7. Штат бірлiктерiн белгiлеген кезде оқу жылының 1-қаңтарындағы оқушылардың тiзiмдiк құрамдағы саны негiзге алынады.
8. Орта кәсiптiк білім беру ұйымдарының құрамында оқу-әдiстемелiк бірлестiк болған жағдайда директордың оқу-әдiстемелiк бірлестiк жөніндегі орынбасары, әдiскер, техник лауазымдарының штат бірлiктерi қосымша белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітілген
Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен
жеткiншектерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары
қызметкерлерiнiң үлгi штаттары
Лауазымдар атауы | Тәрбиеленушiлер топтарына қарай штаттық бірлiктер саны |
8-ге дейін | 9-14 | 15-30 | 31 және одан да аса |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Директор 1 1 1 1 Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 1 - - - Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары - 1 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөнiндегі орынбасары - 1 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 1 Педагог-психолог 1 1 1,5 2 Аға вожатый 1 1 1 1 Дәрiгер 1 1 1 1 Тәулiк бойы кезекшiлік ететiн медбике 4 4 4 4 Кiшi медициналық персонал 0,5 0,5 0,5 1 Бас бухгалтер 1 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 1 Iс қағаздарын жүргiзушi (хатшы) 1 1 1 1 Кiтапхана меңгерушісі - 1 1 1 Кiтапханашы 0,5 - - 1 Қоймашы 1 1 1 1 Кастелянша 1 1 1 1 Экспедитор 1 1 1 1 Бас аспаз - 1 1 1 Аспаз 2 2 2 2 Асхана жұмысшысы 1 1 2 3 Кір жуу машиналарының операторы 1 2 3 3 имараттарда кешенді қызмет көрсететiн және жөндейтін жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 1 2 2 Күзетшi 3 3 3 3 Вахтер, әр ғимаратқа 1 1 1 1 Жүкші 1 1 1 2 |
Ескертулер:
1. Даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жеткiншектердiң арнаулы түзеу ұйымдарында тәрбиешiлердiң саны тәрбиеленушiлердiң әр тобына 2 штат бірлiгi есебiнен белгiленедi.
2. Сыныптар және тәрбиелеу топтарының толықтырылуы даму мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен жеткiншектерге арналған арнаулы түзеу ұйымдары туралы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
3. Арнаулы түзеу ұйымдарында жетiм және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ жексенбi, мереке күндерi осы ұйымдарда қалатын балалар үшiн қосымша мынадай лауазымдар белгiленедi:
осындай әрбір 25 балаға 0,25 штат бірлiгi есебiнен, бірақ әр ұйымда 0,25 штат бірлiгiнен кем болмайтын тәрбиешi лауазымының штат бірлiгi;
ұйымда кемiнде осындай 25 бала болған жағдайда 0,5 штат бірлiгi аспаз лауазымы енгiзiледi.
4. Қозғалыс мүшелерi мен сөйлеу қабiлетi нашар балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында 12-15 балаға 1 штат бірлiгi есебiнен логопед мұғалiм және дефектолог мұғалiм, кемтарлығы күрделi балаларға арналған балалар саны 6-дан аспайтын топтарға бір штат бірлiк есебiнен белгiленедi.
5. Бір немесе бірнеше мектепке дейiнгi топтары бар арнаулы түзеу ұйымдарында әрбір топ үшiн мынадай лауазымдар белгiленедi:
тәрбиешi - 2 штат бірлiгi;
естiмейтiн, нашар еститiн, кейiн саңырау болған балалар топтары үшiн дефектолог мұғалiм, зағип және нашар көретiн, ойлау қабiлетi нашар балалар тобы үшiн 1 штат бірлiгi.
6. Арнаулы түзеу ұйымдарының көру және сөйлеу қабiлеттерi нашар, жүрiп-тұру мүшелерi зақымданған мектепке дейінгi балалар топтарында 2 штат бірлiгi есебiнен тәрбиешi көмекшiсiнiң штат лауазымы, сөйлеу қабiлетi өте нашар әрбір 10 балаға және фонетикалық сөйлеу қатары бұзылған әрбір 12 балаға мұғалiм-логопед лауазымының штат бірлiгi белгiленедi. Егер мектепке дейiнгi топтардың жатын бөлмелерi қатар орналасса, әрбір 2 топқа 2,5 штат бірлiгi есебiнен тәрбиешiнiң көмекшiсi, 0,5 штат бірлiгi есебiнен кiр жуу машинисi лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
7. Арнаулы түзеу ұйымдарында екi немесе одан да көп мектепке дейінгi топтар болған жағдайда 0,5 бірлiк есебiнен аспаз және көмекші жұмысшы лауазымдарының штат бірлiктерi қосымша белгiленедi.
8. Көру қабiлетi нашар және жүрiп-тұру мүшелерi зақымданған 4-тен 9-ға дейiнгi топтары бар арнаулы түзету ұйымдарында 1 штат бірлiгi есебiнен, егер 9 және одан да көп топтар болған жағдайда көмекшi жұмысшы лауазымының 2 штат бірлiгi қосымша белгiленедi.
9. Жүрiп-тұру мүшелерi зақымданған балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерiнде: 100-гe дейiн тәрбиеленушiсi болса 0,5 штат бірлiгi, осы ұйымдарда тәрбиеленушi саны 100-ден асатын болса - 1 штат бірлiгi есебiнен ортопедиялық аппараттарды жөндеу жөніндегi техник лауазымының штат бірлiгi белгіленедi.
10. Арнаулы түзеу ұйымдарында көру қабiлетi нашар балалардың бедерлi қарiптермен жазылған әдебиет оқулықтарын пайдаланатын 4-5 топтар болса, 0,5 бірлiгi есебiнен кiтапханашы лауазымы белгiленедi.
11. Есту қабiлетi нашар балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында дыбысты күшейту аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі техник лауазымы 3-8 сыныптарға 1 бірлiгi, осындай 9-16 сынып болса - 1,5 бірлiгi есебiнен белгiленедi. Бұл сыныптардың санында дыбысты күшейту аппаратураларын орнатылған мектепке дейiнгi топтар да есепке алынады.
12. Есту қабілетi нашар балаларға арналған арнаулы түзеу ұйымдарында есту кабинетінің дефектолог мұғалiмi лауазымының 1 штат бірлiгi белгіленедi.
13. Тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымы әрбір жатын корпусына 2 штат бірлiгi есебiнен енгiзiледi, егер жатын корпусына 100-ден аса тәрбиеленушi орналастырылса, жатын корпустың әрбір қабатына 2 штат бірлiгi енгiзiледi.
14. Арнаулы түзеу ұйымдарында жатын корпусынан тыс орналасқан изолятор болған жағдайда, қосымша 2 штат бірлiгi тәрбиешiнiң көмекшiсi лауазымы қосымша енгiзiледi.
15. Жуылатын бұйымдардың бір бөлiгi кiр жуатын орындарға тапсырылатын жағдайда 15-кe дейiн топ саны бар арнаулы түзеу ұйымдарында кiр жуу машиналары операторы лауазымының бір штат бірлiгi, ал 15 және одан да аса топтары болса - 2 лауазымдық штат бірлiгi белгiленедi.
16. Жүрiп-тұру мүшелерi зақымданған балаларға арналған түзеу ұйымдарында әрбір топқа 0,5 штат бірлiгi есебiнен массаж жасаушы медбике лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
17. 150-ден астам тәрбиеленушiсi бар арнаулы түзеу ұйымдарында 1 штат бірлiгi психиатр-дәрiгер лауазымы қосымша енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы
№ 1168 қаулысымен
бекітiлген
Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерiнiң
үлгi штаттары
Лауазымдардың атауы | Тәрбиеленушiлер топтарының санына қарай штат бірлiктерiнiң саны |
5 топқа дейiн | 5-9 топтар | 10 және одан да көп топтар |
1 | 2 | 3 | 4 |
Директор 1 1 1 Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 1 1 Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 0,5 1 1 Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары 1 1 1 Әдiскер 0,5 1 1 Педагог-психолог 1 1 1 Әлеуметтiк педагог 1 1 1 Бас бухгалтер 1 1 1 Бухгалтер 1 1 1 Кадрлар мәселелерi жөніндегі инспектор - 0,5 1 Хатшы 1 1 1 Дәрiгер-педиатр 1 1 1 Тәулiк бойы кезекшiлiк ететiн медбике 4 4 4 Кiшi медициналық персонал 0,5 0,5 1 Кiтапхана меңгерушісі - - 1 Кiтапханашы 1 1 - Қоймашы 1 1 1 Кастелянша 1 1 1 Киім-кешек пен iш киімдi жөндейтiн тiгiншi 1 1 1 Экспедитор 0,5 1 1 Бас аспаз 1 1 1 Аспаз 2 4 4 Асхана жұмысшысы 3 3 3 Ыдыс жуушы 1 2 3 Kiр жуу машиналарының операторы 1 2 3 Аяқ киімшi 1 1 1 Шаштараз 1 1 1 имараттарда кешендi қызмет көрсететiн және жөндейтiн жұмысшы (әрбір ғимаратқа) 1 2 2 Күзетшi 3 3 3 Жүкшi 1 1 1 Вахтер, әрбір ғимаратқа 1 1 1 |
Ескертулер.
1. Балалық шақ үйлерiнде қосымша невропатолог дәрiгерi, физиокабинет медбикесi, патронаждық бикесi, емдәмбикесi, аға медбике, емдiк дене тәрбиесi жөніндегі нұсқаушы, массаж жасаушы, сондай-ақ қажет болған жағдайда медбикенiң лауазымдық штат бірлiктерi қосымша енгiзiледi.
2. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тіс дәрiгерi, физиотерапия жөніндегі медбике және емдiк дене тәрбиесi жөніндегі нұсқаушы лауазымдары 150-ге дейiн тәрбиеленушiлер болған жағдайда 0,5 штат бірлiгi және 150-ден астам тәрбиеленуші болған жағдайда 1 штат бірлiгi есебiнен белгіленеді.
3. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиешiлер лауазымының штат бірлiгiнiң саны (мектепке дейiнгi жастағы балалар топтарында тәрбиешiлердiң көмекшiлерi лауазымдарының штат бірлiктерi қосымша белгiленедi) тәрбиеленушiлердiң әрбір тобына (отбасына) олардың демалыс және мереке күндеріндегі ауысымдарын, түнгi уақыттағы кезекшiлiктi қоса, апталық жүктеменi ескере отырып, ұйымның жұмыс режимiне сәйкес белгіленедi.
4. Аталған ұйымдарда есту, сөйлеу, көру және ойлау қабілеттерi нашар балалар (жанары нашарлаған балалардан басқа) болса, әрбір топқа дефектолог мұғалiм лауазымы, сөйлеу қабiлетi өте нашар 12 баладан тұратын әрбір топқа (алалия, дизартия, ринолалия, афазия, тұтығу) сөйлеу немесе фонетикалық сөйлеу құрылымы бұзылған 15 баладан тұратын әрбір топқа логопед мұғалiм лауазымының штат бірлiгi белгiленедi.
5. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда үйiрмелiк, еңбек, спорт және емдеу iс-шаралары өткiзiлуiне қарай музыка жетекшiсi, қосымша білім беру педагогы, сондай-ақ дене шынықтыру мен еңбекке баулу жөніндегі нұсқаушы лауазымдарының штат бірлiктерi белгiленедi.
6. Жер телiмдерi мен қосалқы шаруашылықтары бар жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда бейiн бойынша мамандардың лауазымдық штат бірлiктерi (агроном, зоотехник т.б.) қосымша енгiзiледi.
7. Жетiм балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жанында жалпы білім беретiн мектеп, өзiнiң демалыс аймағы болған жағдайына қосымша штат бірлiктерi тиiстi білім беру ұйымдарының үлгi штаттарына сәйкес белгiленедi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қарашадағы