361-бап. Салық төлеушiлер
1. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту (оқу) кезеңiнде;
2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептік көрсеткiш шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, «Халық қа?арманы» атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салынатын объектілер бойынша дара кәсіпкерлер.
Осы тармақта аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
362-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiлердi анықтау
1. Салық салу объектiлерiн меншiк иесi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң келісімi бойынша сенiмгер басқарушы немесе жалгер берілген объектiлер бойынша салық төлеушi болуы мүмкiн.
Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келісіммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 363-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
363-бап. Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi мынадай объектiлер:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 364-бап өзгертілді
364-бап. Салық базасы
1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
2. алып тасталды
3. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 365 - бап жаңа редакцияда
365-бап. Салық ставкалары
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
1) 1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | салық салу объектілері құнының 0,05 проценті; |
2) 1 000 000 теңгеден жоғары - 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,08 проценті; |
3) 2 000 000-нан теңгеден жоғары - 3 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 проценті; |
4) 3 000 000 теңгеден жоғары - 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 проценті; |
5) 4 000 000 теңгеден жоғары - 5 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 проценті; |
6) 5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 5 800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 проценті; |
7) 6 000 000 теңгеден жоғары - 7 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 проценті; |
8) 7 000 000 теңгеден жоғары - 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 проценті; |
9) 8 000 000 теңгеден жоғары - 9 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 проценті; |
10) 9 000 000 теңгеден жоғары - 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда | 18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 проценті; |
11) 10 000 000 теңгеден жоғары | 23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 проценті; |
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 366-бап өзгертілді
366-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.
1-1. Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы осы баптың бір тармағына сәйкес анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
2. Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгіндегі салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.
3. Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.
4. Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.
5. Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
6. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.
7. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
8. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттік тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгізуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келісім бойынша) бюджетке енгізуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.
9. Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi.
367-бап. Салық кезеңi
1. Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салықты есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.
2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен Кодекс 14-1 бөліммен толықтырылды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді)
14-1-бөлім. Ойын бизнесі салығы
62-1-тарау. Ойын бизнесі салығы
367-1-бап. Төлеушілер
Мыналар:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызметтерін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
367-2-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) букмекер кеңсесінің кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
367-3-бап. Салық ставкалары
Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесі салығын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
ойын үстелі - тоқсанына 2 500 айлық есептік көрсеткіш;
ойын автоматы - тоқсанына 88 айлық есептік көрсеткіш;
тотализатор кассасы - тоқсанына 375 айлық есептік көрсеткіш;
букмекер кеңсесінің кассасы - тоқсанына 225 айлық есептік көрсеткіш.
367-4-бап. Салық кезеңі
Ойын бизнесі салығын есептеуге және төлеуге арналған салық кезеңі тоқсан болып табылады.
367-5-бап. Салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
1. Салық кезеңі ішінде төленуге тиісті ойын бизнесі салығы осы Кодекстің 367-2-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.
2. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге тиіс.
367-6-бап. Салық есептілігін табыс ету
Салық төлеушілер салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша салық органдарына ойын бизнесі салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
367-7-бап. Ойын бизнесі салығын төлеушілердің қосымша төлемі
1. Қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы қызметтен алынған табыс осы баптың 2-тармағында белгіленген кірістің шекті сомасынан асып кеткен жағдайда есептеледі.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер үшін салық кезеңі ішіндегі кірістің шекті мөлшері:
казино қызметінен - 135 000 айлық есептік көрсеткішті;
ойын автоматтары залы қызметінен - 25 000 айлық есептік көрсеткішті;
тотализатор қызметінен - 2 500 айлық есептік көрсеткішті;
букмекер кеңсесі қызметінен - 2 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
367-8-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
1. Қосымша төлем кірістің шекті мөлшерінен асып кеткен сомасына отыз процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмей төленуге тиіс.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
15-бөлім. Арнаулы салық режимдері
63-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 368-бап толықтырылды
368-бап. Жалпы ережелер
1. Мыналарға:
1) шағын бизнес субъектiлерiне;
2) шаруа (фермер) қожалықтарына;
3) ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;
4) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi.
2. Бiржолғы талон - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын және төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактiсiн растайтын құжат.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Патент - арнаулы салық режимiн қолдану құқығын куәландыратын құжат.
4. Белгiлi бiр арнаулы салық режимiн қолдануға арналған патент нысанын уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
5. Патент жоғалған немесе бүлiнген жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша дубликат берiледi. Салық төлеушi бүлiнген патенттi салық органына тапсыруға тиiс.
6. Берiлген патенттердi тiркеудi салық органдары патенттердi тiркеу (беру) журналында жүргiзедi.
Тiркеу журналдарының нысандарын және оларды толтыру тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
7. Жеке кәсiпкердi мемлекеттік тiркеу туралы куәлiк, бiржолғы талон және патент бланкiлерi қатаң есептілік бланкiлерi болып табылады және ақша алынбай берiледi. Оларды басқа адамдарға беруге тыйым салынады.
8. Арнайы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 369-бап өзгертілді
369-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолдану ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстің 378 және 385-баптарында көзделмеген қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыра алады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Базарларда тауар сату бойынша (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы киоскілерде, тұрақты үй-жайларда (оқшауланған блоктарда) өткізудi қоспағанда) бюджетпен есеп айырысу, осы Кодекстің 392-бабының 1-тармағында айқындалған тұлғалардан басқа, осы Кодекстiң 373-бабында белгiленген тәртiппен бiржолғы талон негiзiнде арнаулы салық режимi бойынша ғана жүргiзiледi.
Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға осы Кодекстің 370, 371 және 379-баптарының ережелері қолданылмайды.
3. 392-баптың 1-тармағында белгiленген тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды осы Кодекстің 391-397-баптарында көзделген кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған арнаулы салық режимiнде ғана жүзеге асырады.
64-тарау. Шағын бизнес субъектілеріне арналған
арнаулы салық режимі
§ 1. Жалпы ережелер
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 370-бап өзгертілді
370-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстiң 371, 372, 374, 376-баптарында белгiленген талаптарға сай келетiн жеке кәсiпкерлер және заңды тұлғалар осы Кодекстiң мақсаттары үшiн шағын бизнес субъектiлерi деп танылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртібін белгiлейдi. Бұл орайда, осы Кодекстiң 132-134-баптарын, 135-бабының 2-тармағын, 146-162-баптарын қоспағанда, жоғарыда аталған салықтарды есептеу, төлеу және салық есептілігiн табыс ету тәртібі 77-140, 315-322, сондай-ақ 141-174-баптарда белгiленген шағын бизнес субъектiлерiне қолданылмайды.
Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салықты есептеудiң оңайлатылған тәртібі салық салу объектiсiне осы Кодекстiң 375, 377-баптарында белгiленген ставканы қолдану жолымен жүргiзiледi.
4. Төлем көзiнен салық ұсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) бiржолғы талон болған кезде, бұрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға тиiс) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшіндегі табыс салық салу объектiсi болып табылады.
Осы Кодекстің 163-бабына сәйкес жеке кәсiпкердiң , мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда, төлем көзiнен салық салынбайтын мүлiктiк табысы мен өзге де табыстары салық салу объектiсi болып табылмайды.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - он екі ай, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.
6. Арнаулы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi кәсiпкерлiк қызметтiң бiрнеше түрiн жүзеге асырған жағдайда табыс қызметтiң барлық түрлерiн жүзеге асырудың жиынтығымен айқындалады.
7. Арнаулы салық режимiн қолданатын және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының сомасы табысқа қосылмайды.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 371-бап өзгертілд; 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 371-бап өзгертілді (бұр. ред. қара
371-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану талаптары
1. Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігiн тапсырудың төменде аталған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:
1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;
2) бiржолғы талон негiзіндегi арнаулы салық режимi;
3) патент негiзіндегі арнаулы салық режимi;
4) оңайлатылған декларация негiзіндегі арнаулы салық режимi.
Бұл талап базарларда (жалдау шарттары бойынша базарлар аумағындағы тұрақты үй-жайларда сауда жасайтындарды қоспағанда) тауарлар өткiзетiн адамдарға қолданылмайды.
2. Салықтарды есептеу мен төлеудiң жалпыға бiрдей белгiленген тәртібіне ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп екi жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.
3. Мыналардың:
1) филиалдары, өкiлдiктерi бар заңды тұлғалардың;
2) филиалдардың, өкiлдiктердiң;
3) заңды тұлғалардың еншiлес ұйымдарының және тәуелдi акционерлік қоғамдардың;
4) әртүрлi елдi мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi бар салық төлеушiлердiң арнаулы салық режимiн қолдануға құқығы жоқ.
4. Арнаулы салық режимi:
1) акцизделетiн өнiмдi өндiретiн;
2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлiк қызмет көрсететiн;
3) мұнай өнiмдерiн өткiзетiн;
4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;
5) жер қойнауын пайдаланатын;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мыналарды:
медициналық, дәрігерлік қызметті; ветеринария саласындағы қызметті: ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді; ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды өткізуді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізуді; ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызметті;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдықтау жүйелерін пайдалануды, жөндеуді және салуды;
күзет белгісі құралдарын монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
жолаушы лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
дәрілік заттарды дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды;
жобалау-іздестіру, сараптау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатындарын қоспағанда) өндіру (шығару) жөніндегі жұмыстарды;
алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сатуды;
ақпараттандыру мен байланыс, телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет, жалпыреспубликалық магистральдық, халықаралық байланыс желілерін жобалау, салу саласында қызметтер көрсетуді;
жолаушыларды өзен көлігімен тасымалдауды;
жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуді;
өлшеу құралдарын жасауды және жөндеуді;
тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;
мыналардың:
мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының;
мамандандырылған және арнаулы жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың;
рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметін;
жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;
электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды, электр станцияларын, электр желілері мен шағын станцияларды жобалауды және пайдалануды;
тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау мен пайдалануды, газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды;
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық-барлау, тау-кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электр-техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ жұмыс қысымы 0,7 кг/см2-ден жоғары және жылу тасығыш температурасы 1150С болатын қазандықтарды, 0,7 кг/см2-ден жоғары қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жобалауды, жасауды, монтаждауды, жөндеуді (негізгі лицензияланатын қызмет түрінің технологиялық процесінде пайдаланылатын жабдықты жобалауды, жасауды, монтаждауды, жөндеуді қоспағанда);
астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазартуды, сақтауды және тиеуді;
қолма-қол шетел валютасына бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызмет көрсетуді;
мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрлерін:
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеуді, жасауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді;
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждауды, орнатуды, оларға қызмет көрсетуді қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды.
§ 2. Бiржолғы талон негiзіндегі арнаулы салық режимi
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 372-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
372-бап. Жалпы ережелер
1. Бiржолғы талон негiзіндегі арнаулы салық режимiн қызметi ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстiң 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар қолданады.
2. Салық агенттерiмен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда бәрiн жинақтағанда тоқсан күннен аспайтын қызмет ара-тұра сипаттағы кәсiпкерлiк қызмет деп ұғынылады.
373-бап. Бiржолғы талон негiзiнде бюджетпен есеп айырысу
тәртібі
1. Қызмет түрлерiнiң тiзбесiн, бiржолғы талондардың нысаны мен берiлу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
2. Бiржолғы талондардың құны кiрiс алынатын объектiнiң орналасқан жерiн, түрiн, қызметтi жүзеге асыру жағдайларын, сапасы мен көлемiн, сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиiмдiлiгiне ықпал ететiн басқа да факторларды ескере отырып, салық органы жүргiзген орташа күндiк хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректерi негiзiнде жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмiмен белгiленедi.
3. Жалдамалы еңбектi қолданбай бiржолғы талон негiзiнде ара-тұра сипаттағы қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылмайды және жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттік тiркеуден босатылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды:
1) қызметі ауық-ауық сипаттағы жеке тұлғалар;
2) осы Кодекстің 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар жүргізеді.
Нарықтағы қызметті жалдамалы қызметкер жүзеге асырған жағдайда біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысуды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жүргізеді, сондай-ақ оны дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атынан жалдамалы қызметкер немесе оның өкілі қызметкердің біржолғы талон алу құқығына арналған нотариалды куәландырылған сенімхатын және салық төлеуші (дара кәсіпкер немесе заңды тұлға) куәлігінің көшірмесін көрсеткен кезде жүргізуі мүмкін.
§ 3. Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 374-бап өзгертілді