09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Мемлекеттік елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулық, кепiлдiк және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық рәмiздердi, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ оларға айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгiлемелердi бейнелейтiн белгiлер тауар таңбалары ретiнде тiркелмейдi.
Егер белгi солардан ғана тұратын болмаса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келісімi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін.
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Тауар таңбалары немесе олардың элементтерi ретiнде:
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) тауарға немесе оның жасаушысына, көрсетілетін қызметке немесе көрсетілетін қызметті беретін тұлғаға, сондай-ақ тауар өндірілген жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiлердiң атауларына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн;
2) тауар шығарылған нақты жердi үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн;
3) минералды суларды, шараптарды немесе күштi спирт ішімдiктерiн бiрыңғайландыратын географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлердi, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде «түрiнде», «үлгiсiнде», «стилiнде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлердi;
4) өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiне қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге жол берiлмейдi.
7-бап. Тауар таңбасын тiркеуден бас тартудың өзге де негiздерi
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Тауар таңбалары ретiнде:
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңның 6-тарауына сәйкес тіркелуі жарамсыз деп танылған немесе оның қолданысы тоқтатылған тауар белгілерін қоспағанда, бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (кері қайтарып алынғандарынан және тоқтатылғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;
4) 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен бiрдей немесе олар айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер тiркелуге жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тауар белгілерінің қандай да біреуімен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі ретінде тіркеуге тауар белгісі иесінің жазбаша келісімі берілген жағдайда жол беріледі.
Егер иесі заңды тұлға болып табылса, онда жазбаша келісім фирмалық бланкіде ұсынылуға, оған уәкілетті адам қол қоюға және заңды тұлғаның мөрімен (бар болған жағдайда) бекемделуге тиіс, ал егер иесі жеке тұлға болса, онда қолтаңбаны нотариат куәландыруға тиіс.
2. Тауар таңбалары ретiнде:
1) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;
2) 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;
4) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, олар тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тiркелмейдi.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Мәдениет саласындағы уәкілетті органмен келісілудің болмауы Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениеті игiлiгiн жаңғыртатын белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Осы бапта көзделген бас тартуға негіздер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес тауар белгілері ретінде Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қорғау алуға мәлімделген белгілемелерге қатысты да қолданылады.
8-бап. Өтiнiм беру
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Тауар белгісіне өтiнiмдi сараптама ұйымына бiр өтiнiм берушi бередi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм ұжымдық тауар таңбасын пайдалану туралы оған қатысушылардың келісімiне сәйкес бiрлестiк атынан берiледi.
3. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Тауар белгісін тіркеуге арналған өтінімге қойылатын талаптар
1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өтінім:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;
2) мәлiмделген белгiнi;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс.
3. Өтінiмге:
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) сараптама жүргізгені үшін көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың көшірмесі;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртібін, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Өтiнiм және оған қоса тiркелетiн құжаттар қазақ немесе орыс тілінде табыс етiледi. Егер құжаттар басқа тiлде табыс етiлген болса, өтiнiм берушi екі ай ішінде олардың қазақ немесе орыс тiліндегі аудармасын тапсырады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Өтiнiм берiлген күн осы баптың 2-тармағының талаптарына сай өтiнiмнің сараптама жасау ұйымына түскен күнi бойынша, егер аталған құжаттар бiр мезгiлде табыс етiлмеген жағдайда - табыс етiлген құжаттардың соңғысы келiп түскен күн бойынша белгiленедi.
6. 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-бап. Тауар таңбасының басымдығы
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Тауар таңбасының басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiмнiң түскен күнi бойынша белгіленедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Егер сараптама жасау ұйымына өтiнiм беру аталған күннен бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, тауар таңбасының басымдығы (конвенциялық басымдық) Өнеркәсіптiк меншiктi қорғау жөніндегі Париж конвенциясына қатысушы елде, сондай-ақ онда көзделген халықаралық немесе аймақтық ұйымда тауар таңбасына бiрiншi өтiнiм (өтiнiмдер) берiлген күн бойынша белгiленуi мүмкiн. Конвенциялық басымдыққа өтiнiш жасалған кезде өтiнiм берушi алғашқы өтiнiм нөмiрiн, берiлген күнiн және ол берiлген елдi көрсетіп, алғашқы өтiнiмнiң куәландырылған көшiрмесiн қоса тiркеуi қажет.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Ресми танылған халықаралық көрмелердiң экспонаттарына орналастырылған тауар таңбасының басымдығы (көрмелiк басымдық), егер сараптама жасау ұйымына тауар таңбасына өтiнiм беру көрсетiлген уақыттан бастап алты ай iшiнде жүзеге асырылса, көрмеде экспонатты ашық көрсете бастаған күн бойынша белгiленуi мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 5-тармақ толықтырылды
5. Өтiнiм бөлiнген жағдайда өтiнiмдердiң әрқайсысы бойынша басымдық алғашқы өтiнiмнiң басымдық күнi бойынша белгiленедi.
Бөлiнген өтiнiмдер бойынша басымдық - сол өтiнiм берушiнiң алғашқы өтiнiмiнiң басымдық күнi бойынша, ал алғашқы өтiнiм бойынша неғұрлым ертерек басымдық белгiлеу құқығы бар болған кезде, егер бөлiнген өтiнiм берiлген күнге алғашқы өтiнiм қайтарылып алынбаса және қайтарылып алынған болып саналмаса және бөлiнген өтiнiмдi беру алғашқы өтiнiм бойынша шешiм шығарылғанға дейiн жүзеге асырылса осы басымдық күнi бойынша айқындалады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды; 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Тауар белгісінің алуан түрлi тауарларға қатысты көптеген басымдығы алуан түрлi тауарларға қатысты өтiнiм берушiнiң бiр белгiлемеге берiлген бiрнеше өтiнiмi болған кезде оның өтiнiшхаты бойынша белгiленеді.
3-тарау. Тауар таңбасының сараптамасы
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11-бап жаңа редакцияда
11-бап. Өтінімге сараптама жүргізу тәртібі
1. Өтінімге сараптама кезең-кезеңімен:
1) алдын ала сараптама - өтінім берілген күннен бастап бір ай ішінде;
2) барысында мәлімделетін белгілеменің осы Заңның 6 және 7-баптарында белгіленген талаптарға сәйкестігі тексерілетін толық сараптама өтінім берілген күннен бастап жеті ай ішінде жүргізіледі.
2. Сараптаманың кез келген кезеңінде сараптама ұйымы қосымша материалдарды сұратуға құқылы, олар өтініш берушіге сұрау салу жіберілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынылуға тиіс.
Өтініш беруші белгіленген мерзімде қосымша материалдарды не көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтінішхатты ұсынбаған жағдайда іс жүргізу тоқтатылады және өтінім кері қайтарып алынған деп есептеледі.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өтінімді қарау барысы туралы ақпарат үшінші тұлғаларға берілмейді.
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Өтінім туралы мәліметтерді жариялау
1. Алдын ала сараптама аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім туралы мәліметтер апта сайынғы бюллетеньде жарияланады.
2. Берілген өтінімдер туралы мәліметтерде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) мәлімделген белгілеменің кескіні;
2) өтінім беруші туралы деректер, оның ішінде өтінім берушінің және (немесе) оның өкілінің мекенжайы;
3) өздеріне қатысты белгіні тiркеу сұралатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi;
4) өтiнiмнiң нөмiрi мен сараптама ұйымына берiлген күнi;
5) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, бірінші өтiнiмді берген ел, өтінімнің нөмірі мен берілген күнi;
6) ұжымдық тауар белгісіне нұсқау.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 11-2-баппен толықтырылды
11-2-бап. Белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылықтар
1. Кез келген мүдделі тұлға өтінім туралы мәліметтер жарияланған күннен бастап бір ай ішінде сараптама ұйымына осы Заңның 6 және 7-баптарында көзделген негіздер бойынша мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы қарсылық беруге құқылы.
2. Сараптама ұйымы келіп түскен қарсылық (қарсылықтар) туралы хабарламаны берілген қарсылықтың (қарсылықтардың) көшірмесін қоса бере отырып, ол (олар) келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жібереді.
3. Өтініш берушінің мәлімделген белгілемені тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсы берілген қарсылыққа (қарсылықтарға) қатысты өзінің жазбаша ұстанымын өзіне осы баптың 2-тармағында көзделген хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде білдіруге құқығы бар.
4. Сараптама ұйымы мүдделі тұлғаның (мүдделі тұлғалардың) қарсылығын (қарсылықтарын) және өтініш берушінің ұстанымын назарға ала отырып, тиісті сараптама қорытындысын шығарады.
