Табиғи ресурстарды басқару
Cy ресурстары
Су ресурстарының тапшылығын қысқарту мақсатында iрi өзендер су алабтары бойынша су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғаудың республикалық бағдарламасы, суды сақтау жөнiнде мақсатты бағдарлама әзiрленетiн және жүзеге асатын болады, Қытай Халық Республикасының Үкіметімен, сондай-ақ Қырғыз және Өзбек Республикаларымен қарым-қатынаста трансшекара арқылы ағатын суларды ұтымды және әдiл пайдалану мәселелерi бойынша келісiмдердi жүзеге асыру жалғасады. Суды ұқыпты пайдалану мен қорғауға ынталандыратын жер үстіндегі суларды пайдаланғаны үшiн төлемнің әртүрлi ставкалары және жер үстіндегі көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң ставкасын анықтайтын Әдiстеме әзiрленіп, ол енгiзiлетiн болады, Астана қаласының сол жақ жағалаудағы салынған құрылыстарды тасқын сулардан қорғау жөніндегі құрылыстардың жобасын әзiрлеу және салу қарастырылып отыр.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету салалық "Ауыз су" бағдарламасының шараларын, селолық елдi мекендердi сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі жобаларды жүзеге асыру жолымен iске асатын болады.
Су ресурстарын басқару өзендер мен көлдерге олардың бұрынғы кездегi тазалығын қайтарып беруге қабiлеттi су алабтарының экологиялық қорғалуын бiлдiреді.
Өзгерген экономикалық жағдайда су ресурстарын пайдаланудың заңды негiздерiн жасау мақсатында Су кодексiнің жаңа редакциясы даярлануда. Су шаруашылық объектілерінің жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға жұмсалатын шығындарға су ресурстарын пайдаланғаны үшiн жиналатын төлемдердiң бара-бар болуын қамтамасыз ететiн кейбір нормативтiк құжаттарды дайындау және қабылдау жоспарлануда. Су шаруашылық құрылыстары мен қондырғыларды ұстап тұру бойынша шығындарды су пайдаланушылар қаражаты есебiнен өзін-өзi қаржыландыруға кезең-кезеңiмен көшiретіндей ақылы су пайдаланудың экономикалық тетiгi жөнiндегі әдiстемелiк нұсқаулар жасалып жатыр.
2010 ж. дейiнгi экономиканың су секторының даму тұжырымдамасы мен су шаруашылығының саясаты әзiрленiп, ол Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 ж. 21 қаңтардағы № 71 қаулысымен мақұлданды және онда басқару қызметiн шаруашылық қызметтен ажырата отырып Қазақстан Республикасының су ресурстары мен су шаруашылығын басқарудың кезең сайын реформалануы (орталыққа тәуелдiлiктi жою, қайта құрылымдау) және құрылымының жетiлдiрiлуі ескерiлген. Оның негiзгi міндеттерiн шешу мақсатында 2002-2004 жж. қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жөнiндегі Қазақстан Республикасының Үкіметінiң қызметiн iске асыру бойынша, олардың жүзеге асырылуы халықты және шаруашылық кешендi сумен қажеттi көлемде және кепiлдi сапамен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, шаралар жоспарының жобасына ұсыныстар енгізiлді.
Орман ресурстары
Мемлекет басшысы таяудағы он жылдықтағы ?кімет жұмысының басымдықтарының бірi етiп ормандарды үдемелi өндiрудi, күзетудi және қорғауды анықтағанын ескере отырып Орман кодексiнiң жаңа редакциясын, "Қазақстан орманы" салалық бағдарламаны және басқа ормандарды, өсiмдiк пен жануарлар әлемiн қорғауды күшейту мен оларды пайдалануды тәртiпке келтiру жөніндегі нормативтiк-құқылық актiлердi әзiрлеуді аяқтау ұсынылады.
Осыған байланысты ормандарды авиациямен күзету және өртке қарсы ұйымдастыру жөнiндегі жұмыс көлемiн көбейту, орман патологиясының мониторингісiн ұйымдастыру, орманның зиянкестерi мен ауруларымен күpec жүргiзу, жыл сайынғы ағаш отырғызу мен себудi 1 мың гектар алқапта қамтамасыз ету үшiн отырғызатын материалдарды өндiрудi көбейту, орманды күзету, орманда аң аулауды ұйымдастыру жөнiндегі шаралар кешенiн жүргізу, орман жағдайын зерттеудi жүргiзу, орман және өсiмдiк ресурстарын пайдаланудың ғылыми-негiзделген көлемiн белгiлеу, орманды қорғау қызметiн қалпына келтiру, орманды қорғайтын мекемелердi және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды материалдық-техникалық құралдармен және басқа да қызметтердің штаттық санын нормативке дейiн жеткізу, ол үшiн республикалық бюджеттен орман саласын қаржыландыруды көбейту қаралған.
