланатын алаңының әрбір 250 шаршы метріне 0,5 бірлiк лауазым белгiленедi.
6. Білім беру ұйымдарында тиiстi еден (паркет және т.б.) жабындылары төселген жағдайда еден сүртушi лауазымының штат бірлiгi енгiзiледi.
7. Аула сыпырушы лауазымының штат бірлiктерi сыпырылатын учаске алаңына қарай белгiленедi. Шағын жинақталған білім беру ұйымдарында аула сыпырушы лауазымының штат бірлiгi сыпыру учаскесiнiң алаңына қарамастан ұйымға бір штат бірлiгi есебiнен белгiленедi.
8. Жемiс бау-бақшасы бар немесе 1,5 гектардан кем емес сәндiк екпелер отырғызылған жер телiмдерi бар білім беру ұйымдарында аула сыпырушының орнына бағбан лауазымының штат бірлiгi енгiзiлуi мүмкiн.
9. Білім беру ұйымдарында автомобиль көлiгi, мотокөлiк құралы немесе мал көлiгi болған жағдайда көлiктiң әрбір түрiне жүргiзушi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
10. Білім беру ұйымдарында әрбір 500 жарықтандыру және электрлiк нүктелерге электромонтер лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
11. Слесарь-сантехник және балташы лауазымдарының штат бірлiктерi білім беру ұйымдарының бөлек тұрған әрбір ғимараттарына енгiзіледi.
12. Жалпы орта білім беретiн ұйымдарда ұйымдардың үлгiсiне қарай және үлгi оқу жоспарына сәйкес бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушысы лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
13. Білім беру ұйымдарында қосалқы шаруашылық, егiстiк алаңы болған жағдайда директордың өндiрiстiк жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi қосымша енгiзiледi.
14. Ұзартылған күнмен білім беру ұйымдарында қосымша мынадай лауазымдық штат бірлiктерi белгiленедi:
медициналық бике;
қоймашы, аспаз, көмекшi жұмысшы лауазымдары тамақ тiкелей білім беру ұйымында даярланған жағдайда ғана енгiзiледi;
сыныптардың саны тоғыздан асқан жағдайда білiм беру ұйымында аспаз лауазымының 2 штат бірлiгi енгiзiледi;
тәрбиешi лауазымы ұзартылған күн тобына бір штат бірлiгi есебiнен белгіленедi.
15. Жабдықталған оқу шеберханалары бар білім беру ұйымдарында шеберхана меңгерушiсi мен шебер лауазымының штат бірлiктерi белгiленедi.
16. Білім беру ұйымдарында зертханашы лауазымының штат бірлiгi әрбір кабинетке мынадай есептен: 9-18 сынып-жинақтауыш санына лауазымның 1 штат бірлiгi, 19-28 сынып болса 1,5 лауазым бірлiгi, 29-39 болса 2 лауазым, 40 және одан көп болса 2,5 лауазым белгiленедi.
Компьютер сыныптары мен басқа да арнайы жабдықталған кабинеттер болған жағдайда әрбір кабинетке зертханашы лауазымының 0,5 штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
17. Оқушыларға көлiк құралдарын жүргiзудi, ауыл шаруашылығы машиналарымен жұмыс iстеудi, жазу машинасымен және басқа да ұйымдастыру техникасымен жұмыс iстеудi үйрететiн білім беру ұйымдарында өндiрiстiк оқыту шеберi лауазымының штат бірлiгi белгіленедi.
18. Білім беру ұйымдарында жүзу бассейнi болған кезде жүзуге үйрету жөніндегі сабақтар өткiзiлетiн әрбір 2 топқа лауазымның 0,25 штат бірлiгi есебiнен жүзудi үйрету жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлiгi қосымша белгіленедi.
Хлорлау қондырғысы болған жағдайда 4-тен 8-ге дейiнгi топтарға лауазымның 0,5 штат бірлiгi, ал 9 және одан көп топтарға 1 штат бірлiгi есебiнен хлорлау операторы лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
19. Бірқатар пәндер шет тiлде оқытылатын білім беру ұйымдарында директордың шет тілі жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi қосымша белгіленедi.
20. Мектепке дейiнгi дайындық жөніндегі жұмыс ұйымдастырылған білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейiнгi балалар сыныбының тәрбиешiсi лауазымының штат бірлiктерi белгіленедi.
21. Білім беру ұйымдарында спорт кешенi болған жағдайда спорт кешенiнiң меңгерушiсi, бассейн меңгерушiсi, жүзу жөніндегі нұсқаушы, жүзу бассейнiнiң медбикесі, кiшi медициналық персонал, киім iлушi, хлорлау қондырғысының операторы лауазымдарының штат бірлiктерi қосымша белгіленедi.
22. Білім беру ұйымдарында музыкалық аспаптар болған жағдайда музыкалық аспаптар қоймасының меңгерушiсi лауазымының штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
23. Әр түрлi тiлдерде қатар оқытатын эксперимент режимiмен жұмыс iстейтiн білім беру ұйымдарында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары лауазымдарының штат бірлiктерi әрбір тілдi оқытуға жеке белгіленедi.
24. Құрамында сырттай оқитын жұмысшы жастар сыныптары немесе топтары бар жалпы білім беретiн ұйымдарда жұмысшы жастардан жинақталған сыныптардың (топтардың) саны есепке алынып, осы ұйым қызметкерлерiнiң штат бірлiктерi белгiленедi.
Күндiзгi және сырттай немесе тек қана сырттай оқу нысандары бар білім беру ұйымдарында қызмет көрсетушi персонал мен жұмысшылардың лауазымдарын белгiлеген кезде осы мектептiң үй-жайларында оқитын оқушылар саны есепке алынады, ал басшы және оқу-көмекшi персоналы лауазымдарын белгiлеген кезде басқа ұйымдар беретiн үй-жайларда оқитын жекелеген сыныптар оқушыларының, сырттай оқитын оқушылар топтарының және оқу-консультациялық пункттерiнiң оқушылар саны ескеріледi.
25. 100 және одан да көп сырттай оқитын оқушысы және кемiнде екi оқу-консультациялық пунктi бар күндiзгi және сырттай немесе тек қана сырттай оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарында 0,5 штат бірлiгi есебiнен әдiскер, ал 200 немесе одан да көп сырттай оқитын оқушылары бар ұйымдарда әдiскер лауазымының 1 штат бірлiгi белгiленедi. 100-ден 200-ге дейiн сырттай оқитын оқушылары бар оқу-консультациялық пункттерде лауазымның 0,5 штат бірлiгi есебiнен әдiскер, ал 200-ден астам сырттай оқитын оқушылары болғанда - консультациялық пункттiң меңгерушiсi лауазымының 1 штат бірлiгi белгiленедi.
26. Оқушылардың саны 2000-нан асатын білім беру ұйымдарында 1,5 штат бірлiгi медбике және 1 штат бірлiгi кiшi медициналық персонал (санитар), оқушыларының саны 3000-нан асатын ұйымдарда 2 бірлiк медбике және 1,5 штат бірлiгi кiшi медициналық персонал (санитар) лауазымдарының штат бірлiктерi белгiленедi.
27. Ұйымдарда тұратын балалар саны 100 және одан көп білім беру ұйымдарында емдәмбике лауазымының 1 штат бірлiгi белгiленедi, балалар саны 450 және одан көп ұйымдарда көмекшi жұмысшы лауазымының 3 штат бірлiгi белгiленедi.
28. 150-ден астам оқушы жатақханада тұратын білім беру ұйымында кастелянша лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
29. Білім беру ұйымдарында қажет болған жағдайда балаларды бейiндiк оқытуға сәйкес және өткiзiлетiн үйiрмелiк, спорт, емдеу iс-шараларына қарай лауазымдардың (директордың бейiн бойынша оқыту жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік талдаушы, сүйемелдеушi, көркемдiк жетекшi, костюмер, суретшi, киномеханик, сахна жұмысшысы, музыкалық аспаптардың күйiн келтiрушi, өндiрiстiк оқыту шеберi, дене шынықтыру және еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы, қосымша білім беру педагогы, музыкалық жетекшi, мұрағатшы, экономист және басқалар) штат бірлiктерi қосымша белгiленедi.
30. Директордың оқу iсi жөніндегі орынбасары лауазымының штат бірлiгi сыныптар саны 40-49 білім беру ұйымдарында - 2,5 штат бірлiгi, 50-59 болса - 3 штат бірлiгi, 60 және одан көп болса - 3,5 штат бірлiк санында белгiленедi.
31. Дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы лауазымының штат бірлiгi білім беру ұйымдарында мектеп жасына дейiнгi балалардың әрбір 2 тобына лауазымның 0,25 штат бірлiгi есебiнен балаларды сауықтыру және шынықтыру жөніндегі iс-шаралар талаптарына сәйкес белгіленедi.
32. Білім беру ұйымдарында балалар тобы 8-ден кем болмаған жағдайда қажеттілігiне қарай тiгiншi лауазымының 0,5 штат бірлiгi белгіленедi.