5. Осы баптың 3-тармағында көзделген мерзімге осы Заңның 13-бабы 4) және 5) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап жаңа редакцияда
12-бап. Өтінім сараптамасының нәтижелерi бойынша шешiмдер
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Алдын ала сараптама нәтижелерi бойынша өтiнiш берушiге өтінім берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей өтiнiмнiң қарауға қабылданғаны туралы немесе іс жүргізудің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
2. Өтiнiм қабылданған жағдайда сараптама ұйымы толық сараптама жүргізеді, оның нәтижелері бойынша өтінім берушіге тауар белгісін тiркеу, алдын ала ішінара тіркеу немесе тiркеуден алдын ала бас тарту туралы сараптама қорытындысы жіберіледі.
Өтінім беруші өзіне тіркеуден бас тарту немесе ішінара тіркеу туралы алдын ала сараптама қорытындысы жіберілген күннен бастап үш ай мерзімде уәжді қарсылық беруге құқылы, оны қарау нәтижелері бойынша сараптама ұйымы қарсылық келіп түскен күннен бастап үш ай ішінде түпкілікті қорытынды шығарады.
Түпкілікті қорытындының негізінде сараптама ұйымы тауар белгісін тiркеу, ішінара тіркеу немесе тiркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Тауар белгісін тiркеу немесе ішінара тіркеу туралы шешiм Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне оны енгiзгенге дейiн неғұрлым ертерек басымдығы бар өтiнiмнiң анықталуына байланысты қайта қаралуы мүмкiн.
4. Өтiнiм берушi тіркеу немесе ішінара тіркеу туралы қабылданған шешім туралы хабарлама өзіне жіберілген күннен бастап үш ай iшiнде тауар белгісін тіркегені үшін сараптама ұйымы көрсеткен қызметке ақы төлеуді жүргізеді. Көрсетілген қызметке ақы төлеу туралы құжатты ұсынбаған кезде тауар белгісіне өтiнiм кері қайтарып алынды деп танылады және ол бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.
5. Түпкілікті қорытындымен келiспеген кезде өтiнiш берушi осы қорытынды өзіне жiберiлген күннен бастап үш ай мерзімде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Апелляциялық кеңес қарсылықты уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап төрт ай мерзiмде қарауға тиiс.
13-бап. Өтiнiм берушiнiң құқықтары
Өтiнiм берушiнiң:
1) өтiнiмдi сараптаманың кез келген кезеңiнде керi қайтарып алуға;
2) өтiнiмге сараптама жасау барысында туындайтын мәселелердi қарауға қатысуға;
3) толық сараптама аяқталғанша өтiнiм материалдарын мәнi бойынша өзгертпей, оларды толықтыруға, анықтауға немесе түзетуге;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) алғашқы өтiнiмде көрсетiлген тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердi бөлектелген өтiнiмдер арасында бөле отырып өтiнiмдi бөлектеу туралы оны қараудың кез келген кезеңiнде сараптама аяқталғанға дейiн өтiнiш бiлдiруге;
4) сұрау салуға жауап беру немесе қарсылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiмдi ұзарту, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмге ұзарту туралы өтiнiш беруге;
5) өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру туралы, бiрақ өткiзiп алынған мерзiм аяқталған күннен екi айдан кешiктiрмей қалпына келтiру туралы өтiнiш беруге;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) қарсы қойылған материалдармен танысуға;
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 7) және 8) тармақшалармен толықтырылды
7) апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты іс жүргізуді тоқтата тұру туралы өтініш білдіруге;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін тауар белгісін алуға құқықты басқа тұлғаға беру туралы өтінішхат беруге;
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) тауар белгісі Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелгенге дейін өтінім берушінің атауына және мекенжайына өзгерістер енгізуге құқығы бар.
4-тарау. Тауар таңбасын тіркеу
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
14-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімі
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Тауар белгісін тіркеу туралы мәліметтер сараптама ұйымының тауар белгісін тіркегені үшін көрсеткен қызметтеріне ақы төленген кезде Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтерде мыналар қамтылуға тиіс:
1) тауар белгісінің кескіні;
2) оның иесi және (немесе) оның өкілі туралы деректер. Ұжымдық тауар белгісіне қатысты иелерінің деректері және ұжымдық тауар белгісін пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесі көрсетіледі;
3) тауар белгісін тiркеу нөмiрi мен күнi;
4) өздеріне қатысты тауар белгісі тiркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердiң) тiзбесi;
5) өтiнiмнiң нөмiрi мен сараптама ұйымына берiлген күнi;
6) егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, бірінші өтiнiмді берген ел, өтiнiмнiң нөмiрi мен берiлген күнi;
7) тауар белгісіне құқыққа билік ету туралы деректерді қоса алғанда, тауар белгісін тiркеуге жататын басқа да ақпарат.
2. Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлімi жалпы жұртқа қолжетімді болып табылады. Мүдделi тұлғалардың өтiнішхаты бойынша сараптама ұйымы Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiнен үзінді көшiрме бередi.
3. Тауар белгісінің иесi өзiнiң тегiнiң, атының және әкесiнiң атының (ол болған кезде), тұрғылықты жерiнiң не атауы мен орналасқан жерiнiң өзгеруі туралы мәлiметтердi қоса алғанда, тiркеуге қатысты өзгерiстер туралы, сондай-ақ тіркеуді мәні бойынша өзгертпейтін, оларға қатысты тауар белгісі тіркелген тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесін қысқарту туралы сараптама ұйымын хабардар етуге мiндеттi.
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Сараптама ұйымы өзгерістер енгізу туралы өтінішхат берілген және тиісті төлем төленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiміне осы баптың 3-тармағында көрсетiлген өзгерiстердi, сондай-ақ техникалық сипаттағы қателердi түзету үшiн өзгерiстердi енгiзедi.
Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге бұл туралы хабарлама жіберіледі.
15-бап. Тiркеудiң қолданылу мерзiмi
1. Тауар таңбасының тiркелуi өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы қолданылады.
2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмi оның қолданылуының соңғы жылы iшiнде иесi берген өтiнiшхат бойынша әр жолы он жылға ұзартылады. Тауар белгісін тiркеудiң қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы мәлiметтер сараптама ұйымына өтінішхат келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тауар белгілерінің мемлекеттiк тiзiлiмiне және куәлікке енгiзiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген өтiнiш беру мерзiмi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң алты ай iшiнде берiлген иесiнiң арызы бойынша қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 16-бап өзгертілді; 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Тiркеу туралы мәлiметтердi жариялау
Ұжымдық тауар белгісін қоса алғанда, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, тауар белгісін тіркеуге қатысты мәліметтерді сараптама ұйымы апта сайын бюллетеньде жариялайды, сондай-ақ интернет-ресурсында орналастырады.
2007.02.03. № 237-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 17-бап өзгертілді
17-бап. Тауар таңбасын қайта тiркеу шарттары
Тіркеудің қолданылу мерзімі өтіп кеткен, тауар белгісімен бірдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас тауар белгісі тауар белгісін тiркеудiң қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бір жыл бойы басқа тұлғаның атына тiркелмейді.
Осы шарт тауар таңбасының иесi тiркеудiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн бас тартқан жағдайда да қолданылады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
18-бап. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме
1. Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме тауар белгісінің тіркелу фактiсiн, оның басымдығын, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде көрсетілген тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) қатысты тауар белгісіне иесiнiң айрықша құқығын растайды.
2. Үзінді көшірменің нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; 2012.12.01. № 537-ІV ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.07.04. № 300-V ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара); 2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 18-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-1-бап. Тауар белгісін жалпыға бірдей белгiлi деп тану
1. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген немесе халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгісі немесе Қазақстан Республикасында құқықтық қорғалмайтын тауар белгісі ретінде пайдаланылатын, белсендi пайдалану нәтижесiнде Қазақстан Республикасында кеңiнен мәлiм болған белгiлеме уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгiлi тауар белгісі деп танылуы мүмкiн.
Тауар белгісін Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей белгiлi деп тану туралы жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiшi уәкiлеттi органға беріледі.
Өтініш бір тауар белгісіне немесе белгілемеге қатысты болуға және онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) тұрғылықты жері немесе орналасқан жері көрсетіле отырып, өтініш беруші туралы мәліметтер;
2) жалпыға бірдей белгiлi белгі ретінде мәлімделген тауар белгісінің немесе белгілеменің кескіні;
3) өтініш берушінің пікірі бойынша белгі жалпыға бірдей белгiлi болған күн;
4) өтініш берушінің пікірі бойынша белгі өздеріне қатысты жалпыға бірдей белгiлi болған тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) тізбесі.