2003-2005 жж. Ерейментау, Сынтас мемлекеттік табиғи қорықтарын, Жоңғар Алатауы, Шарын арнасы мен Көлсай көлi мемлекеттік ұлттық парктерiн құру, сондай-ақ Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы ленталық қарағайлы ормандарда мемлекеттік табиғи резервтер құру және экологиялық туризмнің жаңа маршруттарын әзiрлеу мен игеру жоспарланып отыр.
Жануарлар әлемiнiң ресурстары
Аңшылық шаруашылығында пайдаланылатын жерлердi есепке алу, аңшылықты пайдаланатындардың күшiмен өркениеттi аң аулау және балық аулау орындарын ұйымдастыру, ауланатын - кәсiптiк аңдар мен құстардың экологиялық-жағрафиялық және биологиялық ерекшелiктерiн зерттеу жөнінде мақсатты бағдарламалар мен оларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу ұйғарылып отыр.
Балық шаруашылығын басқару органдарында Қазақстан Республикасының 2003-2007 жж. балық шаруашылығын дамыту Бағдарламасын әзiрлеудi аяқтау және бекіту, оның мақсаты балық өнiмдерiн өндiрудің құлдырауын 2005 ж. тоқтату және 2007 ж. тұрақтандыру болып табылады.
18 ТАРАУ. АЙМАҚТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ДАМУЫ
Мақсаттар мен міндеттер
Алдағы жылдары мемлекеттік аймақтық саясат Қазақстан Республикасының 2002-2006 жж. аймақтық саясатының Тұжырымдамасына сәйкес жүзеге айырылатын болады.
Аймақтық саясаттың мақсаты инфрақұрылымның, шаруашылық қызметтiң күшеюiне және халықтың тұрмыс деңгейiн проблемалы аймақтарды терiп алып қолдау саясатымен байланыстырып жақсартуға жағдай тудыратын инвестициялық маңызды жобаларды жүзеге асыру жолымен әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейіндегі аймақтар арасында орын алып отырған айырмашылықтарды төмендету болып табылады.
Аймақтық саясаттың міндеттерiне жататындар:
аймақтардың үдемелi және балансталған әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттi анық айыру және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру;
проблемалары бар шағын қалалар мен тоқыраған шалғай селолық аудандарға мемлекеттік қолдау көрсету;
елдiң қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн шекаралардағы аудандардың, әсiресе оңтүстіктегі, экономикалық потенциалын көтеру жөнiнде мемлекеттік саясатты әзiрлеу және жүргiзу;
халықты Қазақстан аумағында ұтымды орналастыру.
Алға қойған мақсаттарға жету үшiн негiзгi күштер аймақтар арасында орын алып отырған әлеуметтік-экономикалық даму деңгейiндегі айырмашылықтарды төмендетуге бағытталатын болады.
Осы мақсатта артта қалған аймақтардың олардың шаруашылықтарының құрылымын жетілдiру, өнеркәсiптiң өңдеушi секторының кәсiпорындарын дамыту, аумақтың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуiн көтеру, бірiншi кезекте сумен, энергиямен және электрмен жабдықтау, шағын кәсiпкерлiктiң саласын дамыту есебiнен экономикасының озық дамуына жағдай жасайтын шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Негізгi назар селолық аудандардың және экономикасы тоқыраған шағын қалалардың дамуына, оларды бұл жағдайдан шығару жөнiнде экономикалық, құқықтық, әлеуметтiк және басқадай шараларды әзiрлеу мен қабылдауға аударылатын болады.
Аймақтық даму мiндеттерiн шешу үшiн келесi шаралар ұйғарылады:
Республикалық деңгейде:
мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында қызмет пен өкілеттi анық айыру, ол 2002 ж. әзiрленiп жатқан мемлекеттік басқарудың деңгейлерi арасында өкілеттi айыру және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру Тұжырымдамасының негiзiнде жүзеге асырылатын болады;
тоқыраған аумақтарға оларды iрiктеп алудың анық критерийлерi негiзiнде мемлекеттік қолдау көрсету;
экономикасы тоқыраған шағын қалаларды дамытудың Бағдарламасын әзiрлеу;
әзiрленiп жатқан Қазақстан Республикасының 2004-2010 жж. демографиялық және көшi-қон саясатының Бағдарламасы мен Қазақстан Республикасында 2003-2005 жж. кедейлiктi кемiту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама шеңберiнде демографиялық және көшi-қон саясатын, халықтың тұрмыс деңгейiн көтерудi жүзеге асыру.
Аймақтық деңгейде:
экономиканың құрылымын жетiлдiру бірiншi кезекте шикiзатты терең өңдеуді ұйымдастыру, өнiмнiң қосылған құнын көбейту жөнiндегі инвесторлар үшiн ынталандырушы жағдайды жасау есебiнен;
ел Президентiнің Қазақстан халқына "2003 ж. iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Жолдауы тұрғысынан ауыл шаруашылығының, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдейтін кәсiпорындарды және селоның әлеуметтiк саласын шапшаңдатып дамыту;
инфрақұрылымның (жолдар, көлiк пен коммуникация) озық дамуын қамтамасыз ету;
өз шикiзат ресурстарымызды өңдеу саласындағы жаңа өндiрiстердi жасау үшiн аймаққа тiкелей инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты кеңейту;
импортты айырбастау және өндiрiстiк потенциалды экспортқа бағдарлау мақсатында отандық тауарлардың, жұмыстың және қызметтiң бәсекеге қабiлеттілігiн көтеруге жәрдем жасау;
тоқтап тұрған кәсiпорындарды қалпына келтiру есебiнен де, сондай-ақ жаңа өндiрiстердi құру, шағын бизнестi дамыту есебiнен де жұмыс орындарын жасау жөнiндегі жұмыстарды жалғастыру;
2003-2005 жж. кедейлiктi кемiту жөніндегі аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу;
халыққа көрсетілетін әлеуметтiк көмектiң атаулылығын күшейту мақсатында жеткiлiксiз қамтамасыз етiлген азаматтардың материалдық жағдайына тексеру жүргiзу жөніндегі учаскелiк комиссияның жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру;
шағын қалалар мен экономикасы тоқыраған аудандардың дамуы жөнiнде, олардың экономикалық өсуге және халықтың тұрмыс деңгейінiң жақсаруына жетуiне бағытталған, аймақтық бағдарламалар әзiрлеу. Осы кезде, шекараға жақын аудандардың, бірiншi кезекте оңтүстiк, экономикалық потенциалын бекітуге айрықша назар аударылатын болады;
рыноктарда сауда жағдайын жақсарту және бәсекенi дамыту, облыс орталықтарында және қалаларда азық-түлiк және ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу және сату жөнiндегі коммуналдық сауда рыноктарын және сауда-сатып алу ұйымдарын құру жөніндегі жұмыстарды күшейту, аса маңызды азық-түлiк тауарларына бағаны төмендетуге бағытталған нақты шаралар қабылдау.
Болжамдалған нәтижелер
Аймақтар арасындағы қазiргi орын алып отырған айырмашылықтарды төмендету, шаруашылық қызмет үшін аймақтарға тең жағдай жасау және халықтың тұрмыс деңгейiн көтеру, мемлекеттік басқару деңгейлерi арасында өкiлеттi анық айыру, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру, елдің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттік шекараны бекіту, әсiресе оңтүстiк шекараны.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж.
13 қыркүйек № 1000
қаулысына 2 қосымша
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ (СЕКТОРАЛДЫҚ) БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТІЗБЕСІ
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
N Бағдарламаның Бағдарламаның Іске асыру Жауапты
атауы мақсаты кезеңі орындау.
шылар
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1 2 3 4 5
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1. Күшіндегі мемлекеттік және салалық (секторалдық)
бағдарламалардың тізімі
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
бекітілген мемлекеттік бағдарламалар
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Кәсіби Үкімет
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.1. Сыбайлас жемқорлық. Конституциялық тәртіпті, 2001- Қазақстан
қа қарсы күрес азаматтар мен ұйымдар. 2005 Республикасы.
жөніндегi 2001- дың құқығы мен заңды жж. ның
2005 жж. арналған мүдделерiн, мемлекеттік Қауіпсіздік
мемлекеттік қызмет жүйесiн сыбайлас кеңесі
бағдарлама жемқорлық процестерінің
келеңсiз әсерінен
қорғау, әлеуметтiк,
экономикалық және құқық
салаларында мемлекет
саясатын iске асыруды
қамтамасыз ететiн
кепілдіктерді күшейту
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Білім беру
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.2. "Білім беру" Сапалы білім алуға кеңі. 2001- БҒМ, облыс.
мемлекеттік нен қол жеткізетіндей 2005 тардың, Астана
бағдарламасы білім берудің ұлттық жж. және Алматы
моделiн тиімдi дамыту қалаларының
үшін жағдай жacay әкімдері
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Денсаулық сақтау
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.3. "Халықтың Халықтың денсаулық 1998- ДМ
денсаулығы" жағдайын жақсарту, 2008
мемлекеттік отандық денсаулық жж.
бағдарламасы сақтауға халыққа медици.
налық қызмет көрсетуде
сапалы жаңа деңгейге
шығуға мүмкiндік беретін
қысқа мерзімді, орта
мерзiмдi және ұзақ
мерзiмдi іс-шара жоспар.
ларын әзірлеу және iске
асыру
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Мәдениет
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.4. Тілдердi қолдану Мемлекеттік тiлдiң 2001- МАҚКМ
және дамуының әлеуметтiк-коммуникатив. 2010
2001-2010 жж. тік қызметін кеңейту жж.
арналған мемлекет. мен нығайту орыс тілінiң
тік бағдарлама жалпы мәдени, қызметiн
сақтау, этникалық топтар.
дың тілдерін дамыту
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Спорт және салауатты өмір салты
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.5. Қазақстан Дене шынықтыру және 2001- Туризм және
Республикасында спорт құралдарымен 2005 спорт
2001-2005 жж. салауатты өмiр салтының жж. Агенттігі,
арналған дене принциптерiн енгізу, облыстар,
шынықтыру және халық арасында әкімдері
спорт мемлекеттік бұқаралық денешынықтыру,
бағдарламасы спорттық резервтi және
халықаралық класс
спортшыларын даярлау,
Қазақстан Республикасы
спортшыларын халықаралық
спорттық iс-шараларға
даярлауды және қатысуын
қамтамасыз ету
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Туризм
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.6. "Жiбек жолының Жiбек жолы трассасының 1998- МАҚКМ, БҒМ,
тарихи орталықтарын қазақстандық учаскесінде 2012 ККМ, кейбір
қайта өркендету, халықтың және өндiрiстiң жж. облыстардың
түркі тілдес қалаларда шоғырлануының әкімдері
мемлекеттердiң тарихи жүйесiнiң жалпы
мәдени мұрасын ұлттық, әлеуметтiк-
сақтау және экономикалық және халық.
сабақтастыра дамыту, аралық рөлiн қайта
туризм инфрақұрылы. өркендету
мын жacay" атты
мемлекеттік
бағдарлама
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Көлік және инфрақұрылымы
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.7. Қазақстан Экономикада, мемлекет 2001- ККМ, ҚМ
Республикасының басқаруда, әлеуметтік 2005
ұлттық aқпараттық салада перспективалы жж.
инфрақұрылымын ақпараттық технология.
қалыптастыру мен ларды, компьютерлiк
дамытудың техника мен телекоммуни.
мемлекеттік кациялар құралдарын
бағдарламасы пайдалануға негізделген
жаңа технологиялық
укладтарды қалыптастыру
1.1.8. Қазақстан Автожолдар желісін 2001- ККМ
Республикасының сақтау және дамыту 2005
автожол саласын жж.
дамытудың 2001-2005
жж. арналған
мемлекеттік
бағдарламасы
1.1.9. Қазақстан Радирбақылаушы, 2000- МҚҚКА, ККМ
Республикасының радиоөлшегіш 2004
2000-2004 жж. жабдықтарды және жж.
арналған ақпараттық арнайы автокөлік
қауіпсіздігін ұстау
қамтамасыз етудің
мемлекеттік
бағдарламасы
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Ауыл шаруашылығы
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.10. Қазақстан Агроөнеркәсіптік 2003- АШМ
Республикасының кешенінің тиімді 2005
2003-2005 жж. жүйесін қалыптастыру жж.
арналған мемлекет. және бәсекеге қабілетті
тік агроазық-түлік өнімді өндіру негізінде
бағдарламасы Қазақстанның азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз
ету
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
Аймақтық саясат
────────────────────────────────────────────────────────────────────────────
1.1.11. "Астананың Астана қаласының 2001- Астана
гүлденуі- Қазақстанның әкімшілік 2005 қаласының
Қазақстанның және іскери орталығы жж. әкімі
гүлденуі" атты ретінде үйлесімді
мемлекеттік дамуы жөнінде шаралар
бағдарлама кешенін жасау, астананың