4. Егер салықтық тексеру жүргізілген мерзім ішінде қарсы салықтық тексеру жүргізілген кезде анықталған бұзушылықтар жойылмаса, қосылған құн салығын төлеушіге салықты қайтару солар бойынша бұзушылықтар анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.
Егер бұзушылықтар салықтық тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, салықты қайтару уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен салықтық тексеруді жүргізген салық органының қорытындысы негізінде салықтық тексеру өткізусіз жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес расталған, бірақ белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзімі бұзылған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставканың 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшін қарсы тексеру тағайындау туралы шешім уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мынадай жағдайлар:
1) қарсы тексерулер:
бұл салық төлеушінің қосылған құн салығын қайтаруға өтініш берген кезінің алдындағы он екі ай кезең ішінде аталған салық төлеушіге айына кемінде бір рет тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асырған берушілерге;
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін берушілерге;
осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргізілмейтіні;
2) камералық бақылау жүргізу кезінде бұзушылықтары анықталған берушілер (Қазақстан Республикасының аумағында экспортталған тауарлар өндірісі мен айналымы процесіне қатысқан тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді беруші салық төлеушілерді қоса алғанда) міндетті қарсы тексеруге жататыны;
3) егер қосылған құн салығын төлеушінің берушісі салық төлеушілердің мониторинг жүргізуіне тиіс болса, салық қызметі органдары осы Кодекске сәйкес осы берушілер ұсынатын салық есептілігінің негізінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкін екендігі ескеріле отырып қабылданады.
5. Осы бапта көзделген қосылған құн салығы:
1) шағын бизнес субъектілері;
2) шаруа (фермер) қожалықтары;
3) ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін белгіленген арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушілерге қайтарылмайды.
6. Нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын және олар бойынша өтініш берілген айналымдар жасалған салық кезеңінен кейін он екі ай өткен соң салықты қайтару туралы өтініш берген қосылған құн салығын төлеушілерге осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтару жүргізілмейді.
253-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару
1. Грант қаражаттары есебiнен алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерге төленген қосылған құн салығын, егер бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталса:
1) тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынатын грант қаражаттары мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желісі бойынша берiлсе;
2) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) тек грант мақсаттарын iске асыру үшiн ғана алынса;
3) тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келісім-шартқа) сәйкес жүзеге асырылса, салық органдары отыз жұмыс күнi ішiнде қайтарады.
2. Осы бапқа сәйкес грант алушыларға қосылған құн салығын қайтару осы Кодекстің 252-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығы грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттардың тiзбесiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 254-бап өзгертілді
254-бап. Қосылған құн салығын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару
1. Осы Кодекстің 251-бабы 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда мұндай қайтару көзделген жағдайда жүргiзiледi.
2. Қосылған құн салығы сомаларын Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтару осы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостардың (тiзiлiмдердiң) және қосылған құн салығының төленген фактiсiн растайтын құжаттардың (шот-фактуралардың, чектердiң және т.б.) көшiрмелерi негiзiнде жүзеге асырылады.
Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысанда орындалып, дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жанама салықтар (қосылған құн салығы және акциз) бойынша жеңілдiктер беру кезiнде өзара түсiнiстiк принципiн сақтау жөніндегі Ноталармен алмасуды растау үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне табыс етедi. Расталғаннан кейiн жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) уәкiлеттi мемлекеттік орган қайтару жүргiзудi белгiлейтiн салық органына тапсырылуға тиiс.
Егер жиынтық ведомостарға (тiзiлiмдерге) қоса тiркелетiн құжаттарда қосылған құн салығының сомалары жеке жолмен бөлiнiп көрсетiлмесе, салық бойынша қайтарымды алу құқығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлерден олардың қосылған құн салығын шот-фактураға енгізуi туралы растауы алынған кезде ғана мүмкiн болады.
3. Салық органдары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықты қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінен жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) алғаннан кейiн отыз жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Бюджеттен қайтарылуға тиiс салық сомалары дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң және (немесе) осы өкiлдiктердiң дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң тиiстi шотына аударылады.
9-бөлім. Акциздер
42-тарау. Жалпы ережелер
2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен 255-бап өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)
255-бап. Акциздердi қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға, сондай-ақ
осы Кодекстің 257-бабында көрсетілген қызмет түріне акциз салынады.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 256-бап өзгертілді
256-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізудi жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша акциз төленбесе, конкурстық массаны, тәркiленген, иесi жоқ акцизделетiн тауарларды, сондай-ақ мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткізудi жүзеге асыратын;
2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасының аумағында қызметтiң акцизделетін түрін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара) 257-бап өзгертілді
257-бап. Акцизделетiн тауарлар тізбесі және акцизделетін қызмет түрі
1. Мыналар:
1) спирттің барлық түрлерi;
2) алкоголь өнiмi;
3) темекi бұйымдары;
4) 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
6) 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
7) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
8) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын автомобильдерден басқа);
9) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
10) шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.
2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) 2-тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
2. Лотереяны ұйымдастыру мен өткізу акцизделетін қызмет түрі болып табылады.
04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 258-бап өзгертілді
258-бап. Акциз ставкалары
1. Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекітіледi.
3. Спирттiң барлық түрлерiне акциз ставкалары спирттiң бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзілетiн спиртке акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын адамдарға өткiзiлетiн спиртке белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
4. 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен алып тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)
5. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен өткiзетiн акцизделетiн тауарларға акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiленедi және осы Кодекстiң 516-бабының 2-тармағына сәйкес жиынтық кедендiк төлем құрамына қосылуы мүмкiн, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
6. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағында еркін айналым үшін шығарылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне акциз ставкалары осы баптың 1-тармағына сәйкес белгіленеді және осы Кодекстің 516-бабының 3-тармағына сәйкес жиынтық төлемнің құрамына енгізілуі мүмкін. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін және жиынтық төлемнің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Жиынтық төлем осы Кодекстің 276-278-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде төленеді.
43-тарау. Қазақстан Республикасында өндірілетін,
өткізілетін акцизделетін тауарларға және
акцизделетін қызмет түрлеріне салық салу
ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 259-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
259-бап. Салық салу объектiсi
1. Мыналар:
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1) акциз төлеушiнiң өзi жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетiн тауарларды өткізуi;
акцизделетiн тауарларды алыс-берiс негiзiнде ұқсатуға беруi;
алыс-берiс, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды ұқсату өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
жарғылық капиталға жарнасы;
заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
тауар өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
тауар өндiрушiлердің жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйылған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуi;
3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуi;
4) тәркiленген және (немесе) иесi жоқ, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткізуi;
5) 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен алып тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)
6) лотереяларды ұйымдастыруы және өткізуi;
7) акцизделетiн тауарлардың, акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.
2. Мыналарға:
1) егер осы Кодекстiң 268-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
2) этил спиртiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейтiн квоталар шегіндегі этил спиртi:
тауар өндiрушiде аталған өнiмдi өндiру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек әзiрлеу үшiн;
мемлекеттік медицина мекемелерiне босатылса;
3) 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара) Заңдарымен 260-бап өзгертілді
260-бап. Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.
2. Тауар өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желісі арқылы өткiзген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
3. Акцизделетiн алыс-берiс тауарларын беру кезiнде аталған тауарларды мердiгерге (ұқсатушыға) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-берiс тауарларынан акцизделетiн тауарлар әзiрленген кезде әзiрленген акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 4 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
5. Лотерея ұйымдастырған және өткiзген жағдайда салық органында лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген күн операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетiн өнiм, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген жағдайда бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциз маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
261-бап. Салық базасы
1. Тұрлаулы акциз ставкасы белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрiлген, өткiзiлген заттай нысандағы акцизделетiн тауарлар көлемi ретiнде белгiленедi.
2. Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы өндiрушi осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгiзбей беретiн бағалар бойынша анықталатын өндiрiлген, өткiзiлген акцизделетiн тауарлар құны ретiнде белгiленедi.
3. Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтi жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретiнде анықталады және шығарылым тiркелгеннен кейiн ол өзгертiлмеуге тиiс.
262-бап. Түрлi ставкалар белгiленген жағдайда спирттiң барлық түрiне салық салу ерекшелiктерi
1. Осы Кодекстiң 258-бабының 3-тармағына сәйкес спирттiң барлық түрiне әртүрлi акциз ставкалары белгiленген жағдайда, салық базасы сол бiр ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.
2. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спирттi алкоголь өнiмiн өндiруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнiмiн өндiрушiсi болып табылмайтын тұлғаларға сатылатын спирттiң барлық түрлерi үшiн белгiленген акциздiң базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиiс. Қайта есептеу мен салық төлеудi спирттi алушы жүргiзедi.
3. Осы баптың 2-тармағының ережелерi емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек өндiру және медициналық қызмет көрсету үшiн алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Осы спирт бойынша емдiк және фармацевтiк дәрi-дәрмек өндiрушiлер мен спирттi акцизсiз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушiлер болып табылады.
263-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы
1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндiрiлген акцизделетiн тауарлар бүлiнген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi.
Осы ереже одан әрi өткізу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлiнген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаты үшiн акцизделетiн өнiмнiң бүлiнуi, жоғалуы болып осы Кодекстiң 237-бабының 2-тармағында сипатталған оқиғалар ұғылады.
ҚР 2006.31.01. 125-III Заңымен 264-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (күшіне енетін мерзімін қара)
264-бап. Акциз маркаларының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 549-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставкалар негізге алынып жүргізіледі.
2. Акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:
1) акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлiнсе, жоғалса;
2) бүлiнген акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, акциз төленбейдi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 265-бап өзгертілді
265-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуге жатқызу өлшемдерi
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы аталған акцизделетiн тауарларды қабылдауға және оларды одан әрi өткізу үшiн пайдалануға мiндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:
Көтере өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өндiрушi;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын одан әрi өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеушi өнiм берушiлер болып табылған жағдайда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.
2. Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған берушiлер жүзеге асыратын мынадай:
1) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын заңды тұлғаларға (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғаларға) және жеке кәсiпкерлерге олардың өндiрiстiк қажеттерi үшiн өткізу;
2) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;
3) өндiрiлген немесе одан әрi өткізу үшiн сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда) мен дизель отынын өзiнiң өндiрiстiк қажеттерiне пайдалану операциялары жатады.
266-бап. 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен алып тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)
267-бап. Лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге салық салу
1. Лотерея ұйымдастырушысының лотерея билеттерiн сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу объектiсi болып табылады.
Осы баптың мақсаттары үшiн лотерея ұйымдастырушысы өткізуге әзiрлеген лотерея билеттерiнiң саны сатуға шығару деп ұғылады.
2. Лотерея билеттерiн сатуға шығарудың әрбiр шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемi лотерея билеттерiн өткізу басталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмей салық органдарында мiндеттi түрде тiркелуге тиiс.
Лотерея билеттерiн сатуға шығаруды тiркеу тәртібін уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 268-бап өзгертілді
268-бап. Акцизделетiн тауарлар экспортын растау
1. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткізу кезiнде осы Кодекстiң 259-бабының 2-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негiздiлiгiн растау үшiн салық төлеушi тiркелген орны бойынша салық органына алпыс жұмыс күнiнің ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:
1) экспортталатын акцизделетiн тауарларды беруге шартты (келісім-шартты);
2) акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгiлерi бар кедендiк жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшiрмесiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен не толық емес мерзiмдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден ресiмдеуiн жүргiзген кеден органының белгiлерi соғылған толық кедендiк жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады;
3) Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктiнде орналасқан кеден органының белгiсi соғылған тауарға iлеспе құжаттардың көшiрмелерiн табыс етедi.
Акцизделетiн тауарларды экспорт режимiнде магистральдық құбыр жүйесiмен әкеткен жағдайда тауарға iлеспе құжаттар көшiрмелерiнің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) салық төлеушiнің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарына акцизделетiн тауарлар өткізуден түскен нақты түсiмді растайтын төлем құжаттары мен банк көшiрмесiн табыс етедi.
2. Қазақстан Республикасы акцизделетiн тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетiн тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде әкетiлген акцизделетiн тауарларды импорттаған елде ресiмделген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi қосымша табыс етiледi.
3. Акцизделетiн тауарларды экспортқа өткізу осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес расталмаған жағдайда, мұндай өткізуге Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарларды өткізу үшiн осы тарауда белгiленген тәртiппен акциз салынуға тиiс.
269-бап. Акциз сомасын есептеу
1. Акциз сомасын есептеу белгiленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. 2007.12.01. № 220- III ҚР Заңымен алып тасталды (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді) ( бұр. ред. қара)
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 270-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
270-бап. Салықтан шегеру
1. Салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 269-бабына сәйкес белгiленген салық сомасын осы бапта белгiленген шегерiмдерге кемiтуге құқығы бар.
2. Акцизделетiн тауарларды (спирттiң барлық түрiн, шикi мұнайды, газ конденсатын қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрi акцизделетiн тауарлар өндiру үшiн негiзгi шикiзат ретiнде пайдаланылған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерiлуге тиiс.
Осы тармаққа сәйкес салық кезеңiнде акцизделетiн тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетiн шикiзат көлемi негiзге алынып анықталған акциз сомасына шегерiм жасалады.
Осы баптың ережелерi акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетiн тауарларды беру кезiнде де, акцизделетiн алыс-берiс шикiзаты мен материалдарының меншiк иесi акциздiң төленгенiн растаған жағдайда қолданылады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 13.12.04 ж. № 11-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 271-бап өзгертілді
271-бап. Акциз төлеу мерзiмдерi
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз:
1) салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;
2) салық кезеңінің екiншi он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнінен;
3) салық кезеңiнiң қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнінен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.