Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы
2001 жылғы 19 қаңтардағы № 146-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2009.11.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiнiң қажеттерi үшiн мемлекеттік Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орындау мәселелерiнде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және меншiк нысандарына қарамастан, заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын айқындайды және реттейдi.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер - қару-жарақ, әскери техника мен олардың оқ-дәрілері, әскери өнімнің өзге де түрлері, жұмыстар (оның ішінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық), құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері және әскери-техникалық мақсаттағы ақпарат;
2) қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттік тапсырыс берушісі (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс беруші) — мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жасауға, зерттеуге, өндіруге, жеткізуге арналған тапсырыстарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
3) қорғаныстық тапсырысты орындаушы (бұдан әрі - орындаушы) - мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде қорғаныстық тапсырысты орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың мемлекеттік тапсырыс берушілері әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер ретінде пайдалануы не кейіннен қайта бейімдеуі және пайдалануы мүмкін өнім мен технологиялар;
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс (бұдан әрі - қорғаныстық тапсырыс) - мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;
6) уәкілетті орган - қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
7) уәкілетті ұйым - қорғаныстық тапсырысты орындау кезінде отандық тауар өндірушілер мен жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілер жүзеге асыратын көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің импортын қоспағанда, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-бап. Қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңдары
Қорғаныстық тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағы ережелерден өзге ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-бап. Қорғаныстық тапсырыстың құрамы
1. Қорғаныстық тапсырыстың құрамына:
1) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, техникалық құралдарды, оқ-дәрілер мен оларды жинақтаушыларды өндіру және жеткізу;
2) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жарақтандырудағы қару-жарақтың, әскери техниканың және оқ-дәрілердің тәжірибелік үлгілерін әзірлеу, жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;
3) қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, жаңғырту және оларға регламенттелген техникалық қызмет көрсету, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлерді және әскери құралымдарды жарақтандырудан алып тасталған қару-жарақты, әскери техниканы және оқ-дәрілерді кәдеге жарату, залалсыздандыру және жою;
4) әскери объектілерді салу, реконструкциялау және техникалық жағынан қайта жарақтандыру;
5) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлердің және әскери құралымдардың әскери қызметшілері үшін әскери киім нысанын, айырым белгілерін және жеке қорғану құралдарын өндіру кіреді.
2. Қорғаныстық тапсырыс:
1) жеткізілуге тиіс әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесі (номенклатурасы) мен көлемін, осы жеткізілімдердің мерзімдерін;
2) қорғаныстық тапсырыстың тұтастай, сондай-ақ оның бөліктері мен оны өткізудің жекелеген кезеңдері бойынша болжамды құнын (бағасын);
3) мемлекеттік тапсырыс берушілердің тізбесін;
4) ықтимал орындаушылардың тізбесін қамтуға тиіс.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-бап. Қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және орналастыру
1. Уәкілетті орган қорғаныстық тапсырыстың жобасын мемлекеттік тапсырыс берушілердің өтінімдері бойынша елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін ескере отырып, тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде әзірлейді және қалыптастырады.
2. Орындаушыларды таңдау мемлекеттік тапсырыс берушілердің қорғаныстық тапсырысты қалыптастыруы кезінде уәкілетті органмен келісім бойынша отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің және (немесе) уәкілетті ұйымның арасынан және өндірістің, оның ішінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қорғаудың да қажетті жағдайларын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, неғұрлым тиімді экономикалық жағдайларда талапқа сай келетін сапалы әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді шығару және (немесе) жеткізіп беру қабілетін негізге ала отырып жүргізіледі.
3. Орындаушыны отандық тауар өндірушілердің, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің және (немесе) уәкілетті ұйымның арасынан айқындау мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік тапсырыс беруші орындаушыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібіне сәйкес шетелдік заңды тұлғалардың арасынан айқындайды.
5-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі шарт
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қорғаныстық тапсырысты орындау мемлекеттік тапсырыс берушi мен орындаушының арасында жасалған шарттың негiзiнде жүзеге асырылады. Шарт ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың, қару-жарақ пен әскери техника, басқа да материалдық құралдар өндiрудiң, берудiң, пайдаланудың, жаңғыртудың, кәдеге жаратудың және жоюдың бүкiл кешенiн орындауға да, осы жұмыстардың жекелеген түрлерiне де жасалады.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қорғаныстық тапсырысты орындау жөніндегі шарт бойынша берілетiн әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасы нормативтiк және техникалық құжаттаманың талаптарына және шарт ережелерiне сәйкес келуге тиiс.
6-бап. Қорғаныстық тапсырысты орындау
1. Қорғаныстық тапсырыс басымдық тәртiппен орындалуға мiндеттi. Қорғаныстық тапсырыстың көлемi қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыруға бөлiнетiн қаржы қаражатымен айқындалады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік тапсырыс беруші қорғаныстық тапсырысты орындайтын ұйымдарға өздеріне берілетін әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, орындалатын жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылап отыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шекте өз өкiлдерiн жiберуге құқылы.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қорғаныстық тапсырыста көзделген әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген экспорттық-импорттық бақылау тәртібін сақтай отырып жүзеге асырылады.
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органның құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңы қабылданғаннан кейін екі ай мерзімде қорғаныстық тапсырысты осы мақсаттарға белгіленген шығыстар шегінде жыл сайын бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін бекітеді; 3) уәкілетті органды айқындайды;
4) уәкілетті ұйымды айқындайды.
2. Уәкілетті орган:
1) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау ережесін әзірлейді;
3) қорғаныстық тапсырысты қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады және бекітілген қорғаныстық тапсырыс тапсырмаларын мемлекеттік тапсырыс берушілер мен орындаушыларға жеткізеді;
4) салааралық үйлестіруді және қорғаныстық тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
8-бап. Мемлекеттік тапсырыс берушiлердiң қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру мен орындау кезіндегі функциялары
Мемлекеттік тапсырыс берушiлер:
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі қажеттiлiктердi, Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтетiн нормалар бойынша мемлекеттік тапсырыс берушiлердi материалдық-техникалық жағынан қайта жарақтандыру перспективаларын басшылыққа ала отырып, қажеттi әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің есебiн жүргiзедi;
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесінің жинағына сәйкес қорғаныстық тапсырыс мәліметтерінің құпиялылық дәрежесін айқындайды;
3) 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) орындаушылармен шарттар жасасады, қаржыландыруды қамтамасыз етеді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері үшін техникалық сипаттамаларды әзірлейді, техникалық құжаттамада көзделген қару-жарақ пен әскери техниканың тәжірибелік және сериялы үлгілерін сынақтан өткізуге қатысады;
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) қару-жарақ пен әскери техниканың тәжірибелік үлгілерін қарулануға (жарақтандыруға) қабылдап алу үшін құжаттар әзірлеуге, оларды сериялап өндіруге тапсыру үшін конструкторлық құжаттаманы бекітуге қатысады;
7) жұмысты тұтастай және кезең-кезеңiмен қабылдап алуды, олардың белгiленген талаптар мен шарттардың ережелерiне сәйкес келуiне қорытынды берудi жүзеге асырады;
8) 2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Орындаушылардың қорғаныстық тапсырысты орындау кезіндегі функциялары
Орындаушылар:
1) мемлекеттік тапсырыс берушілер мен уәкілетті органның сұратуы бойынша өз қызметі туралы ақпаратты ұсынады;
2) қорғаныстық тапсырысты мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт негізінде орындайды;
3) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің, әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды жеткізудің мемлекеттік тапсырыс берушімен жасалған шарт талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
4) әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің бағасын негіздейді;
5) қорғаныстық тапсырысты орындау үшін қажетті әскери және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің импортын жүзеге асырады.
10-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2009.11.07. № 182-IV ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-бап. Қорғаныстық тапсырыс туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |