Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысы
(2021.18.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 939 Қаулысымен осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Астана қаласы және Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2018 ж. 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатылды
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбы және кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.12.12. № 827 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 939 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2019 ж. 30 маусымға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2018.12.12. № 827 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.12. № 925 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.18.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 928 Қаулысымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің және оның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша аумақтық органдарының, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстарының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданылуы 2021 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін тоқтатыла тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
№ 1127 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбына өзгеріс енгізілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік бюджет қаражаты
есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық
беру, материалдық көмек көрсету және
лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі
Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.12.12. № 827 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының жұмыскерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдарының қызметкерлеріне лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауға материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және еңбегiне ақы төлеу «Мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысының негiзiнде жүргiзiлетiн мемлекеттік бюджет есебiнен қамтылған барлық органдардың қызметкерлеріне қолданылады.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 1-2 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2004.15.11.№ 1197 қаулысымен 1-2 тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.12.11. № 1069 қаулысымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу:
1) мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісі басшысының не оны алмастыратын тұлғаның;
2) аппарат басшысының орталық мемлекеттік органның басшысымен келісілген шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.
Сыйлық беру шарттары
3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;
4) тұтастай алғанда, осы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі оның шұғыл орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің кесімдері мен тапсырмаларының іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау;
6) мерейтой, мереке күндері;
7) егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу;
8) осы орган туралы Ережеге сәйкес тиісті органға жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады.
4. Қызметкерге:
1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;
2) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді.
Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу
шарттары
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу:
1) өзінің негізгі жұмысынан босамай, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны;
2) оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері;
3) функционалдық міндеттерін тікелей орындау кезінде мемлекеттік тілді қолданғаны.
Бұдан басқа, лауазымдық жалақыға үстемеақы мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерге олардың орындалған көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін.
6. Сондай-ақ, үстемеақылар қызметкерді ақиқатты жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде:
1) еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы;
2) ауысқан (тағайындалған) күнінен бастап бір жыл ішінде органды басқару құрылымы өзгергенде белгіленуі мүмкін.
7. ҚР Үкіметінің 2004.15.11.№ 1197 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Материалдық көмек көрсету ережелері
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай:
1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы;
2) некеге тұру;
3) бала туылған, бала асырап алған;
4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам);
5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру;
6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық
көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар
белгілеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың бұйрығымен жүргізіледі.
Құрылымдық (аумақтық) бөлімшелердің басшыларына сыйлық беру және үстемеақылар белгілеу орган басшының орынбасары ұсынысының негізінде не оған басшысының өзі дербес жүргізуі мүмкін*.
____________________
* Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына (басшылардың орынбасарларына) сыйлық берудің өзге де ережелері көзделуі мүмкін.
10. Ұсыныста қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемеақы) беруге негіздеме мен мөлшері және тәртіптік жазасы жоқтығы туралы мәлімет көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде не осы органда құрылатын тиісті комиссияның қорытындысы бойынша осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеуге мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық кесімдерімен айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасы органдарының бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) жыл бойы үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің 30%-ынан аспайтын, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде:
- ел ішінде іссапарлар және қызметтік барулар;
- елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік барулар;
- үй-жайларды жалдауға ақы төлеу;
- коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
- байланыс қызметіне ақы төлеу;
- көлік қызметіне ақы төлеу;
- электр энергиясына ақы төлеу;
- жылуға ақы төлеу;
- ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі
құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
- өзге де қызметтер;
- ерекше шығыстар;
- өзге де ағымдағы шығыстар;
2) үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде:
- негізгі жалақы;
- өтемақы төлемдері;
- әлеуметтік салық;
- автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
- мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
- өзге де тауарларды сатып алу;
- қосымша ақшалай төлемдер.
ҚР Үкіметінің 2007.11.09. № 793 қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды
13-1. Үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
14. Шығыстардың қалған түрлері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен тараумен және 15-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбы өзгертілді
Мемлекеттік органдар орталық аппараттарының мемлекеттік әкiмшiлiк
қызметшілерiне бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру
жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет
қаражаты есебiнен сыйлықақы төлеу тәртібі
15. Сыйлық берудiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн тиiстi органды ұстауға арналған бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына сәйкес тоқсандар бөлiгiнде тең үлестермен орталық мемлекеттік органның басшысы - бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi белгiлейдi.