Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 26 қаңтардағы
№ 118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 14 желтоқсандағы № 118б қаулысы
"2002 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетілген қаулыға 2-қосымшада "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің "Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөніндегi iс-шара" деген 5-бағанындағы "10701" деген сан "11014" деген санмен ауыстырылсын;
2) көрсетілген қаулыға 4-қосымшада "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің "Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөнiндегі iс-шара" деген 5-бағанындағы екiнші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Зағип мүгедектерге, оның iшінде мүгедек балаларға арналған тифлоқұралдардың саны - 5405 дана";
3) көрсетілген қаулыға 5-қосымшада "Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң "Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөніндегі iс-шара" деген 5-бағанындағы "1800" деген сан "1986" деген санмен ауыстырылсын;
4) көрсетілген қаулыға 16-қосымшадағы 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың техникалық паркiн жаңарту, Қазақстан Республикасының салық төлеушілерi есебінің автоматтандырылған деректер банкi бағдарламасына қатысу, әлеуметтiк төлемдердi тағайындаудың автоматтандырылған жүйесiн құру, әлеуметтiк төлем алушылардың деректер банкiн (электрондық мұрағатын) қалыптастыру";
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың кестесінде "Бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) iске асыру жөніндегі iс-шара" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық парктi жаңарту: 1 дана дизель-генератор, 585 дана компьютер, 585 дана үздiксiз қоректендіру блоктарын, 1 дана диск массивін, 16 дана принтер, 731 дана лицензиялық өнім;
шығыстық материалдар: 48 дана картридж, 144 дана тонер сатып алу.
Әлеуметтік төлемдердi тағайындаудың автоматтандырылған жүйесiн құру, әлеуметтiк төлем алушылардың деректер банкiн (электрондық мұрағатын) қалыптастыру - 1 дана; салық төлеушiлер мен салық салу объектiлерi мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізуге арналған ақпарат алмасу жөнiндегі бағдарламалық өнiмдi әзiрлеу - 1 дана. Қазақстан Республикасының салық төлеушілерi есебінің автоматтандырылған деректер банкi бағдарламасына қатысу. Салық төлеушiлер мен салық салу объектілерінің мемлекеттік тiзілiмiн жүргiзу үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен ақпарат алмасу".
7-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтік төлемдердi тағайындау жүйесiн автоматтандыру, әлеуметтiк төлем алушылардың деректер банкiн (электрондық мұрағатын) қалыптастыру".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |