4. Тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім үлгілік бланкіде ұсынылуға және онда осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтер, сондай-ақ тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатын тауардың ерекше қасиеттерінің және басқа да сипаттарының сипаттамасы (оны өндіру үшін пайдаланылатын бастапқы материалды, физикалық, химиялық, микробиологиялық, органолептикалық немесе өзге де сипаттамаларын қоса алғанда) қамтылуға тиіс.
5. Егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында болса, өтінімге жергілікті атқарушы органның мәлімделген тауарды өтініш берушінің осы географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы қоса беріледі. Сондай-ақ өтінімге мәлімделген тауардың ерекше қасиеттері тек қана немесе негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адами факторлармен айқындалатынын растайтын құжат немесе құжаттар қоса беріледі.
6. Бұрын тіркелген географиялық нұсқамаға және Қазақстан Республикасының аумағындағы тауар шығарылған жердің атауына құқық беруге арналған өтінімге жергілікті атқарушы органның тауарды өтініш берушінің осы географиялық объектінің шекараларында өндіретіні туралы қорытындысы, сондай-ақ мәлімделген тауар саласына жататын уәкілетті орган берген, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауардың сипаттамалары мен ерекше қасиеттерінің болуын растайтын құжат қоса беріледі.
7. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама ұйымының сараптама жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төленгенін растайтын құжаттар қоса беріледі. Іс өкіл арқылы жүргізілген жағдайда өтінімге сенімхаттың көшірмесі қоса беріледі.
8. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім және оларға қоса берілетін құжаттар қазақ немесе орыс тілінде ұсынылады. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, онда өтініш беруші өтінім берілген күннен бастап бір ай мерзімде олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасын ұсынуға тиіс.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-тарау. Географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына сараптама
30-бап. Сараптама жүргiзу тәртібі
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім берiлген күннен бастап үш ай iшiнде сараптама жасау ұйымы сараптама жүргiзедi, оның барысында олардың осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Сараптама барысында сараптама жасау ұйымы қосымша материалда сұратуға құқылы, олар өтiніш берушiге сұрау жiберiлген күннен бастап үш ай iшiнде тапсырылуға тиiс.
Өтініш берушінің өтінішхаты бойынша бұл мерзім өтінішхат сұрау салуға жауап ұсыну мерзімі өткенге дейін келіп түскен жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Қосымша материалдарды не осы мерзiмдi ұзарту туралы өтiнiштi өтiнiм берушi белгiленген мерзiмде тапсырмаған жағдайда іс жүргiзу тоқтатылып, өтiнiм керi қайтарып алынған болып есептеледi.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 30-1-баппен толықтырылды
30-1-бап. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтерді жариялау
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін олар туралы мәліметтер апта сайын бюллетеньде жарияланады.
Шет тілінде материалдары бар, географиялық нұсқамаға арналған өтінімді, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімді жариялау олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармасы болған кезде жүргізіледі.
2. Берілген географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтер мыналарды қамтуға тиіс:
1) мәлімделетін белгілеме;
2) өтініш беруші туралы деректер, оның ішінде өтініш берушінің және оның өкілінің мекенжайы;
3) тауардың түрі;
4) тауар шығарылған жерді көрсету (географиялық объектінің шекаралары).
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 30-2-баппен толықтырылды
30-2-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) оларды пайдалану құқығын беруге қарсы қарсылықтар
1. Кез келген мүдделі тұлға географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 26 және 27-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.
2. Сараптама ұйымы келіп түскен қарсылық (қарсылықтар) туралы хабарламаны берілген қарсылықтың (қарсылықтардың) көшірмесін қоса бере отырып, ол (олар) келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.
3. Өтініш берушінің берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өз ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде білдіруге құқығы бар.
4. Сараптама ұйымы осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген, мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімге осы Заңның 13-бабы 4) және 5) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 31-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-бап. Сараптама нәтижелері бойынша шешімдер
1. Сараптама нәтижелері бойынша мынадай:
1) географиялық нұсқаманы тіркеу және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру туралы;
2) географиялық нұсқаманы тіркеуден және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы;
3) тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беру туралы;
4) тауар шығарылған жердің атауын тіркеуден және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.
2. Өтініш берушіге осы баптың 1-тармағында көзделген шешім туралы хабарлама жіберіледі.
Осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда өтініш берушіге тиісті сараптама қорытындылары да жіберіледі.
3. Өтініш беруші өзіне тіркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәжді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша сараптама ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.
Сараптама ұйымы түпкілікті қорытындының негізінде осы баптың 1-тармағында көзделген шешімді қабылдайды.
