Білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 4 қарашадағы № 1168 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.11.03 ж. № 1136 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) мектепке дейiнгi ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
2) жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
3) бастауыш кәсiптiк білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
4) орта кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
5) даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жеткiншектерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
6) жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
7) мектептен тыс ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
8) балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары;
9) білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша үлгi штаттары бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 13.11.03 ж. № 1136 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жалпы білім беру мектептерінде қосымша штат бірліктерін енгізу 2003 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес жыл ішінде кезең-кезеңімен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында жыл сайын мақсатты трансферттермен көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп жыл сайын республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті есептер мен қосымша штат бірліктерін енгізу жөніндегі негіздемелерді берсін.
2. Осы қаулы 2003 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Штат бірлiктерiнiң саны (топтардың санына қарай) |
1-3 | 4-5 | 6-7 | 8-9 | 10 және одан да көп |
Меңгеруші 1 1 1 1 1 Педагог-психолог 0,5 0,5 1 1 1 Әдiскер 0,5 0,5 1 1 1 Меңгерушiнiң шаруашылық бөлiм жөніндегі орынбасары - - - - 1 Шаруашылық меңгерушiсi 0,5 1 1 1 - Медбике 0,5 1 1 1,5 1,5 Емдәмбике - - 0,5 0,5 0,5 Бухгалтер 0,5 0,5 1 1 1,5 Хатшы - - 0,5 0,5 1 Бас аспаз - - - - 1 Аспаз 1,5 2 3 3 2 Көмекшi жұмысшы 0,5 0,5 1 1 2 Қоймашы - - - - 1 Кастелянша 0,5 0,5 0,5 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 1,5 1,5 2 Кiр жуу машиналарының операторы 1 1 1 2 3 Күзетші 3 3 3 3 3 |
Мектепке дейiнгi ұйымдардың бір тобына есептелген
тәрбиешiлер мен тәрбиешiлер көмекшiлерiнiң штат бірлiктерi
Лауазымның атауы | 6 күндiк жұмыс аптасы кезiнде балалардың болуы (сағат) | 5 күндiк жұмыс аптасы кезiнде балалардың болуы (сағат) |
9 | 10 | 12 | 24 | 9 | 10,5 | 12 | 24 |
Бөбекжай топтары |
Тәрбиеші 2,25 2,5 3 5,5 2,0 2,25 2,5 4,5 Тәрбиешінің көмекшiсi 1,3 1,5 1,75 2,75 1,1 1,3 1,5 2,5 |
Мектепке дейінгі топтар |
Тәрбиеші 2,25 2,5 3 3,5 2,0 2,25 2,5 3,0 Тәрбиешінiң көмекшiсi 1 1,25 1,5 1,5 1 1,15 1,25 1,5 |
| | | | | | | | |
Ескертулер:
1. Интернаттық үлгiдегi санаториялық мектепке дейiнгi ұйымдардың тәрбиешiлерi мен тәрбиешiлер көмекшiлерiнiң штат бірлiктерi (туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиi ауыратын балалар үшiн) демалыс және мереке күндеріндегі жұмысын есептегенде балалар тәулiк бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешiлерi мен тәрбиешiлер көмекшілерінің штат бірлiктерiне сәйкес белгіленедi.
2. Тәрбиеленушiлердi дамытудың басым бағыты бар мектепке дейiнгi ұйымдарда мынадай лауазымдар:
әдiскер, бір бірлiктен артық емес;
4 жастағы және одан да ересек балалардың әр тобына 0,25 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен балаларды бейiн бойынша оқыту жөніндегі оқытушылар лауазымдары қосымша енгiзiледi.
3. Мектепке дейiнгi ұйымдардағы музыка жетекшiлерi лауазымдарының штат бірлiктерi 2 жастағы және одан ересек балалардың әрбір тобына 0,25 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен белгіленеді.
4. Мектепке дейiнгi ұйымдардағы қазақ тілі оқытушысының штат бірлiгi 3 жастағы және одан да ересек балалардың әрбір тобына 0,25 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен белгiленедi.
5. Есту қабiлетi бұзылған балаларға арналған мектепке дейiнгi ұйымдарда және осындай балалар үшiн арнайы топтар құрылған мектепке дейiнгi ұйымдарда әрбір топқа бір штат бірлiгi сурдопедагог лауазымы қосымша белгіленедi.
6. Сөйлеу қабiлетi бұзылған балаларға арналған мектепке дейiнгi ұйымдарда және сөйлеу қабiлетi бұзылған балалар үшiн арнайы топтар құрылған мектепке дейiнгi ұйымдарда логопед және дефектолог мұғалiм лауазымдық штат бірлiктерi қосымша белгiленедi.
7. Әртүрлi тілде оқыту және тәрбиелеу қатар жүргiзiлетiн эксперименттiк режимде жұмыс iстейтiн мектепке дейiнгi ұйымдарда әдiскерлердiң лауазымдық штат бірлiктерi топтардың санына қарай, әрбір топқа 0,25 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен еңбекақы қоры шегiнде тiлдiк оқыту және тәрбие берудiң әрбір түрi үшiн жеке белгіленедi.
8. Мектепке дейiнгi ұйымдарда дене тәрбиесi залы болған жағдайда 3 және одан ересек жастағы балалардың әрбір тобы үшiн 0,25 лауазымдық бірлiк есебiнде дене тәрбиесi жөніндегі нұсқаушы лауазымдық штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
9. Қыли көздi және амблиопиясы бар балаларға арналған арнаулы топтар құрылған мектепке дейiнгi ұйымдарда тифлопедагог мұғалiмi және әрбір 3 топқа 0,5 лауазымдық штат бірлiгi есебiнен медициналық аппаратураны жөндеу жөніндегі техник лауазымдарының штат бірлiгi белгiленедi.
10. Балалардың дене мен психикалық денсаулығын сақтау әрi нығайту жөніндегі мiндеттердi орындайтын және физиотерапия кабинеттерi бар мектепке дейiнгi ұйымдарда дәрiгердiң 1 лауазымдық штат бірлiгi көзделедi.
11. Компьютерлiк және ұйымдастыру техникасы бар мектепке дейiнгi ұйымдарда осы техникаға қызмет көрсету жөніндегі маманның лауазымдық штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
12. Гуманитарлық-эстетикалық бейіндегі жұмыс бағыты бар мектепке дейiнгi ұйымдарда ата-аналар мен балалардың қазiргi заманға сай талаптары ескерiле отырып, хореограф, эстетика, бейнелеу өнерi жөніндегі оқытушылардың және басқа да лауазымдардың лауазымдық штат бірлiктерi қосымша көзделуі мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Жалпы орта білім беру ұйымдары қызметкерлерiнiң үлгі штаттары
"Мектеп-бала бақша" кешендерi
Лауазымдардың атауы | Сынып жинақтауыштары мен топтардың саны |
2-3 | 4-6 | 7-9 | 10-14 | 15 және одан да көп |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Директор 1 1 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 0,5 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 0,5 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары - - - - 1 Шаруашылық меңгерушісі 0,5 0,5 1 1 1 Медбике 0,5 1 1 1,5 2 Емдәмбике - - 0,5 0,5 1 Кiшi медициналық персонал 0,5 0,5 0,5 0,5 0,5 Педагог-психолог 0,5 0,5 0,5 1 1 Әдiскер 0,5 0,5 1 1 1 Аға вожатый - 0,5 1 1 1 Кiтапханашы 0,5 1 1 1 1 Бас бухгалтер - - - - 1 Бухгалтер 0,5 0,5 1 1 1 Iс қағаздарын жүргiзуші 0,5 0,5 1 1 1 Хатшы - - 1 1 1 Қоймашы - - - 1 1 Кастелянша 0,5 0,5 0,5 1 1 Бас аспаз - - - 1 1 Аспаз 1,5 2 2 2 3 Асүй жұмысшысы 0,5 0,5 1 1 2 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 1 2 2 Күзетші 3 3 3 3 3 Әрбір ғимаратқа вахтер 1 1 1 1 1 |
Ескертулер:
1. Бір топтың тәрбиешiсi және тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымдық штат
бірлiктерi тәрбиешi мен тәрбиешi көмекшiсiнiң топтағы бір мезгiлдегi
жұмысы ескеріле отырып, топтың жұмыс режимiне және олардың белгiленген
апталық сағат нормаларына қарай белгiленедi.
2. Түнгi кезектегi тәрбиешiлер көмекшiлерiнiң лауазымдық штат
бірлiктерi екі топқа бір штат бірлiгi есебiнен белгiленедi. Тәулiк бойы
жұмыс iстейтiн бір немесе тақ санды, сондай-ақ топтарға оқшауланған есiгi
бар ұйымдарда екi топқа бірдей есептелген тәрбиешiлер көмекшiлерiнiң штат
бірлiктерi жеке топқа да қолданылуы мүмкiн.
Жалпы білім беретiн мектептер
Лауазымдардың атауы | Мектеп алдындағы дайындықты қоса алғандағы сыныптар (сынып жинақтауыштарының) санына қарай штат бірлiктерiнің саны |
6-ға дейін | 6-10 | 11-13 | 14-16 | 17-20 | 21-29 | 30 және одан да көп |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Директор 1 1 1 1 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - 0,5 1 1 1 1,5 2 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - 0,5 1 1 1 1,5 2 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары - - - - 1 1 1 Шаруашылық меңгерушiсi 1 1 1 1 - - 1 Бас бухгалтер - - - 1 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 1 1 1 2 Педагог-психолог 0,5 1 1 1 1 1,5 2 Аға вожатый 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Медбике 0,5 0,5 0,5 1 1 1,5 1,5 Кіші медициналық қызметшi - - - 0,5 0,5 0,5 0,5 Kiтапхана меңгерушiсi - - - 1 1 1 1 Кiтапханашы - 0,5 0,5 - - - 1 Іс қағаздарын жүргiзушi 0,5 0,5 0,5 1 1 1 1 Хатшы - - - 1 1 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 1 1 1,5 2 2 Күзетшi 3 3 3 3 3 3 3 Әрбір ғимаратқа вахтер 1 1 2 2 2 2 2 |