Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 28 желтоқсандағы № 118в қаулысы
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 желтоқсандағы № 1715 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 қазандағы № 1128 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Құны: 550307 мың теңге (бес жүз елу миллион үш жүз жеті мың теңге).";
6-тармақ кестесінің "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі іс-шара" деген 5-бағанындағы "170" сан "150" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |