Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 20 тамыздағы № 118а қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнің республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 118 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 3, 4, 5, 9, 10, 16-қосымшаларда:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
5-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурс ұйымдастырумен байланысты iс-шаралар";
көрсетiлген қаулыға 11-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
030-кiшi бағдарламаның 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Конкурс ұйымдастырумен байланысты iс-шаралар және iссапар шығыстарын төлеу".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |