“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы
№ 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1197 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға арналған мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысына мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiсті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу ережесінде:
1-2-тармақ "сыйлық беру" деген сөздерден кейiн ", материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |