Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 Қаулысы
(2023.09.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбы және кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1038 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 939 Қаулысымен осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Астана қаласы және Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2018 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатылды
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.12.12. № 827 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1038 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларының 27 және 28-тармақтарының ережелері 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 939 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2019 ж. 30 маусымға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2018.12.12. № 827 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 925 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.18.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 928 Қаулысымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданылуы 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
№ 1127 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбына өзгеріс енгізілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1038 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу
қағидалары
Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.12.12. № 827 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.20.12. № 1038 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлеріне лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және еңбегiне ақы төлеу «Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысы негiзiнде жүргiзiлетiн мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлеріне қолданылады.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 1-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2004.15.11.№ 1197 қаулысымен 1-2 тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.12.11. № 1069 қаулысымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу:
1) мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісі басшысының не оны алмастыратын тұлғаның;
2) аппарат басшысының орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілген шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1038 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бонус – әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижесі бойынша белгіленетін ақшалай төлем;
2) бонустық қор – мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша бонустар төлеуге арналған, жоспарланатын бюджет қаражаты;
3) есепті кезең – бағалау жылының бірінші қаңтарынан бастап отыз бірінші желтоқсанын қоса алғанда, он екі айды құрайтын күнтізбелік жылға тең мемлекеттік қызметші жұмысының нәтижелерін бағалау кезеңі;
4) сыйлықақы – біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу нысаны.
Сыйлық беру шарттары
3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;
4) тұтастай алғанда, осы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі оның шұғыл орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің кесімдері мен тапсырмаларының іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау;
6) мерейтой, мереке күндері;
7) егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу;
8) осы орган туралы Ережеге сәйкес тиісті органға жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады.
4. Қызметкерге:
1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді.
Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу шарттары
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу:
1) өзінің негізгі жұмысынан босамай, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны;
2) оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері;
3) функционалдық міндеттерін тікелей орындау кезінде мемлекеттік тілді қолданғаны.
Бұдан басқа, лауазымдық жалақыға үстемеақы мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерге олардың орындалған көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін.
6. Сондай-ақ, үстемеақылар қызметкерді ақиқатты жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде:
1) еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы;
2) ауысқан (тағайындалған) күнінен бастап бір жыл ішінде органды басқару құрылымы өзгергенде белгіленуі мүмкін.
7. ҚР Үкіметінің 2004.15.11.№ 1197 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Материалдық көмек көрсету ережелері
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай:
1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы;
2) некеге тұру;
3) бала туылған, бала асырап алған;
4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам);
5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру;
6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық
көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар
белгілеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың бұйрығымен жүргізіледі.
Құрылымдық (аумақтық) бөлімшелердің басшыларына сыйлық беру және үстемеақылар белгілеу орган басшының орынбасары ұсынысының негізінде не оған басшысының өзі дербес жүргізуі мүмкін*.
____________________
* Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына (басшылардың орынбасарларына) сыйлық берудің өзге де ережелері көзделуі мүмкін.
10. Ұсыныста қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемеақы) беруге негіздеме мен мөлшері және тәртіптік жазасы жоқтығы туралы мәлімет көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде не осы органда құрылатын тиісті комиссияның қорытындысы бойынша осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеуге мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық кесімдерімен айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасы органдарының бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) жыл бойы үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің 30%-ынан аспайтын, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде:
- ел ішінде іссапарлар және қызметтік барулар;
- елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік барулар;
- үй-жайларды жалдауға ақы төлеу;
- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
- байланыс қызметіне ақы төлеу;
- көлік қызметіне ақы төлеу;
- электр энергиясына ақы төлеу;
- жылуға ақы төлеу;
- ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі
құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
- өзге де қызметтер;
- ерекше шығыстар;
- өзге де ағымдағы шығыстар;
2) үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде:
- негізгі жалақы;
- өтемақы төлемдері;
- әлеуметтік салық;
- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
- мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
- өзге де тауарларды сатып алу;
- қосымша ақшалай төлемдер.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды
13-1. Үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
14. Шығыстардың қалған түрлері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді.
Мемлекеттік органдар орталық аппараттарының мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сыйлықақы төлеу тәртібі. ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1038 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2022.20.12. № 1038 Қаулысымен тараумен толықтырылды
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу тәртібі
16. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 33-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу Заңның 33-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілетін «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізілетін бағалау нәтижелері негізінде тағайындалады.
17. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу Заңның 33-бабының 5-тармағына сәйкес бекітілетін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес жүргізілетін бағалау нәтижелері негізінде тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
17-1. Бағалау деректерді бағалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы өтетін мемлекеттік органдарда бонустар төлеу осы мемлекеттік органдардың ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
18. Бонустарды төлеу мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің бірыңғай еңбегіне ақы төлеу жүйесінде бонустық қорды қалыптастыруға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.
19. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу жыл қорытындысы бойынша олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады, ал жұмыстан шығу, еңбек қатынастарын бұзу, ротациялау болған жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда жергілікті атқарушы органдарда, тексеру комиссияларында және мәслихат аппараттарында 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы жұмыс кезеңдері үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде 2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңдері үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде 2023 жылғы 20 желтоқсанды қоса алғанға дейін жүзеге асырылады.
Бонустар төлеу туралы өтініш 2023 жылғы 1 қарашаға дейін беріледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметші қайтыс болған жағдайда қызметті бағалау нәтижелері болған кезде мұрагерден өтемақы төлемдері болып табылатын бонустарды төлеу туралы оның (мұрагердің) банктік деректемелері көрсетілген өтініш қабылданады. Аударылған бонустарды мұрагерлер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ала алады.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды
19-2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда 2023 жылғы 1 қаңтардан басталатын жұмыс кезеңі үшін бонустар төлеу қызметті бағалау нәтижелері болған және бонустар төлеу туралы өтінішпен және банк деректемелерін көрсетіп мемлекеттік органға өзі жүгінген кезде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 желтоқсанына дейін жүзеге асырылады.
Бонустар төлеу туралы өтініш есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қарашасына дейін беріледі.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Бонустарды төлеу осы Қағидалардың 19-1 және 19-2-тармақтарында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін қорытынды бағалау аяқталған кезден бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
21. Бонустарды есептеген кезде тиісті лауазым бойынша есепті кезеңде жұмыс істеген нақты күндер саны пайдаланылады.
22. Мемлекеттік әкімшілік қызметшіге бонустар төлеу қызметті бағалау жүргізілген мемлекеттік органда жүзеге асырылады, ал мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған және (немесе) таратылған (қысқартылған) жағдайда азаматтық заңнаманың ережелері қолданылады.
23. Мемлекеттік әкімшілік қызметші есепті кезең ішінде мемлекеттік орган ішінде бір лауазымнан басқа лауазымға немесе бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға ауысқан жағдайда, бонус бұдан бұрын атқарған лауазымы бойынша, сондай-ақ атқарып отырған жаңа лауазымы бойынша есепті кезеңде нақты жұмыс істеген уақытына пропорционалды түрде есептеледі.
24. Есепті кезең ішінде лауазымдық айлықақы өзгерген жағдайда, бонус осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, есепті кезеңнің соңында қолданыста болатын белгіленген айлықақының мөлшері негізге алынып есептеледі.
25. Бонустар төлеу туралы шешімді:
1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мемлекеттік органның басшысы не оны алмастыратын тұлға;
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мемлекеттік органның басшысы не ол өкілеттік берген мемлекеттік органның аппарат басшысы қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2023.09.03. № 192 Қаулысымен 26-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26. Мемлекеттік әкімшілік қызметші бонусының мөлшері мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің есепті кезеңдегі қорытынды бағасының нәтижелері бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бонусын түзету нәтижесінде айқындалады.
Мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшісі бонустарының мөлшерін есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
Мб = ЛА × 2 × Тп × НЖУ, мұндағы:
Мб – бонус мөлшері;
ЛА – тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы;
Тп – мемлекеттік әкімшілік қызметшінің есепті кезеңде түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу және саралау әдісі бойынша пайызбен қорытынды бағалау нәтижеcі;
НЖУ – мемлекеттік әкімшілік қызметшінің нақты жұмыс істеген уақыты пайызбен.
27-тармақ 2021 ж. 1 шілдеден бастап 2022 ж. 31 желтоқсан аралығындағы құқықтық қатынастарға қолданылды