4. Өтініш беруші географиялық нұсқаманы және (немесе) географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын тіркегені, тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркегені үшін сараптама ұйымының көрсетілетін қызметіне ақы төлеуді өзіне тіркеу туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде жүргізеді. Аталған көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы құжат ұсынылмаған кезде географиялық нұсқамаға арналған өтінім, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінім кері қайтарып алынды деп танылады және олар бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
5. Түпкілікті қорытындымен келіспеген кезде өтініш беруші осы Заңның 12-бабының 5-тармағында көзделген тәртіппен қарсылық бере алады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 32-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
32-бап. Өтініш берушінің құқықтары
1. Географиялық нұсқамаға арналған өтінімге, тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге сараптама жүргізу кезінде өтініш берушіге осы Заңның 13-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген құқықтар беріледі.
2. Өтінім берушінің осы Заңның талаптары сақталған жағдайда, өтінім бойынша шешім қабылданғанға дейін географиялық нұсқамаға арналған өтінімді тауар шығарылған жердің атауына арналған өтінімге және керісінше өзгертуге құқығы бар.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 9-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және беру
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 33-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
33-бап. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімін, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібі
1. Сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне мыналарды:
географиялық нұсқаманы не тауар шығарылған жердің атауын;
олардың тіркелген нөмірі мен күнін;
тауардың ерекше қасиеттерінің, сапасының, репутациясының және басқа да сипаттарының сипаттамасын;
тұрғылықты жерін (тұрған жерін) көрсете отырып, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының барлық иелері туралы мәліметтерді;
өтінімдердің нөмірі мен берілген күнін;
көрсетілген мәліметтердің барлық кейінгі өзгерістерін, сондай-ақ тіркеуге қатысты басқа да мәліметтерді енгізеді.
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі тіркеу туралы мәліметтерге қатысты өзгерістер туралы сараптама ұйымын хабардар етуге міндетті. Өзгерістер туралы жазбаны сараптама ұйымы тиісінше Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізеді.
3. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімі және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімі жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады. Мүдделі тұлғалардың өтінішхаты бойынша сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме береді.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеудің, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімдері
1. Мыналарды:
географиялық нұсқаманы тіркеу оның географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты тауардың белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады;
тауар шығарылған жердің атауын тіркеу көрсетілген географиялық объектінің аумағында өндірілетін тауардың ерекше қасиеттері сақталған жағдайда мерзімсіз қолданылады.
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтінім берілген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
3. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі:
тауардың географиялық шығу тегімен едәуір дәрежеде байланысты оның белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары;
өзіне қатысты тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауардың ерекше қасиеттері сақталған жағдайда, иесінің оның қолданылуының соңғы жылы ішінде берілген өтінішхаты бойынша әр жолы он жылға ұзартылып отырады.
4. Географиялық нұсқаманы немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат осы Заңның 29-бабының 6-тармағында көзделген құжаттармен бір мезгілде ұсынылады. Тіркеудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне, Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
5. Осы баптың 3-тармағында белгіленген өтінішхатты беру мерзімі тіркеудің қолданылу мерзімі өткеннен кейін алты ай ішінде иесінің берген өтініші бойынша қайта басталады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 35-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
35-бап. Тіркеу туралы мәліметтерді жариялау
Географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын тіркеуге қатысты, Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне енгізілген мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 36-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
36-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы
1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы куәлікпен куәландырылады және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады.
Куәліктің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2. Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме географиялық нұсқаманың және тауар шығарылған жер атауының тіркелу фактісін және Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарға қатысты оларды пайдаланудың айрықша құқығын растайды.
Үзінді көшірменің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 10-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 37-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану шарттары
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесiне оларды пайдалану құқығы тиесілі болады. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы оның иесінде Географиялық нұсқамалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде оларды пайдалану құқығы тіркелген күннен бастап туындайды.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Тiркелген географиялық нұсқамамен және тауар шығарылған жердің атауымен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас географиялық объектiнiң атауын тiркемей, оны бiртектес тауарларға қатысты пайдалануға жол берiлмейдi.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiлердiң атаулары болып табылатын немесе соларды қамтитын географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын, егер бұл орайда тауар шығарылған нақты жер көрсетiлсе не аударма пайдаланылса немесе белгiде «түрiнде», «үлгiсiнде», «стилiнде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, осы жерден шығарылмаған осындай тауарларды белгiлеу үшін пайдалануға жол берiлмейдi.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Географиялық нұсқаманы, тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын иелiктен айыру, оны бiреуге беру туралы өзге де мәмiлелер және лицензиялық шарт негiзiнде географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын беруге жол берiлмейдi.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 38-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
38-бап. Ескертпе таңбалау
Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесi географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатар тұстан латынның R әрпi түрiндегi ескертпе таңбалауды, «тіркелген географиялық нұсқама», «тiркелген тауар шығарылған жердің атауы», «зарегистрированное географическое указание», «зарегистрированное наименование места происхождения товара» немесе «тірк. ГН», «тiрк. ТШЖА», «рег. ГУ», «рег. НМПТ» деген сөз белгiлемелерін соға алады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 11-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-тарау. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғаудың қолданылуын тоқтату
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 39-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге дау айту
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Егер географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тiркеу осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында белгiленген талаптарды бұза отырып жүзеге асырылған болса, оған дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Егер географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану неғұрлым ертерек басымдыққа ие, сондай-ақ Қазақстан Республикасында белсендi пайдалану нәтижесiнде кеңiнен танымал болған тауар таңбасының болуына байланысты тауарға немесе оны шығарушыға қатысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкiн болса, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тiркеуге, географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердiң атауын мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер ресми бюллетеньде жарияланған күнiнен бастап бес жылдың iшiнде дау айтылып, ол жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Кез келген мүдделi тұлға уәкiлеттi органға осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген негiз бойынша географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жер атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеуге қарсы қарсылық бере алады. Қарсылық берген адамның, сондай-ақ пайдалану құқығы иесінің дауды қарауға қатысуға құқығы бар.
Қарсылық осы Заңның 23-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қаралуға тиiс.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 40-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
40-бап. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғауды тоқтату және оларды жарамсыз деп тану
1. Қазақстан Республикасында географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау мынадай:
1) осы географиялық объектіге тән жағдайлар жойылған және осы географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына қатысты Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде көрсетілген сипаттамалары бар тауарды өндіру мүмкін болмаған;
2) тауар шығарылған елде географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған жағдайларда тоқтатылады.
2. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының қолданылуы мынадай:
1) осы Заңның 34-бабында белгiленген мерзімі өткен;
2) тауар Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде өзіне қатысты көрсетілген ерекше қасиеттерін, сапасын, репутациясын және басқа да сипаттамаларын жоғалтқан;
3) сараптама ұйымына географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің тиісті өтініші берілген;
4) географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі - заңды тұлға таратылған немесе жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметі тоқтатылған;
5) құқық иеленуші Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінде және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінде өзіне қатысты көрсетілген ерекше қасиеттері, сапасы, репутациясы және басқа да сипаттамалары бар тауарды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылған;
6) осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау тоқтатылған;
7) шетелдік заңды тұлға, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам тауар шығарылған елде осы географиялық нұсқамаға және тауар шығарылған жердің атауына құқығын жоғалтқан жағдайларда тоқтатылады.
3. Географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын тіркеу және (немесе) оларды пайдалану құқығын ұсыну осы Заңның 26, 27 және 29-баптарында көрсетілген негіздер бойынша апелляциялық кеңестің немесе соттың шешімі бойынша жарамсыз деп танылады.
4. Сараптама ұйымы Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізіліміне және Тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізіліміне географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын және (немесе) оларды пайдалану құқығының ұсынылуын тіркеудің қолданылуын тоқтату туралы жазба енгізеді және бұл туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 12-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
12-тарау. Тауар белгілері иелерінің құқықтарын және географиялық нұсқамалар мен тауарлар шығарылған жерлердің атауларын пайдалану құқықтарын қорғау
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 41-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 41-бап жаңа редакцияда
41-бап. Апелляциялық кеңес
1. Апелляциялық кеңес уәкiлеттi органның жанындағы, өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейiн қарау жөніндегі алқалы орган болып табылады.
2. Апелляциялық кеңеске:
1) сараптама ұйымының тауар белгісін тіркеуден бас тарту, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес мәлімделген тауар белгісіне құқықтық қорғауды беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) сараптама ұйымының географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуден және (немесе) беруден бас тарту туралы шешімдеріне;
3) тауар белгісін, оның ішінде Мадрид келісіміне хаттаманың 5-бабының 6-тармағына сәйкес тіркеуге;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) географиялық нұсқаманы және тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және (немесе) беруге қарсылықтар берілуі мүмкін.
Көрсетілген қарсылықтарды сотқа дейін қарау міндетті болып табылады.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Апелляциялық кеңестің құрамына кәсіпкерлік жөніндегі және тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті органдардың, сондай-ақ көрсетілген уәкілетті органдардан қоғамдық кеңестердің өкілдерін қоса алғанда, мүшелердің тақ саны (кемінде бесеуі) кіруге тиіс.
4. Апелляциялық кеңестің құрамына мыналар кіре алмайды:
1) патенттік сенім білдірілген өкілдер;
2) жұбайлары, жақын туыстары немесе жекжаттары;
3) сараптама ұйымының қызметкерлері.
5. Апелляциялық кеңестің кез келген мүшесі:
1) осы баптың 4-тармағының негізінде апелляциялық кеңестің отырысына қатысушылар мәлімдеген өздігінен бас тарту немесе қарсылық білдіру жағдайында;
2) еңбекке уақытша жарамсыздығына, демалыста немесе іссапарда болуына байланысты болмаған жағдайда ауыстырылуы мүмкін.
6. Апелляциялық кеңестің әрбір отырысы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бейнетүсіру қолданылып жүргізіледі.