Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға
арналған паспорттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 26 қаңтардағы № 118 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a; 22.11.02 ж. № 1242; 14.12.02 ж. N
118б; 28.12.02 ж. № 118в қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
ҚР Үкіметінің 28.12.02 ж. № 118в қаулысымен 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Әкiмшiлiк шығындар"
001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 550307 мың теңге (бес жүз елу миллион үш жүз жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңы, 1-30 баптар; "2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 20 шілдедегi № 983 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 1668 қаулысы; "Штат санының лимитiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген қызметтердi барынша тиiмдi атқару үшiн Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің орталық және оның аумақтық бөлімшелері аппаратының қызметін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орталық және аумақтық бөлімшелер аппаратын ұстау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Бір жыл ішінде | |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер: Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүктелген міндеттердің сапалы
және уақытылы орындалуы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 14.12.02 ж. № 118б қаулысымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Протездеу бойынша медициналық қызметтер көмек
көрсету және протездiк-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету"
038 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 143232 мың теңге (жүз қырық үш миллион екi жүз отыз екi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi:
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының № 692-ХІІ 35-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "2002-2005 жылға арналған мүгедектердi оңалтудың бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысы, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң 1998 жылғы 1 сәуірдегі № 88-Ө бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1999 жылғы 19 мамырда № 763 тiркелген Қазақстан Республикасының халқына протез-ортопедиялық көмек көрсету тәртібі туралы нұсқаулық.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердi қоғамға бейiмдеу және бiрiктiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: мүгедектердi оңалтудың мемлекеттік жүйесiн қамтамасыз ету, оларға протез-ортопедиялық көмек көрсету жөніндегі шаралар.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 047 | 00 | Протездеу бойынша медициналық қыз- меттер көрсету және протездік- ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету | Протез-ортопедиялық бұйымдармен қамтама- сыз ету, соның ішін- де жаңа технология бойынша қазіргі заман протездерімен: қол; балтыр; сан аппараттарымен; ортопедиялық аяқ- киіммен және протез- деу бойынша медицина- лық қызметтер көрсету. Протезбен қамтамасыз етілетін мүгедектердің орташа жылдық саны 11014 адам құрайды. | 2002 жыл | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: аяқ-қол
протездерін қажет ететін мүгедектерді оңалту, протез-ортопедиялық
бұйымдармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
3-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a қаулысымен 3-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Мүгедектердi, оның iшіндегі мүгедек балаларды
сурдоқұралдармен және сурдокөмекпен қамтамасыз ету"
042 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 91941 мың теңге (тоқсан бiр миллион тоғыз жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы № 692-XII Заңының 35-бабы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi оңалтудың бағдарламасы туралы" 2001 жылдағы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердi қоғамға бейiмдеу және бiрiктiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: естiмейтiн мүгедектердi оңалтудың мемлекеттік жүйесiн қамтамасыз ету, көмек көрсету және есту қабiлетiнiң құралдарымен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
| 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
042 | 00 | Мүгедектерді, оның ішіндегі мүгедек балалар- ды сурдоқұрал- дармен және сурдокөмекпен қамтамасыз ету | Сурдоқұралдармен (есту аппараттарымен, телефакстермен, көп функцияналды дабыл қағатын жүйемен, дыбыс күшейткіш аппараттарымен (сымсыз оқу сынып- тарымен) қамтамасыз ету және естімейтін мүгедектерге есту- протездік көмек көрсету. Сурдоқұрал- дармен қамтамасыз етілетін мүгедектер- дің орташа жылдық саны 6129 адам, соның ішінде мүгедек балалардың саны 1200 адам. Конкурс ұйымдастырумен байланысты іс-шаралар | 2002 жылы | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Сурдотехникамен қамтамасыз ету және естімейтін мүгедектерді оңалту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
4-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a; 14.12.02 ж. № 118б қаулыларымен 4-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Мүгедектердi, оның iшіндегі мүгедек
балаларды тифлоқұралдармен қамтамасыз ету"
043 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 65046 мың теңге (алпыс бес миллион қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы № 692-XII Қазақстан Республикасы Заңның 35-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектердi оңалтудың бағдарламасы туралы" 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектердi қоғамға бейiмдеу және бірiктiру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: көрмейтiн мүгедектердi оңалтуды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 042 | 00 | Мүгедектерді, оның ішіндегі мүгедек балалар- ды сурдоқұрал- дармен және сурдокөмекпен қамтамасыз ету | Көрмейтін Мүгедектер үшін тифломагнитоламен және компьютерлік тифлокешенмен қам- тамасыз ету. Зағип мүгедектерге, оның iшінде мүгедек балаларға арналған тифлоқұралдардың саны - 5405 дана Конкурс ұйымдастырумен байланысты іс-шаралар | 2002 жыл | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Көрмейтін
мүгедектерді оңалту, тифлотехникамен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
5-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a; 14.12.02 ж. № 118б қаулыларымен 5-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Мүгедектер мен ардагерлердi оңалту"
035 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 49790 мың теңге (қырық тоғыз миллион жетi жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi:
"Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы № 692-XII Заңы, 19-бап, "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: мүгедектер мен ардагерлердi оңалтуды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектер мен ардагерлердiң жасын және денсаулық жағдайын ескере отырып, демалу және сауықтыру үшiн тиiстi жағдайлар жасау, емдеу-алдын алу iс-шараларын өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 035 | | Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту | жасау, емдеу-алдын алу іс-шараларын өткізу- Санаторлық- курорттық емдеуден, сауықтыру мен оңал- тудан өтетін мүге- дектер мен ардагер- лердің орташа жылдық саны - 1986 адам. Конкурс ұйымдастырумен байланысты іс-шаралар | 2002 жыл- дың бірін- ші тоқ- саны | |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындаудан күтілетін нәтижелер: мүгедектер
мен ардагерлердің жалпы денсаулық жағдайын жақсарту және өмір ұзақтығын
арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
6-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Қаза тапқан, қайтыс болған
әскери қызметшiлердiң ата-анасына, асыраушыларына,
қамқоршыларына берiлетiн бiржолғы төлемдер"
056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-анасына, асыраушыларына, қамқоршыларына берiлетiн бiржолғы төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 желтоқсандағы № 284 Жарлығы, "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-анасына, асыраушыларына, қамқоршыларына берiлетiн бiржолғы төлемдердi жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 мамырдағы № 80 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-анасын, асыраушыларын, қамқоршыларын әлеуметтiк қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақшалай төлемдердi уақытылы жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 056 | 00 | | | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: әлеуметтік
қолдау мақсатында қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің
ата-анасына, асыраушыларына, қамқоршыларына уақытылы төлемдерді қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Өткен жылдардың мiндеттерiн орындау"
006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 460 000 мың теңге (төрт жүз алпыс миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтiк қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтардың алдындағы зейнетақыға үстемеақы төлеу жөніндегі мемлекеттiң міндеттерiн орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар. ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 006 | 030 | | Семей ядролық сынақ полигонындағы ядро- лық сынақтар салда- рынан зардап шеккен азаматтардың зейнет- ақыларына үстеме- ақыларды толық және уақытымен төлеу- Алушылардың орташа жылдық саны - 20175 адам. | 2002 жыл | |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
зейнетақыларға экологиялық үстемеақылар бойынша міндеттемелерді орындау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
8-қосымша
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
"Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықтың қызметтерiне ақы төлеу"
055 республикалық бюджеттік бағдарламаның
2002 жылға арналған
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2617673 мың теңге (екi миллиард алты жүз он жетi миллион алты жүз жетпiс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136-І Заңы, 1-бап, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық"ЄРеспубликалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы, "Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың Ережесi" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысы, "Қазақстан Республикасының азаматтарына Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта әлеуметтiк жеке код берудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi № 1342 қаулысы, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң 2001 жылғы 25 наурыздағы № 17-ө бұйрығымен бекітілген, Әдiлет министрлігінде 2001 жылғы 26 наурызда № 1432 тiркелген Орталықтан зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақыларды және мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындаудың және төлеудiң тәртібі туралы Нұсқаулық.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеу бойынша мемлекеттік мiндеттемелердi орындауға байланысты қызметтердi ұсыну.
5. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зейнетақы мен жәрдемақылардың төленуiн қамтамасыз ету. Республиканың барлық азаматтарына әлеуметтiк жеке код беру, мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылардың бiрыңғай орталықтандырылған базасын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
Р / с N | Бағдар- ламаның коды | Кіші бағ- дар- лама- ның коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарлама- лардың) атауы | Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара | Іске асыру мерзі- мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 055 | 00 | Зейнетақы төлеу жөніндегі мемле- кеттік орталық- тың қызметтеріне ақы төлеу | | 2002 жыл | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: зейнетақы
мен жәрдемақылардың толық және уақытылы төленуiн қамтамасыз ету. Мiндеттi
зейнетақы жарналарын есепке алу. Мiндеттi зейнетақы жарналарын
төлеушiлерден жинақтаушы зейнетақы қорларына уақытылы аударуды жүзеге
асыру. Салық бақылауын қамтамасыз ететiн орталық уәкiлеттi органдарға және
төлеушiлерге мiндеттi зейнетақы жарналарының аударылуы туралы ақпарат беру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына
9-қосымша
ҚР Үкіметінің 20.08.02 ж. № 118a қаулысымен 9-қосымша өзгертілді